Цех құрылымын таңдау әдісі. Ірі сериялы және массалы өндірістің ағындық сызықтарының құрылымдары.

Цех құрылымын таңдау әдісі. Ірі сериялы және массалы өндірістің ағындық сызықтарының құрылымдары. - student2.ru

Цех құрылымын таңдау әдісі. Ірі сериялы және массалы өндірістің ағындық сызықтарының құрылымдары. - student2.ru

Цех құрылымын таңдау әдісі. Ірі сериялы және массалы өндірістің ағындық сызықтарының құрылымдары. - student2.ru

Цех құрылымын таңдау әдісі. Ірі сериялы және массалы өндірістің ағындық сызықтарының құрылымдары. - student2.ru

Цех құрылымын таңдау әдісі. Ірі сериялы және массалы өндірістің ағындық сызықтарының құрылымдары. - student2.ru

Цех құрылымын таңдау әдісі. Ірі сериялы және массалы өндірістің ағындық сызықтарының құрылымдары. - student2.ru

2. Дайындама пішіндерінің дәл еместігіне механикалық өңдеу дәлдігінің әсері. Өңдеу қателіктерін төмендету жолдары.

Цех құрылымын таңдау әдісі. Ірі сериялы және массалы өндірістің ағындық сызықтарының құрылымдары. - student2.ru

Цех құрылымын таңдау әдісі. Ірі сериялы және массалы өндірістің ағындық сызықтарының құрылымдары. - student2.ru

Цех құрылымын таңдау әдісі. Ірі сериялы және массалы өндірістің ағындық сызықтарының құрылымдары. - student2.ru

Цех құрылымын таңдау әдісі. Ірі сериялы және массалы өндірістің ағындық сызықтарының құрылымдары. - student2.ru

Балқыту және пісіру жұмыстары үшін жабдықтар. Пісіру қорек қорларының негізгі параметрлері, түрлері және жіктелуі.

Пісіру үшін жабдықтар.Пісіру процесі деп атомдардың өзара əрекетінің арқасында бөлінбейтін бірлігін, тұтастығын айтады. Пісіру тəсілінің көптеген түрін екі топқа бөледі.1) балқытып пісіру (сұйық фазада пісіру), 2) қысым арқылы пісіру (қатты фазада пісіру). Балқытып пісіргенде металдың қосылған жері балқытылып өзінен-өзі бір бүтін болыпқосылады да қатқан кезде дəнекерленіп бірігу пайда болады. Қысым арқылы дəнекерлеудеқыздырылмай немесе металды пластикалық дəрежесіне дейін балқытып қосылатын жерінбіріктіре қысу дəрежесімен іске асады.Бүгінгі күндері өнеркəсіптің барлық түрінде пісіру технологиялық процестердің негізі болып саналады. Пісірусіз машина жасап шығару мүмкін емес. Тəжірибе жүзінде жөндеужұмыстарының барлығында пісіру қолданылып, алдыңғы орын алады. Өнеркəсіпте, жөндеужұмыстарында ең кең қолданылатыны газбенен жəне электрдоғалы дəнекерлеу.

Газбенен пісіру жəне кесу процесіне қажетті материалдар. Газбен пісіруде металды балқытып немесе оны пластикалық дəрежеге дейін жеткізу үшін жылу қолданылады. Осыдан оттегі қоспасы бар ыстық газ жанып пайда болады. Демек, өндірісте газбенен пісіріп не кесу үшін ең қажетті жанатын газ, оттегі, отырғызатын не жапсыратын материалдар, қождамалар керек. Газбен пісіруде жəне кескенде жанатын газ үшін қолданылатыны ацетилен, сутегі, табиғи газ, бензин буы жəне керосин жəне т.б. Оттегі қалыпты температурада газ секілді түссіз, иіссіз болады. Ол ауадан біршама ауыр келеді. Таза оттегінде газдың жануы өте тез болады. Техникалық оттегін су электролизі арқылы немесе атмосфералық ауадан алады. Сұйық металға қосатын материал металмен пісіру кезінде пайда болатын сұйық былауды балқытуда металмен толтыру үшін қажет. Əдетте сұйық металға қосылатын материал (присадка) үшін сым диаметрі 1 мм-ден 6 мм-ге дейінгі сымды пайдаланады. Ол дəнекерленетін металға құрамы жағынан ұқсас келеді. Сымның жоғары (үстіңгі) жағы таза, қабыршықсыз, тотсыз, майсыз жəне басқалай кір болмауы қажет. Егер де сым болмай қалатындай жағдай болса, түсті металдың дəнекеріне сол маркалы металдың жаймасынан кесіп алып пісіруге болады. Қождарды балқыған металдың тотығып немесе дəнекерленген жердің тігісі тотығып кетпеуі үшін пайдаланылады. Қождың құрамында дəнекерленетін металдың құрамына байланысты іріктеп алады. Қож металдан бұрын балқып тігіске жақсы барып, металдың тігістеріне зияндық əрекет жасамауы қажет. Көміртекті болат қождарын қолданбайды. Себебі, пісіру жалыны балқыған металды тотығудан сақтап тұрады. Шойынға жоғары легірленген болатқа мыс пен оның қоспаларына, алюминий жəне оның қоспаларына, магний қоспаларына дəнекерленетін металдың тотын шығару үшін қожды қолдануға болады. Сондай-ақ қожды легірленген жікке де пайдалануға болады.

Газбен пісіру үшін жабдықтар жəне құрылымдар. Газбен пісіруді ұйымдастыру үшін мынандай жабдықтар мен құрылымдар аса қажетті. Ацетиленді генератор (немесе ацетеллинді баллон), оттегі баллоны, оттегі редукторы (ацетиллинді баллонға ацетеллинді редуктор қолданылады), дəнекер жанарғысы (газбен кескенде – ацетелинді – оттекті кескіш), оттегі мен ацетелин жүретін түтік.

Ацетилен генераторлары. Ацетиленді генератор – карбид кальциінен газ алып қызмет ететін аппарат. Қысыммен жасалған ацетиленге байланысты генератор екі топқа (ГОСТ 5190–67) бөлінеді; төменгі қысымды – 0,1 мн/м2 (1 кг/см2) дейін; орташа қысымды – 0,1– 1,5мн/м2 (1–15 кг/см2 дейін). Жөндеу шеберханаларында ацетиленді генераторлар кеңінен қолданылады. Олардың төменгі қысымдағысы АНВ-1-66 жəне орташа қысымдағысы АСМ- 1,25-3. АНВ-1-66 генераторының өнімділігі 1,25м3/с жəне жұмыс барысындағы қысымы 0,025–0,03 мн/м3 (0,25–0,3 кг/см2). Карбидтің ажырауы мен газдың шығуы автоматты түрде реттеліп тұрады. Бұл да генератордан ацетиленнің іріктелуіне байланысты. Генератор қыс айында тоңазымай 25°С температураға дейін жұмыс істей береді. Себебі, оның су жүйесі корпустың ішкі жағына орналасқанда, əрі жылу реакциясының арқасында қызып тұрады. Дəнекерлеу жанарғысынан шыққан жалын қайыра соққанда генераторды жарып жібермеу үшін оған сулы қақпақ орнатылған. Жарылу қауіпі тек газ шығар тесіктің бітеліп қалуынан болады. Егер де мундштук бітеліп қалса, жанарғының қызуы қоспалардың жануын ұлғайтып ондағы оттегін ұлғайтып жібереді. Баллондар. Баллондар сығылған газға арналған. Ол цилиндр тəзірді болат ыдыс. Жоғарғы ауыз жағы жіңішкелеу келіп, түп жағы шығыңқы болады. Мойны аузында винтельді тығын бар. Оттегі баллоны (35-сурет) 15 мн/м2 (150 кг/см2) қысымға есептелген жəне 22 мн/м2 (220 кг/см2) гидравликалық сынақ қысымына шыдайды. Оттегі баллонын көгілдір түспен бояп, қара бояулы əріппен «оттегі» деп жазып қояды. Баллондар əрбір бес жылда сынақтан өтеді. Баллондағы оттегінің есебін білу үшін оның нақты сыйымдылығын (литрмен) атмосфералық қысымына көбейтеді. Оттегі баллоны өте сақтықты қажет етеді. Жарылу қаупінен сақтану үшін металды затқа соқтықпауын, жанып тұрған оттың қасында болмауын қадағалау керек. Ацетилинге арналған баллонды арнайы активтендірілген көмірмен немесе көмір қоспаларымен кеуектаспен не инфузорлы топырақпен толтырады. Осы массаларды ацетонмен қанықтырып алады. Ацетилен жақсы еріп жарылмау қауіпін сақтайды. Баллондағы ацетиллин қысымы 1,5–1,6 мн/м2 (15–16 кг/см2).

35-сурет. Оттегі баллоны:

1-қақпақ, 2-вентиль, 3-мойны, 4-шығыршық, 5-түбі, 6-башпақ.

Ацетиллин баллонында оттегі баллоны тəріздес келеді. Оның сыртын ақ түспен бояп қызыл бояулы əріптермен «Ацетиллин» деп жазып қояды.

Редукторлар. Редукторлар баллонға толтырылған газ қысымын бəсеңдету үшін қолданылады. Екінші жағынан осы қысымды балллондағы газдың қысымына қарамастан тұрақты ұстап тұрады. Оттегіне арналған редуктор қысымды 0,1-ден 1,5 мн/м2 (1-ден 15 кг/см2) дейін, ацетилендісі – 0,02-ден 0,15 мн/м2 (0,2-ден 1,5 кг/см2) дейін ұстап тұра алады. Оттекті редукторлар бір сатылы (ДКП-1-65) не екі сатылы (РКД-8-11) болып келеді. Екі сатылы редуктор екі белдікті келіп, ол газдың үзбей үзіліссіз шығып тұруын қамтамасыз етеді.

Түтікшелер. Түтікшелер газдың жанарғысына немесе кескішіне газды жеткізіп тұруға қызмет етеді. Олар барлық жағынан мықты, мерік, икемді келіп дəнекерлеушінің қимылына кедергі келтірмейді. Оны ысталған резинадан бір не екі қабатты кендірмен немесе қағазды матамен қаптап жасайды. Қолданылу ретіне қарай түтікшелер үш түрлі келеді. 1–ацетиленге жəне қала газдарының жұмыс істеу 0,6 мн/м2 (6 кг/см2) қысымына қарай; 2–сұйық отынға (бензин, керосин) 0,6 мн/м2 (6 кг/см2) қысымынан артық емес болса; 3–оттегі үшін, жұмыс істеу қысымы 1,5 мн/м2 (15 кг/см2) осыдан артық болмаса. Барлық түтікшелердің сырты түсті болып келеді. Оттегі үшін –көк, ацетилен үшін – қызыл, сұйық отын үшін – сары. Дəнекерлеуші еркін жұмыс жасауы үшін түтікшелердің ұзындығы 8-ден 20 метрге дейін келеді.

Пісіру жанарғысы. Пісіру жанарғысы оттегімен жанатын газды араластырып, тұрақты жалынды қалыптастырады, дəнекерленетін металды қыздырып жəне балқытуға қызмет етеді. Пісіру жанарғысы өзінің əрекетіне қарай инжекторлы жəне инжекторсыз болады. Инжекторлы жанарғыда (36-сурет) оттегі құйылымы ацетиленнің берілуімен сорылып, инжектордың тесігімен үлкен жылдамдықпен ағады. Инжекторлы жанарғы ГС-2 жəне ГС-3 ацетиленнің орташа жəне төменгі қысымында пайдаланылады. Жанарғыға ауысымды ұштық жинақтамасы болады. Онымен əртүрлі қалыңдықтағы металдарды пісіруге бола береді. Инжекторлы жанарғының жақсы, тиімді жұмыс істеуі үшін оттегінің қысымын 0,3–0,4 мн/м2 (3–4 кг/см2), ацетиленнің қысымын 0,001–0,02 мн/м2 (0,01–0,2 кг/см2) етіп алуға болады. Жанарғыға газды оттегі мен ацетиленді реттейтін вентиль (қақпақша) реттеп тұрады. Ацетилен – оттегі кескіші (Пламя-62), «РУ-1-66» металды кесуге арналған. Кескіштің конструкциялы бөлігіндегі араласқан қоспалар дəнекер инжекторының жанарғысынан артықшылығы жоқ, бірақ кескішке (37-сурет) кесетін оттегін беру үшін қосымша құбыр орнатылған.

36-сурет. Инжектор жанарғысының сұлбасы:

1-ацетилен жүргізетін ниппель; 2-оттегін жүргізетін ниппель; 3-ацетилен беретін вентиль; 4-оттегін беретін вентиль; 5-инжектордың соплосы; 6-жапқыш бұранда; 7-араластыратын камера; 8-ұштық; 9-мундштук

37-сурет. УР газды кескіш сұлбасы:

1-кескіштің басы; 2-кесетін оттегінің каналы; 3,4,5-вентильдер (қақпақшалар).

Мундштуктерді шеңберленген қыздырғыш жалын жəне көпұшқынды пайдаланады. Шеңберлі мундштуктар ішкі жəне сыртқы мундштуктан тұрады. Олар кескіштің басын дөңгелентіп тұрады. Шеңбердің айналасындағы саңылауларынан ыстық қоспа ағылып кесу кезінде ыстық жалын пайда болады. Мундштуктың ішкі орталық каналынан кесетін жерге таза оттегі түседі де металды жандырады. Көпұшқынды ұштық анық емес, олардың диаметрі (0,7–1 мм) каналдары орталық каналдың айналасына орналасқан. Көпұшқынды мундштуктар табиғи мұнаймен, коксті газ арқылы жану жылдамдығы төмен қолданылатын жұмысқа қолданылады.

Электрдоғалы пісіру жəне кесу. Электрдоғамен пісіргенде дəнекерленетін детальдың балқуына электр доғасынан шыққан жылу пайдаланылады. Электр доғасы дегеніміз ұзақ əрі күшті газды ортадағы электр ұшқыны. Бұл екі электродтың ортасынан шығады. Тұңғыш рет электр доғасын 1802 ж. В.В. Петров ашқан. Ал, дүние жүзінде электр доғасын бірінші рет пісіріп металл балқытуға, дəнекерлеуге орыс инженері Н.Н. Бенардос 1882 жылы қолданған. Ол көбіне көмірлі электрод əдісін пісіруге пайдаланады. Бұл тəсілмен электр тогы дəнекерленетін металға, жəне көмір электродына беріледі. Доға негізгі металл мен электродтың түйісуі арқылы жанып əрі ажырайды. Пайда болған доға негізгі металл мен жабыстырылған сымды балқытады. 1888 жылы Н.Г. Славянов доғалы дəнекерге металды электродты қолданды. Бұл арада электрод жапсырылатын металл ретінде де пайдаланылатын болды. Бүгінгі күндері бұл тəсіл техникада ең көп тараған түрі болып есептеледі. Пісіруді тұрақты не ауыспалы токпен жүргізе беруге болады. Тұрақты токта доға орнықты жанады. Сондықтанда бөлінген жылу есебі (анодта) жағымды жағында көп болып (катодан) артықшылық танытады. Қара металдарды пісіргенде (электродтың маркілеріне де байланысты) бірден ашық көрінеді. Анод бұйымға қосылып, катод электродқа қосылады. Жұқа жайма болатты пісіргенде керісінше болады. Электродқа анод, ал бұйымға катод қосылады.Өндірісте жəне жөндеу шеберханаларында пісіруге ауыспалы ток кеңінен қолданылады. Себебі, электр қуатымен электр пісіруші жабдықтардағы шығын тұрақты тоқты пайдаланғанан төмен.

Доғалап пісіру үшін жабдықтар жəне құрылымдар. Қоректендіру көзі. Доғалап пісіру қорегіне арнайы тоқ көзі қолданылады. Ол белгілі техникалық ұсыныс-талапқа жауап береді. Ток көзінің маңызды бағасы – сыртқы вольт-ампер сипаттамасы. Қарапайым мақсатқа (жарық, электрдвигатель қорегіне жəне басқаларға) жұмсалатын ток көзі сыртқы көлбеулік сипаттамаға ие. Пісіруге жұмсалатын ток көзі жоғары немесе қатаң түрде болып келеді. Бұл белгілі тұрақты токта доғаның үзіліссіз, берік жануына мүмкіндік жасайды. Жұмыс сəтіндегі токтан, қысқа үзіліс кезіндегі ток 1,5 еседен аспауы керек. Пісіру кезіндегі ток ыңғайлы əрі жеткілікті басқарылуы қажет. Электрдоғалы пісіруде тұрақты ток көзі қолданылады. Оған пісірудің қайта жасақталуы, генераторлар, түзетулер жатады. Ауыспалы тоққа, дəнекерлеу трансформаторы жатады. Пісіруді қайта құрау үлгісіне ПСО-300-3, ПСО-500 біркорпусты қолданыстағы қолданылатын автоматты жəне жартылай автоматты пісіру пайдаланылады. Қайта құраудағы жұмыстың негізі өздігінен туындап жəне сыртқы əсердің əрекетінен де болады. Пісірудің қайта құрау үлгісіндегі ПСГ-300, ПСГ-500-1 қатаң түрдегі вольтамперлі түрде болады. Ол доғаны автоматты не жартылай автоматты пісіру түрінде болсын тұрақты токпен қамтиды. Пісірудің қайта құрау үлгісіндегі ПСУ-500, шұғыл жəне қатаң вольт-амперлі режимде жұмыс істей береді. Сондай-ақ пісіруші түзету үлгісі ВВС-300-3, ВКС-500-1, ВД-302 тұрақты токпен доғалап пісіруші қолменен жүргізуге арналған. Пісіру трансформаторы ауыспалы токпен дəнекер жүргізуге қолданылады. Пісіруді дұрыстап тұратын қондырғылар. Қорек көзінен басқа, дəнекер жүргізу өндірісі үшін электрод ұстағыштар, дəнекерге түсетін сымдар, қорғаныс қондырғылары басқа да қажетті дегендер керек. Электродты ұстағыштар электродты бекітуге жəне оны қозғап, ауыстырып тұруға, токтың оған келіп түсуіне арналған. Электрод ұстағыштарды оның бекітетіндігіне қарай, айырлы серіппелі, қысушы деп бөледі. Дəнекер сымдары ыңғайлы, жеңіл, мықты оқшауланған қаптамалы (ПРГД немесе ПРГДО маркалы) келеді. Токтың келу мүмкіндігіне қарай пісіру сымдардың қимасын мына түрде алады. Ток, а .... 200 300 400 600. Пісіру сымдарының қимасы, мм2 25 50 75 95 Дəнекерлеушінің көзін, бетін қорғап сақтау үшін телпек, қалқа қолданылады. Оған қажетті деген материал фибра мен фанера. Доғаны көріп, бақылап тұру үшін телпек пен қалқанның бет жағына төртбұрышты ойық 120×79 мм жасайды. Ойықтың жан-жағы əйнек салынып, ультракүлгін жəне инфрақызыл сəулелер жібермейтін жарық сүзгі салады.

Балқу[1] — қатты кристалдық заттың сұйық күйге ауысуы (І текті фазалық ауысу). Таза заттар балқуының басты сипаттамалары — балқу температурасы және балқу жылуы. Белгілі бір сыртқы қысымда қатты кристалдық заттың сұйық күйге ауысу температурасы балқу температурасы деп, ал тұрақты қысымда қатты кристалдық затты толықтай сұйық күйге ауыстыруға қажет жылу мөлшері балқу жылуы деп аталады. Балқу температурасы сыртқы қысымға тәуелді.Индукционные тигельные плавильные печиДуговая плавильная печьПроизводство стали в электропечах Производство стали в кислородных конвертерах Производство стали в мартен домна печах

Көлік жабдықтарын жіктеу. Көлік байланыстарының сұлбасы. Транспорттаудың технологиялық үрдісі.

Кәсіпорынға шикізаттарды, металды, жартылай фабрикаттарды жеткізу үшін завод территориясына теміржол желісі кіріп, ары қарай завод ішіндегі жолдар болып таралуы керек. Машинажасау заводтарындағы қолданылатын теміржолдардың бірнеше типтік схемалары болады:

тұйық схема – цехтарға жеткен немесе кірген барлық жолдар тұйықталады;

тік сызықты – завод территориясынан өтетін барлық жолдар тік сызықты; бұл схема тік төртбұрышты ауданға орналасқан ірі заводтарға тиімді;

сақиналы схема – цехтар мен қоймаларға жеткен барлық жолдар тқйықталған сақина тәрізді болады;

ішкі тұйықталған жерлері бар сақиналы схема – сақиналы және тұйық схемалардың біріккен түрі.

Цех құрылымын таңдау әдісі. Ірі сериялы және массалы өндірістің ағындық сызықтарының құрылымдары. - student2.ru

Сурет 1.4 – Теміржол желілерінің орналасу схемасы: а –тұйық (тупиковая) схема; б – тік сызықты (прямолинейная или сквозная) схема; в – сақиналы (кольцевая) схема; г – ішкі тұйықталған жерлері бар сақиналы (кольцевая схема с внутренними тупиками)

Ішкі автомобиль жолдары міндетіне байланысты магистраль және өндірістік жолдар болып бөлінеді.

Магистралді жолдар территорияны зоналар мен заводтың өндірістік және көмекші объектілері орналасатын панелдерге бөледі.

Өндірістік жолдар заводтың объектілерінің өндірістік байланыстарын қамтамасыз етеді және оларды магистраль жолдармен жалғайды.

Машинажасау заводтарындағы ішкі автомобиль жолдары да теміржолдар сияқты тұйық, тік сызықты және сақиналы схемалармен жобаланады.

Суды қайта қолдану үшін арналған тазалау құралдары, олардың жіктелуі, сипаттамасы, жобалануы және есебі. Теміржол техникасын жууға арналған жабдықтардың жаңа түрлерін қарау

Темір жол көлігі өндірісінің қалдық суын механикалық, физико-химиялық, химиялық, биологияялықжәне басқада әдістермен тазалауға болады.

Механикалық.Қалқымалы қалдықтарды (қатты және сұйық ) кетіру үшін гидромеханикалық және де сүзгілеу әдісі қолданылады. Әдісті таңдау қоспаның бөліктерінің өлшеміне, олардың қасиетіне, шоғырлануына, қалдық судың жұмсалуы мен тазалауға қажетті деңгейіне тәуелді болады. тұндыру қалдық судан ірі түйірлі қоспаларды құмұстағышта, тұндырғышта, гидроциклондарда және мөлдірлеткіштерде (осветлитель) тұндыру үшін қолданылады. Мөлдірлеткіштерде қалдық суды тұндырумен қатар қалқыма бөлік арқылы сүзгілеу жүзеге асады.

Рис.1.1. сүзілмелі құмұстағыш: Рис.1.2. көлденең құмұстағыш:

1 – темір бетонды құдық; 1 - тор; 2 - пульпаөткізгіш;

2 - құбыр; 3 – жарығы бар науа 3 – ағынды құбыр жүйесі; 4 - гидроэлеватор; 5 – шибер

Рис. 1.3. Тұндырғыштар:

а) - көлденең: 1 – кіріс науа; 2 – тұндыру камерасы; 3- шығыс науа;

4 - жанасшұңқыр; б) - тік; 1 – цилиндрлік бөлігі; 2 – орталық құбыр; 3 - астауша; 4 – конустық бөлігі;

в) - радиалды; 1 - тұрқы; 2 - астауша; 3 – бөлу құрылғысы; 4 – тынышталдырғыш камера; 5 – қырғыш механизм

Рис. 1.4. мұнайұстағыш: 1 - қырғыш механизм; 2 – мұнай жинау құбыры;

3- гидроэлеватор

Рис. 1.5. мөлдірлеткіш бөлім: 1 - мөлдірлеткіш; 2 - астауша; 3 – тұнбанықыздырғыш

Физико-химиялық әдіс Қалдық судан жоғары дисперсиялы қалқыма және коллоидты бөліктерді, ерітінді газдарды, минералды және органикалық заттарды кетіру үшін физико химиялық әдіс қолданылады, оларға ұйыту, қалқыту, адсорбция, ионды айырбас, ультрасүзілу және т.б. жатады.

Рис.1.10. қалқытуды орнату сұлбасы: 1 – ыдыс; 2 – сорғы; 3 – ағынды бак; 4 – қалқытпа

Химиялық әдіс.Қалдық суды химилық тазалауға бейтараптандыру, тотығу және қалпына клтіру жатады. Оларды еріген заттарды кетіру үшін және тұйық сумен қамтамасыз ету сұлбасында қолданады.

Рис. 1.13. электр ұюды құру сұлбасы: 1 - ортайтқыш; 2 – қоспа дайыдауға арналған ыдыс; 3 – қуат көзі; 4 – электр ұйытқыш; 5 - тұндырғыш; 6 – жансыздандыру құрылғысы.

Биохимиялық әдіс Биологиялық тотығуды сүзгілеу, суару алаңында және биологиялық бөгеттерде табиғи жағдайда жүгізумен қатар, қолдан жасалған биосүзгілерде және аэротенктерде жүзеге асырады. Сүгілеу алаңы, суару және биосүзгілер топырақты биоценоздар арқасында жұмыс істейді. Ал биологиялық бөгеттер және аэротенктер осы су қоймаларының биоценоздарының арқасында. Биоценоз өзара байланысқан көптеген артүрлі бактериялардан, қарапайым және өте жоғары ұйымдасқан ағзалардан — балдырлардан және т.б. тұрады. Микроағзалардың дұрыс өмір сүруі үшін биологиялық фильтрлерді шамамен 20°С температурада жұмысқа қосады.

Беттік белсенді заттарды (ББЗ) және фенолды кетіру әдісі.Қалдық суды ББЗ дан тазалау үшін биохимиялық тотығу, сіңіру, көбікті бөлу, ұйыту, булау ультрасүзу және т.б. қолданылады. Тазалау әдісін таңдау қалдық судағы ББЗның қоюлығына, ББЗның химиялық ортасына, органикалық және бейорганикалық қоспалардың болуына және тазалаудың қажетті деңгейіне, бағасына тәуелді болады.

Рис. 1.14. қалдық суды көбікпен бөлу әдісімен тазалауға құрылғысының сұлбасы сұлбасы: 1 — ыдыс; 2 — сорғы; 3 — аралық жинақ; 4 — шығын өлшегіш; 5 — сепаратор; 6 ауа үрлегіш; 7 — жиынтық ; 8 — вентилятор; 9 — циклон; 10 — тұндырғыш; 11— көбікті шоғырландыру камерасы

Наши рекомендации