Пән бойынша дәрістердің жоспары және олардың сағат көлемі

ЖАЛПЫ ХИРУРГИЯ КАФЕДРАСЫ

Силлабус

«Жалпы хирургия»

Пән коды: OH 3218

Мамандық – 051301 «Жалпы медицина»

Дәріс – 18 сағат

Практикалық сабақ – 54 сағат

Өз бетімен орындайтын жұмыс – 36 сағат

Барлығы – 108 сағат

III курс (V – VI семестр)

Емтихан – VI семестр

Астана, 2009 ж.

Пән бойынша дәрістердің жоспары және олардың сағат көлемі

(бір дәрістің ұзақтығы – 50 минут)

№ р/п Дәріс тақырыптары Сабақ өткізу түрі Сағат саны
Хирургия тарихы. Антисептика. Анықтамасы. Пастердің, Листердің және Пироговтың еңбектері. Негізгі антисептикалық заттектер сипаттамасы. Антисептикалық заттектерді қолдану әдістері. Шолу дәріс
Асептика. Асептика анықтамасы, міндеттері. Қысқаша тарихи мағлұматтар. Бергманның және Шиммельбуштің сіңірген еңбектері. Эндогенді және экзогенді (ауалық, тамшылық, жанаспалы, имплантациялық) инфекциялармен күресу. Хирург қолын, жібек жіпті, кетгутты және аспаптарды зарарсыздандырудың тездетілген қазіргі әдістері. Проблемалық дәріс
Анестезия. Анықтамасы. Анестезияның түрлері. Наркоз, анықтамасы, жіктелуі. Наркоздық заттектердің әсер ету механизмі (наркоз теориялары). Ингаляциялық наркоз. Эфирлі-оттекті, хлорэтилді, газды наркоздар. Наркоздың клиникалық кезеңдері, науқастың күйін бақылауы. Проблемалық дәріс
Ингаляциялық емес наркоз түрлері: наркотанды наркоз, алкоголді, барбитурлы. Жасанды гибернация. Жасанды гипотермия. Стероидты наркоз. Кәрі адамдар мен балаларға наркоз жасау. Нейролептанальгезия. Проблемалық дәріс
Қан кету, анықтамасы, зерттеу, тарихы. Құйылған қан орналасуына байланысты, тамырлардың зақымдалу түрлеріне және қан кету жылдамдылығымен байланысты жіктелуі. Қан кетуді себептері, патанатомиясы, патогенезі, клиникасы. Қан кетудің уақытша және түбегейлі тоқтату әдістері. Проблемалық дәріс
Қан топтары және резус-факторы, анықтау әдістері. Қан құю тарихы. Терминологиясы. Қан құюдың негізгі заңдары мен ережелері. Құйылған қанның әсер ету механизмі. Шолу дәріс
Қан құюға көрсетімдер және қарсыкөрсеткіштер. Қан құю түрлері, тәсілдері, әдістері, асқынулардың себептері, клиникасы, емі, алдын алуы. Қан препараттарын және оның құрамбөліктерін құю. Қаналмастырғыштарды құюдың артықшылығы мен кемшіліктері, жіктелуі. Проблемалық дәріс
Жарақаттар. Жарақат пен жарақаттанудың анықтамасы және жіктелуі. Жарақат патогенезі. Жарақаттардың жалпы және жергілікті белгілері. Алғашқы көмек, емі. Жарақаттарды алғашқы хирургиялық өндеу. Инфекцияланған жарақаттарды емдеу принциптері. Проблемалық дәріс
Жабық зақымданулар. Жұмсақ тіндердің зақымдануы. Ұзақ жаншылу синдромы. Іш пен кеуде қуыстардың және мидың жабық зақымданулар. Патогенезі. Клиникасы. Алғашқы жәрдем көмек көрсету және емдеу. Проблемалық дәріс
Буын шығу. Себебі бойынша, шығу мерзімі мен орналасуы бойынша жіктелуі. Буын шығу механизмі. Буын шығудын клиникасы мен емі. Сүйектердің сынуы. Жіктелуі. Сүйек сынуы клиникасы және диагностикасы. Жабық сынық кезіндегі алғашқы жәрдем. Сынықты емдеудің жалпы принциптері. Проблемалық дәріс
Травманың организмге жалпы әсері: естен тану, шок, коллапс. Терминалдық жағдайлар, клиникасы және емі. Проблемалық дәріс
Күйіктер, оның жіктелуі, клиникасы, емі. Үсік. Электротравма. Электрожарақаттардың және термиялық зақымдардың жалпы мен жергілікті көріністері. Проблемалық дәріс
Хирургиялық инфекцияның жалпы сұрақтары. Хирургиялық инфекция: жіктелуі, орын алу, себептері мен патогенезі. Жергілікті және жалпы хирургиялық инфекцияның емі. Сепсис, даму себептері, жіктелуі, патогенезі, клиникасы, емі. Шолу дәріс
Остеомиелит, даму себептері, патогенезі, клиникасы мен емі. Остеомиелиттің біріншілік – созылмалы түрлері, ағымы және емдеу ерекшеліктері. Проблемалық дәріс
Газды гангренаның себептері, патогенезі, клиникасы, алғашкы белгілері. Емдеу топтары. профилактикасы. Проблемалық дәріс
Сіреспенің себебі, патогенезі, клиникасы, алғашкы белгілірі, диагностикасы, клиникасы, емі. Профилактикасы. Проблемалық дәріс
Ісіктер. Ісіктердің даму теориялар. Жіктелуі. Қатерлі мен қатерсіз ісіктердің айырмашылығы. Рак алды аурулары. Проблемалық дәріс
Хирургиялық операция, операция дейінгі және операция кейінгі кезеңдері, жіктелуі. Проблемалық дәріс
Барлығы

Пән бойынша практикалық сабақтардың жоспары және олардың сағат көлемі(бір практикалық сабақтын ұзақтығы – 50 минут)

Наши рекомендации