Ымаларды жерасты жөндеу (ҰЖАЖ) жабдықтары

ҰЖАЖ-дың жабдықтарының құрамы жасалынатын жұмыс түрлеріне байланысты болады. Барлық ҰЖАЖ-дарда қолданылатын түсіру-көтеру операцияларында жабдықтардың мынадай жиынтығы пайдаланылады (5.1-сурет).

Ымаларды жерасты жөндеу (ҰЖАЖ) жабдықтары - student2.ru

5.1-сурет

Түсіру-көтеру операцияларын (ТКО) орындауға арналған жабдықтар өздігінен жүретін немесе стационарлы лебедкалардан, көтергіштер мен агрегаттардан тұрады.

Көтергіш лебедка ұңғыма сағасының жоғарғы жағына орналасады және стационарлы немесе жылжымалы мұнараларда жұмыс істеуге арналған. Мұнара арқанның тартылу күшін азайту мақсатында тальдік жүйемен қамтылған және ол қозғалмайтын ролик-кронблокпен және қозғалатын – тальдік блокпен, күршекпен және арқанмен жарақталған.

Мұнараның жоғарғы жағында кронблок (12) монтаждалады, тальдік арқанға тальдік блок (10) ілінеді. Тальдік блокка күршек (9) бекітіледі және оған штропалар (8) мен элеватордың (7) көмегімен СКҚ тізбегі немесе штангалар бекітіледі. Болаттан жасалған тальдік арқан (2) лебедкадан (1), мұнараның (11) астыңғы жағында орналасқан тарту ролигі (5) арқылы және кронблоктың ролигі (12) мен тальдік блок (10) арқылы және кері қарай сол тәртіппен өткізіледі. Арқанның қозғалмайтын бөлігі мұнараның негізіне бекітіліп, ал қозғалатын бөлігі – барабанның лебедкасына бекітіледі. Тарту ролигі (5) құбырлар тізбегін көтеру немесе түсіру кезінде мұнараның аударылып кетуінен сақтайды.

Ұңғымаларда апатты жою кезіндегі негізгі жұмыстарға қармау, фрезерлеу, тазалау және қосымша атқарылатын жұмыстар жатады.

Апаттың түрлеріне байланысты ұңғылық құрылымдар мен құралдардың арнайы жиынтығы болады: бұрғылау және СКҚ-ларға арналған қармау құрылымдары, оқпанды ұңғылық фрезерлеумен тазалауға арналған кескіш құралдар; ұңғылық қозғалтқыштарды, аспаптарды, пакерлерді, долотолар мен басқа жабдықтарды көтеруге қажетті қармау құрылымдары; штангаларды, кабельдерді, арқандар мен сымдарды қармайтын құрылымдар; қосымша құрылымдар мен құралдар.

       
  Ымаларды жерасты жөндеу (ҰЖАЖ) жабдықтары - student2.ru
 
    Ымаларды жерасты жөндеу (ҰЖАЖ) жабдықтары - student2.ru

5.2-сурет

Қармау құрылымдары апаттан кейін үзіліп кеткен СКҚ және бұрғылау құбырларын қармап және бір орында ұстап тұруға арналған. Ал кабельдер мен арқандарды қармауға қармақ, штангалар мен кабель аулағыштар жатады. Жұмыс принципі бойынша құбырларды қармайтын құрылымдардың мынадай түрлері бар: ойып орнатылған, плашкалы және серппелі.

Ойып орнату құралдарына аулау метчиктері мен қоңыраулар, плашкалы түріне – аулағыштар, ал серіппелі түрлеріне – құбыраулағыштар жатады.

Кескіш құралдарға – түптік, сақиналы, құрамалы, райберлер мен құбыркескіш фрезерлер жатады. Кей жағдайда кескіш құрал қармау құрылымымен құрамдастырылды.

Қосымша құралдарға ауытқыштар, шегендеу тізбектерінің муфталарын бекіткіштер, ұңғылық гидродомкраттар, өрмекшілер, яссылар, металқож аулағыштар жатады.

Ағымды жөндеу жұмыстардың орындалу кезегі 5.2-суретте көрсетілген.

Ұңғымаларды ағымды жөндеу процесі тағайындалуына тәуелсіз тасымалдық, дайындық-қорытынды, түсіру-көтеру және технологиялық операциялардан тұрады (5.3-сурет).

Тасымалдау операциясы
Ымаларды жерасты жөндеу (ҰЖАЖ) жабдықтары - student2.ru

5.3-сурет. Ұңғымаларды ағымды жөндеу процесі

Тасымалдау операциясының мақсаты – жөндеу кешендерін қажетті орынға жеткізу; дайындық операцияларына ұңғыма мен сағалық жабдықтарды көтеру-түсіру операцияларына дайындау, ал технологиялық операциялар әртүрлі жұмыстарды – сораптарды ауыстыру, ілу тереңдігін ауыстыру, СКҚ-ның кейбір бөліктері мен штанганы ауыстыру, газлифттік көтергішті ауыстыру, т.б. орындауға арналған.

Наши рекомендации