Бұлшықеттердегі электромеханикалық түйіндесу.
Электромеханикалық түйіндесу – сарколеммада (бұлшықет талшығын қаптаған жұп- жұқа қабат- мембрана) әрекет потенциалының пайда болуынан басталып, бұлшықеттің қысқаруы жауабымен аяқталатын тізбекті үрдістердің циклі. Түйіндесу үрдістерінің тізбектілігінің бұзылуы патологияға және тіпті өлімге әкеліп соғады. Осы үрдістің негізгі кезеңдерін 11- суреттен көруге болады.
Сурет 11. Кардиомиоциттегі электромеханикалық түйіндесудің сызбасы (М - жасуша мембранасы – сарколемма, СР - саркоплазмалы ретикулум, МФ – миофибрилла,
Z- z-дискілер. Т - Т- көлденең түтікшелер жүйесі; 1- мембрана қозған кезде жасушаға иондарының енуі және 2 – мембрана қозған кезде жасушаға иондарының өтуі, 3- «кальций дүркіні», 1 – Са иондарының СР- ға белсенді тасымалы, 5 – мембрананың реполяризациясын тудыратын жасушадан К иондарының шығуы, 6- жасушадан иондарының белсенді тасымалы.
Кардиомиоциттің жиырылу үрдісі былайша жүреді:
1) жасушаға стимулдеуші импульс берілгенкезде, шапшаңырақ натрий арналары (жеделдену уақыты 2 мс) ашылып, иондары жасушаға өтеді, олар мембрананың деполяризациясын тудырады.
2) плазмалы мембрананың деполяризациясы нәтижесінде осы мембрана мен Т- түтікшелерде потенциал- тәуелді кальций арналары ашылады (олардың өмір сүру уақыты 200 мс), сөйтіп иондары жасуша сыртындағы ортадан (осы ортадағы олардың мөлшері ), жасуша ішін енеді (жасуша ішіндегі мөлшері ).
3) жасуша ішіне өткен кальций иондары СР-ң мембранасын белсендіреді, СР иондарының жасуша ішіндегі депосы болып табылады ( СР- дағы Са ионының мөлшері дейін жетеді), СР көпіршіктеінен кальциийді бөліп шығарады. Соның нәтижесінде «кальций дүркіні» пайда болады.
иондары СР-нан миофибрилдердің актин- миозинді комплексіне өтеді, актин тізбегінің белсенді центрлерін ашып, көпіршелердің тұйықталуын тудырады, саркомердің қысқаруы мен оның күшінің ары қарай артуын тудырады;
4) миофибрилдердің қысқару үрдісі аяқталған соң, СР мембранасындағы кальций насостарының көмегімен Са иондары саркоплазмалы ретикулумның ішіне белсенді түрде өте (сорыла) бастайды;
5) электромеханикалық түйіндесу үрдісі мембрананың деполяризациясын тудыра отырып, К иондарының жасушадан пассивті шығуымен аяқталады.
6) иондары сарколемманың кальцийлі насостарының көмегімен жасуша сыртындағы ортаға белсенді түрде шыға бастайды.
Сөйтіп, кардиомиоцитте электромеханикалық түйіндесу екі сатыда жүреді: алғашында кальцийдің енген біраз ағыны СР мембранасын белсендіреді, осы ағын жасуша ішіндегі деподан кальцийдің көп мөлшерінің сыртқа шығуына ықпал етеді, осының нәтижесінде саркомер қысқарады. Түйіндесудің осы екі сатылы үрдісі тәжірибе жүзінде дәлелденген. Осы тәжірибелер мынаны анықтады:
а) сыртқы ортадан кальций ағындарының болмауы сакркомерлердің қысқаруын тоқтатады;
б) СР-нан бөлініп шығатын кальций мөлшері тұрақты болған кезде, кальций ағындарының амплитудасының өзгеруі жақсы өзгерген қысқару күшіне әкеліп соғады. Жасуша ішіне иондарының ағыны екі функцияны орындайды: кардиомиоциттің әрекет потенциалының ұзақ болу (200 мс) платосын (жерін) қалыптастырады және электромеханикалық түйіндесу үрдісіне қатысады.
Ағзаның барлық бұлшықет жасушаларында түйіндесу үрдісі кардиомиоциттерде сияқты жүрмейтіндігін айта кету керек. Жылықандылардың қаңқа бұлшықеттерінде әрекет потенциалы қысқа (2-3 мс) және оларда кальцийдің баяу ағыны болмайды. Осы жасушаларда саркомерлерге тән, z - дискілеріне жуық, көлденең түтікшелердің Т- жүйесі күшті дамыған (сурет 11). Деполяризация мезгілінде мембраналық потенциалдың өзгеруі осындай жасушаларда Т- жүйесі арқылы СР мембранасына тікелей беріледі, ол иондарының дүркін бөлінуі мен қысқарудың ары қарай жеделденуін тудырады (3,4,5).
Уақытқа байланысты осы үрдістердің жүруі 12-ші суретте көрсетілген.
Кезкелген бұлшықет жасушаларына ортақ құбылыс- иондарының саркоплазмалы ретикулумнан (жасуша ішілік депосынан) босатылып шығу үрдісі және қысқарудың ары қарай жеделденуі.
СР-нан кальцийдің босатылып шығу жолы Са иондары болғандағы люминесценттелетін экворин ақуызының көмегімен жасалатын тәжірибеде байқалады. Осы ақуыз жарқырайтын медузалардан алынады.
Сурет 12. Кардиомиоциттің әрекет потенциалы (а) мен осы жасушалардағы дара жиырылудың (б) уақытқа байланысты қатынасы. Сол жақтағы ордината- мембраналық потенциал, оң жақтағы- күш, ал -тыныштық потенциалы.
Қаңқа еттерінде қысқарудың басталуының кідіруі 20 мс құрайды, ал жүрек еттерінде- біршама жоғары (100 мс-ке дейін).
Электромиография — жүйке- бұлшықет жүйесінің жарақаттануын электрофизиологиялық диагностикалау әдісі және қаңқа бұлшықеттерінің электрлік белсенділігін (биопотенциалдарын) тіркеу.
Бұлшықеттің тыныштық және күштеме кезіндегі күйлерін айқындайтын спонтанды миограмма бар және бұлшықеттің не жүйкенің электрлік стимуляциялануымен анықталған туғызылған миограмма болады.
Феникс-стом» стоматологиялық зерттеу блогы бар бейімделген электронейромиограф.