Тұрақты ток машиналарының құрылысы

Тұрақты ток электр машиналары - генераторлар арқылы электр энергиясын алу немесе оны қозғалтқыштар арқылы эртүрлі максатга механикалық қозғалысқа түрлендіру секілді маңызды функцияларды атқаратын ең көп таралған энергия түрлендіргіштері.

Төрт полюсті тұрақты ток машинасының сызбанұсқалық кимасы 1.1-суретте көрсетілген. Мулдай машинаньщ статоры болаттан түтікше тэрізді болып жасалатын (1) станинадан құралады. Станина қозғалмайтын бөліктерді бекітуге арналған тұрық және машинаның магнит тізбегінің маңызды учаскесі болып табылады. Станинаның ішкі бетіне қалыңдығы 0,5 мм электротехникалық болат табакшалардан жинақталған негізгі полюстер орналасады.

Негізгі полюстер (2) өзекшеден жэне (3) қоздыру орамдарынан құралады. Өзекшелердің (5) ұштары бос ауа қуысында магнит индукциясының біркелкі таралуын камтамасыз етеді. Негізгі полюстердің орамдары қоздыру магнит ағыны пайда болатындай етіп жалғанады.

тұрақты ток машиналарының құрылысы - student2.ru

Сурет. Төрт полюсті тұрақты ток машинасының құрылысы

Кейбір жағдайларда коздыру электр магниттерінің орнына тұракты магниттер қолданылады. Қуаты 1000 Вт жоғары машиналарда якорь тізбегіндегі коммутацияны жақсарту үшін негізгі полюстердің аралығына қосымша полюстер орналастырылады.

Якорь (4) қалыңдығы 0,5 мм электротехникалық болат табақшалардан жинақталған өзекше болып табылады. Якорь қоздыру магнит өрісінде айналу барысында оның магниттенуі кезінде пайда болатын құйынды токтармен пайда болатын қуат шығындарын азайту үшін болат табақшалар бір-бірінен лакпен оқшауланады. Цилиндр тэрізді якорь өзекшелерінің бетіндегі оқшауланған ойықшаларға (6) орамдар орналасады, олар ойық-шаларға гетинакс немесе ағаш тығындармен бекітіледі. Орамдардың өзекшеден шығыңқы бөліктерін якорға арнайы бандаждар арқылы бекітеді. Якорь орамдарының ұштары (7) коллекторлық пластинапарға жалғанады.

Коллектор мыс пластиналардан құралатын цилиндр тэрізді дене болып табылады. Коллекторлық пластиналар бір-бірінен миканитті тілшелер арқылы, ал тұрықтан миканитті манжет арқылы оқшауланады. Коллекторлық пластиналар арасындағы оқшауламаларымен қосылып коллекторлық бөліктер түзейді. Орамдардың секцияларын коллекторлық пластиналарға жалғау секциялардың ұшына киілетін және коллекторлық пластиналарға пісірілетін арнайы қамыттар арқылы жүргізіледі. Коллектор да якорь өзекшесі секілді білікке мойынтіректер арқылы бекітіліп отырғызылады.

Машинаның сыртқы тізбегін коллекторға графиттік немесе электр графитгік щеткалар арқылы жалғайды, щеткалар щетка ұстағыштарға орналасады және коллекторға серіппе арқылы бекітіледі. Щетка ұстағыштар алдыңғы мойынтірек қалқанға орналастырылады. Алдыңғы жэне артқы қалқандарды станинаға болттар арқылы бекітеді. Қалқандардың ішіне шар немесе ролик тәрізді мойынтіректер орналасады.

Якорь орамдары тұрақты ток машиналарының маңызды элементтерінің бірі болып табылады. Олар якорьға бекітіледі, ал ұштары коллекторлық пластиналарға жалғанады.

Наши рекомендации