Бірінші қолданылатын өрт сөндіру құралдары

Өрт сөндіру үшін пайдаланылатын құралдарды үш түрге бөлуге болады: бірінші қолданылатын, стационарлық, жылжымалы құралдар. Бірінші қолданылатын өрт сөндіргіш құралдарына жататын жабдықтар: өрт крандар, әр типті от сөндіргіштер, құм толтырылған жәшіктер, қажетті сайман ілінген өрт тақталары (щит), су құйылған ыдыстар, әртүрлі жапқыштар т.б.

бірінші қолданылатын өрт сөндіру құралдары - student2.ru

4.2-сурет. Топты жұмыс істейтін дренчерлі қондырғы сұлбасы: 1-тарту пружинасы; 2-тез балқитын құлыптар; 3-тез балқитын құлыптар тросы; 4-түрткі краны; 5-түрткі құбыры; 6, 7, 9-дренчарлы жүйе; 8-дренчер; 10-электрсигнал; 11-электр қозғауыш пен басқа құрылғыларды қосу автоматы; 12-су қоректендіргіш құбыры; 13-диафрагмалы гайка; 14-кіші тесікті диафрагма; 15-қосу қоректендіргіш құбыры; 16-клапан үсті камера; 17-дифференциалды екі тарелкалы клапан; 18-топты әсер клапан камерасы; 19-жіберу жүйесі; 20-қолмен қосу краны; 21-спринклерлі бас; 22-розетка тәріздес дренчарлы бас; 23-күрек тәріздес дренчарлы бас.

бірінші қолданылатын өрт сөндіру құралдары - student2.ru

4.3-сурет. Өрт сөндірудің спринкерлі қондырғы сұлбасы: 1-компрессор; 2-пневмобак; 3-магистралды құбыр; 4-өрт сигнализациясын қабылдау станциясы; 5-басқару, бақылау тақтасы; 6-бақылау сигнал клапаны; 7-қысым сигнализаторы; 8-қоректендіру құбыры; 9-спринклер; 10-бөлу құбыры; 11-центрден тепкіш сорап.

Бұл құралдарды бірінші деп атайтыны, олар өрт шыққан жағдайда стационарлық өрт сөндіргіш құралдары іске қосылғанша және өрт сөндірушілер командасы келгенше ең алдымен қолданылатын құралдар болып саналады. Олардың ішінде ең көп тарап, кең түрде пайдаланатыны қол от сөндіргіштері болады. Олар химиялық көбікті, ауа көбікті, көмір қышқылды, көмір қышқыл-бромэтилді, ұнтақты, тағы басқа түрлі от сөндіргіштер болып бөлінеді.

Химиялық көбікті от сөндіргіштер OXII (OXBII-IO) және ауа көбікті от сөндіргіштер OBII-IO жаңа бастаған қатты материалдар мен сұйық заттарды сөндіруге қолданылады. Олармен тоғы бар электр қондырғыларын, сілті металлдарды, қымбат бұйымдарды сөндіруге болмайды.

бірінші қолданылатын өрт сөндіру құралдары - student2.ru

4.4-сурет. Пневматикалы қосылу жүйелі өртті ұнтақпен сөндіру қондырғы сұлбасы: 1-қысылған газы бар баллон; 2-жапқыш бас; 3-сығылған газ коллекторы; 4-трос; 5-электромагнитті бұрағыш; 6-редуктор; 7-люк; 8-бұрағыш; 9-пневможетек шарлы кран; 10-ұнтақты беру құбыры; 11-сифонды құбыр; 12-ұнтақ құрамы бар ыдыс; 13-қолмен қосу рычагы; 14-пневможетек

Көмір қышқыл от сөндіргіштер ОУ-2, ОУ-5, ОУ-8 шағын жанған барлық материалдарды (олардың ішінде тоғы бар электр қондырғыларын, қымбат бұйымдарды т.б.) сөндіруге арналған.

Көмір қышқыл-бромэтилді от сөндіргіштер ОУБ-ЗА, ОУБ-7А талшық заттарды, қатты материалдарды, электр қондырғыларын сөндіруге қолданылады. Бірақ олармен сілті металлдарды, ауасыз жанатын заттарды сөндіруге болмайды.

Ұнтақты от сөндіргіштерді ОПС-6, ОПС-IО, ОП-8УI тоғы бар электр қондырғыларын, қосғауыштарды, сілті металлдарды, сұйық заттарды сөндіруге пайдалануға болады.

Тез тұтанғыш және жанғыш заттар көп мөлшерде тұратын жерлерде жылжымалы от сөндіргіштер болуы керек: ОВП-IOO, ОВП-250, ОУ-25, ОУ-80, ОУ-400, ОППС-IOO, ОП-250.

Қызыл сырмен боялған, көлемі 0,5-I м3 , темір жәшіктер ұсақ құрғақ құммен толтырылу керек. Өрт крандары шланг және стволмен жабдықтанады. Өрт тақталарында керекті сайман-құралдар болуға тиіс: күрек, балта, лом, шелек тағы басқалар. Әр өндіріс бөлмесі үшін өрт нормативтеріне сәйкес бірінші қолданылатын өрт сөндіру құралдарынын түрлері және мөлшері белгіленген.

Кәсіпорындарында үлкен өрттерді сөндіру үшін стационарлы өрт сөндіргіш қондырғылары пайдаланылады. Олар іске қолмен немесе автоматтық әдіспен енгізіледі. От сөндіргіш заттын түріне қарай олар сулы, су булы, көбікті, газды, ұнтақты болып келеді.

Жылжымалы өрт сөндіргіш құралдары негізгі және арнайы болып бөлінеді. Негізгі құралдарға жатады: өрт автомобилдері, автоцистерналар, автонасостар, мотопомпалар, пойыздар, танклер, теплоходтар, самолеттер т.б.

Арнайы құралдарға жататындар: байланыс және жарық автомобилдері, автобасқыштар, өздігінен жүретін лафет стволдары т.б.

Өрт сөндіргіштер ОУ-2, ОУ-5, ОУ-8.

Олар кернеу астындағы электр жабдықтарын және жанғыш материялдарды сөндіру үшін қолданылады. Қар тәріздес масса t-сы-80 өрт сөндірген кезде ол жанған заттың t-сын төмендететің жөні аймағындағы оттегі құрамын азайтады.

Балондағы немесе өрт сөндіргіштегі диоксады сұйық немесе газ тәріздес фазада болады. Оның салыстырмалы салмағы t-ға байланысты. Температура көтеріген сайын сұйық диоксиды газға айналып, қысым ту көтеріледі. Болонда атылыс болмас үшін, оны 75% толтырады, барлық өрт сөндіргіштер сақтандыру мембринасымен қамтамасыз етеді.

бірінші қолданылатын өрт сөндіру құралдары - student2.ru Көмірқышқыл өрт сөндіргіштер қол, тұрақты алып жүретін болып бөлінеді,. Қол ОУы әртүрлі кешендердей: самолет, автомабиль, кеме, локомативтағы өртенген әр түрлі заттарды өндіруге пайдаланады. Өрт сөндірген кезде, өрт сөндіргішті горизанталь күйінде ұстауға немесе төмен қаратып ұстауға болмайды.

Аэрозольды өрт сөндіргіштер.Тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтар қатты заттарды, кернеу астындағы электр құралдарын және сілті металдар оттегісі бар заттардан басқа заттарды сөндіру үшін қолданылады. Мұнын да 3 түрі бар. ОАХ корпус металдан, аузы метбренамен жабылған оның астында серіппесі бар атқыш орналасқан өрт сөндіргішпен жұмыс істеу үшін, оны қатты бетке орналастырып, атқыш басқышын қатты ұстап ұрып, мембрананы тесіп, өртке бағытау керек. ОВХ өрт сөндіргіш кешендер: автомабиль, катер, бензовоз, өндіріс, тұрмыс электр құралдары өртті сөндіру үшін қолданады. Қазіргі кезде, әсіресе шет елде көп қолданады. Олары бензин, дизельді отын, лак, бояу, ағаш және оттегі негізіндегі материалдағы өрт сөндіру үшін қолданады. Арнайы ұнтақтармен сілті металдар мен өздігінен тұтанатын заттарды сөндіреді. Электр құралдарын сөндіру үшін қолданады. Бұл да 3 түрлі рычагын басқан кезде плонба жарылады да, ине тәріздес шток мембрананы теседі. Қысым астындағы жұмыс газы сирон трубкасын порошокпен бірге шығын өртке бағытталады. Өрт сөндіргіш тік ұсталынады.

4.2. кесте

Наши рекомендации