Хламидилардың морфологиясы және дақылдық қасиеттерін анықтаңыз.

Морфологиясы. Хламидиялар грам-теріс бактерияларға жақын, ДНҚ және РНҚ-сы, цитоплазма тикалық мембранасы мен жасуша қабырғасы бар. Грам-теріс бактериялар тәрізді кең спектрлі антибактериалдық дәрі-дәрмектерге сезімтал. Тетрациклиндік және макролидтік қатардағы антибиотиктерге өте сезімтал болып келеді.Халмидиялар - патогенді, облигатты жасушаішілік бактериялар. Олар макроорганизм, яғни адам немесе жануар жасушасынан тыс көбейе алмайды, сондықтан клиникаларда бактериологиялық диагноз қою әдісі аса тән емес. Оларда иесінің жасушасының цитоплазматикалық қосындьшарының (ЦҚ) ішінде өтетін ерекше даму циклы болады. Осы цикл кезінде хламидиялар иесінің жасушасының ферме жүйесін толық пайдаланады, соның салдарынан ол толығымен энергетикалық және метаболиттік түрғ иесіне тәуелді болады. Цитоплазматикалық қосынды микроорганизмнің әртүрлі популяциясынан түр ол негізінен микробтық жасушаның екі түрінен түрады: элементарлық денешіктер (ЭД) – жұқпалы түрі және ретикулярлық денешіктер (РД) - вегетативтік түрі. ЭД жасушадан тыс тіршілік қабілетін сақталып қалуға бейімделген, метаболиттік белсенділігі төмен; РД қоршаған ортада тез бұзылады, антибиотиктерге өте сезім-тал, бірақ иесінің жасушасында жоғары метаболиттік белсенділік танытады. ЭД фагоцитоз арк жасушаға еніп аралық денешік (АД) түзу арқылы РД-ке ауысады. РД бинарлы бөлініп АД арқылы ЭД- трансформацияланады (сурет-хламидиялардың даму циклы). Бұл даму циклы ЦҚ ішінде 40-72 сағатқа созылып, қосынды мембранасын жарып шығып ЭД-тер айналасында орналасқан иесінің жаңа жасушаларын зақымдайды.

Элементарлық денешіктердің морфологиялық ерекшеліктері:

Электронды тығыз, майда (300 нм) бөлшектер; Романовский-Гимзе бойынша қызғылт түске боялады

Жасушадан тыс көбейе алмайтын түр болып табылады.

Ретикулярлық денешіктердің морфологиялық ерекшеліктері:

Ұяшықталған құрылымды, ірі (1200 нм) бөлшектер; Романовский-Гимзе бойынша көкшіл түске боялады.

Жасуша ішінде көбейе алатын түрге жатады: бинарлы бөлініп, цитоплазмада қосынды денешіктер

түзеді.

Дақылдандыру. Хламидияларды диагностикалық мақсатта бөліп алуды дамып келе жатқан тауық эмбриондарының саруыз қапшықтарының эпителий жасушаларында және жасуша дақылдарында жүргізеді.

Дамыуына 6-8 күн толған тауық эмбриондарының саруыз қапшығына жұқтыру ұзақ уақыттар бойы хламидиялық инфекцияларға этиологиялық дигноз қою үшін қолданылып келген ең нақты әдіс болды. Қазіргі кезде де хламидиоз диагнозын дәлелдеуде жоғарыспецификалық әдіс болып келеді. Сезімталдылығы бойынша бұл әдіс жасуша дақылдарында хламидияларды диагностикалық мақсатта бөліп алумен тең. Хламидияларды диагностикалық мақсатта бөліп алу критерийлері: микроорганизмнің морфологиялық құрлымдарының және тұқымдастыққа тән антигендердің болуы. Техникалық орындауы жағынан әдіс Қарапайым болып келеді, бірақ даму үрдісінің өзі әрі күрделі әрі ұзақ уақытты талап етеді (2-3 пассаж жасалғаннан кейін 7-12 күннен 3 -4 аптаға дейін), сондықтан жылдамдатылған әдістердің болуы іс жүзінде бұл әдістің қолданылуын шектейді.

Спецификалық диагноз қою әдісі іп vitrо-да дақылдандыру болып табылады. Әдіс «алтын стандарт» атауына ие болған. Қазіргі кезде хламидияларға сезімталдылығы жоғары жасушалардың әр түрлері қолданылады. Көз және жыныс мүшелерінен алынған зерттеу затын жасуша дақылдарына сеуіп лрды бөліп алу, саруыз қапшығында дақылдандырудан әлдеқайда сезімтал болып келеді. Бұл лқшылығы 100% спецификалылығы мен жоғары сезімталдылығы. Бірақ бұл әдісті кеңінен қолдануға оның қымбаттылығы, күрделілігі және нәтижесін 72 сағаттан кейін ғана алуға болатындығы кедергі жасайды

І

17. Ішек таяқшаларының морфологиясы және дақылдық қасиетін анықтаңыз. Морфологиялық және тинкториалдық қасиеттері. Е.соlі екі шеттері жүмырланған, ұсақ, грам теріс таяқшалар, жағындыда ретсіз орналасқан, спора түзбейді, кейбір штамдары микрокапсулаға ие перитрихтар; талшықтардан басқа, кейде пили (кірпікшелер) анықталады.

Дақылдандыру. Ішек таяқшасы - факультативті анаэроб, қоректік ортаға талғамсыз, рН 7,2-7,4 болатын қарапайым қоректік орталарда 37°С-та жақсы өседі, сүйық ортада диффузды лайланып, түбінде түнба беріп өссе, тығыз қоректік орталарда жылтыр жартылай мөлдір 8 және К. колониялар түзеді. Эшерихиоз диагнозын қою үшін дифференциалды-диагностикалық орталар (Эндо, Левин және т.б.) кең қолданылады.

Наши рекомендации