Казак турик лицейн тесттери

-

1.Жанұяны жоспарлау дәрігеріне контрацепция әдісін таңдау үшін 19 жастағы әйел қаралды, анамнезінде трихомонадты кольпит, бірнеше жыныстық партнері бар. Осы жағдайға байланысты механикалық контрацепция әдісінің кемшіліктерінің бірі болып......... табылады:

Қан ұйығыштығының бұзылуы

Етеккір бөліністерінің сипатының бұзылуы

Етеккір бөліністерінің күшеюі

Қайтымсыз

+Сексуалды сезімнің төмендеуі

2.26 жастағы қайта босанушы әйел, әйелер кеңес орнына 9 апталық жүктілікпен тіркеуге тұрды. Анамнезінен: Артериалды гипертензия диагнозымен учаскелік терапевте тіркеуде тұратыны анықталды. Алдыңғы жүктілігі ауыр дәрежедегі преэклампсиямен асқынған, соған байланысты жүктілік 32 аптасында медициналық көрсеткіш бойынша үзілген. Тіркеуге алған уақытта әйелде ешқандай шағымдар жоқ. АҚ=120/80 мм сын. бағ. Осындай патологиясы бар жүкті әйелді қай мерзімде бірінші рет стационарға жатқызу қажет ?

+12 аптаға дейін

24 аптаға дейін

28-32 апталарға дейін

36 аптаға дейін

38-40 апталарда

Босану клиникасы_каз

1.Партограммада босанушыда әлсіз толғақ күші ....... белгіленеді:

+Нүктемен

Қиғаш штрихпен

Толық боялады

Көлденең штрихпен

Ұзына бойы штрихпен

2.Нәресте туылғаннан кейін босанушы әйелдің жалпы жағдайы қанағаттанарлық. ҚҚ 125/85 сн.бағ., пульс минутына 90 соққы. Босанудан кейінгі қан кетуді алдын алу мақсатында бұлшықетке 10 ЕД окситоцин енгізілді.

«Ана қауіпсізді» бағдарламаға сәйкес босанудың 3 кезеңінің жүргізілуі .....байланысты болады.

Қан жоғалту дәрежесіне

Плацентаның бөліну белгілеріне

+Босанудың ұзақтығына

Нәрестенің жағдайына

Сусыз кезеңнің ұзақтығына

3.Мерзімі жеткен жүктілігі бар бірініші босанушы әйел перзентханаға келіп түсті. 5 сағат бойы іштің төменгі бөлігінде толғақ тәрізді ауырсыну сезімінің пайда болғанына шағымдалды. Сулар кетпеген. Ұрықтың жүрек соғысы минутына 130 рет .

Партограммада ........ өзгерістері болады.

+ Жатыр мойнының қысқаруы мен жайылуы

Толғақтар жиілігінің сиреленуі

Қағанақ суының кетуі

Бел аймағында ауырсыну сезімінің күшеюі

Ұрық жүрек соғысының сиреленуі

4.25 жастағы алғаш босанушы әйелде босанудың 10 сағат бойы болғанымен перзентханаға түсті. Сулар кетпеген. Босанушы әйел аяқ астынан бозғылт түсті болып, ішінде қатты ауырсыну сезімінің пайда болғанына шағымдалды. Жатыр тұрақты тонуста. Ұрық жүрек соғысы минутына 100-110 рет, түйық, анық емес. Қынаптық зерттеуде: жатыр мойнының ашылуы 6 см, қағанақ қуығы бүтін, ұрық басы кіші жамбастың тар бөлігінде орналасқан.

Клиникалық диагноз; …..... .

Жүктілік 39-40 апта.Босанудың 2 кезеңі. Плацентаның ажырауы. Ұрықтың жедел гипоксиясы.

+ Жүктілік 39-40 апта.Босанудың 1 кезеңі. Плацентаның ажырауы. Ұрықтың дисстрессі.

Жүктілік 39-40 апта.Босанудың 2 кезеңі. Ұрықтың жедел гипоксиясы.

Жүктілік 39-40 апта. Босанудың 1 кезеңі. Плацентаның ажырауы. Ұрықтың созылмалы гипоксиясы.

| Жүктілік 39-40 апта.Босанудың 2 кезеңі. Ұрықтың созылмалы гипоксиясы.

5.27 жастағы бірінші босанатын әйел жүктілігі 37-38 апта, босанудың екінші кезеңінде перзентханаға келіп түсті. Бақылау барысында ұрықтың жүрек соғуының 90-100 соққыға дейін сиреленуі және оның күшенулер арасында қалыпты деңгейіне түспейтіні анықталды. Қынаптық тексеруде: ұрық басы кіші жамбастың тар бөлігінде, сагиталды жік оң қиғаш өлшемінде, кіші еңбек сол жақ алдынан орналасқан.

Ұрық басының қондырылу түрі және дамыған асқынуы;

+Шүйдемен қондырылуы, алдыңғы түрі. Ұрықтың дисстрессі.

Шүйдемен қондырылуы, артқы түрі. Ұрықтың жедел гипоксиясы.

Шүйдемен қондырылуы, алдыңғы түрі. Ұрықтың созылмалы гипоксиясы.

Асинклитикалық қондырылуы, алдыңғы түрі. Ұрықтың жедел гипоксиясы.

Бастың алдымен қондырылуы, алдыңғы түрі. Ұрықтың жедел гипоксиясы.

6.Ұрықтың болжама салмағы 4500,0 гр. босанушыда күшену 1-2 минуттан кейін 50-60 секундтан, қарқынды. Вастен белгісі оң, төменгі сегмент ауру сезімді, контракционды сақина кіндік деңгейінде. Кіші дәретке бармағалы 3 сағат. Ұрықтың басы, кіші жамбас кіре берісіне қондырылған. Ұрықтың жүрек соғуы 160 соққы/минутына. Қынаптық зерттеуде: ашылуы толық, жатыр мойны шеттері ісінген.бос. Басы кіші жамбас кіре берісіне қондырылған. Жебе тәрізді жігі оңжақ қиғаш өлшемде. Кіші еңбек оң жақта сегізкөзге қараған. Басында босану ісігі айқын. Мыс жетпейді. Ықтимал диагноз:....... .

Босанудың II кезеңі. Ірі ұрық. Аса қатты босану әрекеті.

Босанудың II кезеңі. Ірі ұрық. Дискоординациялагған босану әрекеті.

+Босанудың II кезеңі.ірі ұрық. Клиникалық тар жамбас. Жатырдың жыртылу қаупі.

Босанудың II кезеңі. Клиникалық тар жамбас. Ірі ұрық. Басталған жатыр жыртылуы.

Босанудың II кезеңі. Клиникалық тар жамбас. Ірі ұрық. Болған жатырдың жыртылуы.

7. 25 жастағы тұңғыш босанушының З., қағанақ суы кеткеннен соң 5 сағаттан кейін PV қаралған.Ашылуы 5 см, қағанақ қабы жоқ, көзі, мұрны, аузы, бет сызығы оң қиғаш өлшемде.Иек сол жақта, алда. Мүйіске қол жетпейді.Босанудың барынша тиімді әдісі: ...... .

+Табиғи жолмен босануы мүмкін

кесар тілігі арқылы босандыру

нәрестені бұзу операциясымен бітіру

босану әрекетін белсендіру, табиғи жолмен босандыру

акушерлік ұйқы-демалыс беру

8.23 жастағы алғаш босанушы жетілген жүктілікпен босануда 5 сағат. Жағдайы қанағаттанарлық. Жамбас өлщемдері қалыпты. Ұрықтың болжам салмағы 3400,0 г. Толғағы 4 минуттан кейін 20- секундтан, әлсіз. Ұрықтың жүрек соғуы анық, ырғақты 140 соққы минутына. Қарау кезінде жатыр мойны жайылған және ашылуы 3 см,қағанақ қабы бүтін, баспен кіші жамбас кіреберісіне тірелген.

Ықтимал жүргізу әдісі;....... .

+ окситоцинмен ынталандыру

вакуум –экстрактор салу

простагландиндермен ынталандыру

акушерлік қысқыш салу

кесар тілігі

9.30 апталық жүктілікте қағанақ суы кетті. Босану әрекеті жоқ. Жүктінің дене температурасы 36,6°С. Ұрықтың жүрек соғуы анық, ырғақты 140 соққы/минутына. Ықтимал амалыңыз .............:

+Жүктілікті бақылап жүргізу

кесар тілігі

окситоцинмен ынталандыру

босану жолдарын дайындау

простагландиндермен ынталандыру

10.Үйде болған эклампсия ұстамасынан кейін 23 жастағы алғаш босанушы перзентханаға әкелінді. Жүктіліктің 37-38 аптасы, жағдайы ауыр, есі есеңгіреген. АҚҚ 150/100 мм сын. бағ., пульсі 98 соққы/минутына. Аяғында айқын ісінулер. Жүктіні жүргізудің ең ықтимал жүргізу әдісі ...............:

емдеу фонында жүктілікті бақылап жүргізу

2-3 күн жалпылама қарқынды ем жүргізу

+жалпылама қарқынды ем жүргізіп кесар тілігін жасау

босануды қоздыру, кейін акушерлік қысқыш салу

босану жолдарын индукцияға дайындау

11.Босанушы 22 жаста. Жамбас өлшемдері қалыпты. Ұрықтың болжам салмағы 3000,0 гр. Босанудың 2 кезеңінде. Таза бөксемен жату. Бөксе жамбас түбінде. Кезекті күшенуден кейін ішінің ауру сезімі, қанды бөлінділер пайда болды. Ұрықтың жүрек соғуы 180 соққы/минутына, ырғақты. Ықтимал жүргізу әдісі?

Кесар тілігін жасау

Цовьянов әдісін қолдану

Акушерлік қысқыш салу

+Ұрық шатынан экстракция жасау

Классикалық әдісті қолдану

12.Босанушы босануда 10 сағат шамасыда. Суы кеткен жоқ. Кенеттен босанушы бозарып,құсу, іштің төменгі жағында керіп ауру сезімі пайда болды, жатыр ассиметриялық пішінге өзгерді, тығыз. Қынаптық зерттеуде: жатыр мойны ашылуы толық, қағанақ қабы бүтін, керіліп тұр, жатушы басы кіші жамбастың кең бөлігінде. Ықтимал акушерлік тактика?

+Шұғыл түрде кесар тілігі операциясына кірісу

қағанақ қабын жару және акушерлік қысқыш салу

қағанақ қабын жару және ұрықтың вакуум-экстракциясы

ұрықтың қауіпті жағдайын емдеу

окситоцинмен ынталандыру

Наши рекомендации