Тақырып №15: Антибиотиктер. Химиялық құрамы әртүрлі синтетикалық микробқа қарсы дәрілік заттар - 3.

2.Мақсаты: заманауи бактерияға қарсы дәрілік заттар туралы білім алуға түсініктеме және мүмкіндік беру:

3. Оқыту мақсаты:

1. Антибиотиктер жәнехимиялық құрамы әртүрлі синтетикалық микробқа қарсы дәрілік заттардың фармакодинамика мен фармакокинетика сұрақтарын қарастыру.

2. Студенттерді препараттарды қолдану, қарсы көрсеткіштеріне байланысты дәлелді тағайындауға және осы топ препараттарына рецептті сауатты жазуға үйрету.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Антибиотиктер. Антибиотикотерапия ерекшеліктері. Химиялық құрамы бойынша антибиотиктердің жіктелуі.

2. Антибиотиктердің әсер ету механизмі. Антибиотиктердің әсер ету спектрі.

3. Бактерияға қарсы дәрілік заттарға тән жанама әсерлер.

4. Антибиотиктерді тиімді тағайындау қағидалары.

5. Бета – лактамды антибиотиктер. Пенициллин тобының антибиотиктері: биосинтетикалық пенициллиндердің жіктелуі, әсер ету механизмі мен спектрі және препараттардың фармакокинетикасы.

6. Жартылай синтетикалық пенициллиндердің әсер ету және қолдану ерекшеліктері. Бета-лактамазаның тежегіштерімен біріктірілген препараттар. Заманауи пеициллиндердің артықшылықтары.

7. Цефалоспариндер. Жалпы сипаттамасы. Жіктелуі. Әсер ету механизмі. Әр ұрпақтағы цефалоспариндердің әсер ету спектрі, фармакокинетика және қолдану ерекшеліктері. Жанама әсерлері.

8. Карбопенемдер: әсер етуі, қолдану ерекшеліктері. Жанама әсерлері.

9. Монобактамдар: әсер етуі,қолдану көрсеткіштері. Жанама әсерлері.

10. Аминогликозидтер. Жіктелуі, әсер ету механизмі. Әр ұрпақтағы препараттардың әсер ету спектрінің және фармакокинетика ерекшеліктері. Қолдану көрсеткіштері. Жанама және токсикалық әсерлері. Қолдануға қарсы көрсеткіштері.

11. Макролидтер. Жіктелуі. Микробқа қарсы спектрінің, фармакокинетика және қолдану ерекшеліктері. Жанама әсерлері. Жаңа макролидтер.

12. Тетрациклиндер. Жіктелуі, әсер ету механизмі. Әсер ету спектрінің ерекшеліктері. Қолданылуы. Жанама және токсикалық әсерлері. Қарсы көрсеткіштері.

13. Хлорамфеникол (левомицетин) топтары. Әсер ету механизмі. Әсер ету спектрінің және фармакокинетика ерекшеліктері. Қолданылуы. Жанама және токсикалық әсерлері. Қарсы көрсеткіштері.

14. Линкозамидтер. Әсер ету механизмі. Микробқа қарсы әсер ету спектрі және фармакокинетика ерекшеліктері. Қолданылуы.

15. Полимиксиндер. Әсер ету спектрінің және қолдану ерекшеліктері. Жанама әсерлері.

16. Химиялық құрамы әртүрлі синтетикалық микробқы қарсы дәрілік заттар. Жіктелуі

17. Хинолон туындыларының бірінші және екінші ұрпақтары. Әсер ету механизмі. Әсер ету спектрі. Қолданылуы. Токсикалық әсерлері. Қарсы көрсеткіштері.

18. Хинолон туындыларының үшінші ұрпағы (фторхинолондар). Әсер ету механизмі. Әсер ету спектрі. Қолданылуы. Токсикалық әсерлері. Қарсы көрсеткіштері.

19. Хиноксалин туындылары. Әсер ету спектрі. Қолданылуы. Уыттылығы.

20. Нитрофуран туындылары. Әсер ету спектрі. Қолдану көрсеткіштері. Жанама әсерлері.

5. Білім берудің және оқытудың әдістері: ауызша сұрау, тесттік тапсырмаларды орындау, ақуалды есептерді шешу, рецепттер жазу, кіші топтарда жұмыс жасау.

6. Әдебиет:

Орыс тілінде:

Негізгі:

1. Харкевич Д.А. Фармакология: Учебник. Москва. Изд. дом «ГЭОТАР-МЕД». 2010.- 734 с.

2. Харкевич Д.А. Руководство к лабораторным занятиям по фармакологии, М.: Медицинское информационное агентство (МИА), 2004.-452с.

Қосымша:

1. Аляутдин Р.Н. Фармакология. Учебник. Москва. Изд. дом «ГЭОТАР-МЕД». 2011.-516 с.

2. Шайдаров М.З. и др. Основы фармакологии с рецептурой, учебник.- Астана. – 2011. – 352 с.

3. Гудман Г., Гилман Г. Клиническая фармакология по Гудману и Гилману. Перевод 10-го издания. М. «Практика». 2006 г. 1648 с.

4. Машковский М.Д. Лекарственные средства. М., 2010.- 1216 с.

5. Бертрам Г. Катцунг. Базисная и клиническая фармакология (перевод д.м.н., проф. Э.Э. Звартау.) - Санкт-Петербург, 2008.- 1043с...

6. Клиническая фармакология /Под ред. В.Г.Кукеса/- М.: Изд-во ММА, 2009.-760с.

7. Яковлев В.П., Яковлев С.В. Рациональная антимикробная фармакотерапия (руководство для практических врачей). М.: Литтерра. 2003. - 1002 с.

Қазақ тілінде:

Негізгі:

1. Харкевич Д.А. Фармакология: Учебник. Перевод на каз. язык. 2009.- 451 с.

Ағылшын тілінде :

Негізгі:

1. Padmaja Udaukumar. Textbook of Medical Pharmacology. New Dehi, 2009, Second Edition, 558 p.

2. Rang H.P., Dale M.M. Pharmacology.-Edinburgh. 2012, 830 p.

7.Бақылау: ауызша сұрау, бақылау билеті (рецепт жазу, алгоритм, фармакологиялық сипаттамасы бойынша препаратты анықтау).

Рецепт жазуға арналған препараттар:

1. Амоксиклав – Amoksiklav (таб. 0,5 №15)

2. Цефтриаксон – Ceftriaxonum (фл. 1,0)

3. Гентамицина сульфат – Gentamycini sulfas (4% еріт. амп. түрінде 1 мл-нан)

4. Доксициклина гидрохлорид – Doxycyclini hydrochloridum (капс. 0,2 №10)

5. Мидекамицин – Midecamycinum (таб. 0,4 №8)

6. Азитромицин (Сумамед) – Azitrhromycinum (Sumamed) (таб. 0,5 №3)

7. Норфлоксацин – Norfloxacinum (таб. 0,4 №20)

8. Налидиксовая кислота – Acidum nalidixicum (капс және таб. 0,5)

Наши рекомендации