Тұтқырлық индексін анықтау

Майлардың пайдалану қасиеттерін сипаттайтын басты қасиеттерінің бірі – майлар тұтқырлығының температураға байланысты өзгеру дәрежесі, әдетте екі шекті температуралар кезіндегі тұтқырлықтар қатынасымен Тұтқырлық индексін анықтау - student2.ru , немесе тұтқырлық индексі бойынша анықталады.

Тұтқырлық индексінің есептеуі 25371-97 МЕСТ-ы негізінде жүргізіледі және оның анықтамасы бойынша тұтқырлық индексі (VI) – мұнай өнімдері тұтқырлығының температураға байланысты өзгеруін сипаттайтын есептік өлшем.

3.1.- суретте екі мотор майының тұтқырлықтарының температураға байланысты өзгеруі көрсетілген.

Автомобиль майлары үшін 500С кезіндегі тұтқырлықтың 1000С кезіндегі тұтқырлыққа қатынасы 4...9 тең. Қатынас аз болған сайын тұтқырлық – температура сызығы жатық болады да, майдың тұтқырлық – температуралық қасиеттері соғұрлым жақсы.


Тұтқырлық индексі бойынша бағалау сыналатын және екі эталондық майлардың тұтқырлық – температуралық қасиеттерін салыстыруға негізделген.

Тұтқырлық индексін анықтау - student2.ru

3.1 сурет.Температураның май тұтқырлығына әсері: 1- тікшіл тұтқырлық – температуралық сипаттамасы; 2- жатық тұтқырлық – температуралық сипаттамасы.

Бір эталондық майдың жатық тұтқырлық – температуралық сызығы бар және оның тұтқырлық индексі 100 бірлік деп қабылданған; екіншісі – тікшіл тұтқырлық – температуралық сызықты, және оның тұтқырлық индексі 0-ге тең есептелінеді.

Сыналатын майдың тұтқырлық – температуралық сызығы эталон майлардың сызықтары арасында орналасатын болады және оның жағдайы бойынша тұтқырлық индексі жайлы қорытынды жасалады. Іс жүзінде тұтқырлық индексін 25371-97 МЕСТ-ында сәйкес есептік жолмен анықтайды. Егер күтілетін тұтқырлық индексі 0-мен 100-ге дейінгі аралықта болса, онда оны 400С және 1000С кезінде анықталған тұтқырлықтар қатынасы ретінде формулалар бойынша анықтайды:

Тұтқырлық индексін анықтау - student2.ru (3.1)

Тұтқырлық индексін анықтау - student2.ru , (3.2)

мұндағы Тұтқырлық индексін анықтау - student2.ru - 400С кезіндегі майдың кинематикалық тұтқырлығы;

L,H және Д мәндері 1000С кезіндегі майдың кинематикалық тұтқырлығы мәндеріне сүйене отырып, МЕСТ кестесі бойынша табылады.

Тұтқырлық индексін анықтау - student2.ru

3.2. сурет. Майдың тұтқырлық индексін анықтайтын номограмма

Егер тұтқырлық индексі 100-ден жоғары болса, онда оны логарифмдер мен МЕСТ кестелерін пайдалана отырып формулалар бойынша табады.

Майдың тұтқырлық индексін анықтаудың ең қарапайым тәсілі (бірақ дәлдігі төмен) 500С және 1000С кезіндегі майдың кинематикалық тұтқырлығы негізінде номограмманы (3.2 суретте) пайдалану болып табылады. Ол үшін 500С және 1000С кезіндегі май тұтқырлығы мәндеріне сәйкесетін нүктелерден жүргізілген вертикаль және горизонталь сызықтардың қиылысынан тұтқырлық индексінің мәні алынады.

Тұтқырлық индексінің мәні 90-100 және жоғары болуы майдың тұтқырлық – температуралық қасиеттерінің жақсы екенін, ал 50-60 және төмен болуы – жаман екендігін сипаттайды.

Бензинмен және дизель жанармайымен жүретін автокөліктерде қолданылатын мотор және әмбебап майларының негізгі сапа көрсеткіштері 3.2,3.3,3.4- кестелерінде берілген.

Наши рекомендации