Дәріс. Тасымалдаушы машиналардың қосалқы құрылғылары. Бункерлер. Қоректендіргіштер. Түсіруші арбалар.

Бункерлер.

Өндірістің технологиялық тізбегінде тоқтаусыз жұмысты қамтамасыз ету үшін аралық ыдыстар (жинаушы) болуы қажет. Бункер бұл ыдыстар түріндегі үйінді жүктерді уақытша жинауға және сақтауға арналған құрылыс. Осыдан басқа бункерлерді үздіксіз әсер ететін машиналардың тиеу тораптарында үзілісті әсер етуші машиналардан жүкті мөлшермен (порциямен) қабылдап, ал жүкті конвейерге үздіксіз ағыммен беріп отратын сыйымды ыдыс ретінде қолданады. Мұндай бункерлердің сыйымдылығы тиелетін жүк мөлшерінің шамасына және бункерден шығатын жүк ағымының өнімділігіне байланнысты таңдалады. Буннкердің ең үлкен сыйымдылығы 1000м3 дейін жетеді.

Ең көп таралған бункерлердің пішіні (15.1.-сурет) пирамидалы-а, призмалы-пирамидалы – б, конусты – в, цилиндрлі-конусты – г, параболалы – д, саңылау тәрізді – е түріндегілер. Бункердің пішіні оны толық тиеуге жәнне түсіруге қолайлы болуы керек. Онда «өлі» аймақтар болмауы керек, яғни жүк өзінің қозғалмалылығын жоғалтпайтын және буннкерден түсірілмей қалушылығы болмайтын болуы керек. Бункерлер конструкциясы бойынша қарапайым және ұзақ мерзімді болуы тиіс. Оларды металлдан, металлды бетоннан немесе құранды түрде дайындайды.

Үйінді жүктің қасиетіне және бункер пішініне байланысты жүкті бункер тесіктерінен түсірудің екі түрі болады: қалыпты, бұл кезде жүк тесік үстінде төмен қарай бағана түрінде қозғалады; гидравликалық – бұл кезде барлық сусымалы жүк қозғалады. Көп жағдайда үйінді жүк бункерден қалыпты ағады, ал қабырғаларының көлбеулік бұрышы үлкен бункерлерде және оларды үнемі сілкілеген кезде гидравикалық ағу байқалады.

дәріс. Тасымалдаушы машиналардың қосалқы құрылғылары. Бункерлер. Қоректендіргіштер. Түсіруші арбалар. - student2.ru

15.1-сурет. Бункерлердң сұлбалары

Қабырғаның еңкіштік бұрышы жүкке байланысты болады: астық дәндері үшін р=360; сұрыпталған және майда көмір үшін р=45-600; руда үшін р=650.

Егер үйінді жүк бункерде кесектігіне, басылып қалуына, мұз боп қатып қалуына байланысты өзінің қозғалмалылығын жоғалтса, онда бункерде жүктің күмбездері пайда болуы мүмкін. Күмбездер бункердің сәтсіз конструкциясынан пайда болуы мүмкін, әсіресе ішкі беттерінде шығыңқы жерлер болғанда пайда болуы мүмкін.

Күмбездерді бұзу үшін және жүктердің өтуін жақсарту үшін электрлі, механикалық немесе пневматикалық дірілдеткіштерді қолданады. Оларды бункердің металл қабырғаларына орнатады, кейде дірілдеткіші бар бункердің төменгі бөлігін жоғарғы бөлігімен серпімді етіп қосады. Күмбездерді бұзу үшін бункерге ендірілетін әртүрлі механикалық көсеуші құрылғыларды қолданады. Үйінді жүктің қозғалмалылығын жақсарту және үйкелуден қорғау үшін бункер қабырғаларын резеңкелі қабатпен шегендейді (футеруют). Қабырға мен резеңкелі жабын арасында ауалық қуыс болады.

Бункерлерді ондағы үйінді жүктің деңгейін өлшеу үшін көрсеткіштерді аралықтан беретін арнайы көрсеткіштермен (бергіштермен) (датчиктермен) жабдықтайды.

Буннкердің өткізгіштік қабілеті

дәріс. Тасымалдаушы машиналардың қосалқы құрылғылары. Бункерлер. Қоректендіргіштер. Түсіруші арбалар. - student2.ru (15.1)

мұндағы А - шығатын тесіктің ауданы; υ - сусымалы жүктің өту жылдамдығы; ρг - үйінді жүктің тығыздығы.

Жүктің қалыпты өту жлдамдығы

дәріс. Тасымалдаушы машиналардың қосалқы құрылғылары. Бункерлер. Қоректендіргіштер. Түсіруші арбалар. - student2.ru

(15.2)

мұндағы l = 0,22-0,6 - өткізгіштік коэффициенті, кіші мәндер шаң тәрізді және ылғал ұнтақ тәрізді жүктер үшін, ал үлкен мәндер кесекті және түйіршікті жүктер үшін. R -өту тесігінің гидравликалық радиусы, R = дәріс. Тасымалдаушы машиналардың қосалқы құрылғылары. Бункерлер. Қоректендіргіштер. Түсіруші арбалар. - student2.ru ; мұндағы А - тесік ауданы; Р - шығатын тесіктің периметрі.

Гидравликалық өту кезіне жылдамдық

дәріс. Тасымалдаушы машиналардың қосалқы құрылғылары. Бункерлер. Қоректендіргіштер. Түсіруші арбалар. - student2.ru

(15.3)

мұндағы h – бункердегі жүктің биіктігі; l = 0,7-0,9 сұйық ерітінді мен бетондар үшін.

Жақсы сусымалы жүктер үшін өту тесігінің ені в=(3+6)а'; мұндағы а'– кәдімгі кесектің өлшемі.

Шығатын тесіктің ең аз ауданы

дәріс. Тасымалдаушы машиналардың қосалқы құрылғылары. Бункерлер. Қоректендіргіштер. Түсіруші арбалар. - student2.ru

мұндағы дәріс. Тасымалдаушы машиналардың қосалқы құрылғылары. Бункерлер. Қоректендіргіштер. Түсіруші арбалар. - student2.ru - ішкі үйкеліс бұрышы.

Бункерлік қақпақтар. Қақпақтар бункерлерден үйінді жүктерді шығару және олардың ағымын реттеу үшін қызмет атқарады. Қақпақ жетегі электрлі, пневматикалық немесе гидравликалық болуы мүмкін. Басқару аралықтан немесе жергілікті жерден жүргізіледі.

Қақпақтарға мынадай талаптар қойылады: жүк ағымын реттеу мүмкіндігі, жүкті тез кесіп тастау және сенімді төгілмейтіндей нығыздау, өздігінен ашылып кетудің мүмкін еместігі, қақпақты ашуға және жабуға аз күш жұмсау.

Қақпақтар қозғалып келе жатқан жүк ағымын кесіп тастау немесе тірек қою (подпора) принципі бойынша жұмыс істейді (15.2 – сурет): а – қақпақты, б – тіректі в – секторлы, г – кері секторлы, д – екі секторлы, е – сұқпа жапқыш (шиберлі), ж – саусақты, з – шынжырлы, и – таспалы (тақташалы, қатпарлы).

дәріс. Тасымалдаушы машиналардың қосалқы құрылғылары. Бункерлер. Қоректендіргіштер. Түсіруші арбалар. - student2.ru

15.2 – сурет. Бункерлік қақпақтар

Клапанды (қақпақты) қақпақ ең қаарапайымы болып табылады оны сыйымдылығы аз бункерлерде қолданады. Жүкті беру қақпақтың бір бұрылуында жүргізіледі. Тіректі қақпақ науаның көлбеулік бұрышын өзгерту арқылы жүктің түсу қарқындылығын реттеуге мүмкіндік береді. Оны сыйымдылығы орташа және аз бункерлере қолданады.

Секторлы қақпақтарды арнайы келте құбырларда бекітеді және тісті немесе басқа беріліс көмегімен бұрап отырады. Шығатын тесігінің өлшемі үлкен және ірі кесекті жүктер үшін екі секторлы қақпақтар орнатады. Екі сектордың синхронды ашылуы ілінісіп отыратын шестернялармен қамтамасыз етіледі.

Саусақты қақпақтар ұштары үшкірленген ауыр иілген жеке рычагтардан тұрады, олар оське шарнирленіп бекітіледі. Әрбір рычагтың тәуелсіз аспасы ірі кесекті жүктердің ағымын жауып отыруға мүмкіндік береді. Шынжырлы қақпақ тесікті жабуды шынжыр салмағымен жүзеге асырады. Таспалы және тақташалы (қатпарлы) қақпақтар шығаратын тесік өлшемі үлкен болған кезде қолданылады. Бұлар ұзындығы аз роликті тіреуіштерге 4 орнатылған таспасы немесе төсемі 3 бар, рейкалы беріліс 1,2 көмегімен қозғалып жылжып отыратын конвейер.

Бункер астынан жүкті беруге арналған қоректендіргіштер.

Қоректендіргіштер үздіксіз және біркелкі, кейде реттеп үздіксіз әсер етуші немесе басқа технологиялық жабдыққа үйінді жүкті тиеу үшін арналған, мысалы үздісіз әсер етуші бетон араластырғыш, жақты ұсатқыш және т.б. сияқты бір қалыпты немесе реттеп қоректендіруді талап ететін жабдықтар. Осыдан басқа, қоректендіргіштер конвейерлердің түсіру және қайта тиеу тораптарында жұмысшы төсемге жүктің ең аз құлау биіктігін және жүк жылдамдығын жұмысшы төсем жылдамдығына теңестіруді қамтамасыз етуі керек.

Ең көп тараған қоректендіргіштер 15.3 – суретінде көрсетілген.

дәріс. Тасымалдаушы машиналардың қосалқы құрылғылары. Бункерлер. Қоректендіргіштер. Түсіруші арбалар. - student2.ru

15.3 – сурет. Қоректендіргіштер

Таспалы және тақташалы қоректендіргіштер (15.3, а – сурет) ең бастысы абразивті емес үйінді жүктерді тиеу үшін арналған. Ауыр ірі кесекті абразивті жүктерді беру үшін тақташалы қоректендіргіштерді қолданады. Жұмысшы төсемнің қозғалыс жылдамдығы 0,05-0,25 м/с аралығында болады. Кемшілітері: салмаағының ауырлығы және құнының көптігі.

Шынжырлы қоректендіргіштер (15.3, б – сурет) ірі кесекті абразивті жүктер үшін қызмет атқарады. Олар жетегі бар бункердің жүкті шығаратын тесігі алдында асылып ілінген, ауыр перде сияқты шынжыр. Ол жүктің өздігінен түсіп кетуіне кедергі жасап отырады. Шынжыр қозғалысы кезінде жүк шығарылады, оның өнімділігін жетектің айналу жиілігімен реттеуге болады.

Абразивті емес жекеленген ірі кесектері бар үйінді жүктерді беріп отыру үшін тербелмелі қоректендргіштерді (15.3, в – сурет) пайдаланады. Науа 2 кривошиптің 1 көмегімен қайталамалы – үдемелі қозғалыс жасайды. Плунжерлі қоректендіргіштерді (15.3, г – сурет) майда фракциялы жүктерді беру үшін қолданады. Ол кривошипті – сырғыма тиекті (ползун) плунжермен қозғалатын науамен жабдықталған.

Бұрандалы қоректендіргіш (д) үйінді жүкті бұрандамен беріп отырады. Ол шаң тәрізді және майда кесекті жүктерді жылжыту үшін қолданылады. Олаардң артықшылығы саңылаусыздығы. Өнімділігі бұранданың айналу жиілігін өзгертумен реттеледі.

Дөңгелек (дисковый) немесе тарелкалы қоректендіргіш (е) айналып тұратын дөңгелектен 3, үйінді жүкті түсіріп отыратын қозғалмайтын қырғыштан 2 және көтергіш манжеттен 1 тұрады. Олар шаң тәрізді, түйіршікті және майда кесекті жүктерді тиеу үшін қолданылады.

Барабанды қоректендіргіш (ж) бункердің мойыны астында орналасқан. Ол қатардағы үйінді жүктерді, кейбір ірі кесектерді тиеу үшін арналған. Кемшілігі тиелетін конвейердің жұмыстық органына жүктің құлау биіктігінің үлкендігі.

Дірілді қоректендіргіштер (3) абразивті және ірі кесекті жүктерді бере алады. Қоректендіргіштің өнімділігін жұмыстық органның амплитудасы мен тербеліс жиілігін өзгерту арқылы реттейді. Үлкен жақсы жағы конвейерді өте аз биіктіктен тиеу мүмкіндігі.

Ұсынылатын әдебиеттер: /4/ бет. 430-455, /7/ бет. 340-342.

Бақылау сұрақтары:

1.Бункер дегеніміз не?

2. Бункерлердің қандай түрлері бар?

3. Қақпақтар не үшін қолданылады?

4. Қоректендіргіштер мен дозатор қондырғыларының құрылысы?

5.Кешенді тасымалдау кезінде қосалқы құрылғылар қандай роль атқарады?

Наши рекомендации