Аттестацияға арналған тесттік тапсырмалар. 6 страница

*+Гепатоцеллюлярлы карцинома

* Біріншілік бауырлы цирроз

* Өрлемелі алкогольді бауыр циррозы

* Созылмалы гепатит С есебінен бауыр циррозы

! Науқас 36 жаста,Іш қуысы ағзаларының УДЗ жүргізгенде гемангиома анықталды бауыр өлшемі 2,5х3,4 см.Жүктілікке қарсы зат қабылдайды.Шағымы жоқ. Объективті: қанағаттанарлық тамақтану, тері жамылғысы қалыпты түсті. Іші жұмсақ, ауру сезімсіз. Бауыр қабырға доғасында, көкбауыр ұлғаймаған. Қандай диагностикалық тактика барынша тиімді?

* Ретроградты панкреатохолангиография

* Контрастпен МРТ

* Бір жылдан кейін бауырды УДЗ

* Іш қуысы ағзаларының КТ

*+3 айдан кейін бауырды УДЗ

! Науқас Б. 47 жаста , Тері жамылғыларының , склераның сарғыштануын, оң қабырға астының ауруын, салмағының төмендеуін, бірден жалпы жағдайының нашарлауын екі айдан бері байқаған. Науқастың айтуы бойынша тез өршіген . Қанда анемия, тромбоцитопения, ЭТЖ-55 мм/ч. АЛТ 58 Е/л, АСТ 44 Е/л, Тікелей фракция есебінен, жалпы билирубин 128 ммоль/л. АФП 247,2 нг/мл. УДЗ зерттеу кезінде бауыр қақпасының төменгі гиперэхогенді түйіндер анықталды , өлшемі 5,5х3,6 см. Қандай емдеу тактикасы осы жағдайда алтын стандартты?

*+Бауыр трансплантациясы

* Ісіктің химиоэмболизациясы

* Этанолды тері асты енгізу

* Ісіктің радиожиілікті абляциясы

* Сәулелі және жүйелі химиотерапия

! Ер адам 56 жаста өңеш венасының варикозды кеңеюінен қан ағумен түсті. Бір апта бұрын сарғыштану дамыған, оң жақ қабырға асты ауырсынуы мазалаған. Анамнезінде вирусты гепатит. Қарағанда тері және склерасы сарғыштанған, телеангиоэктазия, пальмарлы эритема. Асцит есебінен іштің кебуі. Гепатоспленомегалия. Бір ай бұрыңғы гемоглобин деңгейі 110 г/л, түскен кезде – 102 г/л.

Емдеу жоспарының қайсысы барынша тиімді?

* Вазопрессин енгізу

* Плазмаферез өткізу

* Өңештің баллонды тампонадасы

* Эритроцитарлық масса құю

*+Варикозды венаны склеразирлеу ЭФГДС пен.

! Әйел 59 жаста әлсіздікке, эпигастридегі ауырсынуға, айқын тері қышуына шағымданады. Тері және шырыш иктерияланған, қасу іздері, іштің кебуі. Бауыр қабырға доғасынан 3-4 см төмен түскен, тығыз, шеті үшкір . Спленомегалия. Тері қышуын мақсаттық емдеуде қайсысы тиімді?

* фенобарбитал

* силимарин

* адеметионин

* лактулоза

*+холестирамин

! Біріншілік билиарлы бауыр циррозы кезінде бауырлық трансплантация уақытын ұзартуға, өңеш венасының варикозды кеңеюінің даму қаупін азайтуға, өмір сүруін жақсартуға , аурудың өршуін төмендетуге қайсы препарат барынша сәйкес?

* Адеметионин

* Преднизолон

*+Урсодезоксихол қышқылы

* Эссенциале

* Холестирамин

! Протеолитикалық ферменттер белсендігі, ТШҚҰ синдромы , электролиттік баланстың бұзылысы, гипоксия, гипоксемия, гипогликемия, гипотония, діріл, улану жағдайы қайсысына барынша сәйкес келеді?

* Цитолитикалық синдром

* Холестатикалық синдром

*+Жедел бауырлық энцефалопатия

* Дисциркуляторлы энцефалопатия

* Резорбционды-некротикалық синдром

! Ер адам 53жаста өңеш венасының варикозды кеңеюінен қан ағумен түсті. Бір апта бұрын оң жақ қабырға астында ауырсыну, сарғыштану пайда болған. Анамнезінде аптасына 6 бірлік этанол қабылдайды. Объективті: терісі және склерасы сарғыш, телеангиэктазия, іштің кебуі, бауыры қабырға доғасынан 3 см түскен, тығыз, ауырсынулы. Спленомегалия. Қанда анемия, тромбоцитопения ЭТЖ-36 мм/ч. Жалпы билирубин 56 мкмоль/л, тікелей фракция – 12,2 мкмоль/л. Төмендегі диагноздардың қайсысы барынша сәйкес?

* Криптогенді бауыр циррозы

* Созылмалы алкогольді гепатит

* Созылмалы криптогенді гепатит

* Созылмалы дәрілік гепатит

*+Алкоголь себебінен бауыр циррозы

! Ер адамда бауыр циррозымен айқын ісікті асцитикалық синдром дамыды. Соңғы 3 күнде төсектік режим, тұзсыз диета және тәулігіне 1000мл дейін сұйқтықты қабылдау шектелседе ісінудің азаюына әкелмеді. Әрі қарайғы емдеу тактикасында барынша тиімді препаратты көрсетіңіз?

* Фуросемид

* Этакринді қышқыл

* Триампур композитум

* Гидрохлортиазид

*+Верошпирон

! Науқаста бауыр биопсиясы кезінде портальді жолдардың фиброзды кеңеюі анықталды. Knodel шкаласы бойынша бауырдың фиброзы қай дәрежеге сәйкес келеді?

* 0

*+1

* 2

* 3

* 4

! Науқаста бауыр биопсиясы кезінде портальды жолдардың көптеген фиброзды кеңеюі, емізік тәрізді портопортальді септамен анықталды. Бұл гистологиялық көрініс Ishak шкаласы бойынша бауырдың фиброзы қай дәрежеге сәйкес келеді?

* 0

* 1

* 2

*+3

* 4

! Ер адам 62 жаста тітіркендіргішке, әлсіздікке, іш көлемінің ұлғаюына, терінің сарғыштануына және қышынуға, іштің кебуіне, оң жақ қабырға астындағы ауырсынуға шағымданады. Бірнеше айдан бері жағдайы нашарлаған. Қанда тікелей фракция есебінен гипербилирубинемия, айқын трансаминаза, γ-глютамилтранспептидазалар, сілтілі фосфатазалар деңгейінің жоғарлауы. Төмендегі диагноздардың қайсысы барынша сәйкес?

* Ұйқы безі басының рагы

* Өттас ауруы

* Фатер емізікшесінің рагы

* Созылмалы гепатит

*+Бауыр циррозы

! Ер адам 68 жаста ентігу, әлсіздік, үлкен дәретінің сұйық қара түсті, құсу “қою кофе”, бас айналу шағымдарымен түсті. Көп жылдан бері донор болып анықталады, соңғы 3 жылда екі жақты қабырға астында ауырсыну сезімі, тәбеті жоғалған, жұтыну қиыңдаған, арықтау, іштің ұлғаюы, ұйқының бұзылысы мазалайды. Объективті : жағдайы ауыр, тері жамылғылары бозғылт, склерасы иктерияланған, аяқтары арық, іші “бақа” формасында. Төмендегі аурулардың қайсысының асқынуы осы жағдайға алып келеді?

* Асқазан жарасы

* Өнеш рагы

*+Бауыр циррозы

* Синдром Маллори-Вейса

* Гепатоцеллюлярлы карцинома

! Ер адам 53 жаста артралгияға , ұйқының бұзылысына, бас ауруына, іштің кебуіне, құсуға, тәбеттің төмендеуіне, жүрек айнуға шағымданады. Соңғы уақытта іштің қатуына байланысты дефекация кезінде тік ішектің қанауы қосылған. Объективті: тері және шырышты қабаттары сарғыш, тілі жылтыр, айқын асцит, пальпацияда бауырдың шеті қатты үшкірленген. Қанда: билирубин 74 мкмоль/л, тимол сынамасы 12 ед, трансаминаза, лактатдегидрогеназа деңгейінің жоғарлауы. Төмендегі дәрілердің қайсысы барынша тиімді?

* Активтендірілген көмір

* Сенадексин

* Бисакодил

* Лактулозалар

*+Линекс

! Әйел 44 жаста, майлы тамақ қабылдағаннан кейін 1 тәулік ішінде бас ауруы, ұйқының қашуы, тоқтаусыз құсуға, іштің кебуі мазалайды, аяқтағы ісіну мазалайды. Объективті: адекватты емес, қозған, қоршаған ортаға бағдарсыз, қолдарының дірілдеуі, терісінде қасыған іздер, түсі кір-сарғыш, құрсақтың алдыңғы бөлігінің тамырлары кеңейген, асцит, аяқтағы санға дейінгі ісіну. Төмендегі аталған қай препарат қарсы көрсетілген?

* Осмотикалық диуретиктер

* Кристаллоидтар ерітіндісі

* Ілмектік диуретиктер

* Аминогликозидтер

*+Ұйықтатқыш заттар

! Бауыр циррозымен ауыратын науқаста ЭФГДСте өңештің орта бөлігінде диаметрі 5-10мм иілген вена. К.Binmоeller,1997 классификациясы бойынша қай дәрежесіне сай келеді. К.Binmоeller,

* 0

* 1

*+2

* 3

* 4

! 52 жастағы ер адамда алкоголь қабылдағаннан кейін бастың қатты ауру сезімі, қозуы ,бұлшық ет қозғалысы, тырысулар. Объективті:арықтау,ауыздан жағымсыз тәтті иістің шығуы,тері түсі кір- сарғыш,телеангиэктазиялар,кернелген асцит, аяқтағы петехиялар.Қанда:жалпы белок - 43 г/л, холестерин -1,0 ммоль/л, глюкоза - 1,5 ммоль/л, билирубин-225 мкмоль/л, мочевина 19 ммоль/л. Төменде аталған қай топ препараты қарсы көрсетілген?

* Коллоидтық ерітінді

* Ілмектік диуретиктер

* Альбумин ерітіндісі

*+Транквилизаторлар

* Осмодиуретиктер

! Науқас М 67 жаста, биопсия жасау кезінде бауыр бөлшектерінің өлімі, жайылмалы фиброздық септаның түзілуі, түйінді регенератордың пайда болуы анықталған. Төменде аталған диагноздардың қайсысы сәйкес келеді?

Аттестацияға арналған тесттік тапсырмалар. 6 страница - student2.ru

* Бауырдың алкогольді емес стеатозы

* Вирусты гепатит

* Біріншілік склероздаушы холангит

*+Бауыр циррозы

* Бауырдың алкогольді ауруы

! Жалпы іш қуысының УДЗ де бауырдың өлшемі – оң жақ үлесі 14см, сол жақ 7,2см, контуры анық емес, эхотығыздығы жоғарылаған, эхоструктура біркелкі емес, көлемі 0,8 және 1,2 см болатын тығыз түйіндер көрінеді. Қақпа венасының диаметрі 1,2см. Көкбауыр 15х8 см.

Аттестацияға арналған тесттік тапсырмалар. 6 страница - student2.ru

УДЗ-ның ең болжамалы қорытындысы:

* Бауыр цирозының УДЗ белгісі

* Гемахрамотоздың УДЗ белгісі

* Гемангиоманың УДЗ белгісі

*+Бауыр цирозының УДЗ белгісі

* Стеатоздың УДЗ белгісі

! Науқас И 64 жаста , ішінің көлемінің ұлғаюына, аралас сипатты ентігуге, әлсіздік, шаршағыштық, денесінің барлық жерінде көгерудің пайда болуына, қызыл иектің периодты түрде қанауына шағымданады. Зәр айдағыш препараттармен (верошпирон, фуросемид) өткізілген терапия нәтиже бермеді. Бірнеше рет парацентез жүргізілген (нәтижесі аздаған күн сақталған), содан кейін ішінің көлемі қайтадан ұлғайған, ентігу күшейген. Келесі этапта қандай шараны қолдану нәтижелі болып табылады?

* 4 л асциттік сұйықтықты алу мақсатында қайталамалы парацентез

* Сұйықтықты шығару және белокты толтыру мақсатында қайталамалы парацентез

* трансартериальды хемоэмболизация жүргізу

*+трансюгулярлы интербауырлық протосистемді стендтеуді жүргізу

* форсирленген диурезді жүргізу

Наши рекомендации