Дәріс. Пісіру орны. Пісірушінің аспаптары мен жабдықтары.

Пісіру орны .

Пісіру орны дегеніміз пісіру жұмыстарын жүргізу үшін барлық қажетті жабдықтармен жабдықталған жұмыс орны. Пісіру орны нәрлендіру көзі, электр сымдары, электродұстағыш, шлем және қалқаншамен, сондай-ақ әртүрлі аспаптар және айлабұйымдармен жабдықталады. Пісіру орындары тұрақты немесе жылжымалы болады. Қолданылатын тоқ тегіне және нәрлендіру көзінің типіне байланысты пісіру орындары келесі түрлерге бөлінеді:

- бір орынды (немесе көп орынды) пісіру түзеткіші немесе пісіру түрленгіштерінен тұрақты тоқпен нәрленетін пісіру орындары;

- пісіру трансформаторынан нәрленетін пісіру орны.

Тұрақты пісіру орындары әдетте мөлшері ықшам бұйымдарды пісіруге арналған төбесі ашық бөлмешік. Әдетте бұл бөлмешікте бір орынды пісіру түзеткіші немесе трансформатор орналасады. Егерде айналатын тұрақты тоқ түрлендіргіші қолданылатын болса, шуы көптігінен ол бөлменің сыртында орналастырылады. Пісіру орындарының көп орынды тұрақты тоқ түзеткіштерінен және түрлендіргіштерінін нәрленетін жағдайында пісіру тоғын бөлмешектерге шина немесе сымдармен таратады. Бөлмешектерде ажыратқыштар немесе магнитті қосқыштар орналастырылады. Жұмыс үстелінде, әдетте пісіру бұйымдарын құрастыру мен қысуға арналған айлабұйымдарды орналастырады, ал үстелдің жәшіктерін саймандар, түйір электродтар т.б. салуға пайдаланады. Бөлмешектің қабырғасына электродтарды қыздырып,кептіру үшін қолданылатын кептіру шкафы ілінеді. Жылжымалы пісіру орындары бұйымдарды нақты құрылыс алаңдарында және өндірістік цехтардың аландарында үлкен мөлшерлі бұйымдарды пісіруге қолданылады. Нәрлендіру көздерін жаңбыр және қардан қорғау үшін бұл жағдайда, бастырма жасайды ал доға сәулесінен қорғану үшін қалқандар орналастырады.

6 – суретте қолмен пісіруге арналған пісіру орнының сұлбасы көрсетілген.

Дәріс. Пісіру орны. Пісірушінің аспаптары мен жабдықтары. - student2.ru

6 – сурет. Қолмен доғалы пісіруге арналған пісіру орнының сұлбасы

Пісіруге қажетті жабдықтар.

Электродұстауыштар

Электродұстауыштар электродтарды қысуға және оларға пісіру тоғын келтіруге арналады. Электродұстауыш келесі талаптарды қанағаттандыруы қажет:

- электродты жылдам және сенімді бекітуді қамтамасыз етуі;

- салмағының аз болуы (0,5 кг –ға дейін);

- жұмыста ыңғайлығы;

- электр тоғынан сенімді оқшаулануы;

- қызғаннан сенімді оқшаулануы;

- электродтардың толығырақ балқуын қамтамасыз етуі;

- пісіру сымын берік жалғастыруы мен сенімді электр түйісін қамтамасыз етуі қажет. Қолмен доғалы пісіруге арналған электродұстауыштардың бірнеше типтері бар: ашалы, серіппелі, қыспалы т.б.. Кейбір электродұстауыштарда жұмыстардың қауіпсіздігін жоғарлату мақсатында пісіру процесі тоқтаған кезінде тоқты қолмен немесе автоматты түрде ажырату қарастырылған, электродұстағыштар, құрылғылық сұлбасымен бөлінуден басқа пісіру тоғы күшіне байланысты үш топқа бөлінеді:

I топ — 125 А-ге дейінгі тоқтың күшіне арналған;

II топ — 125 - 315 А;

III топ — 315 до 500 А.

Электродұстауыш 8000 электрод шығынына дейін жөндеусіз шыдауы қажет. Электродты ауыстыру уақыты 4 секундтан аспауы қажет.

7 суретте тоқты қолмен ажырату жүйесі бар электродұстауыштың құрылымы келтірілген., ал 8- суретте электродтарды бойлық және көлденең серіппелі қысуға арналған электродұстауыш көрсетілген.

Дәріс. Пісіру орны. Пісірушінің аспаптары мен жабдықтары. - student2.ru

7 – сурет. Тоқты қолмен ажырату жүйесі бар электродұстауыш

Дәріс. Пісіру орны. Пісірушінің аспаптары мен жабдықтары. - student2.ru

а -бойлық серіппемен; d- серіппе диаметрі; Р - электродты қысу күші, d = 3 мм, ұстауыш екі жағынан текстолитті жапсырмамен бекітілген;

б - көлденең серіппесімен

8 – сурет. Электродұстауыштың типтері

Шлемдер мен қалқаншалар.

Шлемдер мен қалқаншаларды пісірушілердің көзі мен бет терісін электр сәулесінің зиянды әсерінен балқыған метал мен қож шашырандыларынан қорғану үшін қолданылады. Шлемдер мен қалқаншалары тоқ өткізбейтін материалдар – қара фетр және пластмассадан жасайды. Қалқанша немесе шлемнің салмағы 0,6 кг –нан аспауы қажет. Шлемдер мен қалқаншалардың қорғаушы шыны жарықфильтрі болады. Жарықфильтрінің өлшемі - 52x102 мм. Жарықфильтрі металл және қож шашырандыларынан сыртынан әдеттегі терезе шынысымен қорғалады, ол ластанғаннан кейін ауыстырылып тұрады.

Пісіру сымдары.

Тоқ күштік тораптан пісіру аппараттарына әдетте КРПТ таңбалы сымдармен келтіріледі, пісіру аппараттарынан электродұстауыштарға – ПРГД және ПРГДО таңбалы мыс сымымен немесе елеулі механикалық әсері жоқта АПРГДО сымымен (алюминий сымды) келтіріледі. Бұл сымның ұзындығы 3 м – ден кем болмауы керек. Қажетті жағдайда бұл сымды КРПТ, КРПТН, КРПС, КРПСН т.с.с. таңбалы сымдармен ұзартуға болады. Әртүрлі таңбалы сымдарды жалғастыру дәнекерлеумен, қыспа муфталармен орындалады. Пісіру аппаратынан жұмыс орнына тартылған сымның ұзындығы 30-40мм ден аспауы, керек, өйткені сымдағы кедергінің көбеюіне байланысты доға кернеуі азаяды. Нәрлендіру көзімен пісіретін бұйым арасын арзандау сымдармен жалғауға болады, көбінесе бұл мақсатта ПРГ таңбалы сым қолданылады.

Бұл сымды пісірілетін бұйымға жалғау үшін, көбінесе тоқты жақсы өткізетін металдан (мыс, қалайы) жасалған әртүрлі жылдам әсерлі қыспалар қолданылады. Қыспалар серіппелі немесе бұранды болады. Мыс сымдардың қимасы пісіру тоғының шамасына байланысты таңдалады (1- кесте).

7 кесте - Пісіру сымдарының қимасын пісіру тоғының шамасына байланысты таңдау

Пісіру тоғының шамасы, А Сымдардың қимасы, мм2
біртұтас Қос-сымды
2х 10
2х 16
2x25
2х 75
- 2 х 50
- 2 х 70

Электрпісірушінің саймандары.

Қолмен доғалы пісіргенде электрпісірушіге келесі саймандар қажет:

- балға, ол қожды кетіру және белгі жасауға қажет;

- болат щетка, ол металды пісірер алдында ластықтан тазартуға және пісіргеннен кейін қожды кетіруге қолданылады;

- кескіш (зубило), пісіру жігінің ақауларын қырқуға;

- жіктердің өлшемін тексеруге арналған үлгілер жиынтығы;

- метр, бұрыштық, болат сызғыш, белгілегіш;

- болат белгілегіш (немесе олардың жиынтығы).

Электрпісірушінің арнайы киімі.

Электпісірушінің арнайы киімі (шалбар, куртка немесе комбинезон, сондай-ақ қолғап тығыз брезент, сукно, асбесті матадан жасалады. Шалбарды аяқ киімнің сыртынан киеді, өйткені аяқты металдың ыстық тамшыларынан, электрод қалдықтарынан қорғау қажет. Осы себептермен куртканы шалбардың сыртынан жіберіп киеді. Қуртканың қалтасына балқыған металл түспейтіндей қарастырылуы керек.

Әдебиеттер:1 нег. [18 - 26], 2 нег. [153 - 162], 1-3 қос.

Бақылау сұрақтары

1. Пісіру орындары қандай болады?

2. Тұрақты пісіру орны қалай жабдықталады?

3. Жылжымалы пісіру орындары жұмыстың қандай түрлеріне пайдаланылады?

4. Электродұстауыш қандай талаптарға сай болуы керек?

5. Пісіру тоғының күшіне байланысты электродұстауыштар неше топқа бөлінеді?

Наши рекомендации