Сурет. Б6-ЛПШ-750 тығыздайтын қамырараластырғыш
Қамырараластиырғыштардың жұмыс келесі реттілікпен іске асады. Компоненттер біркелкі қатынаста бірінші камерға бағытталады, мұнда 5 мин алдын ала араластырады. Одан кейін роторлы қоректендіргіш көмегімен қамыр тізбекті түрде өзара ұамыр ағыны бойынша қайта салу терезесімен қосылған екінші және үшінші камераларға беріледі. Екі вакуумдық камералардың қақпақтары органикалық шыныдан жасалады, бұл процестің жүрісін бақылап отыруға мүмкіндік береді.
Б 6 ЛПШ – 750 тығыздағышының қамырараластырғыш. Алдынғыдан конструкциясын және камераларын орналасуымен ерекшеленеді. (1,4 сурет). Бірінші жоғарғы камерада 7 диаметрі 50 мм вал 8 бар, онда адымы 45 мм болғандай 44 қалақша мен саусақтар бекітілген. Валдардың шетіндегі қабырғаларында жабысып қалған қамырдан тазалау үшін пышақтар орналасқан. Камера қамырараластырғаштың қосқышымен жалғанған торлы қақпа бар.
Екінші камерада екі илегіш вал бар және ол біріншінің астында орналасқан. Екі камерада пісірілген конструкциялы және қалыңдығы 2,5 мм беттік таттанбайтын болаттан жасалған. Екінші камераның сыртқы қабырғасының бірінде тесік бар. Бұл камераның әр илегіш валында адымы 65 мм болатындай қалақша мен саусақтар бекітілген. Камерада қамырараластырғаштығ қосқыш қондырғысымен жалғанған екі торлы қақпағы бар. Екінші және үшінші камералар екі қалталы роторлы қоректендіргіші бар арнайы құйымалы корпусымен жалғанған. Үшінші камера бірінші екі камералардың осьтеріне перпендикуляр орналасқан. Бұл камера вакуум астында жұмыс істейді, органикалық шыныдан жасалған қақапақпен тығыз жабылады. Камераның илегіш валы бір қатарлы радионды подшибниктерде орнатығагн. Камера валындағ қалақшалар бөлігі бір бұрышпен симметриялы орналасқан, бұл екінші камерадан берілетін қамырды екі ағымға беркелкі бөлуге және оларды центрден қбырғаға қарай тығыздалушы корпустарға бағыттауға мүмкіндік береді.
1.5 макарондық тығыздағыштар.Матрицалардың қалыптаушы тесіктері арқылы қамырды үнемі шнекті каналдың ұзындығы үлкен экструделердің көмегімен жүргізіледі. Илегіш бөлікте шнекті зонаға берілетін қамыр бастапқы кезде қамыр қабаттарынан интенсивті ағысуының есебінен қосымша араласады. Әрі қарай өткен кезде ол одан сайын тығыздалып, тығыздығы бойынша біркелкі болады.
1.5-сурет. Горизонтальді бір шнекті макарон прессі.
1,5. Суретте ЛПЛ 2 «қалыпты» макарондардың тығыздағышы көрсетілген. Ол келесі негізгі түйіндерден тұрады: өлшегіш қондырғысы, қамырараластырығаш шнекті экструдер. Шнекті экструдер ішінде ұзындығы 1400мм диаметрі 120 мм айналым адымы 100 мм болатын бір кірісті тығыздаушы шнек орналасқан цилиндр түрінде болады. шнектің орта бойында винтті қалақтың үзілуң бар, мұнда шайба орнатылған, ол қамырдан ауаны бөлуге арналған өткізгіш канал арқылы қамыр қозғалысын қаматамасыз етеді.
Тығыздаушы корпустың ішкі жағында барлық ұзындығы бойынша аксионды түрде, шнек айналған кезде қамырдың қарсыласуын азайтатын жырақшалар орнатылған. Тығыздаушы корпустың шетінде бір дөңгелек матрицаны орнату үшін галовка бекітілген. Галовкаға астыңғы жағынан екі винтті домкрат көмегімен матрица ауыстырғыштың сақинасы қосылады. Домкараттардың винті ось қызметін атқарады. Оған, қатысты матрица ұстағыш матрицалы орнату немесе алу үшін айналады.