ВВТЭ-10 типті вакумды ажыратқыштармен жұмыс істегендегі ережелер

Штаттық электр құрылғыларға беткейде «Электрқұрылғыларды орнату ережелері» мен «Қолданушылардың электрқұрылғылардың техникалық пайдалану мен пайдаланушылардың электрқұрылғылардың пайдалану жағдайында техника қауіпсіздігін сақтау ережелерін» сақтау қатаң талап етіледі.Адамдардың электр тогынан сақтануы 1000В кернеулікті желілерде төмен түсіру есебінен және зақымдалған желідегі ток ағымының релесі есебінде жүргізілуі тиіс.Зақымданған желіні сөндірудің жалпы уақыты 0,2с аспауы қажет.Әрбір іске қосушы аппараттарда аппаратты іске қосу, ток күшінің көлемін, жеңіл тежеуіштің максималды немесе номиналды тогының релесін көрсететін нақты анық жазулар болуы тиіс.
Барлық өшіруші аппараттардың қолмен ұстау шегінде көмекпен желідегі
жұмысшылардың жұмыс орындарына кернеулік берілуі мүмкін, өшіруді іске асыратын персоналмен «Қоспа! Адамдар жұмыс жасап жатыр» деген жазумен плакат ілінуі қажет. Плакаттар жұмыс соңында плакатты ілген адаммен немесе сол адамның ауысымын ауыстырған адаммен алынып тасталынады. Рұқсат етілмейді:
а) 1000В – тан жоғары кернеулігі бар электрқұрылғыларымен жұмыс істеу барысында сақтау құралдарын қолданбауға, (диэлектрикалық қолқаптар, ботылар, изоляторлардағы ағаш торлар және т.б.);
б) 1000В – тан төмен кернеулігі бар құрылғыларда қорғаныс

қолқаптарынсыз
жұмыс жасауға. Іске қосу аппараттарымен лебедкамен электрлік қолқапсыз жұмыс жасауға рұқсат етіледі, бір ғана шартпен , егер құрылғының қолмен ұстау шектері арнайы изоляциялық қабатпен оралған болса;
в) кернеулік астында тұрған электржабдықтар мен желілерге жөндеу
жұмыстарын жүргізуге;
г) қалдырылып кеткен қолданбайтын электр желілерінің жөндеу
жұмыстарын жүргізуге;
Мұндай шектеу қорда (резерв) тұрған желілерге қолданылмайды.
д) кабельді ағашпен қаптау;
е) ақауы бар электр құрылғысы мен кабельді пайдалануға
шығару;
ж) жерге және жерге жалғауға ток ағынының өтіп кетуінен сақтау қызметінің ақауы бар жағдайында электроқұрылғыны пайдалануға шығару;
з) электржелілерінің жөндеу жұмыстарын бұл жұмысқа қатысы жоқ қызметкерлермен жүргізілу; [14,16]

Рудникалық электрқұрылғыларымен қызмет жасайтын персонал техникалық қауіпсіздік бойынша сәйкес біліктілік топты иеленуі қажет. Қызметтер бойынша біліктілік топтары тресттегі (руда басқаруда, комбинаттың) бас инженерімен бекітіледі.Енгізу қондарғылары бар және тек майыспалы кабельді енгізуге шамаланған, тұрақты түрде орнатылған электрқозғалтқыштарды іске қосу аппараттарына резиналы және пластмассалы жанбайтын кабельдер арқылы жалғауға мүмкіндігі бар. Электрмашиналық камераға кіретін жерде «Бөгде адамдарға кіруге болмайды» деген жазу ілінуі қажет. Одан басқа, кернеулігі 1000В асатын машиналар мен аппараттар орнатылған камераға кірер алдында, сондай – ақ камера ішінде көзге көрінетін орында қауіптілік суреттері бар ескерту плакаттары ілінуі қажет. Бұл камералар «Электрқұрылғыларында қолданылатын қорғаныс құралдарының және оларды пайдалану ережелеріне» сәйкес қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етілуі қажет. Трансформаторлық және машина камераларының қабырғалары мен төбесі әктелуі қажет. Камералардың төбесінде конденсатқа және беткейдің бірқалыптылығын бұзылуына рұқсат етілмейді.

Ғимараттағы машиналар мен аппараттар арасында 0,8 м аз болмайтын

машиналар мен аппараттардың жөндеу жұмыстарын немесе ауыстыру жұмыстарын жүргізгенде өтетіндей жүргінші орындар қалдырылуы тиіс. Ғимарат қабырғасы жағынан ені 0,5 м аз болмайтын монтажды жолдар қалдырылады. Ғимарат ішінде жолдарды қандай да бір құралдармен немесе жабдықтармен жауып тастауға рұқсат етілмейді. 1000В дейінгі кернеулік кезінде қорғаныс жасалуы тиіс:
а) трансформаторлар мен олардан тарайтын ток көзіне жалғанған әрбір қосындылар мен кіші ақаулықтардан максималды қорғанысы бар автоматты өшіргіштер;
б) бөлуші аумақтан тарайтын қысқа тұйықталуларды – бір мезетті немесе
селективті өшіру, шамамен 0,2 сек.
Ток өтіп кету релесі жумыс істеген кезде, кернеулігі 1000В дейінгі желі және зақымданған желі өшірілуі тиіс (селективті қорғанысты қолдана отырып). Бас желдеткіш қондырғы реверсивті құрылғылармен жабдықталуы тиіс. Сымдарды аударусыз реверсивті құрылғылардың жұмысқа жарамдығын тексеру бас механик жүзеге асыруы тиіс. Желдеткіштер орнатылған ғимараттар қалыпты және резервті жарықтандырумен (тасымалды шам) қамтамасыз етіліп, таза және тиянақты болуы тиіс.
Ғимаратта беткейдегі орталық коммутатормен тікелей байланысты сигналды қоңырауға жалғанған сымтетік орнатылуы қажет. Соруға арналған желдеткіштер қатарлы орнатылған жағдайында, желдеткіш ғимаратына пештік жылумен қамтуға рұқсат етіледі.
Ғимаратта: желдеткішті реверсивтеу схемасы, желдеткіштің жеке мінездемесі мен желдеткіш құрылғыны пультты басқаруын қамтамасыз ететін машинист үшін арналған жұмыс инструкциясы ілінуі қажет.
Желдеткішті дистанциялық түрде басқару пультінің кезекшісі «Желдеткіш жұмысының есебінің журналын» жүргізуі қажет.

Қорытынды
Жоғары кернеулі ажыратқыштар жоғары кернеулі электр тізбегін қосуға және ажыратуға, сондай ақ қысқа тұйықталу кезінде ажыратуға арналған. Оның ажырататын қабілеті жеткілікті, қыска уақытта орындайтын жұмысы сенімді болуы тиіс. Жоғары вольтты ажыратқыштар қопарылудан және өрттен қауіпсіз, құрылымы қарапайым, пайдаланылуы ыңғайлы, мөлшері мен салмағы мүмкіндігінше шағын болғаны жөн.
Бұл семестірлік жұмыс барысында мен ажыратқыштың жұмыс істеу принципімен таныстым. Ажыратқыш және олардың түрлеріне қысқа шолу жасап, олардың артықшылықтарымен кемшіліктерін оқып үйрендім. Кернеуге,токка және қоршаған ортаға байланысты ажыратқыштарды таңдайтын жалпы талаптар бар екенін білдім.

Наши рекомендации