Жоғары кернеулі электр құралдарының оқшауламасын сынау кезіндегі қауіпсіздік шаралары
Электр жабдықтарын қою, техникалық қызмет ету ережесіне сәйкес жұмыс істеген кезде әр мезгіл, жөндеу жұмыстары біткеннен кейін оқшауламаны электр сынайды.
Сынау кернеуі, номиналды кернеуден бірталай артық, электр сынау электротехникалық қызметкерге қауіпті, сондықтан арнайы қауіпсіздік ережесін сақтау керек.
Жұмыс жасап тұрған электр қондырғыларда электрлі сынау 2 адамнан кем емес бригадамен істелінеді, жұмыс өндіруші қауіпсіздік ережесінен IV қалғандары III-тен төмен емес тобы болу керек. Сынау жүргізетін қызметкер арнайы дайындықтан, сынаудың электр сұлбасынан білімінен жергілікті нұсқаудан өтеді.
1000В дейінгі қондырғыларда сынау наряд бойынша өтеді.
Жоғары вольтты кабель желісін номиналды тұрақты тоққа қарсы жоғары тұрақты кернеуде сыналады. Сынау кезінде микроамперметрмен оқшауламаның ығысу тоғын өлшейді. Түзетілген кернеу көзі: тасымалы АКИ-70 (70кВ қа дейін); АКИ50 (50кВ); кенотронымен жабдықталған. (Сурет 5.1.)
Электр машиналары мен трансформаторлардың электр беріктігі айнымалы жоғары кернеуде сыналады. (сурет 5.2.3.)
Оқшауламаны жоғары кернеуде сынамас бұрын оның кедергісін мегометрмен өлшейді. Осы кезде бір мезгілде оқшаунама (машина орамдары, трансформаторлар кабель құсымдары т.б.)
Мегометрмен жұмыс істемес бұрын, ол жерде мегометр қосылатын электрқұрылғыларда жұмыс істеп жатқан адамдардың жоқтығына көз жеткізіп, тоқ жүретін бөліктерге жанаспайтындай қылу керек, қажет болса күзет тұрғызу керек. Оқшауламаны сынау кезінде келесі қауіпсіздік шараларын қатал сақтау керек:
1) Сыналатын электр құралдарының және сынау құралының сырты жерлендіруі керек
2) Сұлбасын жинау тек сынау тапсырылған бригада қызметкерлеріне ғана жинайды.
3) Сынау орны, қосу сымдары тақталармен барьерлермен арқандармен қоршалып, оған «тоқта кернеу» ескерту плакаты ілініп, ол жерде бақылаушы болу керек. Сынау кернеуі астында тұрған қосу сымдары, негізгі бөлу бөлмесінде орналаспаса, қоршаудан басқа II топтан төмен мамандандырылмаған нарядта көрсетілген адамның біреуін ескерту үшін кезекшілікке қояды.
4) Кабель құрсымдарын жоғары кернеуде сынаған кезде, оның қарама-қарсы шеті болатын камера не ұя жабық болып, «қоспандар-желіде жұмыс» деген плакат сөндірілген ажыратқыш жетегіне, «Тоқта-кернеу» атты плакат қоршау есігіне ілінуі керек. Егер есік жабық болмай шеттері трассада бөлінген жөнделетін кабель сынауда болса, камера есігі, қоршауға ілінген плакаттан басқа, күзет қойылуы қажет. Конденсатор не кабель оқшауламасын сынамас бұрын, жерлендірілген сыммен разряд каланады.
Сынау қондырғысы 380/220 В желіге рубильникпен не қосқышпен қосылады, ол сөндіргенде жолының көрнекі үзілуін, не қоректену бар ма, жоқ па соны көрсетеді.
Сыналатын электр қондырғыға сынау кернеуі берілетін сым, аралық оқшауламаға мықты бекітіліп, электр қондырғылардың ток жүретін бөліктеріне жақындамайтындай қылыш орналастырылады. Номиналды кернеуде 10 кВ жабдықтарға дейінгі арақашықтық 15 см ден кем емес, 380/220 В жоғары вольтты желіге сынау апаратын қосу үшін, оның шықпасының сыммен оперативті штангамен жерленеді.
Сынау кернеуін бермес бұрын бригада мүшелерінің өз орнында отырғанын, бөгде адамдардың сыналатын құрал- жабдықтан кеткеніне көз жеткізу керек. Онан кейін жұмыс орындаушы «кернеу беремін» деп ескертеді, жоғары вольтты шығудан жерлендіруші сымды алып, рубильникті іске қосады.
Оқшаулама сынауы біткеннен кейін жұмыс өндіруші сынау кернеуін 0-ге дейін түсіріп желіден аппаратты алып, жоғары вольтты шығуды жерлеп, бригада мүшелеріне «кернеу алынды» дейді тек осыдан кейін ғана жоғары кернеулі сымдарды жоғары кернеуге не қосып, не оларды, қойылған қоршаулар жиналады.
Оқшаулана сынау мерзімі, сәйкес ереже мен нұсқауларға сәйкес жасаланады.
Сынау электр құрылғыларын электро-техникалық қызметкерлер арасынан арнайы оқытылған қызметкерлер жүргізеді.
Типті бағдарлама бойынша жүргізілетін. Сынау жұмыстары, бағдарлама мазмұны, қызметкерлік нұсқаулар тізімі кәсіпорынның бас инженері бекітеді.
Сынау стендісі-бөлу құралдарынан, басқару пультінен, сынау алаңынан, қосу пунктісінен, сыналатын құрал жабдықтан тұратын, электротехникалық зертхананың арнайы жабдықталған учашкесі.
Сынау алаңы-сыналын құралдар қойылатын жер.
Электр сынау алаңында қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін биіктігі 1,8 м ден кем емес ағаш тақтайлар қойылады. Уақытша қоршау мен сыналатын электр қондырғы арақашықтығы: 0,34 м 6 кВ-қа 0,46-10 кВ-қа; 1 м-50кВ-қа; 2 м-100 кВ-қа дейін.
Кернеу түсіргеннен кейін, электр зарядты разрядты резисторлар арқылы автоматты разрядталатын қылып жасайды.
Сынау алдында жауапты басшы сынау сұлбасының дұрыс жиналғанын жеке тексереді.