Изопроцестер мен олардың графиктерін түсіндіріңіз

Параметрлерiнiң бiрiнiң шамасы өзгерiссiз өтетiн процестердi изопроцестер деп атайды. Газдың үшiншi параметрi тұрақты болған кездегi екi параметрi арасындағы мөлшерлiк байланысты (тәуелдiлiктi) газ заңдары деп атайды.

Идеал газ күйiнiң теңдеуiне сүйенiп изопроцестердiң негiзгi түрлерiнiң физикалық құбылыстарын қарастырайық.

Температура тұрақты болған кезде термодинамикалық жүйе күйiнiң өзгеру процесiн изотермиялық процесс деп атайды. Бұл процесс Бойль - Мариотт заңмен жазылады:

PV = const

Газ температурасын тұрақты ұстау үшiн, оның температурасын өзгертпейтiндей етiп жылуалмасып тұратын жүйе – термостат қажет. Әйтпесе, газ сығылғанда немесе созылғанда оның температурасының өзгерiсi елеулi.Изотермиялық процестiң (P,V) жазықтығындағы графигi, мзотерма деп аталатын, гиперболаны бередi.

Қысым тұрақты болған кезде термодинамикалық жүйе күйiнiң өзгеру процесiн изобаралық процесс деп атайды. Егер ыдыста газ қысымы тұрақты болуы үшiн, оның қабырғалары жылжымалы (қозғалмалы) болуы керек. Изобаралық процестiң (V,Т) жазықтығындағы графигi, мзобара деп аталатын, түзу сызықты бередi.

Көлем тұрақты болған кезде термодинамикалық жүйе күйiнiң өзгеру процесiн изохоралық процесс деп атайды. Егер газ герметикалық ыдыста болса, онда газ көлемi тұрақты болады. Изохоралық процестiң (P,T) жазықтығындағы графигi, мзохора деп аталатын, түзу сызықты бередi

19. Ферромагнетиктер — ферромагниттік қасиеттері бар заттар тобы. Ферромагнетиктерге, негізінен, темір тобының таза металдарының бір тобы (Fe, Со, Ni) және сирекжер металдар (Gd, Tb, Dy, Но, Ег), сондай-ақ олардың балқымалары мен қосылыстары; ферромагниттік емес элементтері бар Сr және Мn бал-қымалары мен қосылыстары жатады. Жұмсақ магнитті ферромагнетиктер магнитоөткізгіштерді, ЭЕМ жады элементтерін,магниттік линзаларды жасауда қолданылад

Магнетиктердің ішінде сыртқы магнит өрісі жоқ кездің өзінде де магниттелуге бейім заттар болады. Сондықтан олар үлкен магнит өтімділігімен сипатталады. Бұлардың негізгі өкілі темір болғандықтан олар ферромагниттер деп аталады.Олардың қатарына темір, никель, кобальт, гадолиний, олардың қорытпалары мен қоспалары және ферромагнитті емес металлдардың қорытпалары жатады. Осы заттардың бәріне тән қасиет олардың ферромагнетизмі тек кристалды күйде ғана байқалады.

Ферромагниттер күшті магниттелетін заттар болып саналады. Олардың магниттелуі нашар магниттелетін заттардың түріне жататын диа-және парамагнетиктердің магниттелуінен көптеген есе артық.

Парамагнетиктер сияқты ферромагнетиктердің өздерінің меншікті магнит өрісі B магниттелу процессі кезінде сыртқы магнит өрісін B күшейтеді. Осы айтылғанға сәйкесферромагнитті заттардың мынадай ерекше қасиеттері болады:

1. Олардың магнит өтімділігі өте жоғары Изопроцестер мен олардың графиктерін түсіндіріңіз - student2.ru , кейбір жағдайларда Изопроцестер мен олардың графиктерін түсіндіріңіз - student2.ru - не дейін жетеді, демек сыртқы магнит өрісінің кернеулігіне Изопроцестер мен олардың графиктерін түсіндіріңіз - student2.ru тәуелді.

2. Ферромагниттердің магниттелуі сыртқы магнит өрісін жойса да сақталады (яғни, олардың қалдық магниттелуі болады).

Ферромагниттердің осындай қасиеттерін олардың домендердеп аталатын құрылымдық ерекшеліктерімен түсіндіруге болады. Яғни, ферромагниттерде кішігірім ерекше аймақтар болады, оларды домендер дейді. Домендер өлшемдері Изопроцестер мен олардың графиктерін түсіндіріңіз - student2.ru см-ге жуық ұсақ магнетиктер (магнит стрелкасына ұқсас) болып келеді. Домендер өздігінен (спонтанды) магниттелу аймағын түзе алады. Әрбір доменнің шегінде ферромагниттік қанығуға дейін өздігінен магниттеледі де, белгілі бір магнит моментіне ( Изопроцестер мен олардың графиктерін түсіндіріңіз - student2.ru ) ие болады.Бұл моменттердің әр домендер үшін бағыттары түрліше болады, яғни сыртқы өріс жоқ кезде барлық моменттердің қосындысы ( Изопроцестер мен олардың графиктерін түсіндіріңіз - student2.ru )нөлге тең. Сыртқы магнит өрісінің әсерінен әр түрлі бағыттағы домендердің магнит моменттері ( Изопроцестер мен олардың графиктерін түсіндіріңіз - student2.ru ) бір жаққа бағытталған. Сөйтіп ферромагниттердің өтімділіктерінің тез өсуіне мүмкіндік туады.

Ферромагнитті денелер магниттелгенде олардың сызықтық өлшемдері мен көлемдері де өзгереді, яғни деформацияланады. Сондықтан бұл құбылыс магнитострикция деп аталады. Бұл құбылысты 1842 ж. Джоуль ашқан. Мұны әсіресе никельден айқын көруге болады, яғни сыртқы магнит индукциясының шамасы 0,025 Тл жеткенде никель стерженінің ұзындығы 0,003 процент қысқарады, сондықтан да осындай әдісті магнитострикциялық ультрадыбыстық сәулеленгіштерде қолданылады. Осы эффектің шамасы мен таңбасы магнит өрісінің кернеулігіне және өріс бағытының кристалл осімен Жасайтын бұрышына тәуелді.

Ферромагнетизм теориясын алғаш француз физигі П.Вейс (1865-1940) жасаған.

Кейінірек 1928ж. бұл теорияны кванттық механика тұрғысынан дамытқан совет физигі

Я.И.Френкель мен В.Гейзенберг (1901-1976) болды

20. Магниттік гистерезис.Ферромагниттің магниттелуінің және кері процес магнитсізденуінің сырткы магниттеуші оріс кернеулігіне тәуелділігін сипаттайды.

Наши рекомендации