Оғамның типтері, белгілері және даму заңдары

Әлеуметтану ғылымында қоғамды сұрыптап сараптаудың көптеген тәсілдері қалыптасқан. Солар арқылы даму деңгейі, оның дамуының бір сатысынан келесі бір сатысына өтуі, т.б. анықталады. Марксшілдер қоғамның типін белгіліеуде өндіріс тәсілін, яғни қоғамның эканомикалық ресурстарын қалай пайдаланылып, қалай бақылауға алынатынын басшылыққа алады. Г.Ленски мен Дж.Ленски қоғамдарды сұрыптау барысында оларға тән өндіріс тәсілдерімен қатар өзге де маңызды белгілерді ашып, қоғамды 4 типке бөлуді ұсынды: 1) аңшылық пен терімшілік қоғамы; 2( бау-бақшалық қоғамы; 3) аграрлық қоғам; 4) өнеркәсіптік қоғам. Неміс ғалымы Ф. Теннис өнеркәсіп қалыптасқанға дейінгі қоғам мен қазіргі қоғам арасындағы мәнді өзгешеліктерді зерттей келіп, шаруалар қауымдастығын белгілейтін «Гемайншафт» терминін және индустиялды-қалалық қоғамды анықтайтын «Гезельшафт» ұғымдарын енгізді. Осы қоғамдар арасындағы айырмашылықтардың мәні мынаған саяды. А) «Гемайншафт» типті қоғамда адамдар қауымдастық міндеттеріне сәйкес өмір сүреді, «Гезельшафт» қоғамы адамдардың жеке бастары үшін пайда табуға негізделген; б) «Гемайнафт» қалыптасқан салт-дәстүрлерге негізделсе, «Гезельшафт» формальды заңдарға маңыз береді; в) «Гемайншафт» шектелген мамандандыруды ұсынса, «Гезельшафт» мамандандырылған кәсіби рөлдерді қалыптастырады; г) «Гемайншафт» діни мұраларға арқа сүйесе, «Гезельшафт» зиялылық құндылықтарды жоғары қояды; д) «Гемайншафта» қоғамның басты институттары болып отбасы мен қауымдастық саналады, ал )Гезельшафта» қоғамның негізгі институттарына адамдар бірігуінің ірі корпаративтік және ассоциативтік формалары жатады.

Қоғамдарды типтеуде 60-жылдары бұлардан басқа да көзқарастар қалыптасты. Соның негізінде қоғамдарды топтау жөніндегі ұстанымдарда, бүгінгі ғылыми әдебиеттерде қоғам түрлерін; дәстүрлі индустриялды және постиндустриялды деп бөлу орын алып отыр.

Дәстүрлі қоғам деп аграрлық укладты қоғамды айтады. Қазіргі біздің түсінігіміздегі дәстүрлі қоғам қарапайым және артта қалған қоғам түрі. Шындығында бұл қоғамда өндірістің даму қарқыны өте төмен, адамдардың қажеттілігі минималды деңгейде ғана қанағаттандырылады, жаңаны қабылдамайды. Онда индивидтердің мінез-құлқы қатаң бақылауға алынады, салт-дәстүр, нормалар және әлеуметтік институттармен шектеледі.

«Индустриялды қоғам» терминін ғылымда алғаш қолданған Сен-Симон болды, сол ұғым арқылы ол қоғамның өзгеше өндірістік негізін айқындады. Индустриялды қоғамның басқа да маңызды белгілеріне адамдардың қажеттіліктері мен мүдделерінің өзгеруіне сәйкес қалыптасатын икемді әлеуметтік құрылымдар, әлеуметтік мобильдік, коммуникация жүйесінің дамуы жатады. Мұндай қоғамда индивидтің еркіндігі мен мүддесін ортақ принциптермен үйлестіруге мүмкіндік туады. Ортақ принциптері индивидтердің бірлесе еткен қызметін реттеп отырады.

Индустриялды қоға теориясын екі вариантта жасағандар – француз әлеуметтанушысы Р. Арон мен американдық экономист, әрі саясаттанушы У. Ростоу болды. «Индустриялды қоғам» теориясы қоғамның жедел дамуының жолдарын көрсетіп, натуралды шаруашылық үстемдік еткен, арнтта қалған аграрлық қоғамнан алдыңғы қатарлы, өнеркәсібі дамыған индустриялды қоғамға өтудің орнығатынын дәлелдейді. Бұлардың пікірінше, индустриялды қоғам, ең алдымен еңбек бөлінісінің дамуы және күрделі жүйесі арқылы сипатталады, бұл өндірістің нақты салаларға мамандандырылуы мен басқару жүйелерінен байқалады. Екіншіден, индустриялды қоғамда рынокка арнап кең көлемде жаппай тауар өндіру қалыптасады. Үшіншіден, ол өндірісті автоматтандыру мен механикаландыруға және басқаруға иелік етеді. Төртіншіден, индустриялды қоғам ғылыми-техникалық революциямен сипатталады. Транспорт пен байланыс құралдарының жоғары дамуы, жоғарғы деңгейдегімобильдік пен урбанизацияның болуы, ұлттық тұтыну құрылымындағы сапалы өзгерістер осы процестердің нәтижесі болып саналады. Бұл теория тұрғысынан алып қарағанда ірі өнеркәсіптің негізгі сипаттамасына индустрияның өндірісті ұйымдастыру мен басқару саласындағы мінез-құлық, тәртіп формаларын реттеумен қатар, қоғамдық өмірдің барлық салаларында реттеу жұмыстары жүргізіледі.

Э. Дюркгеймнің пікірі бойынша, дәстүрлі қоғам мен индустриялы қоғам арасында қалыптасқан айырмашылықтар барбар, олар: әлеуметтік ынтымақтастықтың формасында және әр түрлі моральдық жүйелерде орын алған өзгерістер. Қарапайым қоғамдағы ынтымақтастықтыңтүрі –« механикалық ынтымақтастық» десек, ал индустриялды қоғамда –органикалық ынтымақтастық болады. Дәстүрлі қоғамдағы қатынастар негізінен туыстық қарым-қатынастарға негізделген еді, ал қазіргі индустриялық қоғамдағы қатынастар саяси ұйымдарға, шіркеуге, бизнес пен мектепке арқа сүйейді.

Дәстүрлі және индустриялды қоғам атаулары жаңа айдарлармен де беріліп жүр. К.Поппер жоғарыда баяндалған әлеуметтік бақылау мен индивидтің еркіндігінің арақатынасындағы негізге алып, ашық және жабық қоғам деген ұғымдарды қолданады. Магиялық, тайпалық немесе ұжымдық қоғамды К. Поппер жабық қоғамға балайды, ал индивидтердің өздері еріксіз шешім қабылдауға мәжбүр болатын қоғамды –ашық қоғам деп санайды.

Қоғамның алғашқы белгісне әдетте әлеуметтік байланыстардың шоғырлануы жүретін аумақты жатқызады. Біздің планета көптеген қауымдастықтарға экологиялық мүмкіндік беру арқылы адамдардыңмұқтажын қанағаттандыруды қамтамасыз етеді және климаттық жағдай мен табиғат ландшафтысының көп түрлілігіне орай индивидтердің тіршілік әрекеттеріне өзіндік қайталанбас белгілерқалдырды. Аумақ – индивидтер арасында қатынастар сен өзара әрекеттер қалыптасатын, дамитын әлеуметтік кеңістің негізі болады.

Қоғамның екінші ерекшелікті белгісі оның ішкі өзара байланыстарының жоғары интенсивтідлігін қолдап отыру және ұдайы туындатып, жетілдіру қабілеті болып табылады. Қоғамның маңызды сипаты ретінде тұрақтылықты айтқанмен, әлеуметтанушыларо оның негіз болатын себептерін түсіндіруде бір жерден шықпады, пікірлері қайшылықта боды. Э. Дюркгейм қоғамның тұрақтылығы мен тұтастығының басты негізінде «ұжымдық сананы», ортақ жігердің болуын алады. Р. Мертон болса қоғамның сақталуын халықтың көпшілігі меңгерген және әрбір индивидті біріктіретін тіршілік әрекеттерінің нормаларын сақтауға бағыттайтын «келелі құндылықтар» арқасында болады деп есептейді. Э. Шилз қоғам бүкіл аймаққа бақылау жасайтын және ортақ мәдениетті таңатын тек қана «ортақ биліктің» ықпалымен өмір сүреді деп пайымдайды.

Қоғамның тұрақтылығын сақтайтын алғышарттарды толық анықтау тіптен мүмкін емес сияқты. Адамзат тарихының көне кезеңдерінде қоғамның тұрақтылығы ең алдымен тұлғаааралық өзара әрекеттердің есебінен сақталып келеді. Адамдар өздерін туыстық және көршілік, әдет-дағдылар, көмек пен қолдау көрсету, олардан айырылудың қорқынышты екендігі сияқөты дәнекерлермен байланыстырды. Ф. Теннис осындай принциптерге негізделген қоғамды қауымдастық деп атаған.

Алайда, халық санының өсуіне орай байланыстардың өзара әрекет жүйесі бұрынғыдай қолданыла алмады. Басты тұрақтандырушы алғышарт болып әлеуметтік құрылым шықты. Әлеуметтануда құрылым деп тұрақты түрде болатын әлеуметтік түзілімдерді, байланыстарды және қатынастарды айтады. Бұл әлеуметтік институттар, әлеуметтік қауымдастықтар болуы мүмкін. Олардың айрықша ерекшеліктеріне мақсатқа лайықты қызметтер жатады.

Әлеуметтік құрылымдар бір мезетте және жоқтан пайда болмайды. Олар бастапқыда тұлғааралық контактілер мен өзара байланыстар негізінде пайда болып, өзара әрекеттер және қатынастардың тұрақтылығын нығайтудың нәтижесінде қалыптасады.

Қоғамдағы тұрақтылық ең алдымен әлеуметтік құрылымның қалыптық және функционалдық қасиеттеріне байланысты болады. әрбір құрылым әрекеттер мен өзара байланыстардың белгілі бір түрлерін тәртіптейді және оларды ұдайы өндіреді. Айталық, отбасы институты тауар айырбастаудщы реттейді. Бұлардың бәрі біріге отырып, сабақтастықты қамтмасыз етеді, онсыз әлеуметтік байланыстарды ұдайы өндіру мүмкін емес.

Қоғамның үшінші ерекшелікті белгісіне оның автономдығы және өзін-өзі жоғары деңгейде реттушілігі жатады. Қоғамның автономдығы оның көп функционалдылығымен жүзеге асады, яғни индивидтердің алуан түрлі қажеттілігін қанағаттандыру үшін керекті жағдайлар жасау қабілетінің болуы және индивидтерге өзін көрсету, өзін бекіту үшін кең мүмкндіктер жасауы қажет.

Төртіншіден, қоғамды үлкен интеграциялық күш ерекшелейді. Ол әрбір жаң ұрпақты әлеуметтендіреді, сол ұрпақты қалыптасқан қатынастар жүйесіне қосады, соларды бәрі мойындап қабылдаған нормалар мен ережелерге бағындырады.

Қоғамды дамытатын өзіндік заңдар мен заңдылықтар қалыптасқан. Солардың бірі-эволиционизм. Бұл әлеуметтік дамудың объективті сипатын мойындаған көзқарастың жүйесі еді. Мұндай көзқарастар қоғам эволюциясына табиғи тарихи процесс ретінде қарап, қоғамды түбегейлі өзгертетін оның шешуші буындарын, қоғамның үлгілерін анықтаудағы ғалымдардың рөлін де белгілеп берді.

Наши рекомендации