Гиппократ» қалпағы байламын салу техникасының алгоритмі.
Мақсаты:Бастағы таңғыш материалды бекіту.
Көрсеткіші: Бас жарақатында.
Құрал- жабдықтар:
· Бинт ені 10 см,
· Қайшы ,
· Лейкопластырь
· ҚКҚ
Іс-әрекет алгоритмі:
- Науқасты идентификациялау (Паспорттық мәліметтер)
- Науқасқа іс-шараның мақсатын және жүргізілуін түсіндіру
- Науқастың келісімін алу.
- Қолды антисептикпен гигиеналық деңгейде өңдеу, бір реттік қолғапты киіңіз.
- Залалсыздандырылмаған резеңкелі қолғапты кию.
6. Науқасты өзіне қаратып отырғызуы керек.
7. 2 бинт алыңыз да оларды 15 см ұзындықта тарқатыңыз.
8. Бір бинттің шетін екінші бинттің шетіне қойып, бір-біріне қарама-қарсы бағытта ораңыз, 2 басты бинт жасалады.
9. 2 басты бинтті оң және сол қолыңызға алыңыз
10. Бинтті бастың маңдай бөлігіне қойып, 2 басын шүйде аймағына қарай апарыңыз
11. Шүйде аймағында айқастырыңыз, 1 басын шүйдеден маңдайға қарай төбе бөлігін жауып, екінші басымен басты айналдыра ораңыз
12. №2 бинттің басымен маңдай аймағында айқастыра отырып №1 бинтпен маңдайдан шүйдеге қарай жүріңіз. №2 бинтті төбе арқылы әкеліп №1 бинтті жабыңыз.
13. Төбе аймағы жабылғанша басты айналдыра ораңыз
14. Бинттің турын бас сүйек толық жабылғанша қайталаңыз
- Қолғапты шешіп, ҚКҚ тастау.
- Қолды жуу және кептіру.
Құжаттандыру:
- Қазақстан Республикасының Кодексі 18 қыркүйек 2009ж.
- Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігінің 23 сәуір 2013ж. №111бұйрығы
- Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігінің 24.02.2015ж. №127 бұйрығы
- Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігінің 28.02.2015ж. №176
бұйрығы
Иық буынына «Масақ» тәрізді таңғыш салу техникасының алгоритмі.
Мақсаты:Жарақаттанған қолдың иммобилизациясын (қозғалтмауын) қамтамасыз ету
Көрсеткіштері:Таңғыш материалды, гипс лангетін, шинаны бекіту.
Құрал-жабдықтар:
· Бинт ені 10 см,
· Қайшы ,
· Лейкопластырь
· ҚКҚ
Іс-әрекет алгоритмі:
- Науқасты идентификациялау (Паспорттық мәліметтер)
- Науқасқа іс-шараның мақсатын және жүргізілуін түсіндіру
- Науқастың келісімін алу.
- Қолды антисептикпен гигиеналық деңгейде өңдеу, бір реттік қолғапты киіңіз.
- Залалсыздандырылмаған резеңкелі қолғапты кию.
6. Науқасты өзіне қаратып отырғызуы керек.
7. Тоқпан жіліктің жоғарғы үштен бір бөлігіне 1-2 рет айналдыра отырып бекіту жасау.
8. Бинтті кеуденің артқы бөлігінен айналдырыңыз.
9. Арқадан кеуде арқылы қолтық астынан жүргізу.
10. Бинтті кеуденің алдынан алып, иықтың жараланған жерінен жүргізіңіз.
11. Иықты циркуляторлы жүргізіп, арқадан өткізіп, алдыңғы орамның 2/1 немесе 3/2 бөлігін жабу.
12. Иықты толық жабу үшін 1 және 2 орамды қайта жүргізу.
13. Бинтті иықтың төменгі жағынан бекіту.
14. Қолғапты шешіп, ҚКҚ тастау.