Жүктемелі трансформатор

Екінші реттік тізбекке қандай да бір жүктеме қосайық (2.25, ә-сурет). Онда бұл тізбекте жиілігі бірінші реттік тізбектегі ток жиілігіне тең {\displaystyle i_{2}} айнымалы ток туады. Сондықтан екінші катушкада өздік индукция ЭҚК-і пайда болады, оның үштарындағы кернеу аздап төмендейді. Ленц ережесі бойынша өздік индукция ЭҚК-і магнит ағынын азайтады. Бұл магнит ағыны екі катушканы бірдей тесіп өтетін болғандықтан, оның азаюы бірінші реттік катушкадағы өздік индукция ЭҚК-і {\displaystyle |Epsilon_{1}}-дің кемуіне әкеп соғады. Ал, онда бірінші тізбекте {\displaystyle U_{1}} кернеудің мәні тұрақты болса да ток күші артады.
Өз ретінде бірінші реттік тізбектегі ток күшінің өсуі магнит ағынының артуын тудырады, онда екінші реттік тізбектегі индукциялың ЭҚК-і мен ток күші артады. Бұдан әрі осы сипатталған процестер берілген жүктеме үшін белгілі бір магнит ағыны, екінші реттік тізбектегі индукциялық ЭҚК-і жәнө бірінші реттік тізбектегі {\displaystyle I_{1}} ток күші түракталғанша жүре береді.
Енді трансформатор генератордан өзінің зая жүрісіне қарағанда екінші реттік тізбек тұтынатын қуатқа тең қуатты көбірек алады. Егер аздаған энергия шығынын ескермесек, энергияның сакталу заңы бойынша, генератордың энергиясы бірінші реттік тізбектен екінші реттік тізбекке магнит өрісі арқылы беріледі. Сондықтан шығынды ескермей, былай жазуға болады: {\displaystyle I_{1}U_{1}=I_{2}U_{2}}бұдан {\displaystyle {\frac {U_{2}}{U_{1}}}={\frac {I_{1}}{I_{2}}}=k.}кернеуді неше ece арттырса, ток күші сонша есе кемиді. Қазіргі трансформаторлардың пайдалы әрекет коэффициенті {\displaystyle \eta ={\frac {U_{2}I_{2}}{U_{1}I_{1}}}} өте жоғары, ол 99%-ға дейін жетеді, яғни шығын бар болғаны 1—2%

Трансформатордың ПӘК-і желіде қолданылатын активті қуаттың жүктемедегі активті қуатына қатынасымен анықталады:

,

мұнда және - біріншілік және екіншілік орамдарындағы фазалар саны.

Әдетте біріншілік және екіншілік орамдарының фазалар саны = тең болады, сол себепті ПӘК-і мына формуламен есептеледі

мұнда, - трансформатордағы қосынды қуаттың шығыны.

Шфазалы трансформаторлар

Орташа және үлкен қуатты өнеркәсіптік қондырғыларда үшфазалы айнымалы ток жүйесінен қоректенетін түзеткіш сұлбалар қолданылады. Осы сұлбаларды қоректендіру үшін үшфазалы трансформаторды пайдаланады. Үшфазалы трансформаторлар токтық болады (3.7-сурет). Бұндай трансформатор үш бірфазалы трансформатордан тұрады. Трансформатордың әр тобы қарапйым бірфазалы және үшстерженді трансформатор сияқты жұмыс істейді

Қысқаша тұйықталу — электр тізбегіндегі потенциалы әр түрлі нүктелердің мейлінше аз кедергі арқылы өзара электрлік жолмен байланысуы. Қысқаша тұйықталу электрқондырғалары изоляцияларының бүлінуінен, тоқ жүретін бөліктерінің бір-бірімен немесе жермен тікелей, не болмаса өткізгіштер арқылы тиіп жанасудан болады. Токтың қуатты тұтынушылардын бір мезгілде қосу желідегі ток күшін арттыратыны соншалық, сымдар кәдімгідей қызып, ал оны жайып тұрған оқшалауғыштар жанып кетуі де мүмкін. Тізбектегі ток күші мүмкін болатыг шамасынан артып кеткенде, қысқа тұйықталу пайда болады

Орытынды

Трансформатор түрлендіргіш құрылғы болып табылады.Қызметі орасан зор техникада өте пайдалы.Түрлері көп олармен шамалы таныса кеттік.Жұмыс істеу принципімен де таныстық.Егерде жұмыс істеу принципін білмесек болашақта өндіріс орындарында жұмыс істей алмаймыз.Өйткені оны білмейтін адамға трансформатор өте қауіпті.

Дереккөздер

1.Жоғарыға көтеріліңіз↑ Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Физика / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д,, профессор Е. Арын – Павлодар: С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, 2006. ISBN 9965-808-88-0

2.Жоғарыға көтеріліңіз↑ «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том

3.Жоғарыға көтеріліңіз↑ Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., 1990 ISBN 5-89800-008-9

4.Жоғарыға көтеріліңіз↑ Физика: Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-Ф49 математика бағытындағы 11 сыныбына арналған оқулық /С. Түяқбаев, Ш. Насохова, Б. Кронгарт, т.б. — Алматы: "Мектеп" баспасы. — 384 бет, суретті. ISBN 9965-36-055-3

Наши рекомендации