Интерн-терапевттердің Қорытынды Жылдық аттестация жүргізуіне арналған тест тапсырмалары 10 страница

Қолданылып жатқан дәрілік топтардың қайсысы науқаста дамыған екіншілік артериальді гипертензиямен БАРЫНША мүмкін байланыссыз?

* анальгетиктерді

* интраназальді тамшыларды

*+альдостерон антагонисттерді

* оральді контрацептивтерді

* стероидты емес қабынуға қарсы дәрілерді

! Бас ми қан тамырларының айқын атеросклерозымен ауыратын 74 жастағы әйел бас ауыруына, жүрек айнуға, жүрек тұсындағы қысып ауыратын ауыру сезіміне, әлсіздікке шағымданады. Анамнезінде АҚ жоғары сандарға доғарлау эпизодтары.

Цереброваскулярлы асқынулар қауіпін төмендетуге төменде көрсетілген дәрілер тобының қайсысын тағайындау БАРЫНША тиімді?

* диуретиктерді

* β-бөгемелерін

* ААФ ингибиторларын

* ангиотензиндік рецепторлар бөгемелері

*+ұзақ әсерлі кальций антагонисттерін

! 58 жастағы әйел кеуде артындағы қысып ауыратын ауыру сезіміне, жүрек айну, құсуға шағымданады. Қарап тексергенде: АҚ – 180/100 мм сб.б. ЭКГда: V1-V4 ST элевациясы.

Осы науқаста гипертониялық кризді жоюға таңдаулы дәрі болып табылады:

* эсмолол

* арфонад

* дроперидол

* эналаприлат

*+нитроглицерин

! Миокард инфарктісін өткерген 78 жастағы ер адам тыныштықтағы ентігуге, оң қабырға астындағы ауырлық сезімі, аяқтарының ісінуі, әлсіздікке шағымданады. АҚ– 170/90 мм сб.б. Эхокардиографиялық зерттеу кезінде сол қарыншаның систолалық қызметінің төмендеуі анықталды.

Көрсетілген дәрілердің қайсысы СЖЖ және сол қарынша қызметінің бұзылысы бар науқастардың өмір сүруін БАРЫНША сенімді жоғарлатады?

*+эналаприл

* амлодипин

* фуросемид

* метопролол

* спиронолактон

! 75 жастағы ер адам ентігуге, жүрек тұсында қарқынды қысып ауыратын ауыру сезіміне, бас ауыруға шағымданады. Қарап тексергенде: ЖСЖ – 26 рет мин., өкпесінде майда көпіршікті ылғалды сырылдар; аорта үстінде II үннің акценті; АҚ 220/120 мм сб.б. ЭКГда: STV2-V4 депрессиясы.

Көрсетілген дәрілердің қайсысын БІРІНШІ КЕЗЕКТЕ тағайындау тиімді?

* эналаприлді

* диазепамды

* эсмололды

* лазиксті

*+изокетті

! Глаукомамен ауыратын 73 жастағы әйел бас ауыру, көз алдындағы шыбын-шіркей, ентігу, жүрек тұсындағы қысып ауырытын ауыру сезіміне шағымданады. АҚ – 170/100 мм сб.б.

Көрсетілген дәрілік топтардың қайсысын тағайындау БАРЫНША тиімді?

* диуретиктерді

*+β-бөгемелерді

* ААФ ингибиторларын

* кальций антагонистерін

* альфа-адренобөгемелерін

! Әйел 68 жаста. Стационарға гипертониялық криз клиникасымен түсті. Анамнезінде 15 жылдан бері артериялық гипертензия. Түскен кезде АҚ 210/120 мм с. б. Милы симптоматиканы ескере отырып жұлынның пункциясы жүгізілді, субарахноидалды қан құйылу анықталды. Көрсетілген дәрілердің қайсысын қолдағандаБАРЫНША тиімді кризді басады?

* эсмолол

* эналаприл

* фуросемид

*+нимодипин

* нитроглицерин

! 68 жастағы әйел эпигастрий аймағына берілетін, арқадағы омыртқа бойымен таралатын ауру сезімге; жұтынудың қиындауына; дауысының қырылдауына; жөтелге; қорқу сезіміне шағымданады. Аускультативті: аорта үстінде систоликалық шуыл және ІІ тонның металлды дауысы бар (металлический оттенок) акценті.

Бұл жағдайда қандай маманның кеңесін тағайындаған ең тиімді:

* психиатрдің

*+ангиохирургтің

* невропатологтың

* отоларингологтың

* гастроэнтерологтың

! 51 жастағы ер адам жиіленген жүрек соғысы, жүрек тұсындағы дискомфорт, қатты бас ауруы, лоқсу шағымдарымен госпитализацияланған. Қарағанда: тамақтануы жоғары; беті гиперемияланған, склералары инъецирленген. АҚ – 190/110 мм с.б., ЖСЖ – 100 рет минутына. ЭКГ-да: систоликалық күштемесі белгілері бар сол қарыншаның айқын гипертрофиясы.

Гипертониялық кризді басу үшін көрсетілген препараттардың қайсысын тағайындау ең тиімді:

* атенолол

* лозартан

*бритомар
*+каптоприл
* верапамил

! 57 жастағы әйелді бас ауру, бас айналу мазалайды. Анамнезінде: АҚ 180/100 мм с.б. жоғарлауы. Эналаприл қабылдағанда жөтелі пайда болды. Қарағанда: ісіну жоқ, жүректің салыстырмалы шекарасының солға ығысуы, АҚ 170/100 мм с.б., ЖСЖ 60 рет минутына. ЭХОКГ-да: сол қарыншаның гипертрофиясы, 1 дәрежелі сол қарыншаның диастоликалық дисфункциясы.

Қандай препаратты тағайындау барынша тиімді:

*+лозартан
*фуросемид
*верапамил
*анаприллин
*фозиноприл

! Созылмалы гломерулонефритпен ауратын 49 жастағы ер адам ауыр жағдайда жеткізілді. Кенет пайда болған ентігуге, көпіршікті қызғылт қақырығы бар жөтелге, қорқыныш сезімге шағымданады. Қарағанда: ортопноэ, шулы тыныс, (клокочущее), барлық өкпе алаңында әр түрлі калиберлі ылғалды сырылдар анықталынады, ТЖ 28 рет мин. Жүрек тондары тұйық, тахикардия - 120 рет мин. АҚ - 240/140 мм с.б.

Жедел көмек көрсетуде қандай препаратты енгізу ең тиімді болып табылады:

* энамды

* изоптинді

*+фуросемидті

* пропранололды

*магний сульфатын

! Бас ауруы, мұрыннан қан кету, қабақтарының ісінуі және бел аймағындағы ауру сезімі шағымдары бар 35 жастағы әйелде кенет жағдайы нашарлаған. Об-ті: тынысы шулы, (клокочущее), ТЖ 26 рет минутына, өкпеде көптеген әр түрлі калибрлі ылғалды сырылдар; жүрек тондары қатты, «аттың шабуылы» ырғағы, АҚ – 180/130 мм с.б. Тексергенде зәр анализінде: белок-3,1 г/л, эритроциттер барлық к\а. УДЗ: екі бүйректің паренхимасының жіңішкерленуі.

Қандай препаратты тағайындау ең тиімді болып табылады:

* урегит
* арифон
*+фуросемид
* гипотиазид
* верошпирон

! Біріншілік өкпе гипертензиясында физикалық күштемеге толеранттылықты анықтауға БАРЫНШАжиі қолданады:

* тредмил-сынамасын

* велоэргометрияны

* вазореактивтілікке сынаманы

* күштемелік эхокардиографияны

*+газалмасуды бағалаумен жасалатын 6 минуттық жүру сынамасын

! Өкпе гипертензиясының III ФК бар науқасқа тағайындаған БАРЫНША тиімді:

* диуретикті

* адреномиметикті

*+простагландин Е1

* β-адреноблокаторды

* жүрек гликозидін

! Біріншілік өкпелік гипертензиямен ауыратын науқастарға хирургиялық емдеу әдісі мына жағдайда көрсетілген

* III ФК

* IV ФК

* I және II ФК

* барлық науқастарға

*+дәрілерге рефрактерлікте

! Біріншілік өкпелі гипертензиясы бар 38 жастағы ер адамда айқын оң қарыншалық жетіспеушіліктің клиникалық белгілері пайда болды. Аускультативті: жүрек тондары әлсіреген, ырғағы дұрыс, өкпе артериясында 2 тонның акценті, семсер тәрізді өскіннің негізінде систоликалық шуыл.

Көрсетілген себептердің қайсысы систоликалық шуылдың пайда болуына барынша әкелуі мүмкін:

* митральді қақпақшаның жетіспеушілігі

*+оң қарыншаның дилатациясы

* сол қарыншаның дилатациясы

* артериальді гипертензия

* аорта сабауының (устья) стенозы

! 16 жастағы қыз баланы балалық шағынан физикалық күшпен байланысты инспираторлы ентігу, бас айналу, есінен тану; жөтел, қан түкіру; кеуде клеткасындағы тұрақты сыздайтын ауру сезімі мазалайды. Анамнезінде: әйел дер жағынан жас кезіндегі летальді нәтижеге алып келген жүрек жетіспеушілігі болған жағдайлар анықталынды. Қарағанда: төмен тамақтанулы, акроцианоз, саусақтарының «барабан таяқшалары» және тырнақтарының «сағат әйнектері» тәріздес өзгерісі, өкпе артериясында ІІ тонның акценті. ЭКГ-да: оңграмма (правограмма).

Көрсетілген диагноздардың қайсысы барынша болуы мүмкін:

* өкпенің созылмалы обструктивті ауруы
*+біріншілік өкпелі гипертензия
* жүре пайда болған жүрек ақауы
* туа пайда болған жүрек ақауы
* миокардит

! 42 жастағы ер адамды жарты жыл бойы ентігу, оң қабырға астындағы ауру сезімі, кешке қарай пайда болатын балтырының ісінуі мазалайды. Балалық шағынан өкпенің бронхоэктаздық ауруымен аурады. ЭКГ: жыпылықтаушы аритмияның нормосистоликалық түрі, S тип. ЭХОКГ: сол жүрекше – 3,6 см, сол қарынша – 4,5 см, оң қарынша – 4,6 см. Лақтырыс фракциясы - 47%. 2 дәрежелі өкпелік гипертензия. Трикуспидальді клапанында 2 дәрежелі регургитациясы.

Науқаста асқынулардың қайсысы барынша дамыған:

* жедел өкпелі жүрек

* жеделдеу өкпелі жүрек

*+созылмалы өкпелі жүрек

* жедел тамырлы жетіспеушілік

* сол қарыншалық жетіспеушілік

! 15 жастағы қыз бала балалық шағынан бастап аздаған физикалық күш түсіргенде пайда болатын ентігуге, кейде дем шығаруы ұзарған тежелген тынысқа; оң қабырға астындағы аймақта сыздайтын ауру сезіміне, балтырының аздап ісінуіне шағымданады. Қарағанда: акроцианоз, саусақтары «барабан таяқшалары» тәріздес; жүрек тондары тұйықталған, жыпылықтаушы аритмия, семсер тәрізді өскінінің тұсында систоликалық шуыл. Кеуде клеткасының рентгенограммасында: ӨСОА, екіншілік өкпелі гипертензия.

Бұл патологияға көрсетілген ЭКГ белгісінің қайсысы барынша тән:

* SV1-V3

* SV6 RV6 –дан кіші

* SV5 RV5 –тен кіші

* SV4 RV4 –тен кіші

*+SI, SII, SIII -терең

! Біріншілік өкпелі гипертензиясы бар 23 жастағы әйел босанудан кейін 3 ай өткенде пайда болған айқын ентігуге, аяқтарының ісінуіне, ішінің ұлғаюына шағымданады. Қарағанда: акроцианоз; кеуде клеткасы бөшке тәрізді; өкпе артериясында 2 тонның акценті. ЭКГ-да: жүрекшелер фибрилляциясы, қарыншалардың жиырылу жиілігі 80-120 рет минутына, оң қарыншаның гипертрофиясы.

Қандай препаратты тағайындау барынша тиімді:

*+бозентан

* атенолол

* верапамил

* добутамин

* метопролол

! Жиі салқын тиюмен ауратын 19 жастағы қыз баланы ентігу, жөтел, периодты түрде қан түкіру; физикалық күшпен байланысты бас айналу мен есінен тану мазалайды. Қарағанда: акроцианоз, төмен тамақтанулы, саусақтарының «барабан таяқшалары» және тырнақтарының «сағат әйнектері» тәріздес өзгерісі, өкпе артериясында ІІ тонның акценті, гепатомегалия. ЭКГ-да: оңграмма (правограмма). ЭХОКГ-да: өкпе гипертензиясының 2 дәрежесі. Науқасқа гепарин қолданылатын базисті терапия тағайындалды.

Антикоагулянтты терапияны бақылауда қандай көрсеткіш ең ақпаратты болып табылады:

* этанолды тест
* бета – нафтолды тест
* тромбоциттердің агрегациясы
* ерігіш фибринмономерлі комплекстер
*+активтелген жартылай тромбопластинді уақыт

! Өкпе гипертензиясы бар 39 жастағы ер адам жөтелге, жүктеме кезінде бас айналуға, кейде естен тануларға шағымданады. Қарағанда: акроцианоз, кеуде торшасы «бочкотәрізіді», семсер тәрізді өсіндіде пансистолалық шу, өкпе артериясында II үннің акценті анықталды. Көрсетілген дәрілердің қайсысн тағайындау БАРЫНША тиімді?

* аспиринді

* курантилді

*+варфаринді

* клопидогрелді

* неодикумаринді

! 18 жастағы жас жігіт. Шамалы физикалық күш түскенде тұншығу сезімінің болуына, бас айналу ұстамаларына шағымданады. Балалық шағынан ауырады. Әскери медициналық комиссия шешімімен тексерілуге жіберілді. Қарағанда: жайылмалы цианоз, саусақтарының * трикуспидальді стеноз

*+біріншілік өкпелік гипертензия

* қолқа қақпақшасының жетіспеушілігі

* өкпе артериясының стенозы

* үшжармалы қақпақшаның жетіспеушілігі

! Біріншілік өкпелі гипертензиясы бар жас әйел нифедипин мен вазапростанды қабылдауды бастаған соң ентігудің азаюын және есінен танудың болмауын байқады. Бұл препараттарды қабылдау барысында бір жылдан кейін бет жақтарындағы ауру сезімі, бетінің қызаруы, диарея пайда болды. Қарағанда: жүрек тондары анық, ЖСЖ – 90 рет минутына, АҚ – 90/60 мм с.б.

Жаңадан пайда болған шағымдары вазодилататорлардың қандай әсерімен байланысты болуы барынша мүмкін:

* әсердің болмауы
* кумулятивті
* асқынулар
* үйрену
*+жанама

! 42 жастағы ер адам клиника жағынан оң қарыншалық жетіспеушілікпен көрінетін біріншілік өкпелі гипертензиясымен 10 жылдан аса аурады. Тұрақты берапростты ішке қабылдайды. Диагностикалық мақсатпен жүрек қуыстарының катетеризациясы жүргізілді.

Жүргізілетін терапияның эффективтілігін бағалауда көрсетілген критерийлердің қайсысы барынша ақпаратты болып табылады:

* жүрек лақтырысының 5%-ке жоғарлауы

* жүрек лақтырысының 5%-ке төмендеуі
*+орташалық өкпе қысымының 10 мм с.б.-на төмендеуі
* өкпелі тамырлы кедергінің 5%-ке жоғарлауы

* өкпелі тамырлы кедергінің 5%-ке төмендеуі

! 16 жастағы жігіт балалық шағынан қақырығы қиын шығатын жөтелге, ентігуге, жүректің қатты соғуына шағымданады; соңғы айларында жиі есінен тану пайда болған. Қарағанда: еріннің акроцианозы, мойын тамырларының ісінуі (набухание), эпигастральді пульсация, балтырының ісінуі; өкпе артериясында ІІ тонның акценті естіледі. ЭКГ-да: Гис шоғырының оң аяқшасының блокадасы. ЭХОКГ-да: оң қарынша кеңейген, өкпе гипертензиясының белгілері.

Көрсетілген критерийлердің қайсысы бұл жігіттің жүрегінің катетеризациясын жасауға барынша мүмкін көрсеткіш болып табылады:

* ентігу

*+есінен тану

* акроцианоз

* балтырының ісінуі

* гис шоғырының оң аяқшасының блокадасы

! Фтизиатрдың есебінде тұратын 19 жастағы жігіт ентігуге, аяқтарының тұрақты ісінуіне шағымданады. Тексергенде: төмен тамақтанулы, акроцианоз. Өкпеде тынысы қатаң, сол жоғарғы бөлігінде крепитация естілінеді. Жүрек тондары тұйық, ЖСЖ 95 рет минутына, АҚ – 90/60 мм с.б. Іші жұмсақ, аздаған гепатомегалия; балтырының аздап ісінуі. ЭКГ-да: Гис шоғырының оң аяқшасының толық блокадасы. ЭХОКГ-да: констриктивті перикардит, 2 дәрежелі өкпелі гипертензия.

Көрсетілген емнің қайсысы барынша тиімді:

* санаторлы-курортты

* медикаментозды
* традиционды емес
* арнайы (спецификалық)
*+оперативті

! Оң өкпенің жарақаты бойынша лобэктомияны өткерген 37 жастағы ер адам ентігуге, жөтелге, кейде болатын қан түкіруге, ішінің ұлғаюына, аяқтарының ісінуіне шағымданады. Спирографияда: ӨӨС (ЖЕЛ)-ң айқын азаюы, тыныс қызметінің аралас типі бойынша 2 дәрежелі бұзылысы. ЭКГ S – типті. ЭХОКГ: оң қарыншаның қуысының кеңеюі, айқын өкпелі гипертензия.

Көрсетілген вазодилататорлардың қайсысын тағайындау барынша әсерлі болады:

* нитроглицеринді

*+вазопростанды

* гидралазинді

* верапамилді

* атенололды

! Жүректің туа пайда болған ақауы бар 22 жастағы әйел ентігудің күшеюіне, оң қабырға асты аймағындағы тұйық ауру сезіміне, аяқтарындағы ісінуге, қысқа уақытты есінен талуға шағымданады. Жүрек қуыстарының катетеризациясында айқын өкпелі гипертензия анықталынды.

Көрсетілген препараттардың қайсысын тағайындаған барынша тиімді:

* кардиомагнилді
* клопидогрелді
* тромбокардты

*+клександы
* аспиринді

! Қарынша аралық перденің ақауы бар 17 жастағы қыз балада физикалық және психоэмоциональді күштемеден кейін оң қарыншалық жетіспеушіліктің белгілері пайда болады, ЭХОКГ-да 1-2 дәрежелі өкпелі гипертензия анықталынды.

Бұл науқастың емінде қандай препаратты тағайындау барынша тиімді:

* диротонды

* дигоксинді

* аденозинді

* атенололды

*+вазапростанды

! Сол жүрекшенің қабырғалық тромбымен және ЖИА жыпылықтаушы аритмиямен ауыратын 78 жастағы әйел наркотикалық аналгетиктермен қоймайтын ішіндегі қарқынды және жылдам үдейтін, шыдатпайтын күйдіру ауыру сезіміне шағымданады. Қарап тексергенде: тері жабындылары боз, мұздай жабысқақ тер, жиі беткей тыныс, жүрек үндерінің әлсіздігі, АҚ 90/60 мм сб.б, ішін сипап көргенде айқын ауыру сезімді, құрсақтың тітіркену симптомы оң. Қанда: солға ығысумен лейкоцитоз, ЭТЖ жылдамдаған.

Қандай дерттің пайда болуы БАРЫНША мүмкін?

* перитонит

* жара перфорациясы

* ішек парезі

* жедел ішек бітелуі

*+мезентериальді артериялардың тромбоэмболиясы

! 48 жастағы ер адам жүрек тұсындағы қысып ауыратын ауыру сезіміне шағымданады. Зерттегенде жүрек қуыстарының үлкендігі, миокардтың жиырылу мүмкіндігінің кенет төмендеуі, ЭКГда: жыпылықтаушы аритмия, сол қарыншаның артқы қабырғасының зақымдалуы. Екі аптадан кейін науқас кенет есін жоғалтты, осыдан гемипарез, дизартрия пайда болып, жамбас ағзаларының қызметі бұзылды.

Осы дамыған жағдай қандай дерттпен БАРЫНША мүмкін байланысты?

*+ми тамырларының тромбоэмболиясы

* геморрагиялық ми инсульті

* дисциркуляторлы энцефалопатия

* аневризмалы өзгерген тамырларлың жыртылуы

* бас ми тамырларының васкулиті

! Аяқтарының терең тамырларының тромбофлебитімен зардап шегетін 65 жастағы әйел кеуде артындағы қарқынды ауыру сезіміне шағымданады. ЭКГда STV1-V3 сегментінің депрессиясы анықталды. 3 күні кенет ентігу, кеудесінде тыныс алғанда ауыру сезімі пайда болды, жөтел және бір реттік қан түкіру болды. Қарап тексергенде: цианоз, оң аяғының ұығаюы; өкпесінде ылғалды сырылдар анықталды. ЭКГда - оңграмма.

Әйелде қандай дерт БАРЫНША мүмкін дамыды?

* өкпе ісінуі

* спонтанды пневмоторакс

* нозокомиальді пневмония

* аорта аневризмасының ыдырауы

*+өкпе артериясының тромбоэмболиясы

! Аяқтарының варикозды ауруы бар 56 жастағы әйелде ентігу, төс артындағы ауру сезімі, қан қосындылары бар жөтел пайда болды. ЭКГ-да: ЖЭО оңға ығысуы, QIII S1.. Қарағанда: аяқтарының варикозды тамырларының кеңеюі. Өкпеде: оң жақта ылғалды сырылдар, перкуторлы дыбыстың қысқаруы.

Бірінші кезекте қандай көрсеткішті анықтау барынша тиімді:

* халықаралық қалыптастырылған қатынасты (мно)

* милы натрийуретикалық пептидті

* КФК-ң МВ фракциясын

* тропонин

*+Д димер

! Ангиотензин айналдырушы ферментінің ингибиторын тағайындауда көрсетілген жағдайлардың қайсысы БАРЫНША мүмкін қарсы көрсеткіш болады?

*+айқын қолқалық стеноз

* артериялық гипертензиясы бар науқастарда айқын гиперлипидемия

* артериялық гипертензияның бронхообстукциямен қосарлануы

* диабеттік нефропатия кезіндегі артериялық гипертензия

* АГ-ң шеткері артериялардың облитерлеуші ауруларымен қосарлануы

! Сол қарыншалық жетіспеушілікке анағұрлым тән белгіні көрсетіңіз:

*+ортопноэ

* гепатомегалия

* аяқтардағы ісіну

* мойын көк тамырларының ісінуі (набухание)

* плеш симптомының оң болуы

! Қандай ауру оң қарыншалық жетіспеушіліктің дамуымен жиі асқынады:

* артериальді гипертензия

* ревматикалық емес миокардит

* жүректің ишемиялық ауруы

* жедел ревматикалық қызба

*+өкпенің созылмалы обструктивті ауруы

! 59 жастағы ер адам ентігуге, оң қабырға асты аймағындағы ауырлық сезімге, аяқтарындағы ісінуге, жалпы әлсіздікке шағымданады. Об-ті: тынысы везикулярлы, әлсіреген, төменгі бөлігінде ылғалды дауыссыз сырылдар анықталынады, жүрек тондары тұйықталған, ЖСЖ-94 рет минутына, АҚ-110/70 мм с.б. ЭХОКГ: лақтырыс фракциясы – 45%. ЭКГ: сол қарыншаның артқы қабырғасының тыртықты өзгерісі. Бета-блокаторларды қолданумен жүргізілген комплексті терапия жағдайының жақсаруына алып келді.

Науқастың жағдайының жақсаруы бета-блокаторлардың қандай әсерімен анағұрлым байланысты болған:

* жүрек лақтырысының төмендеуімен

* организмнен су мен натрийді шығарылуы

* миокардтың метаболизм процесстерінің жақсаруы

* шеткі қан тамырлар тонусының төмендеуі

*+симпато-адреналды активтілігінің басылуымен

! 68 жастағы әйел ентігуге, қиын бөлінетін қақырыққа, периодты түрде болатын тұншығу ұстамаларына шағымданады. Анамнезінде ӨСОА иен АГ. Об-ті: акроцианоз, мойын көк тамырларының ісінуі, өкпеде шашыраңқы құрғақ және ылғалды дауыссыз сырылдар,бауыры ұлғайған, аяқтарында ісіну. ЭКГ-да: Гис шоғырының оң аяқшасының толық блокадасы.

Қан айналым жетіспеушілігінің салыстырмалы диагностикасында қандай зерттеу әдісі ең ақпаратты болып табылады:

* бронхография

* рентгенография

* коронарография

* компьютерлі томография

*+жүрек қуыстарының катетеризациясы

! Жайылған миокард инфарктын өткерген бір жылдан кейін 58 жастағы ер адамда ортопноэ, түнгі жөтел, тахикардия 120 рет. Қарағанда мойын тамырлары ісінген, гепатомегалия, аяқтарында ісінулер анықталды. ЭХОКГ: кардиомегалия. Емге рефрактерлік анықталды. Науқаста СЖЖ қай дәрежесі БАРЫНША мүмкін дамыды?

* 0

* I

* IIА

* IIБ

*+III

! Созылмалы жүрек жеткіліксіздігі (СЖЖ) кезінде қандай науқастарға жүректік ресинхрониздаушы терапия көрсетілген?

*+максимальды дәрілік терапиядан нәтиже болмаған СЖЖ ФК III-iy бар науқастарға

* дәрілік терапиядан шамалы компенсация болған СЖЖ ФК III бар науқастарға

* дәрілік терапиядан шамалы компенсация болған СЖЖ ФК III бар науқастарға

* қарыншалық иссинхрониясы жоқ СЖЖ ФК І бар науқастарға

* қарыншалық иссинхрониясы жоқ СЖЖ ФК ІІ бар науқастарға

! 69 жастағы әйел ентігуге, түнгі жүрек астма ұстамаларына, әлсіздікке, тершеңдікке шағымданады. Қарап тексергенде: ТЖ-24 рет мин., өкпесінде ылғалды сырылдар, жүрек үндерінің бәсеңдеуі, бауырдың ұлғаюы, ісінулер. ЭКГда: ST V1-V6 депрессиясы. Эхокардиографияда: СҚ КДР– 6,8 см, лақтырыс фракциясы - 32%, сол қарыншаның алдыңғы қабырғасының акинезиясы.

Сол қарыншаның дисфункциясының үдеуін алдын алуға көрсетілген дәрілердің қайсысын тағайындау БАРЫНША тиімді?

*+престариум

* кордарон

* кардикет

* аспирин

* конкор

! Женщина 72 лет отмечает одышку и сердцебиение при незначительной физической нагрузке, перебои в сердце, головокружение, общую слабость. Перенесла Q-инфаркт миокарда. Об-но: в легких незвучные влажные хрипы, ЧДД - 24 в 1 мин., тоны сердца приглушены, мерцательная аритмия с ЧЖС-126 в мин. АД 90/60 мм рт.ст. ЭХОКГ: фракция выброса 32%. Согласно стандартной терапии назначен бета – блокатор.

Наши рекомендации