Блок(жылжымалы,жылжымайтын)
Билет 1
Механикалық қозғалыс-дененің басқа денеге қатысты уақыт өтуімен байланысты дененің орын ауыстыруы.
Қозғалыстың салыстырмалық принципі-барлық инерциялық санақ жүйелеріндегі механикалық құбылыстар бірге жүреді,яғни барлық инерциялық санақ жүйелері бірдей құқылы.
Санақ жүйе=санақ дене+сағат+кординаттар жүйесі.
Материялық нүкте-берілген жағдайғабайланысты массасымен өлшемдерін ескермеуге болатын дене.
Қозғалыс траекториясы-қозғалыс кезінде денемен жасалған жорамал үздіксіз сызық.
Жол-траекторияның ұзындығы S(м) скаляр.
Орын ауыстыру-қозғалыстың бастапқы және соңғы нүктелерін қосатын бағытталған кесінді. Х=Хо+ Sх; /S/=Х-Хо. S=vорт*t
Билет 2
Түзу сызықты,бірқалыпты қозғалыс-дене бірдей уақыт аралықтарында бірдей жол жүретін қозғалысты айтады.Б/гс:V=const,a=0.
Тең үдемелі қозғалыс -деп бірдей уақыт аралықтарында өз жылдамдығын бірдей шамаларға өсіріп отыратын қозғалысты айтады.
Жылдамдық-дегеніміз бірлік уақыт ішінде дененің жүрген жолы.V=S/t.
Жылдамдықтың түрлері:орташа жылдамдық - t уақыт аралық ішінде Sжолды жүріп өтуге қажет жылдамдық. Vорт=S/t. Лездік жылдамдық-дәл осы д.л tуақыт мезетіндегі д.л Sдененің жүрген жолы.
Үдеу-бірлік уақыт ішінде жылдамдықтың өзгерісін көрсететін физикалық вектор шама. a=м/с, а=v-vo/t
Орын ауыстыру бірқалыпты түзу сызықты қозғалыс үшін:белгісі v=const,a=0. v=S/t.. S=v*t .
Бірқалыпты теңүдемелі қозғалыстың белгілері: а=const,а>0.
Бірқалыпты теңкемімелі қозғалыстың белгілері: а=const,а<0.
Билет 3
Шеңбер бойымен бірқалыпты қозғалыс-модулі бойынша тұрақты жылдамдықпен шеңбер тәрізді траекториямен дененің қозғалысын айтады.
Центрге тартқыш үдеу- сызықтық жылдамдықтың бірлік уақыт ішінде өзгеру шапшандығын көрсетеді.a=v2/R.
Бұрыштық жылдамдық –бірлік уақыт ішінде шеңбер бойымен қозғалатын дененің ұрылу бұрышының шапшаңдығы w=v/r.
Сызықтық жылдамдық-траектория бойымен бірлік уақыт ішіндегі дененің жүрген жолы.v=2ПR/t.Бағыты қозғалыс бағытына сәйкес,траекторияға жанама.
Айналу периоды-материялық нүктенің шеңбер бойымен толық бір айналым жасауына кететін уақыт,яғни T=t/n
Жиілік-бірлік уақыттағы айналым саны,ол айналу периодына кері ама болып табылады.v=n/t. Период пен жиілік арасындағы байланыс v=1/t н/се T=1/v
Билет 4
Инерциялық санақ жүйесі-денеге басқа денелер әрекет етпегенде немесе олардың әрекеті теңгерілгенде, дене бірқалыпты және түзусызықты қозғалатын ( немесе тыныштық күйін сақтайтын) санақ жүйесі инерциялық санақ жүйесі ретінде алынады.
Ньютонның бірінші заңы-Басқа денелермен өзара әрекеттеспейтін барлық денелер тыныштық күйін сақтайтындай немесе бірқалыпты және түзусызықты қозғалатындай инерциялық санақ жүйесі болады.
Ньютонның екінші заңы-денеде туындайтын үдеу оған әрекет етуші күшке тура пропорционал және оның массасына кері пропорционал.
Ньютонның үшінші заңы-әрекетке әрқашан модулі бойынша тең қарсы әрекет бар болады, басқаша айтқанда денелердің бір-біріне әрекет ету күштері модулі бойынша өзара тең және бағыттары бойынша қарарма қарсы.
Билет 5
Күш- дегеніміз бір дененің басқа денеге әрекеттінің бағыты мен шамасын көрсететін физикалық векторлық шама.
Табиғат бойынша күштер 4 бөлінеді:
1)Гравитациялық күштер.
Гравитациялық күштер (бүкіллемдік тартылыс күші,кез келген екі дене арсындағы әрекеттің шамасын көрсетеді).F=Gт*m1*m2/R2, Gт=6,67*10-11
Ауырлық күші -дененің жерге тартылу күшін айтады. Денелердің ауырлық күшінің әрекетінен ғана қозғалуын еркін түсу деп айтады.
2)Электромагниттік күштер.
Үйкеліс күші-жанасатын беттер арасындағы күш.F=ү*N
Серпімділік күші – серпімді деформация кезінде пайда болады.F=-k*д.л x. Д.л-серіппенің абсалют ұзаруы,- күштің бағыты.
Салмақ-дене тарапынан тіреуге н.се аспаға әрекет ететін күш.P=mg- горизанталь жазықтықта тұрған дененің салмағы.
Лоренц күші-магнит өрісі тарапынан бөлшекке әрекет етуші күш.FA=q*B*v*sinA.
Ампер күші-магнит өрісі тарапынан тогы бар өткізгішке әрекет ететін күш.F=B*i*L
3) Күшті әсерлесу күштер.
Ядролық күштер.Қаситтері.
Ядроны құрайтын бөлшектер арасында пайда болатын күш.
1)өте кішкетай қашықтықтарда әркет етеді.
2)қаныққан күштер
3)бөлшектердің зарядтарына тәуелсіз
4)Әлсіз әрекетті күштер.
Теңәрекетті(теңәсерлі)күш-денеге әрекет ететін түгел күштердің векторлық қосындысы.F=ma.
Билет 6
Механикалық жұмыс- дегеніміз денеге F күш әсер ету арқылы S қашықтыққа орын ауыстыруын айтады. A= F* S *CosA.Өлшем бірлігі (Дж)
Қуат – бірлік уақыт ішіндегі жұмыстың орындалу шапшаңдығы.Ө.б(Ват)N=A/t. егер N=A/t=FS/t=F*V
Қарапайым механизм дегеніміз-күште ұтыс беретін арнайы құрылғылар.Қарапайым механизмге жатады:
1)иінтірек
2)көлбеу жазықтық
блок(жылжымалы,жылжымайтын)
4)блок жиынтығы
5)шығыр(ворот)
Қарапайым механизм жұмыстан ұтыс және ұтылыс бермейді.Қарапайым механизм кезінде қашықтықтан ұтыламыз.Иінтіректің тепе-теңдік шарты.Иінтірек тепе-теңдік күйде болады,егер күш моменттердің заңы орындалса:M1=M2,F1L1=F2L2.
Күш моменті-дегеніміз әрекет ету күштің тепе-теңдік нүктесінен оның иініне көбейтіндісі.
Иін дегеніміз-тепе-теңдік нүктесінен күштің әсеріне дейінгі ең қысқа қашықтық.
Пайдалы әсер коэфиценті(ПӘК) ол механизмге берілген толық жұмыстың қандай бөлігі пайдалы жұмысты орындауға кететіндегін көрсетеді.n=An/Am*100% n=Nn/Nm*100%
Билет 7
Энергия
Қозғалыс Әркеттесу
Кинетикалық Потенциалдық
E=mv2/2 жерден һ биіктіктегі серпімді деформация-
дененің энергиясы ланған дененің энергия-
Eп=mgh сы. Eп=kx2/2
Механикалық энергия-дененің механикалық күйінің сипаттамасы.
Механикалық энергия-деп дененің механикалық жұмыс жасай алу қабілетін айтады.
Энергия өлшем бірлігі-(1Дж).
Механикалық энергияның сақталу заңы-тұйық жүйеде толық механикалық энергияның шамасы сақталады.Яғни, Eк+ Eп=const.
Билет 8
Дене импульсі- дене массасы мен қозғалыс жылдаидығының көбейтіндісіне тең шама. .Бірліктердің халықаралық жүйесіндегі (SI) дене импульсінің бірлігі секундына килограмм-метр кг·м/с болып табылады
Күш пен оның әрекет ету уақытының көбейтіндісі – күш импульсі деп аталады. SI жүйесіндегі күш импульсінің бірлігі — ньютон-секунд (Н • с) . Дене импульсінің өзгерісі күш импульсына тең.
Импульстің сақталу заңы : Тұйық жүйе деп сыртқы күштер әрекет етпеген жағдайда жүйеге енетін денелер бір- бірімен ішкі күштер арқылы ғана әрекеттесетін жүйені айтады.Тұйық жүйедегі өзара әрекеттесетін денелер импульстерінің қосындысы өзгермейді
Билет 9
Механикалық тербелістер деп дененің бірдей уақыт аралығындағы дәлме дәл немесе жуықтап қайталанып отыратын қозғалыс
Дене қозғалысы толығымен қайталанып отыратын ең аз уақыт аралығын тербеліс периоды деп атайды.
Бірлік уақыт ішіндегі тербелістер саны тербеліс жиілігі деп аталады.
Дененің тепе тендік күйінен ең үлкен ығысуының мәнінтербеліс амплитудасыдепаталады.
Математикалық маятник- созылмайтын салмақсыз жіңішке жіпке ілінген кішкентай ауыр дене.
Еркін тербелістер дене тепе тендік күйінен шыққан соң сыртқы күштің әрекетінсіз болатын тербелістер.
Еріксіз тербелістер сыртқы периоды күштің әрекетінен болатын тербелістер.
Мәжбәр етуші күштің тербеліс жиілігі мен тербемелі жүйенің меншікті жиілігі дәл келген кездегі еріксіз тербелістер амплитудасына арту құбылысы резонанс деп аталады.
Билет 10
Механиалық толқын-деп тербелістердің серпемді ортаның бір бөлшегінің екінші бір бөлшегіне таралу процесін атайды.
Көлденен толқын -деп бөлшектердің тербелісі толқының таралу бағытына перпендикуляр бағытта жүзеге асатын толқын.
Толқын жылдамдығы деп периодқа тең уақыт аралығында толқын таралатын арақашықтық.
Толқын ұзындығының бәлшектердің тербеліс периодына қатынасы арқылы анықталатын физикалық шаманы толқын жылдамдығы аталады.
Дыбыс қаттылығы дыбыс шығатын дененің тербелістер амплитудасымен аңықталады.
Тембр адамның дауысына немесе аспаптын үніне өзіндік бояу беретін дыбыстын сапасы.
Тон биіктігі тербеліс жиілігімен анықталады тербеліс жиілігі үлкен болса тон да биік болады.
Жаңғырық қандай да бір кедергіден шаңылатын бастапқы таралған орнына қайта оралған дыбыс толқыны.
Билет 11
Қысым-тіреудің S ауданына вертикаль бағытта әрекет ететін F күштің әсерін көрсетеді.Неғұрлым табанның ауданы артық болса,соғырлұм дененің өзіне түсірілген қысым көп болады.P=F/S,F=pS,S=F/P. [p]=[H/m2]=[1Па] ]=[1H/1m2].
Паскаль заңы-сұйықтарға н/сегаздарға түсірілген қысым.Осы сұйықта н/се газдарға жан-жаққа бірдей күшпен таралады.
Архимед заңы-сұйыққа н/се газға батырылған денеге әрекет ететін күшті Архимед күші деп атайды.Архимед күшін ығыстыру күші деп те атайды.Тұжырымдамасы:Сұыйққа н/се газға батырылған денеге әрекет ететін архимед күші.Осы денемен ығыстырылған сұйықтың н/се газдыңсалмағына тең болады.
Денелердің жүзу шарты:
mg=FA FA>mg FA<mg
Жүзеді қалқиды батады
Билет 12
МКТ қағидалары:
1) Түгел заттар ұсақ бөлшектерден молекаладан және атомдардан тұрады.
2) Затты құрайтын бөлшектер әрқашан бейтарап қозғалыста болады.
3) Затты құрайтын бөлшектер өзара әрекеттеседі : тебіледі және тартылады.
Қағидаларды дәлелдейтін құбылыстар:
Броундық қозғалыс жылулық қозғалыс сұйықтарда және газдарда болатын бөлшектердің қалықтаған үздіксіз қозғалыс.
Бұны байқаған броун ботаник ал түсіндірген энштейн.
Диффузия бір зат молекулалар арасына екінші зат молекулалардың араласу құбылысы. Д. Құбылысы МКТ нің қағидаларын дәлелдейді.
Билет 13
Термодинамикадағы жұмыс-
Ішкі энергия-денені құрайтын молекулалардың
потенциалдық+кинетикалық энергияларының қосындысы. U=Eко+Eпо.
Eко-жұмыс жасау.1)газ жұмысы 2)сыртқы күштер жұмысы.
Eпо-жылу алмасу. 1)жылу берілу 2)сәуле шығару 3)конвенция
Термодинамиканың 1заңы:дененің ішкі энергиясын өзгерту үшін сырттан жылу түсу керек және ыртқы күштер жұмыс жасайды.
Изотермалық-газға н/се денеге берілген жылу мөлшері.T=const
Изобаралық-термадинамиканың 1 заңы. д.лV=A+Q.P=const
Изохоралық-оған жылу беру арқылы өзгереді.V=const
Адиабаталық-энергия жұмыс жасау арқылы өзгереді.V=A.
Билет 14
Жылу машиналар-4 түрі болады.
1)Бу машиналар
2)Іштен жану двигателі.Мотор арқылы қозғалысы көлікте орнатылады
3)Жылу турбиналар.Кез келген электростанцияда орналасқан.
4)Реактивті двигательдер.
Экологиялық проблемалар:атмосферада көміртек қосылыстарының жиналуы.Ғарыш пен жылу алмасудың бұзылуы,мұздықтардың еруі.
Жылу механикалар-жылу энергиясын дененің ішкі энергиясын механикалық энергияға айналдыратын құрылғы.Жылу машиналардың жұмыс принципі газдың(будың) ішкі энергиясын механикалық энергиясына айналдырады.Жылу машиналар 3 бөліктен тұрады:қыздырғыш.Q=An+Q=>жұмыс дене =>n= An/A1=Q1-Q2/a=A/a1=> салқындатқыш. n-ПӘК; Q1-қыздырғыштың жылу мөлшері, Q2-салқындатқыштың жылу мөлшері.Т1-қыздырғыш,абсалют салқындатқыштың температурасы.Т2-салқындатқыштың абсалют температурасы.
Билет 15
Күн жүйесі дегеніміз күн атты жұлдыздың айналасында қозғалатын 9 планеталардың және кіші денелердің(астероид,метеорит)жиынтығы.
Күн жүйесі құрамы-күн сары түсті жұлдыз, күннің массасында күн жүйесінің массасы шоғырланған.
Планеталар:Меркурий,Шолпан,Жер,Марс,Юпитер,Сатурн,Уран,Нептун,Плутон.
Геоцентрлік жүйе-ғарышта қозғалыстың түгел планеталары күн ж.е ай жерді айналып қозғалады.Осындай ілімді Геоцентрлік әлемнің жезі деп атайды.Бірақ бұл ілімнің ережелері көп жағдайда орындалмаған.Геоцентрлік жүйе:ортасында күн ж.е күн жүйесінде денелер жерді айналып қозғалады.
Н. Коперник планеталар жүйесінің центріне Күнді орналастырғандықтан, бұл жүйе гелио-центрлік жүйе (гр. гелиос- Күн) деп аталды.
Билет 16
Зарядталған денелердің әрекеттесуі дегеніміз-егер дене бойында электрондар саны протондар санынан артық н.се кемболатын денелерді айтады.Егер дене бойында электрондар саны протондарсанынан кем болса, онда дене (+) зарядталған болады,егер дене бойында электрондар саны протондар санынан артық болса, онда дене (-)зарядталған болады.Екі зарядталған денелер өзара әрекеттесуі. Оардың арасындағы әрекеттесу күші Кулон заңы арқылы анықталады.Егер зарядтар аттас болса яғни таңбалары бірдей болса (++;--),онда олар тебіледі. Егер зарядтар әр аттас болса (+-),онда тартылады.Ең кіші бөлшек электрон-е=1,6*10-19
Кулон заңы-екі зарядталған бөлшектердің арасындағы бөлшектесу күші осы заядтардың көбейтіндісіне тура пропорциянал,ал олардың қашықтық квадратына кері пропарцианал.F=K*/q1/*/q2//Er2;K=9*109Н*м2/Кл2.
Электр зарядтың сақталу заңы-тұйық жүйеде құрайтын түгел бөлшектердің заядтар қосындысы тұрақты болады. q1 +q2 + q3 + … =const
Электроскоп–зарядтың шамасын анықтайтын аспап.Электроскоптың бөліктері:стержень,стерьженьмен қосылған тілше,диэлектриктен жасалған корпус.
Билет 17
Электр ток дегеніміз зарядталған бөлшектердің реттелген қозғалысы.Электр токтың болу шарттары:1) Зарядталған бөлшектердің болуы 2)Зарядталған бөлшектерді қозғалысқа келтіретін потенциалдар айырымының болу.Электртокты сипаттайтын шамалар:I=q/t[A].
Ток күші - I=q/t [a] ампер
Амперметр[1] - электр тоғының күшін өлшеуге арналған құрал
Электрлік Кернеудің бірліктердің халықаралық жүйесіндегі өлшеу бірлігі – вольт.[1]Кернеу U=q1 –q2 Оны өлшейтін аспап вольтметт- ол тізбекке паралель қосылады.
Электр кедергісі – өткізгіштің (немесе электр тізбегінің) электр тогының өтуіне қарсы әсерін сипаттайтын физикалық шама. R = p*L/s
Электр кенеуі потенциалдар айырымы:
Меншікті кедергі –
Вольтметр-кернеуді өлшейтін аспап.Вольтметр тізбекке паралель жалғанады ж.е полюстілігі ескеріледі(++--).Ток күші ж.е кернеу электр токтың негізгі сипаттамалары.
Кернеу-v=q1-q2 [B],өлшейтін аспап-вольтметр-элект тізбекке паралель
қосылады.
Тізбек бөлігіне арналған ОМ заңы– эект токты сипаттайтын кернеу және ток күші шамаларының арасындағы байланысты көрсетеді.
Ом нәтижесндеток күші кернеуге тура пропорцианал екенін тапты.I=U/R, I=1/R*U
Билет 18
Электр токтың жұмысы- А әріпімен белгіленеді.A=qU;q=It;
A=UIt;A=I2Rt;A=u2/R*t;
Джоу –Ленц заңы - егер өткізгіш бойымен электр тогы ақса, онда өткізгіш қызып,қоршаған ортаға жылу мөлшерін береді. Тұжырымдама: тогы бар өткізгішпен бөлінетін жылу мөлшері токтың квадратына, өткізгіштің кедергісіне ж/е осы токтың уақытына тура пропарцанал.
Электр қыздырғыш аспап: Электроплита, утюг, электршәйнек
Қысқа тұйықталу кезінде R нөлге ұмтылады сонда ток күші ең үлкен кетуі мүмкін. Ток күшінің мәні:R->0, I=max
Қысқа тұйықталу-кезінде R=>0 ге ұмтылады,сонда ток күші I/E=max ең үлкен мәнге ие,және формуласы I=E/r. Қысқа тұйықталукезінде электртізбекбұзылады,ток күшінің мәні ең үлкен шамаға өскендіктен,өрт болу мүмкін.
Билет 19
Магнит өрісі-материяның ерекше түрі.Адам санасынан тәуелсіз,тұрақты магниттер айналасында немесе тогы бар өткізгіштердің айналасында болады.Магнит өрісі сипаттайтын шаманы B->[Тл-Тесла](Магнит индукция векторы).Бағыты магнит өрістің графикалық бейнесін алу үшін магнит өрісінің күш сызықтары қолданылады.Күш сызықтарыдегеніміз-оның әр нүктесінде индукция векторы жанама болатын векторлары сызықты айтады.
Магнит өрісітогы бар өткізгішке Ампер күшпен әрекет етеді.FA=BILsinA
Заттың магниттік қасиеттерібойынша табиғаттағы түгел заттар 3 түрге бөлінеді.
1)Ферромагнетиктер(магнит өрістерін күшейтеді)
2)Диамгнетиктер(магнит өрісін кішкене күшейтеді)
3)Парамгнетитер(магнит өрісін әлсіретеді)
Электромагниттік индукция дегеніміз-тұрақты магнит өрісінде катушка айналған кезінде катушка бойында токтың пайда болу құбылысы.E= -д.лф/д.л t
Билет 20
Жартылай өткізгіштер.Табиғаттағы кейбір заттар электр токты эткізу қабілеті бойынша сол токты бір жаққа ғана өткізеді,сондықтан осындай заттарды жартылай өткізгіштер деп атайды.Жартылай өткізгіштер электртокты тасымалдаушы бөлшектерге байланысты меншікті және қоспалы екі топқа бөлінеді.
Диод(анод,катод).Транзистор-өте күрделі аспап,екі диодтың қосылысынан пайда болады,оны триод деп те атайды.
Билет 21
Оптика-жарықтың табиғатын зерттейтін физианың бөлімі.
Геометриялық оптика-жарықты сәле ретінде алып,сәуленің орталарда таралу заңдылықтарын зерттейді.
Жарықтың түзу сызық бойымен таралу заңы:біртекті ортада жарық сәулесі түзу сызық бойымен тарайды.Дәлелдейтән құбылыс-көлеңке.
Күн тұтылуы-байқалады,егер күн мен жердің ортасында ай орналасса.Күн тұтылулары:толық тұтылу және меншікті тұтылу деп екі түрге бөлінеді.
Жарықтың шағылу заңы
1 тұжырымдама:АО түскен сәуле ж/е Ов шағылған сәуле ж/е сәуле түскен күштер орнатылған перпендикуляр.ОО бір жазықтыта жатады.
Сыну заңы.1тұжырымдама:түскен сәуле АО ОО бір жазықтықта жатады.SINA/SINB=r
Билет 22
Линзалар-екі сфералық бетпен шектелген,мөлдір заттан тұратын дене.Линзаның түрлері-дөңес(жинағыш линза),ойыс(шашыратушы линза). Жинағыш линза-шетінен ортасына қарай жуандайтын линзалар жинаушы линзалар деп аталады.Шашыратқыш линза-ортасынан шетіне қарай жуандайтын линзаны шашыратушы линза деп атайды.
Линзалардың түрлері: 1-3 суреттердегі линзалар, жинағыш линзалар қатарына жатады.
1. Екі жақты дөңес линза
2. Жазық дөңес линза
3. Дөңес ойыс линза
4-6 суреттердегі линзалар, шашыратқыш линзалар қатарына жатады.
4. Екіжақты ойыс линза
5. Жазық ойыс линза
6. Дөңес ойыс линза
Линзаның оптикалық күші-фокус F қашықтығына кері шама линзаның оптикалық күші D деп аталады: D=1/F
Кескін алу-Линзаға перпендикуляр түскен сәуле одан шыққан соң фокус арқылы өтеді.Басты оптикалық центрге түскен сәуле линзадан шыққан соң,бағытын өзгертпей өтеді.
Кескін-жалған,сәулелердің өзі қиылысқан жоқ,тура, үлкейтілген.
Кескін жоқ,сәулелер қиылыспайды.Кескін-шын,ақиқат,аударылған, үлкейтілген.
Жіңішке линзаның формуласы(жинағыш линза үшін)1/F=1/F+1/A
Жіңішке линзаның формуласы(шашыратқыш линза үшін)1/F= - 1/F+1/A
Оптикалық күш-D=1/F[Диоптрия]
Сызықтық үлкею:Г=f/A+H/h
Билет 23
Фотоэфект-сәулелердің(жарық) әсерінен электрондардың сұйық және қатты дене бетінен босап шығу құблысын сыртқы фотоэффект деп атайды.Фотоэффект заңын басқаша Энштейн заңы деп атайды.
Энштейн теңдеуі-
Фотоэффект құбылысын түсіндіру жолын А.Эйнштейн тапты. Ол фотоэффект құбылысын түсіндіру үшін жарықтың бөлшектік әрі кванттық қасиетіне сүйенді. Жарық екіжақтылығымен сипатталады: біріншісінде, ол толқындық жағынан танылса, екінші жолы бөлшек (корпускула), яғни Эйнштейн сөзімен айтқанда фотондар ағыны ретінде көрінеді. Бұл құбылыс жарықтың толқындық -корпускулалық дуализмі (екі жақтылығы) деп аталады
Эйнштейн формуласы:Фотоэффект құбылысына негізделіп жасалған құралды фотоэлемент деп атайды. Ол катод, анод және саңылаудан тұрады. Электронның металдан босап шығуы үшін жасайтын жұмысын электронның шығу жұмысы деп атайды. Энергияның сақталу заңы бойынша жұтылған жарық фотонының hν энергиясы электронның Ашығу жұмысына және оның Ek=meυ²/2 кинетикалық энергиясына жұмсалады.
Фотоэффект байқалатын жарықтың ең аз дегендегі жиілігін немесе оған сәйкес келетін толқын ұзындығын фотоэффекттің қызыл шекарасы деп атайды. Мысалы, мырыш үшін жарық толқынының ұзындығы (қызыл шекарасы)-370 мкм, калий-450 мкм, натрий-680 мкм.
Планк тұрақтысы — әсерлерінің сипаты үздікті болатын көптеген физикалық құбылыстарды анықтайтын түбегейлі физикалық тұрақты. H=6.62*10 дж*с
Билет 24
Кез келген химиялық элементтiң атомының ядросы оң зарядталған протоннан және заряды жоқ нейтроннан тұрады. Протонның заряды абсолют шамасы жағынан электронның зарядына тең. Протон мен нейтрон нуклон деп аталатын ядролық бөлшектiң әртүрлi зарядтық күйi болып табылады. Ядродағы протондардың саны Z, Менделеевтiң периодтық жүйесiндегi химиялық элементтiң атомдық нөмiрiмен сәйкес. Ядродағы нейтрондадың саны N деп белгiленедi. 11Н және 32Не ядроларынан басқа барлық ядролар үшiн N≥Z. Менделеевтың периодтық таблицасының бiрiншi жартысында тұрған жеңiл элементтер үшiн N≈Z, ал екiншi жартысындағы элементтерде нейтронның саны артықтау N≈1,6•Z.
Зарядтарының саны бiрдей, ал массалық саны әртұрлi ядроларды изотоптар деп атайды. Изотоптардағы протонның саны бiрдей болады да, нейтронның саны әртүрлi болады. Мысалы сутегiнiң изотоптары: , (немесе -дейтерий), (немесе - тритий); гелийдiң изотоптары: , ; уранның изотоптары: , . Бүгiнгi күнi барлық химиялық элементтердiң үшжүзге жақын орнықты, ал екi мыңға жақын орнықсыз (радиоактивтi) изотоптары белгiлi. Электронның массасы протонның массасынан 1836 есе кiшi болғандықтан ядроның массасы атомның массасымен бiрдей десе де болады. Элементар бөлшектердiң массасын әдетте массаның атомдық бiрлiгi (м.а.б) деп аталатын жүйеден тыс бiрлiкпен өлшейдi. 1 м.а.б. ретiнде сутегiнiң изотопының массасының 1/12 бөлiгi алынған.
Ядролық тізбекті реакция – ауыр химиялық элементтердің атом ядроларының нейтрондар әсерінен бөліну реакциясы. Оның әрбір сатысында нейтрондар саны артып, ядроның өзін-өзі қуаттайтын бөліну процессі пайда болуы мүмкін. Ядролық тізбекті реакция – экзотермикалық реакция, яғни реакция кезінде энергия бөлінеді. Бөлінген энергияның мөлшері өте көп болатындықтан ядролық тізбекті реакцияны бейбіт және соғыс мақсатында атом энергиясының көзі ретінде пайдаланады.
Термоядролық реакция, термоядролық синтез - миллиондаған градус температурада жүзеге асатын ядролық бірігу реакциясы деп аталады.Жеңіл элементтерді (сутек, гелий, литий, т. б.) жүздеген миллион градусқа дейін қыздырғанда, олардың бейтарап атомдары тұтастығын жойып, ядролар мен электрондарға ыдырайды. Нәтижесінде оң зарядты ядролардан, теріс зарядты электрондардан тұратын ерекше орта — жоғарғы температуралық плазма пайда болады. Мұндай плазмада ядролар кулондық тебіліс бөгетін (барьерін) жеңе алатын кинетикалық энергияға ие болады: мұндағы k—Больцман тұрақтысы; Т—плазманың температурасы; m және v — бөлшектің массасы мен жылдамдығы.
Билет 25
Радиоактивтілік(лат. radіo – сәуле шығару, actіvus – әсерлік) –радиоактивті элементтер ядроларының β, α γ, сәулелерін шығару құбылысын радиоактивтік, ал сәулелердің өздерін радиоактивті сәулелер дейді. Радиоактивті элементтердің ерекше сәуле шығару құбылысы радиоактивті сәулелену дейді.
Атом энергиясы – адам өмірінде маңызды орын алады. Энергия жеткілікті болғанда қоғамның дамуы қарыштап алға басады. Оған жиырмасыншы ғасыр дәлел. Бүгінгі күнгі негізгі энергия қоры болып саналатын – көмір, мұнай, газ бір кезде өзінің шегіне жетуі мүмкін. Соны болжай білген ғалымдар энергия көзін ашты. Бұл – атом энергиясы. Атом энергиясы адам өмірінде кең қолданылатын энергия түріне айналып келеді. Бұл энергия түрімен жұмыс істегенде, оның адам ағзасына тигізетін әсерін және соған байланысты физиологиялық өзгерістерді біліп, денсаулықты сақтау маңызды мәселе.
Табиғи энергия және жасанды энергия /атомнан алынған/ әсерлері қатарлас келсе, онда тірі организмнің өмір сүруіне қауіп туатынын оқымыстылар зерттеулерінде ғылыми тұрғыдан дәлелдеп берді.