Иық белдеуінің қаңқасы
Адамның иық белдеулерінің эволюция тұрғысында дамуына, олардың жүруге қатыспауы, оның есесіне дене еңбегінің түрлері, әсерін тигізеді. Иық белдеуінің қаңқасында (адамның) тік жүруіне байланысты өзіне ғана тән ерекшелігі бар. Оның негізгі ерекшелігі мынау: қолдың құрылысы адам еңбек етуіне байланысты икемделген. Аяқ сүйектері, әсіресе жіліктері, қол жіліктеріне қарағанда жуан және мықты. Егер, аяқ сүйектері дененің салмағын ұстап, жүріп тұруға бейімделсе, қол сүйектері адамның алуан түрлі ғажайып еңбек түрлерін атқаруына, оны дамытуға мүмкіндік береді. Бұған дәлел ауыр және күрделі еңбек - жүк көтеру, жер қазу, ағаш егу, машина сайман құралдарын жасау және т.б. жатады. Өте әлсіз қимылдары, өте нәзік, уақ электрондық бұйымдар жинау, кішкентай кол сағатын жасау, өрнектеу, сызу және сол сияқты толып жатқан ғажайып қол өнер еңбектері.
Иық белдеуі иық және қол сүйектерінен тұрады. Иық белдеуі арқылы қол сүйектері денемен байланысады. Бұғана (4 сурет) мен жауырын (5 сурет) бірігіп иық белдеуін құрайды.
Бұғананың бір басы төстікпен, екінші басы жауырынмен буын арқылы жалғасады. Кеуденің сыртқы жағына орналасқан жалпақ, үшбұрышты сүйек жауырын деп аталады.
Сурет 4. Бұғана | Сурет 5. Жауырын |
Қол сүйектері екі ұзын сүйектен: тоқпан жілік (6 сурет) пен кәрі жіліктен (7 сурет) (шынтақ сүйек, шыбық сүйек) тұрады. Білезік сүйек алақан сүйек және саусақ сүйектері - қол басы сүйектері болып саналады (8 сурет). Білезік сүйектері қолдың басын қозғалтады.
Сурет 6. Тоқпан жілік | Сурет 7. Шынтақ және шыбық сүйектері |
Қол басының сүйектері әр түрлі ұсақ сүйектерден құралған. Бұлар бұлшық ет сіңірлері арқылы байланысады. Алақан және саусақ сүйектерінің буындар арқылы жалғасуы, қолдың ауыр және күрделі жұмыстар атқаруына мүмкіндік туғызады.
Жауырынның үш шеті бар: үсті 1, медиальды 2 және латеральды 13, төменгі 12 және үстіңгі 10. Үтіңгі шетінде 2 ойығы бар. Медиальды шеті омыртқа жотасына қарай орналасқан, ал латеральды шеті қолтыққа қарай.
Жауырынның латеральды шеті қалың және иық сүйегінің басымен байланысуға арналған ойығы 14 бар. Буын ойығының үсті және астында екі төбешік орналасқан: (буынның үсті және буын асты төбешіктері).
Буын үсті төбешігінен иықтың екі басты бұлшық етінің сіңірі, ал буын асты төбешігінен иықтың үш басты бұлшық етінің сіңірі басталады. Кеуде қуысына қарағанда жауырын беті ойыс болып, жауырын 11 асты ойығын түзейді. Жауырынның артқы беті дөңес және медиальды шеттен басталып,латеральды бұрышқа қарай бағытталған 8 қылқаны болады. Қылқаннан жоғарырақ сүйек үсті шұңқыры 9, ал төмен жағында қылқан астының шүңқыры 7 орналасқан. Щұңқырларда оларға аттас бұлшық еттер орналасады. Жауырынның қалқанын тері астынан жеңіл табуға болады.Ол латеральды акромиальды өскінге 4 айналады. Акромиальды өскіннен төменірек құс тұмсығы тәрізді өскін 3 орналасқан. Бұл өскінге бұлшық е еттер мен сіңірлер бекітіледі.
Бұғана - S тәрізді иілген сүйек. Ол кеуде қуысының алғы-жоғарғы жағында орналасқан. Бұғаның (4 сурет) денесі 16 және екі: төстік 15, акромиальды 17 бастары бар. Төстік шеті қалыңдау. Ол жауырынның акромиальды өскінімен байланысады. Бұғананың үстіңгі беті тегіс және бірыңғай, ал төменгі жағы бұдырмалы, себебі бұл жақтан бұлшық еттер мен сіңірлеріарқылы негізгі қызметіне жауырынды бекіту және иық буынын кеуде қуысынан біршама жерде ұстап тұру жатады.
Иық белдеуі иық, қол (білек) және қол басының (алақан) сүйектерінен тұрады.
Иық сүйегі (тоқпан жілік) (6 сурет) ұзын түтікше сүйектерге жатады. Оның денесі және проксимальды, дистальды шеттері (эпифиздары) бар. Тоқпан жіліктің проксимальды шетіндегі басы 1 жауырынға қарай орналасып және анатомиялық мойны 12 арқылы анатомияның сүйектің басқа денеден бөлінген буын беті болады. Бұл бетке иық буынының қалтасы бекітілген анатомиялық мойынның төмен латеральды жағында бұлшық еттер бекітілген екі бұдырмақтары орналасқан. Оларды латеральды бағытты үлкен 9 және алға қарай орналасқан кіші 3 бұдырмақтардың қырлары өседі. Бұдырмақтар мен қырлар 10 арасынан екі басты иық бұлшық етінің басының сіңірі өтеді.
Сүйектің денесінің латеральды бетінде тарамды бұдырмағы 8 бар, бұған тарамды бұлшық еті бекітіледі.
Иық сүйегінің дисталды басы айдаршықты 5 құрайды. Айдаршық буын беті білек сүйектерімен байланыс жасау қызметін атқарады. Оның буын бетінің медиальды бөлігі шынтақ сүйегімен байланысып иық шығырын (блогын) 6 құрайды. Ал латеральды бөлігі шыбық сүйек, ақша немесе кәрі жілігін иық сүйегінің айдаршығымен қосады.
Иық сүйегінің шығырының үстінде шір шұңқыры 4, ал артқы жағында білек өскінінің шұңқыры 15 орналасқан. Бұл шұңқырларға білек иіліп жазылғанда, шынтақ сүйегінің өскіндері кіреді. Иық сүйегінің дистальды шетінің жан-жағында медиальды 16 және латеральды 14 айдаршықтары орналасады.
Білек шынтақ және шыбық сүйектерінен құрылады. Шынтақ сүйек 22 (7 сурет) түтікше үш қырлы болып келеді. Алдыңғы беті артқы бетінен үшкір сүйек аралық шетімен 21 ажыратылады, Оның проксимальды қалың шетінде 18 шығырлы ойық бар. Ойық иық сүйегімен байланысуға қажет. Артқы жағындағы шығыр ойығы шынтақтың өскінімен 17, ал алдыңғы жағы – шірлі өскінімен 19 шектелген.
Шір өскінінің табанында шынтақ суйегінің бұдырамағы 20 орналасқан, оған иық бұлшық еті бекітіледі. Ал латеральды жағындағы ойық 32 арқылы шыбық сүйегімен жалғасады.
ПІынтақ сүйегінің дистальды қалыңдау жағында басы 23 бар. Бас латеральды жағымен шыбық сүйекпен жалғасатын буын бетін құрайды. Бас жағынан біз тәрізді өскін 24 тарайды.
Шыбық сүйек - ұзын түтікше сүйек. Оның проксимальды жағында бүршігі 30 болады. Оның үстіңгі бетінде иық сүйегінің айдаршығының бүршігімен қосылуға арналған шұңқыры бар. Ал шет жағында шынтақ сүйегімен жалыстыратын буын беттері бар. Бүршіктен темендеу жерде мойын 39 және шыбық сүйегінің бұдырмағы орналасқап. Бұдырмақ иықтың екі басты бұлшық етінің сіңірін бекітуге арналған. Шыбық сүйектің дистальды шетінде білезік пен қосуға арналған буын беті 25 бар. Бұл шеттің латеральды бетінде біз тәрізді өскін 26, ал медиальды жағында шынтақ сүйегінің басымен қосатын шынтақ ойығы бар.
Шынтақ сүйекке қараған шыбық сүйектің жағын сүйек аралық дейді. Бұл жерде сүйек аралық жарғағы бекітілген.
Қол басының сүйектері (8 сурет) білезік, алақан және саусақ бөліктерінен тұрады.
Білезік сүйектері әр түірлі ұсақ сүйектерден құралған. Олар жоғарғы және төменгі екі қатардан тұрады. Проксимальды қатарды басбармақ жағынан бастап қайық тәрізді 42, ай тәрізді 40, үш қырлы 39 және бұршақ тәрізді сүйектер құрайды. Ал дистальды қатарды үлкен трапеция тәрізді 44, кіші трапеция тәрізді 43, жұмыр басы 41 және ілгек тәрізді 37 сүйектер құрайды.
Алақан бес түтікші сүйектерден 36 құралған. Басбармақтың алақан сүйегі қысқа болғанымен қалыңдау болады. Ең ұзын болып екінші алақан сүйегі есептелінеді. Әр алақан сүйегінің табаны, денесі және басы болады. Алақан сүйектерінің табандары білезік сүйектерімен косылған. Бірінші және бесінші алақан сүйектерінің беттері ер тәрізді, ал қалғандарынікі жазық түрлі болады. Алақан сүйектерінің бастары домалақ буын бетті болып келеді.
Саусақтар бақайлардан тұрады. Әрбір саусақта іші қуыс, тапалдау немесе ұзынша келген үш кішкене бақай сүйек болады (бірінші саусақта 2бақай). Оларды негізгі 35, ортаңғы З4 және тырнақтық 33 деп бөледі. Негізгі бақайлар ұзын, ал тырнақ бақайлары қысқа. ӘР бақайдың екі басы және денесі болады. Проксимальды жағында бақайдың табаны, дистальды жағында басы болады.
Бұл сүйектерден басқа алақанда сесам терізді сүйектер бар. Олар сіңірлері арасында орналасқан. Көбінесе, басбармақ және сұқ саусақтар баратын алақанның іш жағындағы сіңірлер арасында. Олар буындарға жалғаспайды, бірақ бұлшық еттерінің күш салу иығын үлкейтіп жұмыс істеуге ыңғайлы жағдай жасауға септігін тигізеді.
Иық белдеуінің сүйектерінің байланыстары.
Иық белдеуінің сүйектері бір-бірімен
байланысып шынтақ, тоқпан жілік-шынтақ,
тоқпан жілік-шыбық және білезік
буындарын құрайды.
Иық буының (9 сурет) тоқпан жіліктің басы мен жауырыны буын шұңқырын құрайды.
Сурет 9. Қол буйындарының айналу өстері
Бұл жай шар тәрізді буын. Тоқпан жіліктің басы жауырынның буын шұңқырынан әлдеқайда үлкен. Буын шұңқырының тереңдігін оның шетінде орналасқан буын еріні ұлғайтады.
Буын қалтасы буын ернінен басталып, тоқпан жіліктің анатомиялық мойыншағына бекітіледі. Қалтаның қалыңдығы 0,1-0,5 см. Ерлердің буын қалтасы әйелдердікіне қарағанда калыңдау болып келеді.
Буын үстінде құс тұмсығы тәрізді акромиальды сіңір, ал астында иық құс тұмсығы тәрізді сіңірі бар. Иық буына 3, өзара перпендикулярлы айналу өсті: көлденең "а", алғы-артқы "б" және тік "в". Көлденең ось бойынша 90° иілу және 45° жазылу, 90° тысқа және 30° ішке, 85° төмен және жоғары айналдыру қозғалыстары іске асуы мүмкін. Иық буынының қозғалыстары иық белдеуінің қозғалыстарымен үйлесімді болады.
Шынтақ буыны 2 күрделі буындарға жатады. Ол үш тоқпан жілік-шынтақ, тоқпан жілік-шыбық және проксимальды шынтақ-шыбық буынынан құрылады.
Тоқпан жілік - шынтақ буыны тоқпан жілікпен шынтақ сүйегінің блок тәрізді ойығымен құрылған. Ол блок тәрізді болғандықтан, бір айналу өсті болады. Бұл көлденең орналасқан өсі бойынша иілу-жазылу қозғалыстарын жасай алады.
Тоқпан жілік - шынтақ, шыбық буыны тоқпан жіліктің басынан айдаршығы және шыбық сүйегінің басымен құрылған. Ол шар тәрізді болып келеді, үш айналу өсі бар. Көленең өсь арқылы пронация және супинация қозғалыстары болуы мүмкін. Сагиттальды өсь қолданылмайтын себебіне білек сүйектерінің арасында тартылып тұрған жарғақ кедергісі жатады.
Проксимальды шынтақ - шыбық буынын шыбық сүйектің бастарының буын беттері мен шынтақ сүйегінің ойығы құрайды. Бұл цилиндр тәрізді буын. Сол себептен оның тек қана бір айналу өсі болады. Айналу өсь арқылы білектің пронация және супинация қозғалыстары өтеді. Шынтақ, шыбық сүйектерінің бастары шынтақ-шыбық буындарымен байланыстырылып тұрады. Оларды проксимальды және дистальды деп айырады. Сүйектердің қалың жақтары сүйек аралық жарғақпен қосылып тұрады. Жарғак сүйектерді тығыз байланыстырады. Бірақ шынтақ сүйегінің шыбық сүйегіне қатысты қозғалысына кедергі жасамайды.
Шынтақ-шыбық буынының проксимальды және дистальды буындары цилиндр тәрізді. Олар құрастырылған тұтас буын құрайды. Бұл буында тік айналу өсі бойынша пронация және супинация қимылдары болуы мүмкін. Осы қозғалыстары кезінде шынтақ, сүйегі тұрақты болады, ал шыбық сүйегі оны айналады. Айналу өсі шыбық сүйегінің басының, ортасы және шынтақ сүйегінің басы арқалы өтеді. Супинация кезінде білек сүйектері жарыспалы, ал пронация кезінде қиылысып тұрады.
Білезік буыны 3 (9 сурет) шыбық сүйегі мен білезіктің поксимальды сүйектерінен құрылады. Оларға, қайық тәрізді, жарты ай тәрізді және үш қырлы сүйектер жатады. Шынтақ сүйегі білезік буынынан буын дискісі арқалы ажыратып тұрады.
Білезік буыны эллипс тәрізді болып келеді. Бұл буында көлденең өсі арқылы ішкі сыртқы қозғалыс болуы мүмкін. Тік өсі бойынша пронация және супинация қимыл-қозғалыстары білектің аттас қимыл-қозғалыстарымен бірге өтеді. Буын 10-12° бұрышқа ғана шағын айналуы мүмкін. Бұл буын шеміршектерінің иілгіштігі арқасында өтеді. Білезік буынының қуысын қол басының сыртқы жағында жазып отырғанда байқауға болады.
Қол басының буындарына алақан-білезік, алақан-бақай және бакайаралық буындары жатады. Алақан білезік буын білезіктің дистальды сүйектерін алақан сүйектерінің бастарымен байланыстырады. Бұл буындар көп қозғалмайтындарға жатады да оларда жан-жаққа 5-10° жылжу қозғалысы болуы мүмкін. Тек қана басбармақтың алақан білезік буынында 45-60° тысқа және ішке, 35-40° "қарсы" және "қайта" қою және айналма қозғалыстары болуы мүмкін. Басбармақтың буынын трапеция тәрізді сүйекпен бірінші алақан сүйегінің табаны құрайды. Ол ер тәрізді және екі өзара перпендликулярлы- өсті. Осы өстер бойынша жоғарыдағы қозғалыстар өтеді. Басбармақтың басқа саусақтарға қарсы тұру мүмкіншілігі арқасында қол басының ұстайтын қозғалыстар көлемі кеңейе түсті. Бұл буын қалтасы 65-1000 Н күшке шыдауы мүмкін.
Алақанды бақай буындары алақан сүйектерінің бастары және саусақтардың проксимальды бақайларымен құрылған. Бұл буындар шар тәрізді және үш өзара перпендикулярлы айналу өсті. Осы өстер арқылы 90-100° иілу-жазылу, 45-50° тысқа-ішке және айналма козғалыстар өтеді.
Алақанды-бақай буындары жан-жағында орналасқан сіңірлермен нығайтылады.
Бақайаралық буындары блок тәрізділерге жатады. Оларда көлденең өсі арқылы иілу-жазылу қозғалыстары болуы мүмкін. Проксимальды бақай аралық буындарда 110-1200, ал дистальдыларда 80-90" қозғалыстар болуы мүмкін. Барлық бақай аралық буындар сіңірлерімен нығайтылған. Олар иілу-жазылу қозғалысына кедергі жасамайды. Бірақ. жан-жаққа қимыл-қозғалысын тежейді.
Қол басы – біртұтас құрылым.Қол басы тірек, таяныш қызметін атқармайтындықтан, оның бөліктері өте қозғалмалы болып келеді. Қол басының саусақтары ұзын болады. Саусақтардың бойлық өлшемдерін мына формула сипаттайды: Ш>ІҮ>ІІ>І (саусақтың қысқару бағытына қарай). Оңқай адамдардың оң қол бастары солақайлардікінен кемдеу болады. Қол бастарының ассиметриясына еңбек түрі де әсер етеді. Мысалы, бір қолмен еңбекті көбірек еткен адамдардың сол қолының өлшемдері үлкендеу болады.