Фазалы роторлы асинхронды қозғалтқыштың ротор кедергілері бойынша механикалық сипаттамалары

Асинхронды қозғалтқыш деп айнымалы ток электрлік энергияны механикалық энергияға түрлендіретін, роторының айналу жылдамдығы жүктемеге тәуелді болатын машинаны айтады. Асинхронды қозғалтқыштар үш фазалы, екі фазалы, бір фазалы болады және екі негізгі бөліктен тұрады: статор және ротор.

Статор қозғалтқыштың қозғалмайтын бөлігі (5.27, а-сурет). Оның ішкі жағынан паздар жасалған, оларға фазалық орамалар орнатылады.

Үш фазалы асинхронды қозғалтқышта үш орама болады. Олар бірдей жасалған және 120°-пен орналасқан. Орамалар арқылы

Фазалы роторлы асинхронды қозғалтқыштың ротор кедергілері бойынша механикалық сипаттамалары - student2.ru , (5.57)

жиілігімен айналатын магниттік өрісті тудыратын үш фазалы ток өтеді, мұндағы n— айналу жиілігі, мин -1; f- айнымалы ток жиілігі, Гц; р- полюстер жұбының саны.

Ротор - қозғалтқыштың айнымалы бөлігі. Ол қысқаша тұйықталған және фазалық бола алады. Қысқаша тұйықталған роторлы қозғалтқыштарда орама шеттерінен тұйықталған мыс немесе құйылған алюминий стерженьдер түрінде жасалған (5.27, б, в-сурет).

Фазалы роторлы асинхронды қозғалтқыштың ротор кедергілері бойынша механикалық сипаттамалары - student2.ru

а - статор; б – ротордың қысқаша тұйықталған орамы (тиіннің торы);

в - жиналған түрдегі ротор; 1- клеммалық қалқан; 2- станина;

3 - орама; 4 - өзекше; 5 – табан.

Егер қозғалтқыштың статорлық орамаларын үш фазалы айнымалы ток желісіне қосса, онда статордың ішінде айналатын магниттік өрісі пайда болады. Бұл өріс бір уақытта статор мен ротордың орамаларын қиып өтеді. Статорлық орамаларда орамның ток күшін анықтайтын теріс ЭҚК-тері индукцияланады.

Роторлық орамаларда ЭҚК индукцияланады, оның әсерінен орамалардан токтар өтеді. Ол токтар статордың айналатын магниттік өрісімен әсерлесіп айналу моментін тудырады, осының нәтижесінде ротор статордың өрісінің айналу жағына қарай айнала бастайды.

Демек, ротор айналғанда оның айналу жиілігі статор өрісінің айналу жиілігінен аз болу керек. Осыдан қозғалтқыш асинхронды деген (бір уақыттылы емес) деген атқа ие болды. Статордың өрісінің айналу жиілігі n мен ротордың айналу жиілігінің n1 айырмашылығы s сырғанау деп аталатын шамамен сипатталады:

Фазалы роторлы асинхронды қозғалтқыштың ротор кедергілері бойынша механикалық сипаттамалары - student2.ru . (5.58)

Асинхронды қозғалтқыш үшін сырғанау бірден нольге жақын шамаға дейін өзгереді.

Қозғалтқышты іске қосқанда, ротор қозғалмай тұрғанда (s=1), ротор орамасының айналатын магниттік өріспен қиылысу жиілігі ең үлкен болады. Ротордың орамаларында үлкен ток күшін әкелетін ең үлкен ЭҚК-тері индукцияланады. Ротор орамаларының токтары өзінің айналатын магниттік өрісін тудырады, ол өріс статор айналатын магниттік өрісіне қарсы бағытталады және оны азайтады. Нәтижесінде теріс ЭҚК-і азаяды, ал статор орамаларындағы ток артады. Іске қосу тогы номиналдыдан 4-7 есе артық болады.

Қысқаша тұйықталған роторлы қозғалтқыштардың роторының айналу жиілігі полюстар жұбын ауыстырып қосу арқылы немесе кернеудің шамасын өзгерту арқылы реттейді.

Фазалық роторлы қозғалтқыштың айналу жиілігі ротордың орамасына қосылған реостатпен реттеледі. Реостаттың кедергісін өзгерте бере, ротордағы ток күшін өзгертеді, бұл кезде ротордың өрісі өзгереді, сәйкесінше ротордың және статордың өрістерінің әсерлесу күші өзгереді. Демек, сырғанаудың шамасы өзгереді.

Наши рекомендации