II бөлім. Ортодонтиялық аппараттар. Тіс аномалиясы мен тіс қатары аномалиясының этиологиясы, патогенезі, клиникасы, диагностикасы, емі. 7 страница

Төменде көрсетілген тіс доғаларының қайсысы сай келеді?

А. асимметриялы

В. жартылай овальді

С. артылау шеңберлі

Д. жартылай парабола

Е. + трапеция тәрізді

353. Жасөспірім 12 жаста.Ата-анасы эстетикалық ақауға шағымданады. Анамнезінен: жоғарғы оң жақтағы сүйір тісі альвеолды өсіндісінен вестибулярлы бағытта жарып шығуына байланысты, жұлынған, тіс қатарында орын болмаған. Бет әлпетінде ауытқу белгілері байқалмайды.Ауыз қуысында: 1.3 жоқ, түйісу кезінде: тіс қатары сол жақта сайлы-төмепешікті жанасу, оң жағында төмпешіктік. 1.3 тісі жұлынғаннан кейін қандай аномалиясы пайда болған?

А.+ жоғарғы тіс қатарының қысқаруы

В. төменгі тіс қатарының қысқаруы

С. жоғарғы тіс қатарының ұзаруы

Д. төменгі тіс қатарының ұзаруы

Е. тіс қатарының асимметриясы

354. Бала 13 жаста. Тістерінің алдыңғы бөлігіндегі тарылуына шағымданады. Қарап тексергенде: алдыңғы бөлігінде қатты тарылу мен алға қарай иілгені байқалады. Алдыңғы тістер тығыз орналасқан, 2.1 тіс өз осі бойымен айнала орналасқан.

Клиникалық көрініс қай тіс қатарының пішініне ЕҢ сәйкес келуі мүмкін?

А. + V тәрізді

В. U тәрізді

С. трапеция тәрізді

Д. квадрат тәрізді

Е. Асимметрия

355. Жігіт 22 жаста.Клиникаға эстетикалық кемшілікке шағымданып келеген. Қарап тексергенде: беті асимметриялы, ауыз қуысында 1.3, 1.4 тістер арасында ені 4мм трема, ал сол жақта 2.2, 2.3, 2.4 тістерінің тарылуы байқалады. Жоғарғы жақтың екі бөлігі дебіркелкі емес дамыған.

Клиникалық көріністе қай тіс қатарының пішініне ЕҢ сәйкес келуі мүмкін?

А. V тәрізді

В. U тәрізді

С. трапеция тәрізді

Д. үшбұрыш тәрізді

Е. +асимметрия

356. Бала 10 жаста. Анасы эстетикалық кемшілікке шағымданады. Жоғарғы жақта күрек тістер мен сүйір тістер арасында аралықтар бар. Қарап тексергенде: күрек тістер мен сүйір тістер арасында аралықтар шамамен 1,0мм, тістер аздап ерін жаққа иілген.

Тремалар мен диастеманы жою үшін, қандай ортодонттық құрылым ЕҢ тиімді?

А. + жоғарғы жаққа вестибулярлы доғасы бар табақша

В. Төменгі жаққа Брюккель аппараты

С. жоғарғы жаққа Каламкаров аппараты

Д. жоғарғы жаққа Персин аппараты

Е. Бынин каппасы

357. Бала 8 жаста.Ата-анасы эстетикалық кемшілікке шағыманып келген. Қарап тексергенде: жоғарғы орталық күрек тістер арасында комплектен артық тікенек тәрізді тіс бар. Рентген суретте 1.2, 2.2 тістер жарып шығу сатысында. жоғарғы және төменгі алдыңғы тістер арасында 3мм сагиттальды саңылау бар. Эстетикалық жетістікке жету үшін қандай емдік шаралар қолдану тиімді?

А.+ комплектен артық тісті жұлу және орталық тісті медиальды жылжыту

В.альвеолды өсіндіні уқалау және алмалы салмалы ортодонттық аппарат

С.комплектен артық тісті сауытпен протездеу

Д.уақытша сүйір тісті жұлу, кұрек тістерді мезиальды орын ауыстыру

Е.азу тістерді жұлу, күрек тістерді мезиальды орын ауыстыру

358. Қыз 18 жаста. Дәрігер стоматологқа тамақ шайнауының қиындауына шағымданып келген. Қарап тексергенде: беті симметриялы. Ауыз қуысында: төменгі тіс қатарының тарылуы байқалады. Жоғарғы бүйір тістердің таңдай төмпешіктері түйісу кезінде төменгі аттас тістердің ұзына бойындағы сайлардан ұрт жаққа орналасады және төменгі жақтың кіші және үлкен азу тістердің ұрттық төмпешіктерімен жанасады.

Осы көрністе қандай айқасқан окклюзияның сәйкес келуі мүмкін?

А.+ тілдікокклюзия

В.палатиноокклюзия

С.вестибулоокклюзия

Д.транверзальды күректістік окклюзия

Е.кері күрек тістік жабылу

359. Бала 8.5 жаста. Ауыз қуысының санациясынан кейін дәрігер ортодонтқа ақыл кеңеске жіберілген. Қарап тексергенде: бет әлпеті бүйірінен қарағанда шығыңқы. Ауыз қуысында: тіс қатарын түйістіруде жоғарғы тіс төменгі ерін үстінде жатыр. Жоғарғы және төменгі алдыңғы күрек тістер арасындағы сагиттальды саңылау 4мм. Төменгі күрек тістердің кесу қырлары қатты таңдайдың шырышты қабатымен түйіседі. Бірінші тұрақты үлкен азу тістер Энгльдың ІІ классымен түйіседі. Эшлер-Битнердің клиникалық сынамасы оң.

Төменде көрсетілген ортодонтиялық аппараттың ЕҢ тиімдісі:

А.+ Френкельдің І ші қызметті реттеуші І түрі

В.Френкельдің І ші қызметті реттеуші ІІ түрі

С.Френкельдің І ші қызметті реттеуші ІІІ түрі

Д.Френкельдің І ші қызметті реттеуші ІҮ түрі

Е.Френкельдің І ші қызметті реттеуші Ү түрі

360. Балаға 4,5 жаста. Ұртты ішке қарай сору зиянды әдетті бар.Қарап тексергенде: аздап тіс доғасның пішінінің өзгерісі байқалады

Зиянды әдетті жою үшін қандай ортодонтиялық аппарты қолданған жөн.

А. Еріндік пилоты бар пластинка

В. +Вестибулярлы пластинка

С. Вестибуооральді пластинка

Д. Андрезан активаторы

Е. Брюкль аппарат

361. Бала 9 жаста.Ата-анасы жоғарғы ерінің аздап түсіп тұрғанына шағымданады. Қарап тексергенде:төменгі тіс қатары жоғарғы тіс қатарын жауып тұрады;бүйір бөлігінде ұрттық қалыңдықта ,алдыңғы бөлік сауыттың үштен бір бөлігінде сагитальді сағылау 2 мм, аздап алдыңғы жоғарғы тіс қатарының қалыңдауы, төменгі тіс қатарының пішіні және көлемі қалыпты.

Төмендегі келтірілген ортодонтиялық аппаратың қайсысы ең тиімдісі:

А. + жоғарғы жаққа үш бағыттағы винті бар окклюзионды төсеніш

В. жоғарғы жаққа Коффин пружинасы бар окклюзионды төсеніш

С. төменгі жаққа Коллер пружинасы бар окклюзионды төсеніш

Д. төменгі жаққа вестибулярлы доғасы бар окклюзионды төсеніш

Е. кеңейткіш винті бар окклюзионды төсеніш

Наши рекомендации