Беріліс механикасы. Негізгі сипаттамалары мен параметрлері.
Дәріс. Такырып: Шынжырлы берілістер
Цепные передачи (Chain trains)
Қарастырылатын сұрақтар:
1. Жалпы мәліметтер. Әрекет принципі.
2. Шынжырлар және жұлдызшалар конструкциясы.
3. Беріліс механикасы. Негізгі сипаттамалары мен параметрлері.
4. Берілістің жұмысқа қабілеттілігі және есептеу әдісі.
Жалпы мәліметтер. Әрекет принципі.
Шынжырлы берілістің кинематикалық схемасы 8.1- суретте келтірілген. Ол шынжыр және жұлдызшаның ілінісуне негізделген. Беріліс жетекші 2 және жетектегі 3 жұлдызшалары өз ара жетекті шынжыр 1 арқалы байланысқан. Жұмыс шарттары бірдей болғанда белдікті беріліске қарағанда ілінісу принципі және болат шынжырдың жоғары беріктігінен шынжыр арқылы үлкен жүктеме беру мүмкін (бірақ тісті доңғалақтан кем), сонымен қатар сырғанау және тайғанақтаудың жоқтығынан берліс қатынасы тұрақты.
Берілістің артықшылықтары:
1. Үлкен жүктеме беру мүмкіндігі.
2. Беріліс қатынасының тұрақтылығы.
3. Шынжыр контурында бір жетекші және бірнеше жетектегі жұлдызшалардан бар болуы мүмкін (8.2- сурет), яғни бір шынжырмен бірнеше біліктерді қозғалысқа келтіре алады.
4. Тісті берілістермен салыстырғанда шынжырлы берілістер үлкен арақашықтыққа қозғалыс бере алады (≤ 8 м).
5.Белдікті берілістермен салыстырғанда шынжырлы берілістердің габариті кіші және білікке түсетін жүкетеме аз
6. Үлкен қуат бере алады ( кВт-қа дейін).
Берілістің кемшіліктері:
1. Шынжыр қозғалысының бірқалыпсыздығы.
2. Үлкен жылдадықтарда шуды бар болуы.
3. Топсалары тозуынан шынжырдың ұзаруы, сол себепті керу құрылғыларының қажеттілігі.
4. Пайдалануда күтімді қажет етеді (майлау, реттеу).
Қолдану салалары: ауыл шаруашылық, көлік және химиялық машинажасауда, станок жасауда, таукен жабдықтарында және көтеру-түсіру құрылғыларында кеңінен таралған.
Шынжырлар және жұлдызшалар конструкциясы.
Шынжыр.
Шынжырлар жетекті, жүк және тарту болып бөлінеді. Кеңінен таралғаны жетекті шынжырлар.
Қазіргі жетекті шынжырлардың негізгі типтері роликті (аунақшалы) (roller), втулкалы (төлкелі)(bush) және тісті (gear) шынжырлар болады. Олардың параметрлері стандарталған және мамандандырылған заводтарды жасалады. Шынжырлардың негізгі сипаттамалары қадам, ені және қирату жүктемесі болады.
Роликті шынжыр.
Роликті шынжырлар бір- , екі- , ұш- және төрт қатралы болуы мүмкін (8.3- сурет)
Әр бір буын екі тілімнен (пластинка) жасалған, яғни білікше сыртқы буынға пресстелген, ал төлке ішкі буынға пресстелген. Төлке мен өс топса құрып, шынжырдың иілгіштігін қамтамасыз етеді.
Беріліс механикасы. Негізгі сипаттамалары мен параметрлері.
1. Қуат, [Вт]
– шеңберлік күш, Н;
– шеңберлік жылдамдық, м/с.
2. Шынжыр жылдамдығы (м/с) және жұлдызшаның айналу жиілігі (мин-1)
– жұлдызшаның айналу жиілігі, мин-1;
– жұлдызшаның тістер саны;
– шынжырдың қадамы, мм.
Шынжырдың жылдамдығы мен жұлдызшаның айналу жиілігімен жетектің тозуы, шу шығаруы және динамикалық жүктемелер байланысқан. Кеңінен таралғаны жай жүретін және орта жылдамдықты берілістер м/с және мин-1.
3. Берілс қатынасы
4. Беріліс п.ә.к.
Шынжырлы берілісте шығындар шынжыр топсасындағы, жұлдызшы тістеріндегі және тіректердегі үйкеліс шығындарынан тұрады. Орташа п.ә.к. .
5. Өсаралық ара қашықтық
Өсаралық ара қашықтықтың минималь жұлдызшылар арасындағы мүмкіндік саңылаумен шектеледі (30¸50 мм)
, – жеткеші және жетектегі жұлдызшалардың сыртқы (дөңесі) диаметрлері.
Тәжірибеде шынжырдың шыдамдылығын ойлап қсаралық ара қашықтықты
алу ұсынылады.
Шынжырдың буындар саны
Өсаралақ ара қашықтықтың нақты мәні