Жүрек – тамырлы жүйе

Тамырлар жүйесін олардың, морфологиялық құрылыстары мен қызметтеріне карай: қанайналым жүйесіне және лимфалық жүйеге бөлуге болады.

Қанайналым жүйесінің орталық мүшесі -жүрек. Ол қалта тәрізді іші қуыс бұлшықетті мүше. Оның сол жағында артериялық және оң жағында веналық қан болады. Жүректің әрбір жағы бір-бірімен арнаулы қақпашалар арқылы жалғасып жататын – құлақша (artium) және қарыншадан (ventriculi) түзілген. Оның құлақшасы жүрекке қантамыр арқылы қанды қабылдайды, ал қарынша осы құлақшадағы қанды қабылдап, оны жүректен қанды алып кететін қантамырларға белгілі бір ырғақпен айдап отырады. Қантамырлар, артерия және вена деп аталғанымен, тамырлардың ішіндегі қан құрамының оған ай келмеуі занды, ол тек қанның жүру бағытына қарай аталады. Сондықтан жүректен қанды алып кетіп жатқан (әкетуші) қантамырлар салатамыр - артерия (arteria), ал жүрекке қанды алып келіп жатқан (әкелуші) қантамырлары көктамыр - вена (vena) деп аталады.

Артериялық қанды веналық қанға ауыстыратын ұсақ тамырлар капиллярлар немесе қылтамырлар (vassa carillaria) деп аталады.

Тамырлардың ішімен ағзанның сұйық ұлпасына жеткізуге жәрдем етіп тұрады.

Денедегі веналардың барлығы үлкен екі салаға жоғары вена күретамырларға жиналады. Оның жоғары вена күретамыры бас, мойын, екі қолдан жинайды; ал веналық екі аяқтан. Жамбас қуысындағы мүшелерден және құрсақ қуысындағы мүшелер мен қабырғалардан веналық қанды жинайды, бұл аталған күретамырлардың екеуі және жүректің өз венасы оң жақ құлақшаға құяды.

Жоғарыда айтылған жағдай, біріншіден, адамға қанайналым шеңберінің тұйық екенін көрсетеді, екіншіден осы айтылған қанайналым жолының жалпы қанайналым шеңбері екенін көрсетеді.

Қанайналым жолдары. Ағзадағы қанайналым жүрек арқылы қарастырғанда кіші (өкпелік), үлкен қанайналым шеңберіне және жүректің қанайналым жолы деп үшке бөлінеді.

Қанайналымның кіші шеңбері деп жүректің оң жақ қарыншасынан басталатын, өкпелік калтамырлар торын айтады.

Үлкен қанайналым шеңбері немесе дене қанайналым шеңбері деп жүректің сол жақ қарыншасынан басталып, қолқа оның тармақтары, денедегі артерия, вена қылтамырлар торы және веналық оң жақ құлақшасымен аяқталатын жолдарды атаймыз.

Жүректің қанайналым жолы. Қан мен лимфа құрамында ағзаның тіршілігіне қажетті кенеулі затпен оттегі болады. Қан мен лимфа соларды ұлпаға жеткізіп береді, сондай-ақ ағзада зат алмасу нәтижесінде пайда болатын керексіз заттарды сыртқа шығаруға да қатынасады.

Ағзадағы барлық веналық қан вена қантамырына жиналып, жүректің оң құлақшасына құйылады, одан соң құлақша-қарынша тесігі арқылы оң қарыншаға өтеді. Оң қарыншадан өкпелік күретамыр, одан оң және сол жақ өкпелік артерияларға бөлініп, оң және сол жақ өкпеге барады. Өкпеде қантамырлары өте майда қылтамырларға бөлінеді.

Өкпедегі веналық қан оттегіге қанығып, артериялық қанға айналады. Бұл оттегімен қаныққан қандар өкпелік төрт вена арқылы жүректің сол жақ қарыншасына келіп құяды, одан сол жақ құлақша -қарынша тесігі арқылы сол жақ қарыншаға өтеді. Сөйтіп, жүректің сол жақ қарыншасымен қан негізгі артериялық колқаға және одан оның тамыр тармақтары мен қылтамырлары арқылы бүкіл денеге тарайды. Ол жерде қан оттегін ұлпаларға беріп, одан кемірқышқыл газын қабылдайды да, веналық қанға айналады. Ол қылтамырлар қайтадан бірігіп ірі вена қантамырларына айналады. Веналық қан қайтадан жүрекке келеді. Осылай жүрек веналық қанды өкпеге апарып, оттегімен таратып, жасушалар таждық жүрек артериясынан басталып, қан жүректің өзін қамтамасыз етеді де, қайтадан ұсақ веналар арқылы веналық таж қайнауына жиналып оң жақ құлақшаға құятын тесіктен және майда веналардың оң жақ құлақшасымен қарынша қуысына тікелей ашылуымен аяқталады.

Кейбір мүшелердің кантамырлары бірімен-бірі байланысты болады. Қантамырлардың көлденең тармақтары арқылы екінші тамырға жалғасып, қан өткізуін анастомоз немесе қосылыс дейді. Егер, олардың саны өте көп болса, қосылыс торы деп атайды.

Мұндай қосылыстар артерия мен вена арасында да болады. Оны артерияның веналық қосылытары деп атайды. Артериялық веналық қосылыстар сыртқы мүшелерден: саусақ ұшының терісінде, мұрында және, құлақ қалқанында; ал ішкі мүшелерден: бас, жүрек, ми, бүйрек, жыныс мүшелері т.б. кездеседі. Мұндай қосылыстардың маңызы біріншіден, егер негізгі тамырда бір жағдайда қан жүрмей қалса, қосылыс тамырлар арқылы айналып өтіп отырады, екіншіден, әсіресе артериядан венаға қанның тікелей өтуінен қанайналым шеңбері қысқарады. Мұны қысқа қанайналым мүшесі немесе дериватты аппарат деп атайды. Қантамырлардың ішінде көңіл аударарлық ғажайып торлар да кездеседі. Оның мәні мынандай: артерия тамыры қан әкелетін өте майда қылтамырларға бөлінеді де, енді әкетуші қылтамырлары қайтадан (веналық емес) артерия қылтамырын түзеді, мысалы, бүйрек шумағындағы торларды атауға болады.

Жүйке жүйесі

Жүйеке ағза қызметін ретеуде аса маңызды роль атқарады. Ол жасуша, ұлпа, мүшелердің және олардың жүйесінің қызметін үйлестіріп отырады. Мұнда ағза біртұтас қызмет атқарады. Ағзаның сыртқы ортамен байланысы жүйке жүйесінің қызметі арқылы жүзеге асады.

Жүйке жүйесінің психикалық үрдіске - сезім, оқи білу, есте сақтау, сөйлеу және ойлауға негізделеді, ал адам солардың жәрдемімен тек айналадағы ортаны танып қоймай, оны өзгертуге де белсене кіріседі.

Жүйке ұлпасы

Жүйке жүйесі нейрондар мен ұсақ серіктес жасушалардан құралған нерв ұлпасынан түзеледі.

Нейрондар жүйке ұлпасының негізгі жасушалары: олар жүйке (нерв) жүйесінің қызмет атқаруына мүмкіндік береді. Серіктес жасушалар қореқ, тірек және қорғаныс қызметін атқара отырып, нейрондарды қоршап жатады. Серіктес жасушалар нейрондарға қарағанда 10 еседей көп болады.

Жүрек – тамырлы жүйе - student2.ru Нейрон дене мен өсінділерден тұрады. Өсінділердің дендрит және аксон деп аталатын екі түрі бар. Өсінділер ұзын да, қысқа да болады (20 сурет).

Дендриттер (грекше: дендрид – ағаш) көпшілігі – өте тарамдалған қысқа өсінділер. Бір нейронда бірнеше дендриттер бола алады.

Аксон (грекше аксис – өсінділер) – көп тармақталған ұзын өсінді, осылар арқылы импульстар жасуша денесінен өтеді. Жүйке жасушасының әрқайсында тек бір ғана аксон болады, оның ұзындығы ондаған сантиметр-ден аспайды. Импульстар ағзада жүйке жасушаларының ұзын өсінділері арқылы едәуір қашықтыққа тарала алады.

Ұзын өсінділердің сырты көбінесе май тәрізді ақ түсті заттан тұратын қабықшамен қапталады. Олар орталық жүйке жүйесінде шоғырланып, ақ зат түзеді. Қысқа өсінділері мен денелерінде мұндай қабықша болмайды. Қысқа өсінділер жүйесінде шоғарланып, сұр зат түзейді.

Нейрондардың пішіні мен атқаратын қызметі әр түрлі. Нейрондардың бір түрі, мысалы сезгіш нейрондар, импульстарды сезім мүшелерінен жұлын мен миға өткізеді, Сезгіш нейрондардың денесі орталық жүйке жүйесіне баратын жолдағы жүйке түйіндеріне жатады. Нейрондардың келесі түрі-қимыл нейрондары импульстарды жұлын мен мидан бұлшықеттер мен ішкі мүшелерге жеткізеді. Сезгіш және қимыл нейрон арасындағы байланыс жұлын мен мида ендірме нейрондар арқылы жүзеге асады, олардың денесімен өсінділері мидың ішінде қалады. Жұлын мен ми барлық жүйке мүшелерімен байланысты болады.

Жүйке дегеніміз - сырты қабықшамен қапталған жүйке жасушалары ұзын өсінділерінің шоғырлары. Қимыл нейрондарының аксондарынан тұратын жүйке жүйкелерді қимыл жүйке жүйелері деп атайды.

Жүйке жүйесінің бөлімдері.Жүйке жүйесі орталық және шеткі бөлімдерден құрылады. Орталық бөлім денекер ұлпадан түзілген қабықшамен қапталған жұлын және мидан құрылады. Шеткі бөлімге жүйке мен жүйке түйіндері жатады.

Қаңқа бұлшықеттерінің қызметін реттейтін жүйке жүйесінің бөлігі соматикалық (грекше: сома - дене) жүйе деп аталады. Адам соматикалық жүйке жүйесінің көмегімен қимыл әрекетін басқарып, ағзаны қимылға немесе тыныштық күйге келтіреді. Жүйке жүйесінің ішкі мүшелері (жүрек, қарын, без және т.б.) қызметін реттейтін бөлігі автономиялы (грекше: автономия – өзін-өзі билеу) бөлік деп аталады. Автономиялы жүйке жүйесінің қызметі адамның еркіне бағынбайды. Мысалы, адамның еркі бойынша жүректі тоқтатуға, асқорыту үрдісін тездетіп, тер шығуды кідіртуге болмайды.

Автономиялы жүйке жүйесінің екі – симпатикалық және парасимпатикалық бөлімі болады. Әдетте, олар ішкі мүшелерге қарама-қарсы әсер етеді. Мысалы, симпатикалық жүйке жүректің қызметін күшейтіп, жеделдетсе, парасимпатикалық жүйке – оны бәсеңдетіп, әлсіретеді.

Табанда тарамақталған жүке жүйесі бар. Табанда сан және шонданай жүйкелері орналасқан: алғашқы тармақ ішкі жағында, екіншісі сыртқы және тірек жағында болады.

Тері

Терінің құрылысы.Тері - дененің сыртқы қабығы. Оның аумағы шамамен 2 м2. Тері негізгі үш қабаттан тұрады. Сыртқы қабаты - эпидермис көпқабатты эпителий ұлпасынан түзіледі. Ол үнемі түлеп, тереңірек орналасқан (жасушалардың) көбею есебінен жаңарып отырады. Эпидермистің астына дәнекер ұлпаның тығыз қабаты - дерма орналасқан. Бұл жерде көптеген рецептолар, май және тері бездері, түк түбірі, қан және лимфа тамырлары болады. Ең терең қабат - шел (жасушалары) май ұлпасынан түзіледі, ол ағза мүшелері үшін ақшаулағыш қабат, "төсеніш" қызметін атқарып қоректік заттар мен энергияға "қойма" болып есептеледі.

Сүйектердің, байламдардың және бұлшық еттердің күрделі жүйесі терімен қапталып, табанды зиянды әсерден қорғайды, жылу реттеуге септеседі, сондай-ақ қоршаған ортадан ықпал ететін әр түрлі тітіркенуді қабылдап отырады.

Тері барлық ұлпалар мен мүшелерді механикалық зақымданудан сақтандырып, ағзаға бөгде заттардың, ауру тудыратын микробтардың енуіне жол бермейді. Тері ағзаны ультракүлгін сәулелердің артық мөлшерінің зиянды әсерінен қорғайтын қоңыр пигмент жасап шығарады. Теріде балалардың мешел ауруының дамуына кедергі жасайтын Д витамині түзіледі.

Тері зар шығару қызметін де атқарады. Су мен тұздың мөлшері ағзадан тер бездері арқылы шығарылады.

Ең ақырында, тері дене температурасының тұрақтылығын сақтауға қатысады.

Тер бездерінің құрылысы мен олардың орналасуы.Тер құрамы.Адам терісінде 2 милионнан астам тер бездері бар, олар тәулігіне 12 литрге дейін тер бөліп шығара алады. Бұл адамның өз дене температурасынан жоғары ортада тіршілік етуіне мүмкіндік береді.

Тер бөлу – терінің бір қызметі. Ересек адамның табаны бір сағатта шамамен 1,0-1,5 г, қалыпты жағдайда 2-4 г, ауыр жұмыста 8-10 г тер бөлетіні мәлім. Осы ылғалдың 50% тірек бетіне – күмбез астына және табан сүйегінің басына келеді. Мұнда М.Ф. Иваницкийдің дерегі бойынша табанның 1 см2-не 300-500 тер безі келеді. Бездің орташа саны (табанның 1 см2-не 200-250) табанның жиегінде, ішкі тобықта және өкшенің тірек бетінде байқалады.

Табан сонымен бірге ылғал бөледі. Адам денесінің ылғалды қарқынды бөлуі метереологиялық жағдай, істейтін жұмысына және адам табаны 0,5 г/сағ., ал жұмыс кезінде 1,5 г/сағ. (адам денесінің жалпы ылғалы 50-70%) сұйық бөледі.

Адам терісі арқылы көмір қышқылы үздіксіз бөлініп, оның қоршаған орта температурасының өсуіне байланысты артады.

Табан жылу бөледі. Қоршаған ауа температурасы 14-16°С кезінде табан температурасы 20°-дан 32°С-қа өзгереді, таңертен ол жоғары, ал күндіз төмендейді. Табанның астыңғы жағының температурасы адам денесінің температурасының ең төмені (4).

Наши рекомендации