Дәріс №3. Салмақтық шамаларды өлшеу және бақылау
Атқаратын қызыметтеріне қарай салмақ өлшеуші және салмақ мөлшерлеуші құрылым төмендеудегі топтарға бөледі (3.1-сурет).
3.1-сурет – Салмақ өлшегіш және салмақ мөлшерлегіш құрылымдардың сыныптамасы
Әрекет принциптеріне тәуелдң таразылар механикалық, электромеханикалық, оптико-механикалық және радиоизотоптық болып бөлінеді (3.2-сурет).
3.2-сурет - Әрекет принциптері бойынша таразылардың сыныптамасы
Бұлардың ішінде тензорезисторлық және өзекті өзгерткіштер күш өлшегіш ретінде қолданылатын салмақ өлшеу тәсілінің алатын орны ерекше. Бұл өзгерткіштерді пайдалану иінтіректі жүйеге тән кемшіліктерден құтылуға үмкіндік береді, демек өлшеу дәлдігі артады, дайындауға металл шығыны азаяды, салмақ өлшеу уақыты азаяды. Тензорезисторлы өзгерткіштерді әртүрлі көтергіш және тасымалдаушы құрлымдарда қолдану көтеру (жылжыту) мен салмақ өлшеу операцияларын қатар жасаудың арқасында өндірістік цикілді қысқартуға мүмкіндік береді.
Масса бірлігінің еселік немесе үлестік мәні ретінде біртекті өлшем ретінде гирьлер қолданылады. Мемлекеттік бастапқы эталон ретінде халқаралық өлшемлер және салмақтар бюросында сақталатын киллограмның халқаралық прототипінің №12 көшірмесі қабылданған.
Мемлекеттік бастапқы этолоны масса бірлігінің өлшемін өндіруге, сақтауға және туынды этолонға беруге арналған.
Массаның жұмыс этолоны 1 мг 10 кг дейінгі және жекеленген гирьлер түрінде жасалады. Гирьдің материалы ретінде платина, алтын, никель, қола немесе аварц қолданылады.
Атцартын қызыметіне тәуелді гирьлер жалпы мақсаттағы үлгілік, шарттық, караттық, сондай–ақ әртүрлі типтегі таразылардың иінтіректік механизіміне қойылатын болып бөлінеді.
Жалпыға тағайындалған гирьлердің МЕМСТ 7328-73 сәйкес 1 мг 20 кг массада дайындайды. Гирьлерді масса дәлдігімен ерекшеленетін бес сыныпта шығарады. 1-сыныпты дәлдіктегі гирьлерді микрохимиялық, химиялық және басқа анализдер кезінде жоғары дәлдікте өлшеу үшін қолданады. Гирьлердің бұл классының шектік массасы 1 мг–нан 1 кг–ға дейін, ал массасына байланысты рауалық ауытқуы [Δ] = ±(0,002 ÷ 0,64) пішіндері 3.3- суретте а, б, в, г көрсетілген.
|
2- сыныпты дәлдіктегі гирьлерді химиялық және басқа анализдерде жоғарғы дәлдікте салмақ өлшеуде қолданылады. Бұлардың массалары 1 мг-ден 20 кг- ға дейінгі аралықта, ауытқулары [Δ] = ±(0,01 ÷ 50,0)мг етіп жасалады. Гирьлердің пішіндері 2,3- суретте д,е көрсетілген.
3- сыныпты дәлдіктегі гирьлерді қолданылу аймағы – жоғары дәлдіктегі техникалық анализдер мен қымбат бағалы металдарды өлшеу. Гирьлердің полиналдық массасы – 1 мг нан 20 кг –ға дейін, [Δ] = ±(0,05 ÷ 250,0)мг. Гирьлердің пішіндері 2,3- суретте ж,з көрсетілген.
4-сыныпты дәлдіктегі гирьлерді қолданылу аймағы – техникалық анализдер мен дәрі – дәрмектерді өлшеу. = 5 · ÷ 20 кг, [Δ] = 0,5 ÷ 1250мг. Гирьлердің пішіндері 2,3- суретте д, е, ж, з, и, к, л, м көрсетілген.
5-сыныпты дәлдіктегі гирьлердің саудада және шаруашылықта салмақ өлшеуге қолданылады. = ÷ 10 кг, [Δ] = 40 ÷ 3250мг. Гирьлердің пішіндері 2,3- суретте н,о көрсетілген.
Барлық гирьлердің рауалық ауытқулары МЕмСТ 7328-73 қарастырыгған. Бұл стандартқа сәйкес гирь дараланып, жекелеген жиынтықтармен немесе кешендермен шығарылуы мүмкін.
Гирьлердің белгіленуі өлшем бірлігін көрсететін әріптен және сандардан тұрады. Мысалы: «Гиря КГ – 4 – 5 ГОСТ 7328-73» - ші сыныпты дәлдіктегі массасы 5 кг килограмдық гирь.
«Гиря МГ–2–1100-1 ГОСТ 7328-73» - ең кіші гирьдің массасы 1 мг жалпы 2-ші сыныпты дәлдіктігі массасы 1100 мг милиграмдық гирьлер жиынтығы.
Арнайы мақсаттағы гирьлерге (МЕМСТ 12656–67 ) үлгілік, шарттық және таразы ішінде орналастырылған және т.с.с. гирьлер жатады. Үлгілік гирьлерді – гирьлер мен таразыларды тексеруге қолданады.
МЕМСТ 12656 – 67 үлгілік гирьлердің разрядтарын (1,2,3,4) және қолдану аймағын белгілейді. Мысалы 3-разрядты гирьлер 4-ші разрядты массасы 10мг ÷ 2000 кг үлгілік гирьлерді, 4- сыныпты дәлдіктегі гирьлерді жүкпоршенді және квадранттық гирьлерді тексеруге қолданылады.
Үлгілік гирьлердің пішіндері, негізгі өлшемдері және материалдары МЕМСТ 7328-73 анықталған.
Шарттық гирьлердің иінтіректік жүйесінің иықтарының қатанасы 1: 100 жалпы мақсаттағы платформалық иінтіректік гирьлі таразыларды толықтырып жинауға арналған.
Шарттық гирьлер ТУ 25,06,1400 -7д сәйкес 1 ÷ 500 кг массамен шығарылады. (2,5-сурет), Оларды сұр шойынан жасайды. Гирьдің ішінде келтіруші қуыс қарастырылған. Оны жөндеу кезінде номиналдық массаның 0,8% кем емес тарифтау массасын салуға пайдаланады. Келтіруші материал ретінде шойын бытыра немесе қара металдар жоңқасын пайдаланыды. Гирьдің жоғарғы бетінде килограммен шарттық салмағы және номиналь массаның шартты салмаққа қатынасы көрсетіледі. Мысалы, гирьдің шарттық массасы 500 кг, номиналдық массасы – 5 кг, қатынасы 1 :100.
Гирьдің комплектісінің шарттық белгісінде: «гири» сөзі, гирдің салмағы шарттық екенін көрсететін «ГУ» әріптері, комплект номері, жинақ жасалған және жіткізіліп берілетін техникалық шарттың нөмері көрсетіледі. Мысалы «Гири ГУ – 3 ТУ 25.06. 1400 – 78».
Негізгі әдебиет: 1 , 5
Қосымша әдебиет: 8
Бақылау сұрақтары:
1. Таразы деген не?
2. Әрекет принциптеріне тәуелді таразылар қалай бөлінеді?
3. Гирь деген не?
4. Тағайындалуына тәуелді гирьлер қалай бөлінеді?
5. Гирьлердің шартты белгіленулеріне не кіреді?