Педагогикалық институттың компьютер орталығындағы 20 жұмыс орыны бар
1. Сәйкес келмейді. СанПиН бойынша ДК пайдаланатын бір жұмыс орнына бөлінетін алаң 6м2 тан кем болмауы керек. 20 орынға – 120 м2 болу керек. Қатарласа және орталықта немесе периметр бойынша орналасқан жағдайда 4м2 кем болмауы керек. Ал 20 орынға – 80 м2 ауданы болу керек. Қатарымен орналасса екі столдың арақашықтығы 2 метрден кем болмауы керек. Периметралды орналасса 50 см болу керек. Бүйір қабырғаның ара қашықтығы 1,6- 2 см болу керек.
2. ДК жұмыс орындаған жағдайда, жұмыс үстелдері мен бейнемонитордың арақашықтығы сыртқы беті жағынан бір бейнемонитордан екінші экранға дейін кемінде 2 м, бейнемонитордың бүйіріндегі бетінің арақашықтығы кемінде 1,2 м болуы керек. Жұмыс үстелінің құрылымы қолданатын жабдықтың жұмысшы бетіндегі санын құрылымдық ерекшеліктерін, орындайтын жұмыстың сипатын ескере отырып, тиімді орналасуын қамтамасыз ету керек. Жұмысшы орындығының құрылымы ДК жұмыс істеу барысында тиімді жұмыс кейпін ұстауға, тез шаршаудан сақтандыру үшін мойынның бұлшықеттері мен арқасына түсетін салмақты азайтып, кепін жеңіл ауыстырып отыруды қамтамасыз етуге тиіс. Жұмысшы орындығы көтеріліп бұрылатын, отыратын жерінің және арқасының биіктігі мен еңкею бұрышы, сол сияқты арқасының орындықтың алдыңғы шетінен қашықтығы реттелетін, бұл жағдайда реттелетін әрбір параметрі бір біріне тәуелді емес, жеңіл орындалып және мықты бекітілуі керек. Орындықтың беті, арқасы және басқа элементтердің сырғанамалығын, жеңіл электрлігін және ауа өтетін, тез тазартуға болатын, жартылай жұмсақ қабы болу керек. Үстелдің жұмысшы бетінің биіктігі 680 – 800 мм шегінде реттелу керек. Жұмысшы үстелдің аяққа арналған биіктігі 600 мм кем емес, тереңдігі тізенің деңгейінде – 450 мм және созылған аяқ деңгейінде 650 мм болатын кеңістігі болу керек. ДК қолданушының жұмыс орны кеңдігі 300 мм, тереңдігі 400 мм болатын, биіктігі 150 мм дейін, тірейтін бетінің еңкею бұрышы 20º дейін реттелетін аяқ қойғышпен жабдықталуы тиіс. Аяқ қойғыштың беті бүдірлі және алдыңғы жиегінің биіктігі 10 мм болатын ернеуі болуы керек. Жұмысшы үстелінің құрылымы: орындықтың бетіне тең екендігі мен тереңдігін; орындық бетінің алдыңғы бөлігінің шеттері доғалдануын; орындық бетінің 400 – 550 мм аралығында биіктігі және еңкею бұрыштары; алға қарай 15º және артқа қарай 5º реттелуін қамтамасыз етуі керек. Орындықтың сүйенетін арқасының биіктігі 300 (+20) мм, кеңдігі 380 мм кем емес, көлденең жалпақтығының қисық радиусы – 400 мм; арқасының еңкею бұрышы тік жазықтықта +30º болу керек. Орындық арқасының отыратын алдыңғы жиегінен қашықтығы 260 – 400 мм шегінде реттелу керек.
3. 2004 ж. 18 қыркүйек № 631 бұйрық «Дербес компьютерлерге, бейнематериалдарға және олармен жұмыс істеуге қойылатын талаптар». Қазірде 01.12.2012 №1430 «Адамға әсер ететін физикалық фактор (компьтер және видеотерминалдар) көздерімен жұмыс жасау жағдайына қойылатын санитарлық эпидемиологиялық талаптар ережесне сәйкес регламенттеледі.
Шошқа өсіретін комплекс құрылысының
1) 06.05.2005 ж. №143 ҚРДСМ бекіткен «Мал және аң шаруашылығы обьектілерінің эксплуатациясы мен құрылымына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» санитарлық-эпидемиологиялық ережесі мен нормасы қолданылады.
2)Мал және аң шаруашылығы обьектілерін орналастыруға жер таңдауға және үй-жайын салуға жер таңдау санитарлық қорғаныш аймағын анықтау үшін желдің бағытын есепке ала отырып, ауыз сумен қамтамасыз ету сапасына, жинау, ағынды сулар мен қиларды жоюды есепке ала отырып жүзеге аыру керек. Территорияс қоршалған болуы, обьектілердің өндірістік және арнайы сыйымдылығына байланысты бірнеше өтетін жолдары болуы керек.Территорияға кірер кезде дезинфицирленген барьерлер және санитарлық өткелмен бақылау –өткелдік пункті болуы керек. Санитарлық қорғаныс аймағының өлшемі мал шаруашылығында 5 мың басқа (шошқа) дейін шошқа өсру мен жеміне 1000 м, ал 5 мың бастан жоғары малға СҚА 2000 м болуы керек. Территория шаруашылық-әкімшілік зонаға, жем дайындау мен сақтау бөлмесі, қи сақтау және мал көметін зонаға бөлінеді. Жоба келісіміндегі шошқа шаруашылығының СҚА 550 м болуы аз, кемінде 1000 м болуы керек. Санитарлық қадағалау дәрігерінің әрекеті мал шаруашылығы обьектілерінің территориясына қойылатын талаптарға сәйкестігін, СҚА-ң бекітілуін, жарықтану, шу, вибрация жүйесі, сумен қамтуға, мал өнімі қалдықтарының жойылуы жолын есепке алып шошқа өсіретін комплекс құрылыс жобасына санитарлық –эпидемиологиялық қорытынды беру үшін қайта қарауға жіберу керек. Себебі, СҚА-ң санитарлық ережелерге сай келмеуі.
3)Мал шаруашылығының обьектілерін салу мен эксплуатациялауға қойылатын талптарға тоқталсақ, территориясы бойынша 50 бастан көп болғанда мал моласы пункті қарастырылуы керек.Мемлекеттік орган қызметкерлерімен бекітілген жабдықтармен жабдықталуы керек. Бұл тұрғын, үй обьекті территориясынан алыс орналасуы керек. Қиларын жинайтын сақтағыш бөлме қарастырылуы керек. Қи сақтағыш қоршалуы және обьектіге қатысты жел жағында орналаспауы керек, рельефі мал шаруашылығы ғимаратынан 100 м аз емес ара қашықтықта төмен орналасуы керек. Аула дәретханасы сиыр тұратын және басқа да бөлмелерден 25 м-ден жақын емес қашықтықта орналасуы және 3\2 бөлігі толғанда тазартылуы керек. Обьектіде жоспарлы дератизациялық шаралар, жердің рекультивациясы (рельефін тегістеу, траншей себу, котлован қою) территорияны жинау, уақытылы бөлме жөндеулері жүргізілуі керек. Табиғи және жасанды жарықтану өндірістік және қосымша бөлмелерде 60-150 люкс орындалатын жұмысқа байланысты болуы керек Қысқы температура есептелетін райондарда сыртқы ауа температурасы -20 ºС төмен болғанда қақпа тамбурмен қамтамасыз етілуі керек. Өндірістік мақсатта техникалық су қолданылады. Ауыз суға және өндіріске арналған су құбырлары бөлек, айқын түстерге ажыратылуы керек. Су алатын нүктелерінде «ауыз су» және «техникалық» деген жазулары болуы қажет. Қиларын жою механикалық, гидравликалық немесе пневматикалық әдістермен жүргізілуі керек. Механикалық әдісте скребки, транспортер және бульдозерлер, ал гидравликалық және пневматикалықта-арнайы құрылғы қолданады.