Жұмыстың мазмұны:
Реле мен тоқ трансформаторларының жалғасуын мына схемалар бойынша зерттеу: толық жұлдыз, толмаған жұлдыз және екі фаза тоғының айырымына релені қосу кезінде.
1. Дұрыс құрастырылған схеманы алғашқы симметриялық тоқпен тексеру сонымен бірге дұрыс жалғастырылмаған және әртүрлі жетімсіздіктері бар схемалар (трансформаторлардың біреуінің екінші шынжырының үзілуі, тоқ трансформаторларының біреуінің екінші оралымға дұрыс қосылмауы, нөлдік немесе кері желінің үзілуі). Нөлдік желімен реледегі тоқтың векторлық диаграммасын құру. Дұрыс құрастырылған схема үшін Ксх схемасының коэффициентін анықтау.
2. Әртүрлі қысқа тұйықталу (және жермен тұйықталу) кезіндегі қорғаныс схемасының тәртібін тексеру, U/U0, U/D орамдарын күш трансформаторымен қосқанда, және күштік трансформатордың орамдарын топтап жалғастырғанда қорғаныс схемасының жұмысына қалай әсер ететінің анықтау.
Жұмысты орындау тәртібі
ТОҚТЫҚ РЕЛЕ
1. Стендегі аппаратурамен танысу, U/U0 схемасы бойынша қүштіқ трансформатордың орамдарын жалғастыру.
2. Толық жұлдыз схема бойынша амперметрлермен (реленің орнын ауыстыратынҚ тоқ трансформаторларын қосу.
3. Тәртібі әртүрлі бұзылған схемада және дұрыс жиналған схемада қысқа тұйықталудың алғашқы тоғының симметриялық схемасын тексеру. Реледегі тоқпен алғашқы тоқты өлшеу. Дұрыс жиналған схема бойынша тоқ өлщемі арқылы схеманың коэффициентін анықтау. Оралымдағы нольдік тоқтың үзілгеніне қарамай реленің өзгермейтініне көз жеткізу керек.
4. Екінші қайталау тоғы мен реледегі тоқтың векторлық диаграммасын құрастыру және нөлдік токтың көлемі немесе кері сым бойынша схемадағы бұзылған тәртіпті қалай байқауға болады.
5. Қысқа тұйықталу кезіндегі схеманы тексеру (Ү/Ү оралымымен жалғастырылған трансформатордан кейін)
а) үшфазалы қысқа тұйықталу – АВС;
б) екіфазалы Қ.Т –АВ, ВС, СА;
в) бірфазалы Қ.Т – АО, ВО, СО;
г) екі фазалы жер үстінде – АВО, ВСО, САО;
6. Алынған мәлімет бойынша
а) Толық жұлдыз схемасы барлық қысқа тұйықталулардан әсер алатынына көз жеткізу.
б) Күштік трансформатордың берілген жалғастыру схемасының қоректендіру жағынан токты фазаларға бөлуді өзгерту кезіндегі қысқа тұйықталуды бөлу (анықтау)
в) А және С фазаларынан қоректендіру жағынан ток өткендегі қысқа тұйықталуды бөлу ( анықта) көлемі мен бағыты сәйкес келгенде.
В фазасында олардың сомасын ( сумма) тап.
АВ, АВО және ВО қысқа тұйықталу үшін, қысқа тұйықталудың орнында векторлық диаграмма құр. Алғашқы тоқ, күштік трансформатордың қоректендіру жағынан жәңе реледегі ток.
6) Толық емес жұлдыз схемасы бойынша амперметрлер мен ток трансформаторларын қосу ( 1б сурет) .
7. Қысқа тұйықталу симметриялық алғашқы токтың релесі мен ток трансформаторларының жалғасу дұрыстығын тексеру , сонымен қатар әртүллі тәртіп бұзылушылық кездегі, схеманың тәртібі (қалып)
8. Ү/ ∆ оралымы мен жалғастырылған трансформатордан кейінгі екі фазалық схеманы тексеру.
9. Алынған мәліметтердің талдауын жасау:
а) толық жұлдызды схемамен салыстырғанда , орта жұлдызды схеманың сезімталдығы кеміген жағдайдағы қысқа тұйықталудың түрлерін анықтау, яғни ток трансформаторы
10. Релені екі фаза токтарының айырымына қосу ( 1а сурет)
11. қысқа тұйықталудың алғашқы симметриялық ток релесіне, трансформатор тогының дұрыс жалғасуын тексеру, сонымен бірге схеманың тәртіп бұзылушылық жағдайларын қадағалау.
12. Ток бөлудің бірінші және екінші токтарын бұрмалайтын АВС, АВ, ВС, СА фазаларын трансформатордан кейінгі қысқа тұйықталудың Ү/Ү орамымен жалғасу схемасынтексеру.
13. Токтарды өлшеу. Векторлық диаграмма салып , әртүлі қысқа тұйықталуға схеманың сезімталдығының бірдей еместігіне көз жеткізу. Көрсетілген басқа алдыңғы схемалардағы ток бөлу өлшемдерін пайдалана отырып, Ү/∆ трансформаторынан соңғы кейбір екі фазалы қысқа тұйықталудағы екіфаза тогының айырмасына релені қосу схемасының қарсылығын түсіндіру және оған тәрбие жасай отырып көз жеткізу.