Пойыздың қабылдау станциясына тақалғандығы туралы ақпарат
Пойыздың қабылдау станциясына тақалғандығы туралы ақпарат және ақпараттың дәлдігі – станция жұмысын жедел жоспарлау мен реттеудің негізі.
Станция ЖҚ-ға екі түрлі пойыз туралы ақпарат береді: алдыңғы және нақты.
Алдыңғы ақпаратты станция бастығы жол бөлімінен станцияға жұмыс ауысымына кірер кезінде алады. Алдыңғы ақпаратта келесі 12 сағаттастанцияға барлық бағыттан келетін пойыздар мен вагондар жайлы көрсетіледі. Әр 4-6сағат сайын жол бөлімінің ақпараттық тобының инжинері станцияның маневрлік диспетчеріне келесі ақпараттарды береді: пойыз нөмірі, пойыз индексі, пойыздағы вагон саны, жобамен келетін уақыт.
Нақты ақпаратты байланыс каналдары арқылы натурлық қағаздың телеграмма түрінде алады.
Маневрлік диспетчер келген натурлық қағаздың телеграммасына сәйкес ЖҚС-сіне ЖҚ-ға, экспедиторларға және қойманың ЖҚЖ-сіне жүктің тақалғандығы турады алдыңғы ақпаратты береді. Қойманың ЖҚЖ-сіне ақпаратты жүкті түсіру және қызметкерлерді жұмысқа дайындау үшін жібереді.
Абылдау станциясында жүкті түсіру және тасымалдау құжаттарын қабылдау
Көрші станциядан пойыздың шыққаны туралы ақпаратты алғаннан соң станция кезекшісі СТО, техникалық қызмет көрсету пункті, коммерциялық тексеру және қабылдауға қатысатын қызметкерлерін пойыздың келе жатқандығы туралы ақпаратты хабарлайды.
Келген пойыз бекітіліп, техникалық және коммерциялық тексеріс жүргізіледі.
Түсіруге келген тиелген вагондардың тасымалдау құжаттары СТО-ға келеді де, жүктің және вагонның сәйкестігі мен толықтығы туралы құжаттық тексеріс жүргізіледі.
Тексерілгеннен соң СТО операторы накладная, жол ведомостіс мен вагон парақтарына жүктің фактілік келуі туралы күнтізбелік штемпельді қойып шығады. Осыдан соң тасымалдау құжаттары Тасымалдау құжаттарын тапсыру кітабына (ГУ-48 формасы) жөнелтілім түріне байланысты жазады.
Накладная мен жол ведомостілері тауарлық контораға беріледі, вагон қағазы жүктік районға немесе жүкті түсіру пунктіне жіберіледі.
Жүктік районда вагонға коммерциялық тексеру жүргізіледі. Вагонға ақау анықталған жағдайда, жалпы формадағы акт толтырылады.
Сұрақ. Станцияға келген жүкке қатысты орындалатын операциялар
Келген жүкті тіркеу
Станцияға түсіруге келген барлық жүктерді тауарлық конторада тасымалдау құжаттары негізінде Жүкті қабылдау кітабына (ГУ-42 формалы) тіркейді. Тәулік біткен сайын осы кітапқа қарап, тәулік бойы неше жүк түсірілгені, нешеуі ЖҚ-ға тапсырылғандығы есептеме жүргізіледі.
Ауысым ауысқанда осы ақпараттармен тауарлық контора қызметкерлері келесі ауысым қызметкеріне береді. Әр жыл сайын 1 қаңтарда жаңа Жүкті қабылдау кітабы басталады.
Егер станцияда АБЖ (автоматты басқару жүйесі) орнатылған болса, онда барлық толтырулар компьютерлік режимде атқарылады.
Жүктің келген туралы ЖҚ-ға хабарлау және контейнерді және вагонды түсіруге беру
Жүкті тасымалдау ережесіне сай тасымалдаушы ЖҚ-ға келер күннің алдында сағат 12-ден аспай тұрып жүктің келуін хабарлауы міндетті. Хабарлама жіберілуі Жүктің келуі туралы хабарлама Кітабында тіркеледі.
Егер тасымалдаушы ЖҚ-ға келу уақытын хабарламаса, тасымалдаушы ЖҚ-ны вагон, контейнер, сақтау үшін төлемақыны төлеуден босатады.
Жүкті түсіруге беруді тасымалдаушы вагонды жібермес бұрын 2 сағат бұрын хабарлайды.
Жүкті түсіру
Кесте 1. АБЖ-сі кезінде жүкті вагоннан қоймаға түсірудің технологиялық графигі