Табиғи тас негізіндегі өңдеулік материалдар.
Көптеген өңдеулік материалдар табиғи тау жыныстарынан алынатын. құрылыстық тастан жасалдады. Мұндай тау жыныстары минералдық құрамы бойынша сан алуан.
Табиғи тас материалдар тығыз немесе қопсыған тау жыныстарынан арнайы өңдеусіз (малта тас, құм, саз) немесе механикалық технологиялар арқылы (жару, кесу, ұсақтау т.б. ) алынады. Бұл кезде тау жыныстарының бастапқы қасиеттері толық немесе толыққа жақын сақталады.
Табиғи тас ағашпен қатар адам баласы қолданған алғашқы материал.
Барлық ежелгі құрылыстар: мешіттер, храмдар, сарайлар, қорғандар, көпірлер, акведуктер табиғи тастан жасалған және қазіргі заманғы адамды «Әлем кереметі» ретінде таң қалдырады. Көптеген елдерде: Египетте, Мексикада, Грецияда, Италияда, Қытайда, Камбоджада, Индияда ежелгі өркениеттің жер бетіндегі сәулеттік-құрылыстық құраушылары ретінде сәулет өнерінің тастан жасалған көптеген көрнекті ескерткіштері сақталған.
Жоғары механикалық беріктік пен өміршеңдік табиғи тасты әртүрлі құрылымдарда қабырғалық материал ретінде, ал әсем бояуы мен бай текстурасы бірегіей ғимараттарды, мешіттер мен сарайларды сәулеттік безендіруде қолдану шарттарын анықтайды.
Қазіргі уақытта көптеген монументальді құрылыс нысандары табиғи тасты қолданып салынады. Үйлер мен ғимараттарды табиғи таспен қаптау, интерьерінде табиғи тасты пайдалану бөлмелердің сәулеттік шырайын қамтамасыз етеді, байсалдылық пен мәртебе береді. Табиғи тас қабырғалық материал, жол жабындары, үйлер мен ғимараттарды қаптау т.б. мақсаттар үшін кеңінен қолданылады.
Оларды пайда болуы (генетикалық), өңдеу әдістері (технологиялық) және өміршеңдігі бойынша топтастыруға болады.
Генетикалық, пайда болуына байланысты топтастыру:
1) магманың салқындау және қатаюы нәтижесінде түзілген магматикалық тау жыныстары;
Массивті | Омырылған | ||
Тереңдік | Ақтарылған | Қопсыған күйдегі | Біріккен (цементтелген) күйдегі |
Граниттер, сиениттер, диориттер, габрро | Порфирлер, диабаздар, трахиттер, базальттар, порфириттер, андезиттер | Жанартау күлі Жанартау құмы Пемза. | Жанартаулық туф . |
2) жер қыртысының беткі қабатында әр түрлі тау жыныстарының бұзылуы мен мүжілуі нәтижесінде пайда болған шөгінді тау жыныстары;
Механикалық шөгінділер | Химиялық шөгінділер | Органогендік шөгінділер | |
Қопсыған күйдегі | Біріккен (цементтелген) күйдегі | ||
Құм. малта тас,саз. | Құмтастар (песчаник), конгломераттар, брекчилер | Гипс, ангидрит, әк тастары, доломиттер, әк тасты туфтар. | Әк тастары, бор, трепел, диатомит. |
3) жер қыртысындағы физика –химиялық жағдайлардың өзгерісіне икемделу мен қайта кристалдану өнімдері болып табылатын метаморфиялық тау жыныстары.
Ақтарылған тау жыныстарының түр өзгеру өнімдері | Шөгінді тау жыныстарының түр өзгеру өнімдері |
Гнейстер | Мраморлар, кварциттер |
Технологиялық топтастыру өңделетін тастың қаттылығына негізделеді және 3 топқа бөлінеді: қатты, орташа қаттылықта және жұмсақ.
Қатты тау жыныстарына құрамында міндетті түрде Моос шкаласы бойынша қаттылығы 6...7 болатын минералдары бар тау жыныстыры (кварцит, гранит, сиенит, гаабро, лабродоит т.б.) жатады. Олардың сығылуға беріктік шегі 40...200МПа. Мұндай тастар негізінен қаптама материалдар ретінде қолданылады.
Орташа қаттылықтағы тау жыныстары тау жыныстарының беріктігі 20...120МПа. Бұлардың қатарында мрамор, әк тасы, құмтас, кейбір ракушечниктер, доломит, сланецтер т.б. бар.
Жұмсақ тау жыныстарының беріктігі 0,6...50 МПа. Олар гипсті және талькті тастар, әк тасы мен доломиттердің кейбір түрлері.
Тастың қаттылығы бойынша тобы | Моос шкаласымен минералдың қаттылығы | Өңделуі |
Қатты | 6..7 | Абразивті және жаратын құралмен өңделеді. Болат кескішпен кесілмейді. |
Орташа қаттылық | 3..5 | Болат кескішпен кесіледі. Абразивті құралмен оңай өңделеді. |
Жұмсақ | 1...2 | Болат кескішпен оңай кесіледі. |
Өміршеңдігі бойынша топтастыру әрлеу бұйымдарының қолданыстық жағдайына негізделеді: сыртқы және ішкі өңдеу, еден мен қабырғаларды қаптау, профильдік элементтер, скульптура және фрагменттер.
Өміршеңдік тобы | Тас | Бұзылудың алғашқы белгілері, жыл |
Өте өміршең | Кварцит, майда дәнді гранит | |
Өміршең | Ірі дәнді гранит, сиенит, гаабро, лабродорит | |
Салыстырмалы өміршең | Ақ мрамор, тығыз құмтас және доломит | |
Өміршеңдігі төмен | Кеуекті әк тасы, түсті мрамор, гипс тасы. |