II бөлім. Ортодонтиялық аппараттар. Тіс аномалиясы мен тіс қатары аномалиясының этиологиясы, патогенезі, клиникасы, диагностикасы, емі. 2 страница

А.+таңдап егеу

В.жасанды тамақтандыру

С.емдік емізікшілерді қолдану

Д.альвеолды өсіндіні уқалау

Е.тістерді шендеу

52. Тіс-жақ жүйесі дамуының VI кезеңінде (9 жастан 12 жасқа дейін) жүргізілетін профилактикалық шараларға жатады:

А.+протездеу

В.алвеолды өсіндіге массаж

С.жасанды тамақтандыру

Д.емдік емізікшелерді пайдалану

Е.тістерді шендеу.

53. 7 жасар баланың ортопантомограммасында 21 және 11 тістерінің арасында комплекттен артық тіс анықталды. Қандай аномалия дамуы мүмкін?

А. +тістердің саны

В. тістердің мөлшері

С. тістердің түс

Д. кіреуке құрылымы

Е. дентиннің құрылымы

54.. Балаға 8жас. Ата – анасы төменгі ернін тістеуіне шағымданады.Қандай ортодонтиялық аппаратты тағайындаған Ең лайықты?

А.Вестибуло-оральді пластинканы

В. кіреберіс доғалы пластинкалар

С.+ вестибулярлы пластинкалар

Д.бұрандалы пластинкалар

Е.тістесу аланы бар пластинкалар

55. 8 жастағы балада, мектепте профилактикалық мақсатпен қарап тексергенде: бетінде иек бұлшықеттерінің гиперактивтілігі байқалды. Қандай функцияның бұзылысы Ең ықтимал?

А. сөйлеу

В. демалу

С.+жұтыну

Д.сору

Е.шайнау

56. Бала 11 жаста, мектепте алдын алу мақсатымен қарап тексергенде: тіс қатарының пішіні дұрыс, бірақ алдыңғы тістер аймағында, тістердің біркелкі тығыз орналасуы анықталды.

Алдыңғы тістердің тығыз орналасуының қай дәрежесі Ең ықтималды?

А. ІІІ дәрежесі

В. ІҮ дәрежесі

С. Ү дәрежесі

Д. ІІ дәрежесі

Е. +І дәрежесі

57. Бала 8,5 жаста, ата-анасы эстетикалық кемшілікке шағымданады. Ауыз қуысында: жоғарғы күрек тістер желпуіш тәрізді орналасқан, олардың арасында диастема мен тремалар, жоғарғы күрек тістері төменгі ерінмен түйіскен. Анамнезінде, баланың аузы үнемі ашық жүретіндігі анықталды.

Төмендегі көрсетілген бұзылыстардың қайсысы болуы мүмкін?

А. +тыныс алу

В.жұтыну

С.шайнау

Д.тістеу

Е. АІЖ функциясының бұзылуы

58. Бала 5,5 жаста. Балабақшада профилактикалық мақсатпен қарап тексергеде: жоғарғы алдыңғы тістер төменгі тістердің сауытының 3/1 бөлігінен көп бөлігін жауып тұратыны анықталды.

Қай тістесу түрі дамуы мүмкін?

А. ортогнатикалық

В.дистальды

С.мезиальды

Д.+ терең

Е.ашық

59. 4 жастағы балаға суды жұту клиникалық функционалды сынамасын жүргізгенде маңдай терісі жиырылады, көзі жұмылады, «оймақ» белгісі көрінеді, иек астында бұғана-төс-емізік бұлшықеті тырысады.

Төменде көрсетілген функция бұзылыстарының қайсысына тән?

А. сөйлеу

В. тістеу

С. + жұтыну

Д. шайнау

Е. демалу

60. 7 жастағы баланы сыртынан қарап тексергенде, мұрын тігісінің қалыңдау, аузы жартылай ашық, ерні кепкен. Ата-анасының айтуы бойынша: ауызын ашып ұйықтайды, қорылдайды. Ауыз қуысында өзгеріс байқалмайды.

Төменде келтірілген функция бұзылыстарның қайсысына тән?

А. сөйлеу

В. тістеу

С. + тыныс алу

Д. Жұтыну

Е. Шайнау

61. 7 жастағы баланы сыртынан қарап тексергенде, мұрын тігісінің қалыңдау, ауызы жартылай ашық, ерні кепкен. Ата-анасының айтуы бойынша – ауызын ашып ұйықтайды, қорылдайды. Ауыз қуысында өзгеріс байқалмайды.

Төменде келтірілген қай ортодонтиялық диспансерлік топқа сәйкес келеді?

А. ІІІ

В. ІҮ

С. +ІІ

Д. Ү

Е. І

62. Бала 6 жаста. Анамнезінде ата-анасының айтуы бойынша балада бас бармағын соратын зиянды әдеті бар.

Болжамды диагноздың қайсысы сәйкес келеді?

А. сагиттальды күрек тісті окклюзия

В. сагиттальды күретістік дизокклюзия

С. вертикальды күректістік окклюзия

Д. + вертикальды күректістік дизокклюзия

Е.тік күректістік окклюзия

63. Бала 10 жаста. Анамнезінде ата-анасының айтуы бойынша бас бармағын соратын зиянды әдеті бар.

Төменде көрсетілген патологиялардың қайсысы бас бармағын сору зиянды әдеті нәтижесінде пайда болады?

А. + ашық тістем

В. терең тістем

С. мезиальды

Д. дистальды

Е. айқасқан тістем

64. 8 жастағы қыз бала, инфанильді жұтынады.

Төмендегі көрсетілген ауытқулардың қайсысына тән?

А. + күрек тістердің протрузиясы

В. тістердің транспозициясы

С. сүйір тістердің дистопиясы

Д. күрек тістердің ретрузиясы

Е. күрек тістердің түсіп қалуы

65. 5 жастағы баланың ата-анасы эстетикалық кемшілік , жоғарғы еріннің алдыға шығып тұратынына шағымданады. Объективті қарап тексергенде: аузы кейде жартылай ашық. Балада төменгі ернін тістеп жүретін зиянды әдеті бар . Жоғарғы және төменгі тістер арсында сагиттальды саңылау 2,5 мм, Екінші уақытша азу тістердің түйісуі- төмпешіктік қатынас.

Емдеу – профилактикалық іс-шаралардың қайсысын жүргізген дұрыс?

А. +преортодонтиялық трейнер

В. вестибуло-оральды пластинка

С. Шонкердің стандартты пластинкасы

Д. Коффиннің серппесі бар пластинкасы

Е. жеке дара каппа

66. 7 жастағы баланы қарап тексергенде, мұрын өтпелі кең, келбеті аденоидты, еріндері түйіспейді.

Қандай функция бұзылысы болуы мүмкін ?

А. сөйлеу

В. жұтыну

С. + демалу

Д. сору

Е. шайнау

67.Бала 9 жаста. Мектепте профилактикалық мақсатпен қарап тексергенде: 31тісі тіл бағытта иілгенін анықтады.

Алдыңғы тістердің тығыз ораласуының қай дәрежесі Ең ықтимал?

А. ІІІ дәрежесі

В. ІҮ дәрежесі

С. Ү дәрежесі

Д. + ІІ дәрежесі

Е. І дәрежесі

68. 14 жастағы жасөспірім. Мектеп дәрігер стоматологы жолдамасымен келген. Ауыз қуысында 55,53, 63, 65 тістері сақталған.

Бірінші кезекте диагностиканың қай әдісі жүргізеді?

А. мүсін құю

В. дентальды рентген суреті

С. тітерді өлшеу

Д. апикальды базисті өлшеу

Е. + ортопонтомограмма

69. 3 айлық бала, ата-анасының шағымы бойынша: емген кезінде тез шаршайды, ұйқысы нашар, салмағы төмен.

Объективті: тіл үзеңгісі қысқа, тілі аздап екіге бөлінген.

Тіс жақ ауытқуларының алдын алу үшін қандай шаралар жүргізу керек?

А. + қысқа тіл үзеңгісіне пластика жасау

В. жасанды тамақтануға кеңес беру

С. поливитамин курсын тағайындау

Д. емдік пластинка

Е. емдік емізікше тағайындау

70. Қыз бала 5 жаста, анасының айтуы бойынша бала аузымен тыныс алады, ұйқысы тынымсыз. Аузы жартылай ашық, тынысы жиі, готикалық терең таңдай.

Емнің алдында қай дәрігердің ақыл кеңесі Ең бірінші кезекте?

А. +ЛОР дәрігері

В. невропатолг

С. кардиолог

Д. педиатр

Е. психиатор

71. Бала 6 жаста , ата-анасы «р», «л», «с» дыбыстарын дұрыс айтылмауына шағымданады. Тыныс ауы аралас,еріндерінің түйісуі тегіс емес, тіл тіс қатары арасында орналасқан, тілдің ұшы екіге бөлінген.

Қандай ем жүргізілген дұрыс?

А. + тіл жүгеншесінің пластикасы

В. Төменгі ерін жүгеншесінің пластикасы

С. Жоғарғы ерін жүгеншесінің пластикасы

Д. педиатр консультациясы

Е. невропатолог консультациясы

72. 7 жасар қыз баланың ата-анасы эстетикалық кемістікке шағымданады. 11,21 тістер арасында 4-5 мм бар саңылаумен жарып шығуда. Объективті: жоғарға күрек тістер арасында 5 мм саңылау бар. Жоғарғы ерін жүгеншесі: анатомиялық түрі емізікше негізіне желкен тәрізді бекіген, тығыз, аз созылады.

Қандай емдік- профилактикалық шараларды қолданған тиімді.

А. Ауыздың айналмалы бұлшық етіне миогимнастика жасау

В. Ауыздың кіреберісіне пластинка жасау

С.+ жоғарға ерін жүгеншесіне пластинка жасау

Д. Альвеолярлы өсіндіге массаж жасау

Е. жоғарға ерін жүгеншесіне массаж жасау

73. Балаға 7 жас. Ата-анасы бас бармақты соруына шағымданады. Ауыз қуысында: жоғарғы алдыңғы тістерінің протрузиясы, 12,13 тістер арасында трема, еріндерінің түйісуі қиындықпен.

Төменде аталған қай аппаратты қолданған тиімді?

А. стандартты вестибулярлы пластинка

В. жылжымалы Энгелдің доғасы

С. Андрезен-Гойпль активаторы

Д. Кеңейткіш бұрандасы бар пластинка

Е. + жекедара вестибулярлы пластинка

74. 10 айлық бала, профилактикалық тексеруде жоғарғы жақ альвеолды өсіндісінің шамадан тыс өскеніне және сагиттальді саңылауды анықтады. Баланың анасында дистальді тістем.

Төменде аталған қай емдік-профилактикалық шараларды тағайындаған жөн?

А. Емдік аппаратты тағайындау

В. Мұрын жұтқыншақ санациясы

С. Тіл жүгеншесіне пластика

Д. Динамикалық бақылау

Е. + қысым түсіретін таңғыш

75. Балаға 1 жас, профилактикалық тексеруде: алдыңғы бөлікте күрек тістер тік контакте орналасқаны анықталды. Балада төменгі жағын алға жылжыту зиянды әдеті бар.

Төменде аталған қай емдік-профилактикалық шараларды тағайындаған жөн?

А. Емдік аппараты дағайындау

В. Мұрын жұтқыншақ санациясы

С. Тіл жүгеншесіне пластика

Д. Динамикалық бақылау

Е. + сақпан тәрізді таңғыш

76.Бала 10 жаста, ауыз қуысында жоғарғы ерін жүгеншесі дубликатты түрде алвеола аралық емізікшіге бекіген, диастемасы бар. Тіс арасындағы саңылау 6 мм.

Төменде аталған қай емдік шараларды тағайындаған жөн?

А. хирургиялық

В. терапевтикалық

С. ортодонтиялық

Д. ортопедиялық

Е. + аралас

77. 9жастағы баланы профилактикалық мақсатпен қарап тексергенде: 55 тісі жоқ, 16 тіс 3мм-ге мезиальді ығысқан; қарсы жақтағы тістер дұры жанасуда орналасқаны анықталды.

Төмендегі аталған ем жоспарының қайсысы дұрыс?

А. Ортодонтиялық ем көрсетілмеген

В. Жоғарғы жақта тіс қатарын кеңейту

С. 16 тісті мезиальді жылжыту

Д. 15 тіс ұрығын жұлу

Е. + 16 тістің дистализациясы

78. Бала 8 жаста.Төменгі ерінін сорып,тістейді.Ата-анасының зиянды әдетті жою мақсатындағы іс-әрекеттері нәтижесіз. Науқасты емдеу тактикасының қайсысы ең лайықты?

А.төменгі жаққа арналған вестибулярлы доғасы бар табақша

В.+жеке дара вестибулярлы табақша

С.стандартты вестибулярлы табақша

Д.вестибулярлы доғасы бар табақша

Е.вестибулооралді табақша

79. Ортодонтиялық емде абсолютті қарсы көрсеткіштер:

А. ауыз қуысының нашар гигиенасы

В. пародонтиттің асқыну сатысы

С. созылмалы жалпы соматикалық патологияның асқынуы

Д. психологиялық дайын еместік

Е. +ОЖЖ-ның органикалық аурулары

80. Ортодонтиялық емге қарсы салыстырмалы көрсеткіш:

А. гемофилия, Х-гистиоцитоз

В. пародонттың жайылмалы зақымдалуы

С. психикалық аурулар

Д. эпилепсия, балалық церебральді паралич

Е. +науқастың психологиялық дайын еместігі

81. Қосарлана хирургиялық және ортодонтиялық емдеу әдістеріне негізгі көрсеткіштер болып келеді:

А. ортодонтиялық емді жылдамдату

В. науқастың өз тілегі

С. төменгі жақтың ығысуымен туындаған ауытқулар

Д. +ауытқулардың қаңқалық түрлері

Е. тістерді жоғалту салдарынан пайда болатын ауытқулар

82. Уақытша тістем кезіндегі тіс-жақ аномалияларын емдеудің негізгі мақсаты болып келеді:

А. тістердің орналасуын түзету

В. тіс қатарлары пішінін түзету

С. +қалыпты өсуге жағдай қалыптастыру

Д. тіс қатар қатынасын түзету

Е. жоқ тіске орын қалыптастыру

83. Тіс-жақ ауытқуларының негізгі емі:

А. хирургиялық

В. протетикалық

С. +аппаратуралы

Д. функулональді

Е. миогимнастика

84. Төменде көрсетілген уақытша тістем кезіндегі дистальді тістемді емдеу принциптеріне бәрі де жатады, тек біреуінен басқа:

А. жоғарғы жаққа қысым түсіретін таңғыш

В. ауыздың айналмалы бұлшық етіне миогимнастика

С. вестибулярлы табақша, позиционерлер

Е. мұрынмен демалуды жақсартуға арналған жаттығулар

Е. +азу тістер төмпешіктерін егеу

85. Төменде көрсетілген уақытша тістем кезіндегі мезиальды тістемді емдеу принциптеріне бәрі де жатады, тек біреуінен басқа:

А. +жоғарғы жаққа қысым түсіретін таңғыш

В. тіл бұлшық етіне арналған миогимнастика

С. жұтыну функциясын қалыпқа келтіру

Д. иектік сақпан

Е. тіл үзенгісіне пластика

86. Төменде көрсетілген уақытша тістем кезіндегі дистальді тістемді емдеу принциптеріне бәрі де жатады, тек біреуінен басқа:

А ауыздың айналмалы бұлшық етіне миогимнастика

В. ауыз үзенгісінің пластикасы

С. ауыз қуысының санациясы

Д. ЛОР ағзаларының санациясы

Е. +тістерді жұлу

87. Төменде көрсетілген уақытша тістем кезіндегі терең тістемді емдеу принциптеріне барлығы да жатады, тек біреуінен басқа:

А. саусақтық уқалау

В. ауыздың айналмалы бұлшықетіне жаттығу жасау

С. қатты тамақ

Д. протездеу

Е. +шайнау бұлшық еттеріне арналған жаттығулар

88. Төменде көрсетілген уақытша тістем кезіндегі айқас тістемді емдеу принциптеріне барлығы да жатады, тек біреуінен басқа:

А. зиянды әдеттерді жою

В. төмпешіктерді егеу

С. протездеу

Д. ЛОР ағзаларының санациясы

Е. +компактостетомия

89. Төменде көрсетілген емдеу әдістерінің қайсысы уақытша тістем кезінде терең тістемді емдеуде ең қолайлы:

А. тістерді егеу

В. шайнау бұлшықеттерге миогимнастика

С. иектік сақпан

Д. тістерді жұлу

Е. +қатты тамақ

90. Төменде көрсетілген емдеу әдістерінің қайсысы уақытша тістем кезінде ашық тістемді емдеу үшін қолайлы:

А. Кожакар аппараты

В. қатты тағам

С. түзетулі экстракция

Д. Хотц бойынша жұлу

Е.+вестибулярлы пластинкалар

91. Төменде көрсетілгендердің қайсысы уақытша тістем кезінде дистальді тістемді емдеу үшін қолайлы:

А. Кожакар аппараты

В. қатты тағам

С. тісті егеу

Д. +қысым түсіретін таңғыш

Е. тісті жұлу

92. Төменде көрсетілгендердің қайсысы уақытша тістем кезінде мезиальді тістемнің еміне сай:

А. қысым түсіретін таңғыш

В. қатты тағам

С. күрек тістердің кесу қырын егеу

Д. дене сымбатын түзету

Е. +сүйір тістердің кесу қырын егеу

93. Төменгі көпсетілгендердің қайсысы уақытша тістем кезінде айқасқан тістемнің еміне сай келеді:

А. қысым түсіретін таңғыш

В. дене сымбатын түзету

С. тістерді жұлу

Д. +зиянды әдетті жою

Е. төменгі жақты алға шығару

94. Бала 6 жаста. Тістің формуласы тістемнің ауысуына сай, 5.3 5.2/6.2 6.3

8.4 8.5/7.3 7.6

тістерінің арасында тремалар жоқ.

Көрсетілген клиникалық жағдай қайсысына сай:

А. норма

В. Нормалық вариант

С. қалыптасып келе жатқан ауытқу

Д. +тіс доғаларының тарылуы

Е. тістердің орналасу аномалиясы

95. Бала 4 жаста, аке-шешесі оның қатты тамақты шайнау алмауына және жәй шайнауына шағымданады. Ауызбен дем алады. Ауыз қуысында тіс формуласы тістемнің кезеңіне сай 5.3 5.2/ 6.2 6.3

8.4 8.3/ 7.3 7.4 арасында тремалар жоқ.

Аталған клиникалық суреттің белгісі?

А. қалыпты

В. қалыпты нұсқасы

С. +қалыптасып келе жатқан аномалия

Д. қалыптасқан аномалия

Е. жақ сүйектерінің деформациясы

96. Бала 3 жаста. Ата-анасы дәрігер-ортодонтқа тексерілуге келді. Ауыз қуысында тіс формуласы тістем ауысуына сәйкес келеді. 5.3 5.2/6.2 5.3

8.4 8.3/7.3 7.4

тістер арасында тремалар жоқ. Көрсетілген клиникалық жағдай қайсысына сай:

А. норма

В. +нормалық вариант

С. қалыптасып келе жатқан аномалия

Д. қалыптасқан аномалия

Е. жақ сүйектерінің деформациясы

97. Бала 3 жаста. Бала бақшадағы профилактикалық тексеруден соң анықталды: жоғары алдыңғы тістер төменгі тістердің сауыт бөлігінің 1/3-ін көбірек жабады. Бірінші және екінші азу тістердің шайнау беттерінде кіреуке гипоплазиясы анықталды.Аталған клиникалық жағдай қайсысына сай:

А. норма

В. Нормалық вариант

С. +қалыптасып келе жатқан аномалия

Д. қалыптасқан аномалия

Е. жақ сүйектерінің деформациясы

98. Бала 5 жаста. Профилактикалық тексеруден соң анықталды: тіс формуласы тістеу кезеңіне сәйкес келеді, алдыңғы тістердің кесу қырларымен тістесуі. Аталған клиникалық жағдайдың қайсысына сай .

А. норма

В. +нормалық вариант

С. қалыптасып келе жатқан аномалия

Д. қалыптасқан аномалия

Е. жақ сүйектерінің деформациясы

99. Бала 5 жаста. Ата-анасының шағымы жоқ. Ауыз қуысында: тіс формуласы тістесу кезеңіне сәйкес келеді. Алдыңғы тістердің кесу қырларымен тістесу, екінші азу тістердің артында мезиальды баспалдақ, массетериалді шайнау типі, тіл үзеңгісі қысқарған және тіл алдыңғы орынды алады. Аталған клиникалық жағдай қайсысына сай .

А. норма

В. Нормалық вариант

С. +қалыптасып келе жатқан аномалия

Д. қалыптасқан аномалия

Е. жақ сүйектерінің деформациясы

100. Бала 6 жаста. Ата-анасы тістердің бұзылуына шағымданып келді. Бет әлпетін қарау барысында ауытқулар байқалмаған. Ауыз қуысында: 5.4, 5.3, 5.2/6.2, 6.3, 6.4 тістердің сауыттары қажалған және қызылиектен 1-1,5 мм шығып тұрады. Бірінші тұрақты азу тістер жарып шығу сатысында және төмпешіктерде кіреуке гипоплазиясы анықталды. Уақытында емдік профилактикалық шаралар көрсетілмесе, қандай төменде көрсетілген ауытқу дамуы мүмкін:

А. тіс қатарының тарылуы

В. тіс қатарының ұзаруы

С. тіс қатарының қысқаруы

Д. +тістесу биіктігінен төмендеуі

Е. бет ассиметриясы

101. Бала 6 жаста. Дәрігер-ортодонт миогимнастикалық жаттығу тағайындады: ауызды қатты ашып тұрып, төменгі жақты бүйірлік бағыттан дұрыс бағытқа қарай жылжыту, тістерді түйістіріп, сол қалыпта төменгі жақты 4-5 секунд ұстап тұру. Бұл жаттығу қандай тістем ауытқуын емдеуде көрсетіледі:

А. ашық

В. дистальді

С. мезиальді

Д. +айқасқан

Е. терең

102. Бала 6 жаста. Дәрігер-ортодонт төменгі жақты максимальді тіс қатарларын түйістіру түрінде көтеретін бұлшық еттерді жаттықтыру үшін миогимнастикалық жаттығулар тағайындады. Бұл жаттығу қандай тістем ауытқуын емдеуде көрсетіледі:

А. +ашық

В. дистальды

С. мезиальды

Д. айқасқан

Е. терең

103. Бала 7 жаста. Дәрігер-ортодонт миогимнастикалық жаттығу тағайындады: төменгі жақ күрек тістерінің кесу қыры жоғары жақ күрек тістері алдына шыққанға дейін жайлап төменгі жақты алға жылжыту. Осы қалыпта төменгі жақты 10 сек ұстап, сосын жаймен қайта бастапқы қалыпқа алып келу керек. Бұл жаттығу қандай тістем ауытқуын емдеуде көрсетіледі:

А. ашық

В. дистальды

С. мезиальді

Д. айқасқан

Е. +терең

104. Бала 7 жаста. Дәрігер-ортодонт миогимнастикалық жаттығу тағайындады: ауызды ашып, оны жаймен жауып, төменгі жақты артқа жылжытып,алдыңғы тістердікесуші қырлық тістемде бекітеді. Төменгі жақты осы қалыпта 4-8 сек ұстау керек. Бұл жаттығу қандай тістем ауытқуын емдеуде көрсетіледі:

А. ашық

В. дистальді

С. +мезиальді

Д. айқасқан

Е. терең

105. Бала 3 жаста. Балалар стоматологымен жолданған. Ауыз қуысында: екінші уақытша моляр азу тістердің мезиальды орналасуы бір төмпешіктен көбірек алдыңғы бөлікте төменгі алдыңғы тістер тіл бағытына иілген төменгі алға жылжытатын әдеті бар. Биометриялық өлшеу барысында төменгі жақтың апикальді базисінің үлкейгендігі байқалады. Осы клиникалық көрініс неге тән:

А. норма

В. Норма варианты

С. қалыптасып келе жатқан аномалия

Д. +қалыптасқан аномалия

Е. жақ сүйектің деформациясы

106. Бала 3 жаста. Балалар стоматологымен жолданған. Ауыз қуысында: жоғарғы уақытша үлкен азу тістері бір төмпешіктен артық дистальді орналасқан, жоғарғы алдыңғы тістер таңдай бағытында иілген және терең күрек тістің жабылу байқалады. Биометрикалық өлшем жоғарғы жақтың апикальды базисінің үлкейгенін көрсетті.

Осы клиникалық көрініс неге тән:

А. норма

В. Норма варианты

С. қалыптасып келе жатқан аномалия

Д. +қалыптасқан аномалия

Е. жақ сүйектің деформациясы

107. Бала 8 жаста. Дәрігер-ортодонттың тексеруі барысында 4.2 тістің осі бойынша айналып,оральді бағытта қисайып орналасқаны анықталды. Төменде көрсетілген емдік-профилактикалық шаралардың қайсысы ең тиімдірек:

А. апикальді базистің өсуін ынталандыру

В. Хотц әдісі бойынша реттілікпен жұлу

С. +тіс қатарын кеңейту

Д. тіс қатарын ұзарту

Е. тістердің дистализациясы

108. бала 8 жаста. Дәрігер-ортодонт тексеру барысында 4.2, 3.2 тістердің тіс қатарынан ығысқанын, тіс қатарының фронтальді аймағының тегістелгенін анықтаған. Төменде көрсетілген емдік-профилактикалық шаралардың қайсысы ең тиімдірек:

А. +апикальді базистің өсуін ынталандыру

В. Хотц әдісі бойынша реттілікпен жұлу

С. тіс қатарын кеңейту

Д. тіс қатарын ұзарту

Е. тістердің дистализациясы

109. Бала 8 жаста. Дәрігер-ортодонттың тексеруі барысында 4.2, 3.2 тіс қатарынан ығысқан, тіс қатарының фронтальды аймағы айқын тегістелген, барлық тістер дұрыс орналаспаған, тістердің сауыты жақтың базальді доғасынан едәуір иілген. Төменде көрсетілген емдік-профилактикалық шаралардың қайсысы ең тиімді:

Наши рекомендации