Интерн-терапевттердің Қорытынды Жылдық аттестация жүргізуіне арналған тест тапсырмалары 4 страница

Төмендегі зерттеу әдістерінің қайсысын жүргізген барынша тиімді:

* ӨАЭС (ЧПЭС)

*+коронарографияны

* вентрикулографияны

* миокардтың сцинтиграфиясын

* позитронды-эмиссионды томографияны

! 27 - жастағы ер адам кардиология бөлімшесіне жүрек соғу ұстамасы, кеуде тұсындағы қысып ауыру сезімі және естен тануға шағымданып түсті. Объективті: дене бітімі астениялық типті. Жүрек үндері әлсіз тұйықталған, ырғағы дұрыс. ЖЖЖ – 88 рет мин. АҚ – 90/60 мм с.б.б. Тропонин Т өзгермеген.

Қандай зерттеуді бірінші кезекте жүргізген БАРЫНШАмәліметті:

* эхокардиографияны

* вентрикулографияны

* коронароангиографияны

* электроэнцефалографияны

*+ЭКГ тәуліктік мониторлауды

! 16 жастағы жігіт мезгіл - мезгіл пайда болатын ұстамалы жүрек қағу мен синкопальды жағдайға шағымданады. Тыныштықта ЭКГ өзгеріс жоқ. Бас миының компьютерлік томографиясы патологиясыз. Эхокардиография қалыпты.

Синкопені нақтылауға көрсетілген зерттеу әдістерінің қайсысын жүргізген БАРЫНША ақпаратты?

*вентрикулография

* өңеш арқылы эхокардиография

*+ЭКГ Холтерлік мониторлау

* жүректің өңеш арқылы электростимуляция

* жүрек ішілік электрофизиологиялық зерттеу

! 65 жастағы ер адам бас айналуға, әлсіздікке шағымданады; кейде қысқа уақытты синкопемен пульстің 35 рет мин дейін баяулауын анықтаған. ЭКГ: AV-блокада II дәрежесі Мобитц II. Тұрақты электрокардиостимулятор имплантацияланған, варфарин тағайындалды.

Жүргізіліп жатқан терапияны қадағалау үшін көрсетілген көрсеткіштердің қайсысы БАРЫНША ақпартты болып табылады?

*+халықаралық қалыптастырылған қатынас

* тромбоциттер агрегациясы
* тромбоцитов адгезиясы

* β-нафтолды тест
* фибриноген

! WPW синдромымен ауыратын 37 жастағы ер адамды соңғы 5-6 айда реципрокты қарынша үстілік тахикардия ұстамалары жиі қайталанады. Дәрі дәрмектік терапия нәтижесіз.

Осы науқасқа көрсетілген емдеу әдістерінің қайсысын тағайындау БАРЫНША тиімді?

* баллонды ангиопластиканы

* аорто-коронарлы шунттауды

* уақытша электрокардиостимуляцияны

* тұрақты электрокардиостимуляцияны

*+аномальді өткізу шоқтарды ажырату

! Миокард инфарктін өткерген 66 жастағы әйелде тахиаритмия ұстамалары әсерінен жүрек жеткіліксіздік белгілері үдеуде. Дәрі дәрмектік терапия сенімді нәтиже бермеді.

Науқасқа көрсетілген емдеу әдістерінің қайсысын тағайындау БАРЫНША тиімді?

*абляцияны

* криодеструкцияны

*+электрлік кардиоверсияны

* уақытша электрокардиостимуляцияны

* тұрақты электрокардиостимуляцияны

! Жыпылықтаушы аритмиямен асқынған дилатациялық кардиомиопатиясы бар науқастарды варфаринмен емдеу ненің бақылауымен жүргізілу керек?

* активті жартылай тромбопластиндік уақытпен

*+халықаралық қалыптастырылған қатынаспен

* қан ұю уақытымен

* қан кету ұзақтығымен

* антитромбин III

! Жүкті әйел әйелдер кенесінде дәрігерге терапевтке жүрек тұсында шалыс соғу (перебои) сезіміне шағымданды. Бұрын ештеңемен ауырмаған. ЭКГ түсірілді:

Интерн-терапевттердің Қорытынды Жылдық аттестация жүргізуіне арналған тест тапсырмалары 4 страница - student2.ru

Науқасты жүргізу тактикасы қандай?

* нақасты динамикада бақылау

* шұғыл түрде жүктілікті үзу

* бұл патология әрі қарай бақылауды қажет етпейді

*+Холтерлік мониторлау және ЭхоКГ жасауды ұсыну

* шұғыл түрде госпитализациялау және интенсивті антиаритмиялық терапия жүргізу

! 53 жастағы әйел жүрек тұсындағы басып ауыратын ауыру сезіміне, бас айналыға шағымданады. Үйде пәтерін жинау кезінде кенет есінен танды. АҚҚ – 90/55 мм сб.б. ЭКГда QSIII, II, AVF, ST элевациясы, толық АВ-блокада ҚЖЖ 32 рет мин. Атропин нәтижесіз, допаминнің инфузиясы тұр.

Негізгі ауруының терапиясымен жедел түрде қандай әдісті қолдану БАРЫНША тиімді?

* эпикардиальді картирлеуді

* холтерлік ЭКГ мониторлауды

*+уақытша электрокардиостимуляцияны

* тұрақты электрокардиостимуляцияны

* өңеш арқылы жүрекшелердің электростимуляциясын

! 34 жастағы ер адам кенет пайда болған және жиі қайталанатын жүрек соғу ұстамасына және сол уақытта жүрек тұсындағы ауыру сезіміне және ентігуге шағымданады. ЭКГ қарынша үстілік тахикардия тіркелді. Дәрі-дәрмектік терапия нәтижесіз болып шықты.

Науқаста аритмияны басуға көрсетілген зерттеу әдістерінің қайсысын БАРЫНША мүмкін қолдануға болады?

* эхокардиографияны

* эпикардиальді картирлеуді

* эндокардиальді картирлеуді

* холтерлік ЭКГ мониторлауды

*+өңеш арқылы жүрекшелердің электростимуляциясын

! Екі миокард инфарктын өткерген 73 жастағы ер адам айқын ентігуге, бірнеше сағат бойы жиі жүрек қағуғу, кенет әлсіздікке шағымданады. ЭКГ Р тісшесі жоқ, аритмия анықталды, ЖСЖ шамамен 150 рет мин. Амиодарон нәтижесіз. Науқаста гемодинамикалық бұзылыстар анықталды.

Көрсетілген емдеу әдістерінің қайсысын жүргізу БАРЫНША тиімді?

* дәрілік кардиоверсияны

* уақытша электрокардиостимуляцияны

* катетерлі радиожиілік деструкциясы

*+жедел электроимпульсті терапияны

* аритмогенді аймақтың лазерлі коагуляциясы

! 58 жастағы ер адамға қатерлі қарыншалық экстрасистолия диагнозы қойылды. Осы жағдайда көрсетілген дәрілердің қайсысын тағайындаған БАРЫНША тиімді?

* соталол

* дигоксин

* верапамил

*+амиодарон

* бисопролол

! Жүрекшелердің жыпылықтауы пароксизмін басу үшін антиаритмиялық дәрілердің 1С классы тағайындалады, мынадан басқасы:

* изоптин

* обзидан

* лидокаин

* дилтиазем

*+пропафенон

! 30 жастағы әйел жиі жүрек қағу ұстамасына, ентігуге, кейде қысқа уақытқа естен тануға шығымданады. Анамнезінде жиі суық тиюмен ауырған. ЭКГ: WPW синдромының белгілері анықталды. ЭхоКГ: сол қарынша қуысының кеңеюі, қақпақшалары интакты, қарынша аралық диффузды гипокинез, сол қарыншаның жиырылужәне насосты қызметі шамалы төмендеген.

Осы науқаста синкопальді жағдайлардың диагностикасы үшін көрсетілген зерттеу әдістерінің қайсысы БАРЫНША объективті ақпарат береді?

* коронарография
* эхокардиография

* вентрикулография
* электрокардиография
*+тәуліктік ЭКГ мониторлау

! Университет студенті 21 жаста жылына екі үш ретке дейін болатын жүрек соғу ұстамасына шағымданып дәрігерге қаралды. Ұстамалар кенет басталып, бірнеше минутқа дейін созылып, әлсіздікпен қатарласып және өздігімен басылады. Қарау кезінде дерттер анықталмады. ЭКГ: ырғақ синусты, дұрыс. PQ – 0,09 сек, QRS-0,11 сек; RV1 тісшесінің өрмелеу тізесінде дельта толқын анықталды.

Науқаста қандай дерт БАРЫНША мүмкін?

* QT интервалының ұзару синдромы

*Клерк-Леви-Критэскосиндромы

* Лаун-Генонг-Ливайна синдромы

* синусты түйіннің әлсіз синдромы

*+Вольф-Паркинсон-Уайт синдромы

! 45 жастағы ер адам 10 жыл бойы ішімдікті шамадан тыс көп қолданады. Дәрігерлерге қаралмаған. Кенеттен жағдайы нашарлаған. Тыныштықтағы ентігу пайда болған, «жедел жәрдем» машинасын шақырған. Дәрігер басталып келе жатқан өкпе ісінуін анықтады. ЭКГ түсірілді:

Интерн-терапевттердің Қорытынды Жылдық аттестация жүргізуіне арналған тест тапсырмалары 4 страница - student2.ru

Жедел сол жақ қарыншалық жеткіліксіздіктің дамуына әкелген себеп қайсысы?

* жедел миокард инфарктысы

* жылдам сырғып шықғатын ырғақ (выскальзывающий ритм)

*+пароксизмальді жүрекшелердің тыпырлауы

* пароксизмальді қарыншалық тахикардия

* тұрақты жүрекшелердің фибрилляциясы

! 67 жастағы әйел кезеңді турде жиі жүрек соғу ұстамаларына, ентігуге шағымданады. Зерттеу кезінде ЭКГ серияларында пароксизмальді жүрекшелердің жыпылықтауы, сол қарыншаның алдыңғы қабырғасының субэндокардиальді ишемиясы тіркелді. Изокет, конкор, аспиринді тағайындағаннан кейін науқас жағдайы жақсарды, жыпылықтаушы аритмияның пароксизмдері азайды.

β – адреноблокаторлардың көрсетілген қандай құрамы БАРЫНША мүмкін науқас жағдайының жақсаруына себеп болды?

* СА түйіннің автоматизмінің төмендеуі

* АВ түйін бойынша қозудың жүру өтімділігінің төмендеуі

*+ишемияланған миокардта жыпылықтау табалдырығының жоғарлауы

* кардиомиоциттер рефрактерлігіне барынша әсердің болмауы

* миокардта өткізу жылдамдығына барынша әсердің болмауы

! 79 жастағы ер адам кенет естен танды. Анамнезінде жайылған миокард инфарктын өткерген, соңғы бірнеше апталарда церебросклероз белгілері деп есептелген бас айналу ұстамалары мазалаған. Тұрақты түрде моноприл, конкор, аспирин қабылдайды. ЭКГ: жүрекше қозуының ырғағы – 70 рет мин, қарыншалардың – 34 рет мин. QRS – кеңейген.

Көрсетілген жағдайлардың қайсысы β – адреноблокаторларды тағайындауда қарсы көрсеткіш болып табылады?

* жеделмиокард инфаркты

* инфарктан кейінгі кардиосклероз

*+Морганьи-Адамс-Стокс синдромы

* гипертрофиялық кардиомиопатия

* физикалық жүктемелерден кейінгі аритмиялар

! Ревматикалық жүрек ауруы бар жыпылықтаушы аритмиямен ауыратын 57 жастағы әйел тыныштықтағы ентігуге, жүрек қызметіндегі дұрыс емес ырғақтар және жиі жүрек соғу, оң қабырға астындағы ауырлық сезімі, аяқтарындағы ісінулерге шағымданады. Тұрақты түрде дигоксин, гипотиазид қабылдайды. Соңғы 2 апта жағдайы нашарлады. Қанда: калий – 2,3 ммоль/л. ЭКГ: жүрекшелердің жыпылықтауы ЖСЖ 120 рет мин. ST сегментінің доға тәрізді ығысқаны анықталды.

Көрсетілген жағдайлардың қайсысы БАРЫНША мүмкін науқас жағдайының нашарлауына алып келді?

* гипокалиемия

* миокард ишемиясы

* жыпылықтаушы аритмия

* диуретиктерді көп қолдану

*+дигиталистік интоксикация

! Жүректің органикалық дерті кезінде жиі пароксизмальді жыпылықтаушы аритмиясы бар науқасқа БАРЫНША тиімді тағайындау:

* бисопрололды

*+амиодаронды

* верапамилді

* дилтиаземді

* дигоксинді

! Артериальді гипертензиямен ауыратын 49 жастағы ер адам ірі ошақты миокард инфарктын өткергеннен кейін қарынша үстілік экстрасистолалар типі бойынша ырғақ бұзылысы дамыды.

Осы науқасты емдеуде БАРЫНША оптимальді дәрілік тобты таңдаңыз:

* нитраттар

* диуретиктер

*+бета блокаторлар

* АПФ ингибиторлар

* жүрек гликозидтері

! Миокардитпен ауырғаннан кейін 55 жастағы әйелде жүрек соғысының бұзылуы, жүрек аймағында серейіп қалу сезімі, бас айналу пайда болды. Холтерлік мониторлау жүргізілді. Мониторды шешу кезінде кенет естен танды. Реанимациялық шаралар нәтижелі болды. Синкопальді жағдай кезінде тіркелген мониторлаудың қорытындысында Р тісшелері, QRS комплексі анықталды.

Науқасты жүргізуде қандай тәсіл БАРЫНША тиімді?

* дәрілік терапия

* уақытша кардиостимуляция

*+тұрақты кардиостимуляция

* кардиовертер-дефибрилляторды орнату

*өңеш арқылы электрокардиостимуляцияны орнат

! 48 жастағы әйел вирусты миокардит диагнозымен ем қабылдауда. Кенет жиі жүрек соғу ұстамасы, әлсіздік, суық тер пайда болды. Қарағанда: жүрек үндері әлсіреген, ырғағы дұрыс. ЖСЖ 160 рет мин. АҚҚ 70/40 мм сб.б. ЭКГ: P тісшесі жоқ, QRS комплексі кеңейген, RR аралығы бірдей.

Науқасты жүргізуде қандай тәсіл БАРЫНША тиімді?

* т/і лидокаин инфузиясы

* т/і амиодарон инфузиясы

* т/і верапамил инфузиясы

*+электрлік кардиоверсияны жүргізу

* электрлік кардиостимуляцияны жүргізу

! 47 жастағы әйел кенеттен пайда болған жиі жүрек қағу ұстамасына шағымданады. Тахикардия себебі бойынша ертеректе қаралған, нәтижесінде аритмологтар абляция жүргізу ұсынған. ЭКГде: Ырғақ жиілігі 200 рет 1 мин. QRS комплексі кеңейген. V 5 V6 әкетулерінде R тісі үстем етеді, V1 V2 – S.

Осы ырғақ бұзылысын дәрі дәрмектік жоюға бірінші кезеңде тағайындау БАРЫНША тиімді:

* аймалинді т/і құю

*+лидокаинді т/і құю

* амиодаронды т/і құю

* новокаинамидті т/і тамшылатып

* бретилия тозилатты т/і тамшылатып

! Кардиологиялық бөлімшеге 50 жастағы ер адам кеуде артындағы өте күшті ауыру сезімімен шағымданып ауыр жағдайда түсті. Қарап тексергенде: тері жабындылары боз. Жүрек үндері бәсеңдеген, айқын тахикардия, АҚҚ 90/60 мм сб.б. ЭКГде: жедел тәждік қан айналым бұзылысы. Пароксизмальді қарынша үстілік тахикардия диагностикаланды. Ырғақ бұзылысын қалыпқа келтіру мақсатымен жедел жәрдем бригадасында изоптин құйылды, бірақ ырғақ қалыпқа келмеді.

АВ-реципрокты тахикардияны жоюға көрсетілген дәрілердің қайсысы таңдау дәріліріне БАРЫНША МҮМКІН жатады:

* обзидан

*+аденозин

* дигоксин

* кордарон

* дилтиазем

! 74 жастағы әйел изокет-спреймен басылмайтын, ұзақтығы бір сағаттан көп кеуде артындағы ауыру сезіміне, жүректе ырғақ бұзылысына, жүрек қағуға, ентігуге шағымданады. ЭКГда: жүрекше фибрилляциясы ЖСЖ 140 рет мин., STV2-V4 депрессиясы.

Көрсетілген дәрілердің қайсысын аритмия пароксизмін басуға қолдану БАРЫНША тиімді?

* обзидан

* дигоксин

* лидокаин

*+кордарон

* верапамил

! ӨСОА бар 35 жастағы әйел жиіленген жүрек соғу ұстамасы және ентігумен стационарға келіп түсті. Қарағанда: еріндерінің цианозы, өкпеде құрғақ сырылдар, ТЖ 24 рет минутына; жүрек тондары тұйықталған, ЖСЖ 106 рет минутына. ЭКГ-да: пароксизмальді қарыншаүстілік тахикардия. ЭХОКГ: жүректің оң бөлігінің айқын дилатациясы, лақтырыс фракциясы 58 %, 1 дәрежелі өкпелі гипертензияның белгілері. Аритмия ұстамасын басу мақсатында көрсетілген дәрілердің қайсысын тағайындаған БАРЫНША оптимальді:

* кордаронды

* лидокаинді

*+верапамилді

* пропранололды

* новокаинамидті

! Бронх демікпесімен ауратын 42 жастағы әйел тұншығу ұстамасына, жүрек соғуына, аяқтарындағы ісінуіне шағымданады. Қарағанда: акроцианоз, кеуде клеткасы эмфизематозды, өкпеде көптеген құрғақ ысқырықты сырылдар. ЭКГ-да: жүрекшелер фибрилляциясы, қарыншалардың жиырылу жиілігі 124 рет минутына, жүректің электрлік осінің оңға ығысуы. ЭХОКГ-да: екі жүрекше мен оң қарыншаның дилатациясы, лақтырыс фракциясы 42%, 2 дәрежелі өкпелі гипертензия.

Бұл науқаста аритмия ұстамасын басу мақсатында көрсетілген препараттың қайсысын тағайындаған тиімді:

*+кордарон

* этацизин

* лидокаин

* пропранолол

* новокаинамид

! 84 жастағы ер адам кеуде артындағы және жүрек тұсындағы қысып ауыратын ауыру сезіміне, бас айналуға, синкопе эпизодтардың қайталануына, әлсізідікке шағымданады. ЭКГда бірінші пайда болған атриовентрикулярлы бөгеме II дәрежесі Венкебах-Самойлов кезеңдер фонында ST III, II, aVF 4 мм элевациясы тіркелді.

Қандай емдеу тәсілі БАРЫНША тиімді?

* тұрақты электрокардиостимуляция

*+уақытша электрокардиостимуляция

* дәрі-дәрмектік кардиоверсия

* электрлік кардиоверсия

* аритмогенді аймақтың абляциясы

! Триглицеридтердің деңгейі мына дәріні қабылдағанда БАРЫНША мүмкін нәтижелі төмендейді:

* пробуколды

* эссенциалені

* колестиполды

* симвастатинді

*+ципрофибратты

! Аневризма, стеноздар, қолқа және оның тармақтарының окклюзиясын нақтылы анықтауда БАРЫНША мәліметті:

* рентгенография

* эхокардиография

* коронароангиография

*+магнитті-резонансты томография

* ЭКГ Холтер бойынша тәуліктік мониторлау

! 45 жастағы ер адам жүргенде пайда болатын, тыныштықта басылатын балтыр бұлшық еттерінің ауруына, аяқтарының ұйып қалу мен салқындауына; импотенцияға шағымданады. Объективті: аяқ басының цианозы, башпайлар мен аяқ басындағы некроз ошақтары бар трофикалық жаралар. Пальпацияда: аяқ басы мен тізе асты шұңқырдағы артериялардың пульсі анықталынбайды. Аускультативті: құрсақ аортасы мен сан артериясында систоликалық шуыл.

Науқаста көрсетілген синдромдардың қайсысының дамуы барынша мүмкін:

* Горнер

*+Лериш

* Марфан

* Дресслер

* Бадда-киари

! 60 жастағы ер адам жаурын аралық және эпигастрий, іштің төменгі бөлігі аймақтарына біртіндеп ығысқан, төс артында кенет пайда болған интенсивті ауру сезімге шағымданады. Наркотикалық анальгетиктер бергенде ауру сезімі басылмады. ЭКГ-да: синусты ырғақ, ЖСЖ 100 рет минутына. ЖЭО солға ығысуы. Сол қарыншаның гипертрофиясы. Ошақты өзгерістер жоқ. Қанда КФК деңгейінің жоғарлауы.

Көрсетілген диагноздардың қайсысының болуы барынша мүмкін:

* миокард инфарктісі

* жедел панкреатит

* диафрагмальді жарық

*асқазанның тесілген (прободная)жарасы

*+аортаның қабатсызданған (расслаивающая) аневризмасы

! Кіндіктің айналасы аймағында пульсацияны сезетін 60 жастағы ер адамды зерттегенде аортаның құрсақ бөлігінің аневризмасына күдіктену пайда болды. Бұл патологияға көрсетілген УДЗ белгілерінің қайсысы барынша тән:

*+аорта қабырғасының жергілікті ісінуі (выбухание)

* құрт тәрізді бағананың (чревного ствола) тромбпен бітелуі

* атеросклероздық табақшалардың болуы

* құрсақ қолқасының диаметрінің жергілікті тарылуы

* құрсақ қолқасының диаметрінің диффузды тарылуы

! 50 жастағы ер адам 200 метрден аз арақашықтықка жүргенде пайда болатын балтыр бұлшық етіндегі ауру сезіміне, аяқтарындағы ұю мен салқындау сезіміне шағымданады. Аяқтарының тамырларының пальпациясында сан артериясында пульсацияның бәсеңдеуі анықталынды.

Науқаста созылмалы артериальді жетіспеушіліктің қандай сатысының дамуы барынша мүмкін:

* I

* II A

*+II Б

* III

* IV

! 45 жастағы ер адамның аяқтарын тексеріп қарағанда башпайлар мен аяқ басындағы некроз ошақтары мен трофикалық жаралары бар аяқ басының цианозы, балтыр мен сан бұлшық еттерінің гипотрофиясы мен жартылай атрофиясы анықталынды. Аяқтарының тамырларының пальпациясында сан артериясында пульсацияның бәсеңдеуі; аяқ басының мен артқы үлкенжіліншікті артерияларында пульсацияның жоқтығы байқалынды.

Зерттеу әдістерінің қайсысын бірінші кезекте тағайындау керек:

* коронароангиографияны

* магнитті-резонансты томографияны

* пульстік толқынның жылдамдығын анықтау

*+аяқ тамырларының ангиографиясын

* аяқ буындарының рентгенографиясын

! 64 жастағы әйел тамақ қабылдағаннан кейін пайда болатын іштегі ұзақ уақыт созылған тұйық сыздайтын ауру сезіміне, кекіруге, тәбетінің төмендеуіне, арықтауына шағымданады. Пальпаторлы кіндік аймағында сол жағында ісік тәріздес, пульсациялайтын түзілім анықталынады. Аускультативті сол жерде систоликалық шуыл естіледі.

Бұл жағдайда зерттеу әдістерінің қайсысын тағайындау БАРЫНША тиімді:

*+құрсақ қуысының тамырларының ультрадыбыстық зерттеуін

* құрсақ қуысының мүшелерінің ультрадыбыстық зерттеуін

* фиброгастродуоденоскопияны

* колоноскопияны

* ирригоскопияны

! 61 жастағы ер адам физикалық күштеме кезінде мазалайтын жүрек тұсындағы басып ауыру сезіміне, басында шуға, бас ауыруына шағымданады. Қарап тексергенде: толық, ірі буындарының аймағында көптеген ксантомалар, қабақ терісінде ксантелазмалар; мүйізді қабықта сенильді шеңбер. Қанда холестерин 7,2 ммоль/л, ТТЛП холестерин 3,4 ммоль/л.

Науқаста көрсетілген зертханалық көрсеткіштердің қайсысының өзгерісін күтуге болады?

* триглицеридтердің төмендеуін

* хиломикрондардың жоғарылауын

* жалпы холестерин деңгейінің төмендеуін

*+төмен тығыздықты липопротеидтердің жоғарылауын

* жоғары тығыздықты липопротеидтердің жоғарылауын

! 76 жастағы ер адамды қарағанда көптеген ксантомдар мен ксантелазмалар, құлақ сырғалығындағы диагональді қатпар, құлақ қалқанында шаштың көп өсуі, «құрт тәрізді симптом» анықталған.

Көрсетілген ұсыныстардың қайсысы БАРЫНШАтиімді?

* жалпы майды қолдануды ұлғайту

* клетчатканы қолдануды азайту

* күрделі көмірсутектерін қолдануды азайту

* қаныққан май қышқылдарын қабылдауды ұлғайту

*+жартылай қаныққан май қышқылдарын қолдануды ұлғайту

! Ірі ошақты миокард инфарктымен ауырған, жалпы холестерин 8,6 ммоль/л, тығыздығы жоғары липопротеидтер 0,5 ммоль\л, ЭХОКГ-да: қолқа қабырғасының қалыңдаған және қолқа қақпақшалары склероздық зақымдалған, атеросклерозға тектік бейімдлігі бар 68 жастағы науқасқа БАРЫНША тиімді антиатеросклероздық терапияны таңдаңыз:

* никотин қышқылы

* холестирамин

*+розувастатин

* бензофибрат

* пробукол

! 67 жастағы ер адамды наркотикалық анальгетиктердің қайта енгізуімен басылмайтын, төс артында және жаурын аралық аймағындағы шыдатпайтын ауру сезімі мазалайды. Жағдайы ауыр. Тері жабындысы бозғылт. ІІ қабырға аралықта систоло-диастоликалық шуыл. АҚ – 90/20 мм с.б. ЭКГ-да синусты ырғақ, ЖСС – 120 рет минутына. Жүректің электрлік осінің солға ауытқуы. Сол қарыншаның гипертрофиясы. Ошақты өзгеріссіз.

Ең тиімді жүргізу тактикасы қандай:

* спазмолитиктер қосу

*+оперативті ем жүргізу

* седативті препараттарды тағайындау

* наркотикалық емес анальгетиктер қосу

* ауру сезімінің толық басылуына дейін наркотикалық анальгетиктерді енгізу

! ЖИА мен жыпылықтаушы аритмиямен ауыратын 70 жастағы ер адам ұзақ уақыт бойы майлы тамақтардан кейін ішіндегі ұстама трізді ауыру сезімі, метеоризм, дәретінің тұрақсыздығы, тәбетінің төмендеуі, арықтауды байқаған. Науқаста кенет наркотикалық анальгетиктермен басылмайтын кіндік аймағында және ішек бойымен қарқынды ауыру сезімі пайда болды. Қарағанда іші тақтай тәрізді, Щеткина-Блюмберг симптомы оң.

Наши рекомендации