Сот-медицина қызметінің ұйымдастырылуы және құрылымы
Елімізде сот-медицина сараптамасын:
а) аудандық, ауданаралық, қалалық сот-медицина сарапшылары;
ә) республикалық бағыныстағы қалалар мен облыстардың сот-медицина сарапшылары;
б) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Бас сот-медицина сарапшысы жүзеге асырады, Қалалық (Алматы), облыстық аға сот-медицина сарапшылары мен Денсаулық сақтау министрлігінің Бас сот-медицина сарапшысы арнаулы сот-медицина сараптама мекемелерін - қалалық (Алматы), облыстық, республикалық сот-медицина сараптама бюросын басқарып, олардын бастығы қызметін атқарады.
Сот-медицина сараптама бюросының құрамына мына бөлімдер кіреді:
1) тірі адамдарды сот-медишшалық тұргыдан куәландыру бөлімі (емхана);
2) сот-гистология бөлімшесі мен өлікті зерттеу бөлімі (мәйітхана);
3) айғақты заттарды сот-медициналық зерттеу бөлімі (сот-медицина лабораториясы), оның:
а) физикалық-техникалық зерттеу;
ә) сот-биологиялық зерттеу;
б) сот-химиялық зерттеу бөлімшелері бар.
Сот-медицина сараптама бюросы:
а) зорлықпен өлтірілген немесе зорлықсыз өлген жағдайларда өлімнің уақытын, сипаты мен себептерін анықтау және анықтама, тергеу және сот органдары алға қойған басқа да мәселелерді шешу үшін өліктерді зерттеу;
ә) дене жарақаттарының сипаты мен ауырлыгын анықтау, жынысгық қылмыстар жөнінде сараптама жүргізу, сондай-ақ анықтама, тергеу және сот органдары алға қойған басқа да мәселелерді шешу сараптамаларын;
б) объектілерге сот-медициналық, физикалық-техникалық және сот-химиялық зерттеу жүргізу жолымен айғақты заттарға сараптамалар;
в) жеке адамның өміріне, денсаулығына және қадір-қасиетіне қарсы қылмыс жасалған істердің материалдары бойынша және кәсіптік құқық бұзушылық үшін медицина қызметкерлерін қылмыстық жауапқа тарту туралы істер бойынша сараптамалар жасайды;
г) сот-медициналық клиникалық-анатомиялық конференцияларда емдеуші дәрігерлермен бірге сот-медицина оқиғаларын талқылайды.
Бюро бастығы емдеу мен диагностикада табылған кемшіліктер туралы денсаулық сақтау органдарына жеткізеді, өте жұқпалы аурулар табылған жағдайда хабарлап отырады.
Сот-медицина сараптама бюросында адам патологиясының нақты проблемалары мен арнаулы сот-медицина мәселелері ғылыми жолмен өңделіп, кенеттен өліп кету, тасымалдағы жарақаттану, өнеркәсіпте және тұрмыста улану материалдарына талдау жасалады, сот-медицина сарапшылары мен сот химиктерін мамандандыру және олардың білімін арттыру жүзеге асырылады. Сот-медицина сараптама бюролары денсаулық сақтау органдарына жатады және олар өкімшілік-шаруашылық жағынан облыстық денсаулық сақтау бөлімдеріне бағындырылған. Аудандық, ауданаралық сот-медици-на сарапшылары тиісті сот-медицина сараптама бюроларынын құрамына кіреді және сол бюролардың бастықтарына багынады.
Сонымен сот-медицина сараптама бюролары екі жақты бағыныштылықта болады: 1) әкімшілік-шаруашылық және қаржы жағынан облыстық денсаулық сақтау бөлімдерінің басшыларына, ал ғылыми-тәжірибелік және ұйымдық жағынан жоғарыдағы бюроларға бағынады. Сонымен бірге бұлайша бағынуға тиісінше шек қойылған. Мысалы, облыстық денсаулық сақтау бөлімінің меңгерушісі облыстық сот-медицина сараптама бюросының бастығына оның қаражатты дұрыс жұмсамай, қаржы тартібін бұзып отырғанын, сондай-ақ бюрода олқылықтар барын: кадрлардың нашар іріктеліп алы-натынын, еңбек тәртібі бұзылатынын, т.б. көрсете алады. Ал тәжірибелік жұмысқа келгенде, денсаулық сақтау бөлімі меңгерушісінің сараптама жүргізу сапасын тексеруге, сол сияқты сараптама жүргізуді тағайындауға құқығы жоқ.
Жоғары тұрған сарапшы тарапынан ғылыми-тәжірибелік және ұйымдық жағынан басшылық ету мен бақылау жасауға да белгілі бір дәрежеде шек қойылған. Ол өзіне бағынышты бюро бастығына актілердің нашар жасалатынын, білікті кадрлар іріктеп алу жағынан кемшіліктер бар екенін, лаборато-рияның нашар жұмыс істейтінін, т.б. көрсете алады. Бірақ бірінші сарапшы екішпісі жасаған қорытындының күшін жоя алмайды. Өйткені сараптаманың жүргізілуі және берілген қорытынды үшін сараптама жүргізген сарапшының өзі ғана жауап береді. Егер жоғары тұрған сарапшы қорытындыны қате деп тапса, оның қайталап сараптама тағайындау туралы прокуратурага дәлелді өтініш жасауға құқығы бар.
Сот-медицина қызметінің мүлтіксіз ұйымдастырылуы, сарапшьшың сот әділдігі органдарына тәуелсіздігі, оның іс нәтижесіне материалдық жағынан мүдделі болмауы сот-медицина сараптамасының объективтілігіне жәрдемдеседі.