Тақырыптық жоспары
Жұмыс бағдарламасы
Пән: «Клиникаға кіріспе - 1» , БДО-16.
Мамандығы - «5В130100- Жалпы медицина».
Кафедра:«Клиникаға кіріспе және « мейірбике ісі»» курсымен
Жалпы оқу сағаты (кредит саны) – 45 сағат - (1 кредит)
Курс - 1
Семестр - 2
Бақылау түрі: дифферциалды зачет
Алматы 2013
Жұмыс бағдарламасы типтік оқу бағдарламасының негізінде құрастырылған және ҚР Денсаулық сақтау министрі Н.М.Хамзинамен бекітілген 18.06.2007 ж, Астана – 2007 және «Клиникаға кіріспе мейірбике ісі курсымен» кафедраның мәжілісінде талқыланды
«_______» ________________ 2014ж., хаттама №
кафедра меңгерушісі м.ғ.к., Оразбакова Г.О.
Жұмыс бағдарламасы ЖББК комитетінде мәжілісінде талқыланды
«____» __________2013ж., хаттама №____
ЖББК төрайымы, м.ғ.д. Божбанбаева Н.С.
ҚазҰМУ орталық әдістемелік кеңесімен мақұлданды
«_____»_____________2013ж., хаттама № ___
ҚазҰМУ әдістемелік кеңес төрағасы
профессор Тулебаев К.А.
1. Жалпы мәлімет:
Жоғарғы оқу орнының аты:С.Ж. Асфендияров атындағы Казақ ҰлттықМедициналық университет.
Кафедра:«Клиникаға кіріспе».
Пән, пәннің коды:«Клиникаға кіріспе-1», БДО-16.
Мамандығы:5В130100- жалпы медицина.
Сағат көлемі:45сағат.
Курс және оқыту семестрі:1 курс, 2 семестр
2. Бағдарлама:
Кіріспе.
”Клиникаға кіріспе-1” - бұл пән студенттерді алғаш рет денсаулық сақтау ұйымының емдік мекемелерінің жұмысын ұйымдарымен, науқастың күтімі және бақылау әдістерімен, науқастармен ерте танысуға, оның жанұясына және оның проблемаларымен, науқасқа және оның жанұясына көмек көрсетумен ерте таныстыруына жағдай жасайды. Медициналық көмек көрсетуді ұйымдастырудың барлық саласында тұрақты стереотиптік кәсіптік қызметте жоғарғы медициналық білімді мамандарды кешенді жүйемен дайындауда бұл пәннің маңыздылығы жоғары. Пәннің негізгі оқу объектісі - диагностикалық және емдік процестердің оң нәтиже беруін қамтамасыз етуге бағытталған, медицина қызметкерлерінің науқастың жалпы күтімі мен сонымен қатар науқастардың туыстарымен, жанұясымен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастырудағы барлық кәсіптік қызмет түрлері мен шарттары болып табылады.
2.2 Пәннің мақсаты:науқастың жалпы күтімімен бақылау дағдыларын, науқаспен және оның жанұясының қарым-қатынасы, медициналық көмек көрсету көзі - болашақ кәсіптік дәрігердің қызметтік шарттарын қалыптасуына жағдай жасау.
2.3 Пәннің міндеттері:
· Қазахстан Республикасының денсаулық сақтау жүйесінің негізгі және маңызды мақсаттарымен студенттерді таныстыру;
· Студентерді денсаулық сақтау ұйымдарының түрлерімен және олардың жұмыс принциптерімен таныстыру;
· денсаулық сақтау ұйымдарындағы санитарлық-эпидемиологиялық тәртіпті сақтау әдістерімен және оны қамтамасыз ету ережелерін үйрету;
· науқастарды жалпы күтуіндегі тәжірибелік дағдыларды үйрету:
· жанұяның медициналық көмекке қажеттілігін анықтау принциптерін үйрету.
· Науқастың медицина қызметкерімен қарым-қатынасын дағдыландыру
· Жұмыстарды желісімен дағдыландыру
2.4 Оқу нәтижелері:
Білімды қалыптастыру:
· Қазахстан Республикасының денсаулық сақтау жүйесінің негізгі және маңызды мақсаттарын;
· Студентерді емдік мекемелердің түрлерімен және олардың жұмысын ұйымдастыру принциптерін;
· денсаулық сақтау ұйымдарындағы санитарлық-эпидемиологиялық тәртіпті сақтауды қамтамасыз ету ережелерін;
· науқастың жалпы күтуіндегі негізгі ережелерін;
· медицина қызметкерлерімен науқастардың қарым-қатнасының принциптерін;
· медициналық көмек көрсетудегі жанұяның қажеттілігін анықтау принциптерін;
Тәжіриебилік дағдыларды қалыптастыру:
· мекемелердегі құрал жабдықтарды санитарлық өңдеуден өткізу;
· науқастарға санитарлық өңдеу жүргізу;
· науқастарды тасымалдау;
· науқастарды және халі ауыр науқастарды тамақтандыру;
· науқастардың функционалды жағдайын бағалау;
· халі ауыр науқастарды соның ішінде қызбасы бар науқастарды күту және ойылулардан алдын алу;
Коммуникативті дағдыларды қалыптастыру:
· Командада жұмыс жасай білу
· Науқастармен, олардың ата-анасымен, әріптестермен қарым-қатынас жасай білу
Құқықтық компетенцияларды қалыптастыру:
· Студенттерге заңды актілерді, құқықтық аспектілерді мейірбике жұмысында орынды қолдану білімін қалыптастыру
Өз білімін жетілдіруін және нығайтуын қалыптастыру:
· Өзінше медицина әдеьиетін қолдану арқылы,интернетті қолдану арқылы, презентация дайындау арқылы, өз мамандық тілін қалыптастыру арқылы өзінің мамандық білімінің деңгейін арттыру.
2.5 Пәннің пререквизиттерімен постреквизиттері:
Пәннің пререквизиттері: мектеп пәндері: биология, физика, химия, психология негіздері, құқық негізі
2.6 Пәннің постреквизиттері:”Клиникаға кіріспе-2” , коммуникативті дағдылар – 2, ішкі аурулар пропедевтикасы, жалпы хирургия, сала бойынша пәндер
Тақырыптық жоспары