Поршеньдер. Поршнь сақиналары және саусақтары

Поршньдер газдардыңқысымынанпайда болған күштерді қабылдап, шатунға береді, сонымен қатар жұмыс циклының барлық ырғақтарының жүзеге асуын қамтамасыздандырады. Олар жоғарғы температуралардың, инерциялық күштердің әсерінде болып, цилиндр ішінде үлкен жылдамдықпен қозғалады. Жұмыс жағдайына сәйкес поршень материалы жоғарғы механикалық қасиеттерге (беріктікке, қажалуға тұрақтылыққа, жылуды жақсы өткізгіштік) ие болуы тиіс. Сондықтан қазіргі автомобильдерде поршеньдерді жеңіл, бірақ жеткілікті берік алюмини қоспаларынан құяды (сурет 6).

Поршеньдер. Поршнь сақиналары және саусақтары - student2.ru

Рисунок 5. Сұйықты (а) және ауалы (б) салқындатылатын қозғалтқыш цилиндрлері:

1 – бүртік; 2 – жоғарғы белдеу; 3 – төменгі белдеу; 4 – резиналы тығыздама ; 5 – салқындату қабырғалары; 6 – тығыздау астарлары;

7 – картер

Поршеньдер. Поршнь сақиналары және саусақтары - student2.ru

Сурет 6. Поршень и поршень саусағы:

а – дизельді қозғалтқыш поршені; б – сақина; в – поршень саусағы

1 – май түсіретін кемер; 2 – майсылғыш сақинаның оймасы; 3 – тапылжатпау сақинасының оймасы; 4 – саусаққа май алып келетін тесік;

5 –компрессиялық сақиналардың оймасы; 6 – поршеньдегі жану камерасы

Поршень бұрылған стакан түрінде болады..

Поршень (сурет 6а) түптен А, бастамадан Б немесе тығыздағыш және юбка деп аталатын бағыттағыш бөліктен В құралады. Поршень түбін оймалы фасонды пішінді жасайды, ол қоспа жасау әдісіне, клапандар мен форсункалардың орналасуына байланысты болады.

Бастаманың және юбканың сыртқы бетінде компресиялық және майсылғыш сақиналардың оймалары 5 және 2 жасалған.

Юбканың ішкі жағында екі құйма- бобышкалар Г жасалған, олардың тесіктеріне поршень саусақтары орнатылады.

Трактор қозғалтқыштарының поршеньдерінің сыртқы диаметрі бойынша гильзалар сыяқты өлшемдік топтарға бөлістірілген: Б, С және В

Поршень саусақтары қуысболаттан жасалады. Осьтік жылжудан тапылжытпайтын сақиналармен 8 ұсталып тұрады. Саусақ (сурет 6в) поршеньді шатунмен жалғастырылады.

Поршень сақиналарықажеттілігіне байланысты компресиялық және майсылғыш болады (сурет 6а).

Компрессиялық сақиналаржану камерасынанкартерге газдардың өтуін болдырмайды. Сақиналар легирленген шойыннан немесе болаттан жасалады.

Поршенл саусағындағы ойма құлып деп аталады. Ол қиғаш немесе тік болады.

Майсылғвш сақиналарцилиндрлер қабырғаларынан артық майды сылып алып майдың картерден жану камерасына өтуін болдырмайды.

Шатундар

Шатундар поршенді иінді білікпен жалғастырып, оған поршеньдер қабылдаған күшті береді. Қозғалтқыштың жұмысында шатунға газдардың қысымының және инерция күштері әсер етеді, сондықтан ол берік, қатты және жеңіл болуы тиіс. Шатунды жоғарғы сапалы болаттан екі бастамалы стержень түрінде жасайды (сурет 8).

Шатунның жоғарғы бастамасына қола втулканы 2 престейді. Шатунның төменгі бастамасы ажыратылатын болады. Оның ажыратылатын бөлігі қақпақ 6.

Наши рекомендации