Шаңұстағыштардың технологиялық есебі
Тапсырма:
1. Газды механикалық қоспалардан не себепті тазартады
2. Шаңұстағыштың саны мен диаметр не үшін анықтайды
3. Табиғи газдың тазалану сапасына не әсер етеді.
Қысқаша теориялық мәләметтер.
Ұңғымалардан келетін табиғи газ көмірқышқыл газы, ауыр көмірсутек конденсаттары, құм және т.б. механикалық қоспалары түрінде болады. Газдың құрамындағы қатты қоспалар арматураны, құбрлардыі тозуына, ал ауыр көмірсутектердің конденсаттары газ ұбырларының түбіне тұнып құбырдың өткізгіштігіне кері әсерін тигізеді.су буларының болуы жабдықтар мен құбырлардың коррозиясына әкеп соғады. Газды өндігістік дайндаудың баст мақсаты – газды барлық бөгде қоспалардан айыру. Осы мақсатта шаңұстағыш аппараттарды қолданады.
Шаңұстағыш аппараттар – шаңұстағыштар, висцинды сүзгілер, циклонды сепораторлар – газды сұйық және қатты қоспалардан тазартуға арналған (конденсат, метанол, турбинді май, құмнан, күкіртті темірден және т.б.). Газды конденсаттан жеткіліксіз түрде тазалау кезінде, соңғысының шаңұстағыш аппараттарда тұрып қалуының салдарынан және шаю сұйықтығы деңгейінің жоғарылауынан аппарат қалыпты жұмыс жасай алмайды. Шаю сұйықтығының деңгейі реттеу арқылы, аппараттың конденсатпен жұмыс істеуіне болады және ол газды тазалау сапасына әсер етпейді (98%) Шаңұстағыштарды жалғау кезінде құбыр диаметрі 426 мм дейін болса, онда дәнекерсіз, ал 426 мм – ден асқан кезде, тік дәнекерлі түрде орындалады. Фланецті дәнекерлеу тек арматураны қосқан жерлерде орындалады.
Газдағы механикалық қоспалардың боолуы мөлшері 5 мг/м3-тан аспау керек. Газды механикалық қоспалардан айыру үшін шаңұстағыштар мен циклонды сепараторлар қолданылады. Майлы шаңұстағыштарды сепаратор ретінде газдың құрамында механикалық қоспалардын басқа ылғал мен көмірсутек конденсатының тамшылары боолатын кезде де қолдануға болады.
Шаңұстағыш құрылғысының жұмысы кезінде келесі операциялар жүргізіледі: май толтыру, жұмыс істеген майды ауыстыру, конденсатпен шаңды тазалау, май деңгейін толтыру, шаңұстағыштарды қосу және ажырату және шаю. Конденсатпен жұмыс істеу кезінде операциялардың түрлері азайды.
Газ құрамында конденсаттың болуы адсорпциялы және обсорпциялы әдіспен қатар, газ конденсаты кенорындарында төмен температуралы сепорация ( ТТС ) қолданылады.
Газды абсорпциялы әдіспен құрғату технологиялық қондырғыда, яғни, абсорберде жүргізіледі.
Шаңұстағыштардың құрылысы:
Майлы тік құрылымды шаңтұтқыштарКС және ГРС-тарда кеңінен таралған. Қазіргі таңда өнеркәсіптер түрлі өлшемдегі шаңтұтқыштар шығарады. Тік құрылымды майлы шаңтұтқыштар ол газды тазалау барысында әртүрлі қызметтер атқаратын, төрт секцияға бөлінген вертикалды ыдыс. Шламды жинауға арналған төменгі бөлімі маймен толтырылады; жанасушы құбыршалар секциясы газды шаюға арналған; ендік жартылай кедергілерге дейінгі цилиндрлік бөлімі – тұндырғыш камера; зигзагтәрізді торлардан тұратын торшалар секциясы сұйық пен шаңның микробөлшектерін бөлетін айырғыш қызметін атқарады. 2-суреттте вертикалды майлы шаңтұтқыш көрсетілген.
1- айырғыш құрылғы; 2- шығарғыш келте құбыр; 3-5- жанасушы және сусіңгіш құбыршалар; 6- қақпақша (люк); 7- кіретін келте құбыр; 8- босатқыш күнқағар