Маталардың жіктелу принциптері және жіктелуі

Мата – тоқыма станогында бір-біріне перпендикуляр орналасқан негіз ж/е арқау жіптер жүйелерінің өзара айқасуымен алынған тоқыма бұйым.

Матаның бойымен кететін жіптерді негізгі немесе негіз жіптері дейді. Матаға көлденеңінен түсетін жіптерді арқаулық жүйе немесе арқау жіптері дейді.

Жіктелу принциптері:

· Талшық құрамы

· Өндіру тәсілдері

· Тағайындалуы

· Өңдеуі ж/е боялуы бойынша

Талшықтар құрамы б/ша маталар 3топқа бөлінеді:

· Біртекті маталар(құрамы тек бір түрлі талшық түрінен тұрады)

· Әртекті маталар( әртурлі жасанды ж/е синтетикалық жіптерден)

· Аралас маталар(екі жіп жүйесінде аралас жіптерден тұрады)

Өндіру тәсілі бойынша:

· Беті біртегіс мата

· Түкті маталар

· Фасонды

· Алатоқылған

· Меланжды

· Көпқабатты

Тағайындалуы бойынша:

· Күнделікті тұрм қолд

· Техн-да қолд маталар

Өңдеуі ж/е боялуы бойынша:

· Шикі н/е өңделмеген маталар

· Ағартылған маталар

· Жатық боялған маталар

· Сурет басылған маталар

Матаның құрылымы - қалыңдығымен, жіптердің қасиеттерімен, сондай-ақ олардың өзара орналасуы және байланысуымен анықталынады. Маталардың құрылымының негізгі сипаттамалары: жіптерінің есептелген диаметрі және сызықтық тығыздығы, айқаспа (өрімдер) түрлері, матаның 10 см ұзындығында негіз немесе арқау жіптерінің саны, толтыруы, толтырылуы, кеуектілігі, құрылым фаза- сы, тірек беті.

Тоқыманың айқасу түрлері әртүрлі болуымен бірге олар матаның құрылымы мен қасиетін анықтайды. Матаның оң жағының сипаты мен өрнегі, көлденең немесе ұзыннан жолақтар болуы, жылтыр бетінің негіз бен арқаудың айқасу түріне байланысты. Тоқыманың айқаспа түрлері матаның мықтылығына, созылғыштығына, қалыңдығына, қаттылы- ғына, апшуына, ылғал, жылумен өңдегенде тартылуына, қасиеттеріне әсер етеді. Күрделілігіне байланысты тоқыманың айқаспалары төрт класқа бөлінеді: қарапайым (тегіс), майда өрнекті, күрделі және ірі өрнекті.

Тоқыма айқаспа түрлері торкөз қағазға салғанда тордың тік қатарын негізнің жібі көлденең арқаудың жібі деп шартты түрде қабылданады. Әр көз екі жіптің (негіз және арқау) қиылысы болады және жапқыш деп аталынады. Егер матаның оң жағына арқау жіп шықса - арқау жапқыш деп аталынады.

Тор көз қағазға салынған тоқыманың айқаспа түрлері мен матаның үлгілерін мұқият қараса барлық бағытта қайталанатын өрнектерді байқауға болады. Қайталанатын өрнектерін раппорт деп атайды.

Әрбір тоқыма айқасуында негіз бойынша және арқау бойынша раппорттар болады. Негіз бойынша раппорт - айқаспаның өрнегін түзетін негіз жіптердің саны. Арқау бойынша раппорт - айқаспаның өрнегін түзетін арқау жіптердің саны. Тоқыманың айқасу сұлбасында раппорт әдетте қиылысқанда тік бұрыш немесе квадрат жасайтын сызықтарының төменгі сол жақ бұрышта белгіленеді.

Қарапайым айқаспалар түрлері: жаймалық, саржалық, атлас- сәтендік.

Барлық тегіс айқаспалардың ерекшеліктері мынандай: рап- портта әр негіз

жіп арқау жіппен бірақ рет айқасады, негіз бойынша раппортқа тең.

Майда өрнектіайқаспалардың класы екі топқа бөлінеді: қарапайым

айқаспаларды өзгерту, күрделендіру арқылы алынатын туынды айқаспалар,

қарапайым айқаспаларды алмастыру және құрастыру арқылы алынатын

құрама айқаспалар. Қарапайымға қарағанда майда өрнекті айқаспаларда

негіз мен арқаудың раппорты әртүрлі болады.

Туынды жаймалық айқаспаға репс және рогожка (мақта мата) жата- ды.

Ірі өрнекті айқаспалар қарапайым және күрделі болып бөлінеді. Ірі

өрнекті айқаспалар үлкен рапортты болады және жаккардты станокта-рында өндіріледі. Ірі өрнекті айқаспалардың суреттері; өлшемі, фор- масы,

колориті бойынша әр түрлі: геометриялық, өсімдік текті өрнек, гүлді өрнекті

болады. Ірі өрнекті айқаспалар қарапайым және күрделі болып бөлінеді.

Қарапайым ірі өрнекті айқаспалар жіптің екі жүйесінен тұрады және

дастархан, майлық, зығыр және жартылай зағыр орамалдар, со- нымен

қатар: мақта матасын (дамаст, альпак, дудун, парча), көйлектік (жүн) және

кейбір пальтолық маталар жасалынады.

Күрделі ірі өрнекті айқаспалар үш және одан да көп жіптердің жүйесінен

тұрады: түкті, ілмекті, рельефті болады. Күрделі ірі өрнекті айқаспадан

кілем, гобелен, жиһаз маталарын және киім тігуге арналған маталар

тоқылады.

21. Матаның сәтен (атлас) өрімі, ерекшеліктері, графикалық жазылуы
Сәтенді ж/е атласты айқаспаларда маталардың оң бетінде сопақ, ұзын жапқышы болады, сон/н да олардың оң беті тегіс және жылтыр. Сәтеннің оң бетінде арқау жіптері, ал атласта негіз жіптері басым болады.Сәтендік ж/е атластық айқаспалардың раппортында кемінде 5 жіп болуға тиіс.Бес жіпті сәтенде раппорттағы әр негіз жіп н бетке тек бір-ақ шығады, төрт арқау жіптің а астынан өтеді. Сон/н, айқаспалық суретін салғанда әр көлденең қатарда бір көзді бояп, төрт көзді ашық қалдыру керек.Сәтендік айқаспаларда арқаулық жапқыштардың ұзын болуына бай/ты өте тығыз мата алуға мүмкіндігі бар.Атластық айқаспа сәтенге ұқсас, бірақ бесжіптік атластық айқаспада раппорттағы әр негіз жіп н төрт арқау жіпті а жабады да бір арқау жіптің астына түседі.Атластық айқаспа маталардың бет жағы негіз жіптерден тұрады. Бұл әдіспен: сәтен-дубль және сәтен-ластик; зығырдан –костюмдік – коломенок; жібектен – креп-сәтен, корсет маталар, іш-киімдік штапель маталар, жібек және жартылай жібек астралық маталар тоқылады. Сәтендік ж/е атластық айқаспа матаның үйкеліске төзімділігін арттырады. Мұндай маталардың кемшілігі – сусып, ыдырағыш, төсегенде, тіккенде сырғымалы болады.

Наши рекомендации