Скерлердің сумен қамтамасыз етілуі бойынша ситуациялық есептер

Есеп

Полкті сумен қамтамасыздау үшін Н. елді мекен жерінен жол бойында орналасқан шахталық құдықтан су алуға шешім қабылданды. Қимасы ағаштан жасалған, ескі, жер бетінен 0,5 м. биікте орналасқан. Сазды бөлшегінің жабыны жоқ. Берілген анализі: мөлдірлігі – 20 см, түстілігі - 30о, дәмі мен иісі - 0,9 мг/л, нитрат – 0,4 мг/л, тотықтырғыштығы – 5. Суды қолдану және өңдеу әдістері туралы қорытынды беріңіздер.

Есеп

Дивизияны сумен қамтамасыз ету үшін жер асты суын қолдану қарастырылды, иісі – 0 балл, фтор – 2,5 мг/л, құрғақ қалдығы - 3000 мг/л, хлоридтер - 500 мг/л, сульфат – 800 мг/л, коли-титрі – 500. Судың сапасын жақсартатын қандай өңдеу әдісі және қандай табельді заттарды қолдануға болады?

Есеп

Шөлді жерде оқуда жүрген ротаның су қорының мөлшері – 1200 л. Ротада 100 адам. Оқу уақыты 4 күн. Су қоры жеткілікті ме, соны көрсетіңдер.

Есеп

Басқа бөлімшелерден бөлек бөлінген барлау тобында – 6 адам қызмет етеді. Осы жағдайда қандай сумен қамтамасыздауды ұйымдастыру түрлері бар және судың сапасын жақсартуға қандай заттар ұсынар едіндер?

Есеп

Елді мекеннен 100 км қашықтықтағы орманда полк орналасқан. Жақын жерде жау орналсқан бағыттан келетін өзен ағып тұр. Жақын арада құдық жоқ. Сумен қамтамасыз етуді ұйымдастыру шараларының жоспарын жасап беріңіздер.

Есеп

Су көзін барлау нәтижесінің мәліметтері мынадай: Березка ауылынан 2,5 км қашықтықта Березка өзені бойында полк орналасқалы жатыр. Өзеннің жағалаулары жайпақ, полкке кіру жолдары ыңғайлы. Су шығыны – 10 мг/л, хлоридтер – 20 мг/л. Берілген су көзін қолдану мүмкіншілігі туралы қорытынды беріңіздер.

Есеп

Рота орналасқан Выселка ауылында шахталық құдығы бар, Жер бетінен биік жатқан құдықтың аузы бұзылған, ішкі беті қапталған ағаш қимасы зақымдалған. Құдықтағы су мөлдір, түссіз, тотыққыштығы – 6 мг/л, аммиак – 0,4 мг/л. Оттегі дебиті тәулігіне – 1,5 м3. Осы суды шаруашылық ішу мақсатында қолдану туралы қорытынды беріңіздер. Ротаны сумен қамтамасыздауға құдық суы жеткілікті ме?

Есеп

Әскер бөлімін сумен қамтамасыздау үшін өзен суының сапасын жақсартуға ТУФ – 200 қолданғалы отыр. Су анализінің көрсеткіштері бойынша мыналар анықталды: ащы-тұзды дәмі бар, хлоридтер – 600 мг/л, құрғақ қалдығы – 2500 мг/л, тотыққыштығы – 3,5 мг/л, азот, аммиак, нитраттардың ізі бар.

Берілген суды өндеу үшін тандаған табельді заттардың дұрыстығы туралы сұрақты шешіңіздер. Сіз қандай заттар ұсынасыз?

Есеп

Дивизияны сумен қамтамасыздау мақсатында ашық су көздерін пайдаланғалы отыр. Суды өндеу үшін МАФС – 3 қолданылады. Өзен суына поливинилхлорид шығаратын химиялық зауыттың ағын сулары келіп құйылады. Ағынды сулардың құйылатын жерінен 900 м төмен аймағынан суды пайдалануға алмақ. Берілген су көзін пайдалану туралы сұрақты шешіңіздер, егер анализ көрсеткіштері төмендегідей болса: жалпы кермектілігі - 3 мг-экв/л, құрғақ қалдығы - 200 мг/г, аммиак азоты – 4 мг/л, нитрит азоты – 6 мг/л, сульфаттар – 200 мг/л. Қандай қосымша зерттеулер жүргізілуі тиіс?

Есеп

Елді мекеннен алыс орналасқан 200 адамдық әскери бөлімді сумен қамтамасыз ету үшін артезиан ұңғысы жасалды. Анализдің берілгені: мөлдірлігі – 30 см, түстілігі - 20º, иісі мен дәмділігі жоқ, жалпы кермектілігі – 14 мг/л, хлоридтер – 100 мг/л, құрғақ қалдығы – 800 мг/л. Дебиті 2 м3/ сағ. Берілген су көзін пайдалану мүмкіндігі туралы және қажетті өңдеу әдістері туралы қорытынды беріңіздер. Әскери бөлімді сумен қамтамасыз етуге судың мөлшері жеткілікті ме?

Мамандығы: Жалпы медицина

СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСТАРЫНА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАР

Курс: 3

Пән: Жалпы гигиена

Растырған: м.ғ.к., аға оқытушы Ержанова А.Е.

Оқытушы Адилова М.Т.

Алматы, 2013 ж

Кафедра мәжілісінде талқыланды және бекітілді

Хаттама №____________________2013 ж.

Жалпы гигиена және экология

кафедрасының меңгерушісі

м.ғ.д, профессор Ү.И. Кенесариев

Тақырып № 1 Гигиенаның пән ретінде қалыптасу және даму тарихы. Гигиеналық нормалау- қоршаған ортаның факторларының әсерімен байланысты аурулардың алдын алудың негізі ретінде. -2 сағат.

Мақсаты: Гигиеналық білімнің дамудағы және гигиенаның ғылым ретінде қалыптасудағы негізгі сатылары жөніндегі білімді қалыптастыру. Қоршаған орта факторларын гигиеналық нормалау әдістері, қағидалары және рөлі туралы білімді қалыптастыру.

Наши рекомендации