Интерн-терапевттердің Қорытынды Жылдық аттестация жүргізуіне арналған тест тапсырмалары 3 страница
Қандай препарат жанама әсер көрсетті?
* Цитозин-арабинозид
* Гидроксимочевина
* Альфа-интерферон
*+Иматиниб
* Миелосан
84! Іә жастағы ер адам айқын әлсіздік, түнгі уақытта мазалайтын терлегіштік, құрғақ жөтел, дем жетпеу; дене температурасының 390С дейін көтерілуі, дене салмағының төмендеуіне шағымданады. Об-ті: лимфа түйіндері ұлғайған, пальпациялағанда ауру сезімсіз. ЖҚА: эритроциттер-3,6 млн., Нв-113 г/л, ТК-0,94, лейкоциттер-8,8 мың., п/я-10%, с/я-66%, лимфоциттер-14%, моноциттер-3%, тромб-350 мың., ЭТЖ-58 мм/с. Лимфа түйіндерді пунктат жасаған кезде: Березовского-Штернберга жасушалар анықталды.
Қандай емдеу тактикасы БАРЫНША дұрыс?
* Сәулелік терапия
* Монохимиотерапия
*+Полиохимиотерапия
* Антибактериалды терапия
* Сүйек миының трансплантациясы
85! 68 жастағы әйел жалпы әлсіздік, дене қызуының көтерілуіне шағымданады. ЖҚА: эритроциттер-2,8 млн., Нв-87 г/л, лейкоциттер-45,1 мың., п/я-15%, с/я-11%, лимфоциттер-1%, базофилдер-18%, эозинофилдер-1%, промиелоциттер-22%, бластты жасушалар - 6%, тромб-43 мың., ЭТЖ-42 мм/сағ.
Қандай ем тактикасы БАРЫНША тиімді?
* Спленэктомия
* Сәулелік терапия
*+Полихимиотерапия
* Интерферонотерапия
* Сүйек миының трансплантациясы
86! 73 жастағы ер адамның ЖҚА-да: эритроциттер-3,1 млн., Нв-90 г/л, лейкоциттер-189 мың., т/я-17%, с/я-10%, лимфоциттер-2%, базофилдер-15%, эозинофилдер-7%, промиелоциттер-19%, метамиелоциттер-12%, тромб - 97 мың, ЭТЖ-37 мм/сағ; цитогенетикалық анализде филадельфиялық хромосома.
Төменде аталған миелосан мөлшерінің қайсысы БАРЫНША дұрыс?
* 2 мг
* 4 мг
* 6 мг
*+8 мг
* 10 мг
87! 19 жастағы қыз балада ЖҚА: эритроциттер-3,7 млн., Нв-92 г/л, лейкоциттер-200 мың., т/я-24%, с/я-9%, лимфоциттер-2%, базофилдер-10%, эозинофилдер-3%, промиелоциттер-17%, тромб-102 мың., ЭТЖ-47 мм/сағ; ультрадыбысты зерттеуде – көк бауыр көлемі 42 см2. Төменде аталған препараттардың қайсысын БАРЫНША емге қосуға тиімді?
*+Альфа-2-интерферон
* Гексафосфамид
* Миелобромол
* Винкристин
* Миелосан
88! 43 жастағы ер адам созылмалы панкреатит бойынша стационарда ем алған. Тексеру барысында ЖҚА: Нв-117 г/л, эритроциттер-4,0х1012/л, лейкоциттер-22∙109/л, лимфоциттер-87%, моноциттер-13%, тромбоциттер-183х109/л, ЭТЖ–22 мм/сағ. Миелограммада – лимфоцит 39%.
Қандай ем тактикасы БАРЫНША тиімді?
* Сәулелік терапия
* Полихимиотерапия
* Монохимиотерапия
*+Динамиқалық бақылау
* Сүйек миының трансплантациясы
89! Спленомегалия, қызба, лимфа түйіннің пунктатында диффузды лимфалық пролиферациясы және қанда абсолютті лимфоцитозы бар 36 жастағы әйелге БАРЫНША тағайындау қажет:
* Спленэктомия
* Лимфоцитаферез
*+Полиохимиотерапия
* Сүйек кемігінің трасплантациясы
* Глюкокортикостероидты терапия
ТРОМБОЦИТОЗ 20
90! Идиопатиялық тромбоцитопениялық пурпура кезінде қай механизм БАРЫНША дұрыс?
* Тромбомодулиннің дефициті
* Иммунокомплексті синдром
* Комплементті жүйенің активациясы
*+Тромбоциттерге аутоантидененің пайда болуы
* СЗв-субкомпонентті комплементтің тұқымқуалаушылық дефициті
91! Аутоиммунды тромбоцитопениялық пурпура кезінде қандай қан ағу сипаты тән?
*+Петехиялды-дақты
* Васкулитті- пурпуралы
* Ангиоматозды
* Гематомды
* Аралас
92! Аутоиммунды тромбоцитопениялық пурпурамен ауыратын науқастарды емдеу кезінде спленоэктомия таңдаудағы әдіс?
* Терең тромбоцитопения
* Гемостатикалық препараттар нәтижесіз болған кезде
* Гормондардың толық емес нәтижесі 1-2 аралықтағы терапия
*+Гормонның толық емес нәтижесі 3-4 аралықтағы терапия
* Айқын көрініс берген кезде
93! 19 жастағы қыз іш аймағындағы толғақ тәрізді ауру сезімінне, қан аралас құсуға, қызба, папулезді-геморрагиялық бөртпе, артралгияларға шағымданады. ЖҚА - лейкоцитоз, ЭТЖ жоғарылауы, коагулограммада – оң паракоагуляциялық тест.
Төменде көрсетілген диагноздардың қайсысы БАРЫНША болуы ықтимал?
* Гемофилия
* Жара ауруы
* Виллебранд ауруы
* Аутоиммунды тромбоцитопениялық пурпура
*+Геморрагиялық васкулит ( Шенлейн – Генох ауруы)
94! 36 жастағы ер адамның денесінде петехиальды-көпіршікті бөртпе пайда болып, мұрынның және тістің қанауы мазалай бастады. ЖҚА - Эр. 4,0 х 1012/л; лейкоциттер 4,5 х 109/л, лейкоформула – өзгермеген, тромбоциттер 22 х 109/л, қан ағу уақыты ұзарған.
Берілген науқастың сүйек кемігінде кандай өзгерістер БАРЫНША болуы мүмкін?
* Бластоз жоғары 30 %
* Сүйек миының опустошение
* Плазмоклеткалық инфильтрация
* Мегалобластты қан түзу типі
*+Мегакариоцитарлы өсіндінің тітіркенуі
95! 20 жасар қыз терідегі геморрагиялық бөртпеге, меноррагияға шағымданады. Бауыр мен көкбауыр ұлғаймаған. Қанда: Нв-120 г/л; Э-3,8х1012/л; ТК-0, 9; Л-5,1х109/л, формула өзгеріссіз. Тр.-10х109/л; ЭТЖ-17мм/сағ. Коагулограммада: қан ағу уақыты 30 мин., белсенген жартылай тромбопластинді уақыт (АЧТВ) – 45 с, фибриноген 4,5 г/л, қан ұйындысының ретракциясы бұзылған.
Төменде аталған диагноздардың қайсысы БАРЫНША болуы ықтимал:
* +Тромбоцитопениялық пурпура
* Геморрагиялық васкулит
* Апластикалық анемия
* Виллебранд ауруы
* Жедел лейкоз
96! 17 жасар ер баланы дене шынықтыру сабағынан кейінгі оң жақ тізе және сирақ табан буындарындағы ауыру сезімі мазалайды. Науқастың ағасы жоғары қан кеткіштікпен бала кезінен ауырады. Объективті: оң жақ тізе және сирақ табан буындары ісінген, суық, қимылы шектелген. Коагулограммада: тромбоциттер - 162 мың., қан ұю уақыты - 12 мин, VIII фактор концентрациясы - 12%, фактор IX - 93%, Виллебранд факторы - 104%.
Төменде көрсетілген диагноздардың қайсысы БАРЫНША болуы мүмкін?
* Гемофилия С жеңіл дәреже
*+Гемофилия А жеңіл дәреже
* Гемофилия Б ауыр дәреже
* Гемофилия А өте ауыр дәреже
* Гемофилия Б орташа ауыр дәреже
97! 34 жасар әйел сирақ табан буындарында ауырсыну сезімін сезеді, сирақтарында майда нүктелі бөртпенің пайда болғанын байқаған. Қанда: тромбоциттер–180х109/л, қан ағу уақыты–4 минут, қан ұю ретракциясы өзгермеген, протромбинді индекс–90%, АЧТВ–45 с, фибриноген–5 г/л. Зәрде: белок–0,05 г/л, эритроциттер–50 к/а.
Төменде көрсетілген диагноздардың қайсысы БАРЫНША болуы мүмкін?
* Идиопатиялық тромбоцитопениялық пурпура
*+Геморрагиялық васкулит
* Рандю-Ослер ауруы
* Виллебранд ауруы
* Гемофилия
98! 19 жасар қыз іштегі толғақ тәрізді ауырсыну сезіміне, қан құсуға, қызбаға, папулезно-геморрагиялық бөртпеге, артралгияға шағымданады. ЖҚА: лейкоцитоз, ЭТЖ жоғарылауы. Коагулограммада: паракоагуляциялық тесттер оң.
Төменде аталған диагноздардың қайсысы БАРЫНША болуы мүмкін?
* Гемофилия
* Ойық жара ауруы
* Виллебранд ауруы
* Аутоиммунды тромбоцитопениялық пурпура
* +Геморрагический васкулит (Шенлейна – Генох ауруы)
99! 36 жасар ер адамда денесінде петехиальді-дақты бөртпе пайда болып, мұрыннан қан кетіп, қызылиектері қанай бастады. Көкбауыр шеті пальпацияланады. ЖҚА: Эр. 4,0 х 1012/л; лейкоциттер 4,5 х 109/л, лейкоформула – өзгеріссіз, тромбоциттер 22 х 109/л, қан кету уақыты ұзарған.
Берілген науқастың сүйек кемігінде қандай өзгерістер БАРЫНША болуы мүмкін?
* Бластоз 30 % көп
* Сүйек миының бос болуы
* Плазмоклеткалы инфильтрация
* Қан түзудің мегалобластты типі
* +Мегакариоцитар өсіндінің тітіркенуі
100! Гемофилиямен ауыратын 20 жасар ер адам таңғы құрысуға, криопреципитат енгізген кезде күшейетін қол алақан буындарындағы тұрақты ауырсыну сезіміне шағымданады. Қарағанда: қол алақан буындарының симметриялы деформациясы.
Төменде аталған қай топ препараттарын тағайындаған жөн?
* Стероидты емес қабынуға қарсы препараттар
*+Глюкокортикостероидтар
* Алтын препараттарын
* Аминохинолиндер
* Цитостатиктер
101! 27 жасар науқаста көптеген спонтанды тері астылық қан кетулер, жатырдан қан кету пайда болған. Ағзалар бойынша ерекшеліктер жоқ. Жгут, шымшу симптомдары оң. Қанда: тромбоцит 12 х 109/л, гемоглобин - 90 г/л.
Қандай диагноз БАРЫНША болуы мүмкін?
*+Аутоиммунды тромбоцитопениялық пурпура
* Пароксизмальді түнгі гемоглобинурия
* Жедел промиелоцитарлы лейкоз
* Геморрагиялық васкулит
* Рандю-Ослер ауруы
102! 32 жасар науқаста тірек қимыл аппаратының зақымдануымен жүретін гематомды қан кетулер. Бала кезінен ауырады. Қанда: белсенген парциальді тромбопластинді уақыттың ұлғаюы, VIII фактордың болмауы.
Қандай диагноз БАРЫНША болуы мүмкін?
*+Гемофилия А
* Розенталь ауруы
* Фон Виллебранд ауруы
* Стюарта-Прауэр ауруы
* Тұқымқуалайтын дисфибриногенемия
103! 18 жасар қызда анамнезінде жиі мұрыннан қан кетулер. Объективті: кеудесінде, санында көптеген петехиялар. Қанда: Нв - 80 г/л, ТК - 0,87, лейкоциттер - 4,3 мың., таяқшаядролы - 5%, сегм - 70%, лимф - 29%, мон - 7%, тромб - 47 мың. ЭТЖ - 25 мм/с. Қан ағу ұзақтығы - 25 мин, ұю уақыты - 3 мин, ұйынды ретракциясы жоқ.
Идиопатиялық тромбоцитопениялық пурпура емінде қандай емдеу әдісі негізгі болып табылады?
* Цитостатиктер
*+Глюкокортикостероидты терапия
* Тромбоцитарлы масса құю
* Өсімдік текті гемостатикалық заттар
* Мұздатылған плазма құю
104! 18 жасар қыз жиі мұрыннан қан кетулерге, денеде көптеген петехиялы бөртпелерге байланысты идиопатиялық тромбоцитопениялық пурпура диагнозы қойылған. Қанда: эритроциттер - 2,5 мың., Нв - 80 г/л, ТК - 0,87, лейкоциттер - 4,3 мың., таяқша ядролы- 5%, сегм - 70%, лимф - 29%, мон - 7%, тромб - 47 мың. ЭТЖ - 25 мм/с. Қан ағу уақыты - 25 мин, ұю уақыты - 3 мин, қан ұю ретракциясы жоқ. Преднизолонмен 60 мг/м2 3 аптаға 3 рет\тәул гормонотерапия тағайындалды.
Тәуліктік биоритмге байланысты гормонотерапияның қандай схемасын тағайындаған жөн?
*+Преднизолонның 2/3 бөлігін таңғы уақытта беру
* Преднизолонның 2/3 бөлігін түскі уақытта беру
* Преднизолонның 2/3 бөлігін кешкі уақытта беру
* Преднизолонның 1/2 бөлігін таңғы уақытта беру, қалғанын кешкі уақытта беру
* Преднизолонның 1/3 бөлігін таңғы уақытта беру, қалғанын кешкі уақытта беру
105! 43 жастағы әйел 1,5 жыл бойы аутоиммунды тромбоцитопениялық пурпурамен зардап шегеді. Екі рет гормоналды терапия қабылдаған. Соңғы өршуі 2 күн бұрын: қатты бас ауруы, лоқсу, құсу, жарықтан қорқумен көрініс берген. Қараған кезде: менингеалды белгілер оң. Бетінде, тілінде, көз қарашығында айқын геморрагиялар.Тромбоциттері – 28,0х109/л.
Қандай емдеу тәсілі БАРЫНША тиімдірек?
* Цитостатиктер
* Плазмаферез
* +Спленэктомия
* Иммунноглобулиндер
* Сүйек миығының трансплантациясы
106! Ер адам 47 жаста, 3 курстық глюкокортикостероидты препараттармен емдегеннен кейін спленэктомия жасалынған. Соған қарамастан ЖҚА ауыр тромбоцитопения сақталуда.
Қандай емдеу тәсілі БАРЫНША тиімді?
* Сәулелік терапия тағайындау
* +Иммунодепрессанттарды тағайындау
* Симптоматикалық ем жүргізу
* Глюкокортикостероидтардың дозасын көбейту
* Тромбоциттің концентрата трансфузиясын жүргізу
107! 23 жасар қыз бала аутоиммунды тромбоцитопениялық пурпурамен зардап шегеді, жиі рецидивтермен. Метилпреднизолонның курс терапиясын қабылдаған, әсері қысқа мерзімді. Спленэктомия жасау туралы шешім қабылданды. Қан талдауында - Эр. 2,0 х 1012/л; лейкоциттер 4,5 х 109/л, тромбоциттер 18х 109/л, қан ағу уақыты ұзарған.
Ота жасау алдында қандай препаратты БАРЫНША тағайындаған дұрыс?
* Даназол
* Азотиоприн
* Преднизолон
* α2-интерферон
* +Сандоглобулин
108! 23 жасар қыз бала аутоиммунды тромбоцитопениялық пурпурамен зардап шегеді, жиі рецидивтермен. Метилпреднизолонның курс терапиясын қабылдаған, әсері қысқа мерзімді. Қан талдауында– тромбоциттер 18х109/л. Спленэктомия жасау туралы шешім шыққан. Ота кезінде кенеттен қан кетті.
Берілген шұғыл жағдайда қандай препарат БАРЫНША тиімді?
* Дицинон
* Витамин К
* Винкристин
* Эритроцитарлы масса
* +Тромбоциттердің концентраты
109! 36 жасар ер адам денесіндегі петехиалды- дақты бөртпелерге, мұрын мен тіс қызыл иегінен қан ағуға шағымданды. Спленэктомиядан кейін ауыр тромбоцитопения-20 х 109/л сақталуда.
Қандай емдеу тәсілі БАРЫНША тиімді?
* +Цитостатиктер
* Плазмаферез
* Иммуносорбция
* Глюкокортикостероидтар
* Өсімдік текті гемостатикалық зат
110! 26 жастағы қыз бала қабылдау бөліміне мұрнынан көп мөлшерде қан кетумен жеткізілді. Анамнезінен: жиі рецидив беретін аутоиммунды тромбоцитопениямен зардап шегеді. Қан: Нв-120 г/л; Э-3,8х1012/л; т.к.-0, 9; Л-5,1х109/л, Тр.-10х109/л; ЭТЖ-17мм/сағ. Коагулограммада: қан ағу уақыты – 30 мин., АЧТВ – 45 с, фибриноген 4,5 г/л, қан қойыртпағының ретракциясы бұзылған.
Қанды тоқтату мақсатында қандай препаратты тағайындаған БАРЫНША тиімді?
* Даназол
* Азатиоприн
* Тромбомасса
* Преднизолон
*+Аминокапрон қышқылы
111! 26 жастағы қыз баланың мұрыннан қан кетуі алдыңғы тампонадамен тоқтатылған. Анамнезінде: жиі қан кетулер. Обьективті: көкірегінде, сан аймағында көптеген петехиялар. Қан анализінде: эритроциттер - 2,1 мың., Нв - 76 г/л, ТК - 0,87, лейкоциттер - 4,6 мың., т.я. - 4%, с.я. - 70%, лимф - 29%, мон - 7%, тромб - 46 мың. ЭТЖ - 22 мм/сағ. Қан ағу уақыты - 24 мин, қан ұю уақыты - 5 мин, қан қойыртпағы жоқ.
Төменде аталған препараттардың қайсысын тағайындаған БАРЫНША тиімді?
* Аспирин
* Диклофенак
*+Преднизолон
* Тромбоцитарлы масса
* Аминокапрон қышқылы
ПАРАПРОТЕИНЕМИЯЛАР 15
112! Миеломды ауру кезінде остеолитикалық ошақтар мына себептен болуы мүмкін:
* Қалқанша безіндегі кальцитонин өндірілуінің төмендеуі
*+Миеломды жасушалардағы интерлейкин 1-β өндірілуі
* Эстрогендер мен андрогендердің активтілігінің төмендеуі
* Миеломды жасушалардағы М-протеиннің өндірілуі
* А витаминінің жеткіліксіздігі
113! Вальденстрема ауруының миеломды аурудан анық айырмашылығы болып табылады:
* В-лимфоциттердің нысана жасушаларының зақымдануы
*+IgM (макроглобулиннің) ісік жасушаларымен синтезделуі
* Жоғары жабысқақтық синдромы
* ЭТЖ-ның айқын жоғарылауы
* Нормохромды анемия
114! 75 жастағы әйел омыртқаның айқын ауруына, онық физикалық және қимылдық шектелуіне шағымданды. Ажырату диагностикасы үшін кешенді зерттеу жүргізілді, миеломды ауру анықталды.
Қандай зертханалық көрініс диагнозды нақты дәлелдейді?
* ЭТЖ-ның баяулауы
* Гипопротеинемия
* Гиперхолестеринемия
* Сүйек кемігінде бластоз (20% жоғары)
* +Зәрдің электрофореграммасындаМ-компонент
115! 60 жастағы ер адам арықтауға, лимфоаденопатияға, спленмегалияға, қан ағуға шағымданады. Тексеру кезінде: қан сарысуында Ig M жоғарылауы.
Төменде аталған қандай диагноз БАРЫНША болуы ықтимал ?
* Созылмалы лимфолейкоз
*+Вальденстрем ауруы
* Миеломды ауру
* Жедел лейкоз
* Эритремия
116! 65 жастағы науқаста анемия, ЭТЖ-ның жоғарылауы 70 мм/сағ дейін, протеинурия, дәрігер гипернефромаға күмәнданды, бірақ миеломды ауруды жоққа шығарды.
Қандай зерттеу әдісі БАРЫНША қарсы көрсетілген?
* Компьютерлы томография
*+Көктамырішілік урография
* Бүйрек сканері
* Бүйрек биопсиясы
* Цистоскопия
117! 64 жастағы ер адам 3 ай бойы миеломды ауруға байланысты полихимиятерапия қабылдады.
Төменде аталған көрсеткіштердің қайсысы емнің тиімділігін көрсетеді ?
*+Сарысулық альбуминнің жоғарылауы
* Гемоглабин деңгейінің жоғарылауы
* Тромбоцит деңгейінің төмендеуі
* Лейкоцит деңгейінің төмендеуі
* ЭТЖ-ның төмендеуі
118! Көп миеломды ауруы бар науқастың стерналды пункциясына тән көріністі көрсетіңіз:
* Сүйек кемігінің барлық жасушаларының төмендеуі
*+Плазматикалық қатардағы жасушалардың жоғарылауы
* Лимфатикалық қатардағы жасушалардың жоғарылауы
* Бластты жасушалардың 10% жоғары болуы
* Тромбоцит санының жоғарылауы
119! 67 жастағы әйелде көкірек және омыртқа Р- остеопороз, Th ХII және LII биіктігінің төмендеуі ½. Th Х денесінің биіктігінің 2-3 мм төмендеу. Стерналды пунктатта: сүйек кемігі жасушалық. Анаплазирленген плазматикалық жасушалардың тоталды инфильтрациясы, плазматикалық жасушалар- 98,3%. Гранулоцитарлы өсу сақталған. Эритроцитарлы және мегакариоцитарлы өсу азайған.
Төменде көрсетілген препараттың қайсысын тағайындау тиімдірек?
* Циклофосфан
* Преднизолон
* +Бортезомиб
* Ритуксимаб
* Цитозар
120! 68 жастағы әйел ауруханаға иық сүйегінің сынығымен түсті. Қан анализінде – ЭТЖ 57 мм/сағ., жалпы белок 115 г/л, М-градиент анықталды, зәр анализінде–Бенс-Джонс белогы, креатинин – 240 мкмоль/л. Стерналды пунктатта – 47% плазматикалық жасушалар. Остеопротективті мақсатта қандай препарат тиімді?
* Бонвива
* Аспаркам
* Преднизолон
* Аллопуринол
* +Клодрон қышқылы
121! 64 жасар ер кісіде миеломды ауру анықталады. Қан анализінде ЭТЖ – 80 мм/сағ, жалпы белок 115г/л. Стернальды пунктатта-44% плазматикалық жасуша.
Төмендегі препараттадың қайсысы бүйрек зақымдалуына алып келетінін ескеру керек?
* Бонвива
* Аспаркам
* Преднизолон
*+Аллопуринол
* Клодрон қышқылы
122! 65жасар ер кісі миеломды аурумен зардап шегеді. ЖЗА- ашық сары түсті, қышқыл; лайлы; сал.тығыздығы-1009; белок-12,0 г/л; жалпақ эпителий+; лейкоцит-10-15к/а; гиалинді цилиндрлер-7-8к/а; эритроцит-1-3к/а.
Төмендегі препараттардың қайсысы бүйрек функциясына қауіпсіз?
* Золедрон қышқылы
*+Памидронат
* Кальцитонин
* Клодронат
* Витамин Д
123! 75жасар әйелде омыртқа тұсындағы қатты ауру сезімі байқалады, қанда – ЭТЖ 70мм/сағ, жалпы белок-120г/л, қандағы креатинин-90мкмоль/л, айқын гиперкальцемия. Қан сарысуында М-градиент анықталады, ЖЗА - белок-Бенс-Джонс. Стернальды пунктатта-47% плазматикалық жасушалар.
Препараттардың қайсысын гиперкальцемияны төмендету үшін тағайындауға болады?
*+Золедрон қышқылы(Зомета)
* Гидрокортизон
* Аллопуринол
* Памидронат
* Клодронат
124! Миелодисплатикалық синдром кезінде төмендегі препараттардың қайсысын ем нәтижесінде тағайындамайды?
* Гепарин
*+Лейкеран
* Витамин Е
* Витамин U
* Циннаризин
125! Төменде аталған препараттардың қайсысын келесі қан талдауында өзгерістері бар науқасқа тағайындалады: Hb-82г/л, қан сарысуындағы кальций-30мг/100мл, иммуноглобулиндер: G-72г/л, А-55г/л, зәрдегі белок-14г/тәул?
* Цитозар
* Лейкеран
*+Сарколизин
* Метотрексат
* L - аспарагиназа
ИНТЕРН-ТЕРАПЕВТТЕРІНІҢ ҚОРЫТЫНДЫ АТТЕСТАЦИЯСЫНА АРНАЛҒАН ТЕСТТІК ТАПСЫРМАЛАР
! ЖИА-ң диагностикасының БАРЫНША алтын стандарты болып табылады:
* ЭхоКГ
* вентрикулография
*+коронароангиография
* эндокардиальды картирлеу
* миокардтың екі өлшемді перфузиялық 201Тl сцинтиграфиясы
! Инвазивті зерттеу әдістерін тағайындау БАРЫНША тиімді:
* ЖИА-ның диагностикасына
* жүрек ақауларының диагностикасына
*+миокардтың реваскуляризациясына
* СЖЖ емдеу әдісін таңдауға
* гипертрофиялық кардиомиопатияның емдеу тәсілін таңдауға
! Эндокардиальді және эпикардиальді картирлеу келесі көрсеткіштерді анықтау мақсатында жүргізіледі:
* жүректің қақпақшалық қондырғысының жағдайын
* жүрек-қан тамырының құрылымдық қызметін
* жүрек тамыр жүйесінің морфологиясын
* антиаритмиялық терапия жүргізуге көрсеткішін
*+хирургиялық деструкцияны қажет ететін аймақтың орнын
! WPW синдромы бар науқастарда атриовентрикулярлы өткізгіштіктің қосымша аномальді өткізгіш жолдарының орналасуын нақты анықтау үшін БАРЫНША тиімді тағайындау:
* эхокардиографиыны
* коронароангиографияны
* электрокардиограмманы
* Холтер бойынша ЭКГ ұзақ мониторлау
*+эндокардиальді және эпикардиальді картирлеу
! Екі жыл бұрын жайылған миокард инфарктын өткерген 73 жастағы ер адам кезеңді түрде пайда болатын бас айналуға, синкопе, кенет пайда болатын жүрек қағуға шағымданады. Тәуліктік ЭКГ мониторлауда синустық брадикардия фонында синоатриальді блокадаға өтетін суправентрикулярлы тахикардия ұстамалары анықталды.
Көрсетілген дерттердің қайсысы БАРЫНША мүмкін науқаста дамыды?
* синусты брадикардия
* синоатриальді блокада
*+синустық түйіннің әлсіз синдромы
* тахикардия – брадикардия синдромы
* суправентрикулярлы тахикардия пароксизмі
! 38 жастағы ер адам рецидивирленген жүрек қағу ұстамасына, жүрек тұсындағы ауыру сезіміне және ентігуге шағымданады. Тәуліктік ЭКГ мониторлаумен ұстаманы тіркеу сәтті болмады.
Аритмияның механизмін анықтау үшін көрсетілген зерттеу әдістерінің қайсысын тағайындау БАРЫНША тиімді?
* тредмилді
* велоэргометрияны
* эхокардиографияны
* эпикардиальді картирлеуді
*+өңеш арқылы жүрекшенің электростимуляциясы
! 28 жастағы әйелде вирусты инфекцияны өткергеннен кейін жүрек тұсында ине сұққандай ауыру сезімі, ентігу, әлсіздік пайда болды. Эхокардиографиялық зерттеу кезінде миокардтың жиырылу қызметінің шамалы төмендеуі анықталды. ЭКГда циклден циклге Р тісшесінің полярлығының және формасының бірітіндеп өзгеруі, P-Q және R-R интервалының ұзарғаны анықталды.
Науқаста көрсетілген ырғақ бұзылыстарының қайсысы БАРЫНША дамыды?
* жүрекшелік экстрасистолия
* жылдам эктопиялық ырғақ
* баяу сырғып шығатын ырғақ
*+суправентрикулярлы ырғақ жүргізушінің миграциясы
* қарыншаларының уақыттан ерте қозу синдромы
! 43 - жастағы ер адам сол қолға, жауырын астына берілетін төс артындағы ауыру сезімімен ауруханаға түсті. Қарағанда: жүрек үндері бәсеңдеген, аздап тахикардия. АҚҚ – 110/70 мм с.б.б. ЭКГ- V2-V4 шықпаларында STсегментінің элевациясы.