Сурет – экспираторлы маневр спирограммасы

Сурет. Өкпе көлемі және сыйымдылығы

Тыныс алудың обструктивті көрсеткіштері (6 сурет):

· ӨЖТС (өкпенің жылдамдатылған тіршілік сыйымдылығы) – адамның максималды терең дем алудан кейін жылдам дем шығаратын максималды ауа көлемі. Берілген көрсеткіш ауа өтетін жолдардағы ішкі өкпенің кедергі деңгейін сипаттайды.

· Алғашқы секундтағы қарқынды дем шығару көлемі (ҚДК1). Бұл көрсеткіш ауа өтетін жолдағы кедергі секілді (бронхтық қарсыласудың көбеюінің есебінен) рестриктивті бүлініс кезінде де (барлық өкпе көлемдерінің азаю есебінен) азаяды.

· Тиффно түрлендірілген индексі – ҚДК1/ӨЖТС. Бұл қарқынды дем шығаруы бар экспираторлы маневр көрсеткіші. Ол обструктивті синдром кезінде айтарлықтай азаяды, себебі, келісілген бронхтық кедергісі бар дем шығарудың ақырындауы ҚДК1 азаюымен немесе барлық ӨЖТС аздап төмендеуімен жүргізіледі. Тиффно индексі рестриктивті бұзылу кезінде айтарлықтай өзгермейді, себебі ҚДК және ӨЖТС тепе-теңдігі азаяды.

· МКЖ25, МКЖ50, МКЖ75 – ӨЖТС 25,50,75 % деңгейіндегі дем шығарудың максималды көлемді жылдамдығы, яғни, науқас 25,50,75 % ӨЖТС демін шығарған кез.

· ОКЖ25, ОКЖ50, ОКЖ75 – 25% және 75% ӨЖТС қисығының арасындағы орташа бөліктегі күшейтілген орташа экспираторлы ағын. Бұл көрсеткіш аз мөлшерде емделушінің ерікті күшіне байланысты және бронх өтімділігін объективті бейнелейді.

· Дем шығарудың шыңды көлемді жылдамдығы (ШКЖдш) – күшейтілген дем шығарудың максималды көлемді жылдамдығы.

Сурет – экспираторлы маневр спирограммасы - student2.ru

сурет – экспираторлы маневр спирограммасы

Спирографиялық зерттеудің нәтижесін ескере отыра келесілерді есептейді: 1) бірқалыпты тыныс алу кезіндегі тыныс алу қозғалысының сандары; 2) тыныс алудың минуттық көлемі (ТМК) – бірқалыпты тыныс алу кезіндегі бір минуттағы өкпе желдеткішінің жалпы ұзындығы.

Алынған көрсеткіштерді негізге ала отырып, нақты науқастан алынған міндетті ұзындықтың пайыздық қатынасын есептейді және нормадағы көртсеткіштермен салыстырады (15 кесте).

15 кесте – негізгі спирографиялық көрсеткіштердің қалыпты мәнінің шегі (есептік міндетті ұзындыққа қатысты пайыздық қатынас).

Көрсеткіштер Нормасы, % Шартты нормасы Ауытқулар
бірқалыпты маңызды айқын
ӨТС >90 85-89 70-84 50-69 <50
ҚДК1 >85 75-84 55-74 35-54 <35
ҚДК1/ӨЖТС >70 65-69 55-64 40-54 <40
             

Ауа алмастыру көрсеткіштерінің міндетті ұзындықтарын арнайы формула немесе кесте бойынша анықтайды. Заанауи компьютерлік спирографтарда олар автоматты түрде есептеледі. Сыртқы тыныс алудың қызметтерінің мүмкін болатын ақау себептері 16 кестеде көрсетілген.

16 кесте – өкпе ауа алмастырғышының ақауы кезіндегі негізгі спирограмма көрсеткіштерінің өзгерісі

Көрсеткіштер Рестриктивті ақаулар Обструктивті ақаулар Аралас ақаулар
ӨТС ↓↓ Норма немесе ↓
ҚКда Норма
ҚКдш
ҚДК1
ҚДК1/ӨЖТС Норма немесе ↑
ОКЖ25-75%

Өкпенің қалдық көлемі (ӨКҚ), өкпенің жалпы сыйымдылығы (ӨЖС), өкпенің функционалды қалдық көлемі (ӨФҚК) спирометрияның көмегімен өлшенбейді, оларды анықтап алу үшін газды ажырату немесе барлық дененің бодиплетизмографиясы тәсілдерін қолдану қажет.

Функционалды спирометрлік сынамалар

Қосымша диагностикалық ақпарат алу үшін 2 түрлі функционалды спирометрлік сынамалар қолданылады:

· бронходилатациялық (бронхолитикалық);

· бронхоконстрикторлық (арандатушылық).

Бронходилатациялық сынама (бронхолитикалық). Көрсетілімдері:

· бронхиальды кедергінің және генезадағы бронхоспазманың қайтымдылығын анықтау;

· бронхолитикалық терапияның әлеуетті эффектісін анықтау;

· жасырын бронхоспазманың диагностикасы;

· Анағұрлым тиімді дәрінің және оның мөлшерін іріктеу.

Жүргізу тәсілі. Тест ашық жағдайда b2-агонисттерінсіз, 4-6 сағ қысқа М-холинолитиктерінсіз, ұзақ мерзімді b2-агонисттерінсіз, созылған теофилдиндері бар М – холиполитиктерінсіз жүргізіледі. Зерттеуге дейін 1 сағат бұрын және зерттеу кезінше шылым шегуге болмайды. Алтын стандарт ретінде, әдетте, бір реттік максималды дозамен 400 мгк (100 мгк-тен 4 дем алу) сальбутамол қолданылады. Емделуші 4 ингаляцияны 30 секунд аралықпен қабылдайды. Ингаляцияны орындаудың дұрыс техникасы сақталуы шарт: емделуші басын сәл артқа шалқайтып, иегін көтеріп, терең баппен демалып, ернімен ақырын ингалятордың мундштугын қысып, және ингаляторды баса отыра, аузымен келесі демді кемінде 10 секунд ұстай отырып терең ақырын дем алу керек. Препараттты ингаляциялық енгізгеннен кейін 15 минуттан кейін және оған дейін спирографияны жүргізеді.

Түсіндіру. Бронходилятациялық жауаптың көрсетілуінің кеңінен таралған тәсілі спирометрлік көрсеткіштердің абсолюттік (абсолюттік өсім, АӨ) және қатыстық (бронходилятация коэффициенті, БДК) өзгеруі болып табылады.

Айтарлықтай таралған тәсіл ретінде алғашқы ұзындықта % көрсетілген ҚДК1 өсімінің есебі болып табылады:

АӨ= ҚДК1,мл- ҚДК1,мл

БДК= ҚДК1,мл- ҚДК1,мл/ ҚДК1,мл*100%.

Егер бронходилятор ингаляциясынан кейін БДК Сурет – экспираторлы маневр спирограммасы - student2.ru 12%, ал АӨ >200 мл болса, бронходилятациялық тест оң болып саналады.

Оң сынаманың бағалауы:

· оң сынама қайтымды кедергіні растайды;

· бастапқы қалыпты көрсеткіштер кезіндегі оң сынама жасырын кедергі туралы айтады;

· көрсеткіштердің төмендеуі, яғни сальбутамолға деген парадоксальді реакция мәндес түсіндіруді иемденбейді.

Бронхоконстрикторлы сынама ауа өтетін жолдардың шалдыққыштығы деп аталатын деңгейді өлшеуге мүмкіндік береді. Бронхиалды гипершалдыққыштық қоздырушы агентке жоғарылатылған реакция ретінде анықталады. Көбінесе фармокологиялық заттары (метахолин) және физикалық тітіркенгіштері бар (гипо- немесе гипертониялық аэрозольдар, салқын, физикалық күш) өршіткіштер жиі қолданылады.

Көрсетілімдері:

· егер спирография диагнозды таба алмаса, БА алғашқы диагностикасы;

· созылмалы өнімсіз жөтел;

· жиі болатын салқын тию аурулары, жөтел;

· физикалық күш түсіру немесе салқын ауамен байланыс кезіндегі демалудан қиналу жағдайлары;

· сараптамалық бағалау (әскери комиссариаттан, әлеуметтік-медициналық сараптамалық комисся бағыттауы бойынша)

Қарсы көрсетілімдері:

Абсолюттік:

· ҚДК1<60%, міндеттіден, немесе <1,0 л;

· аорттың аневризмасы;

· миокард инфарктісі немесе өткен 3 айдағы инсульт;

· бақыланбайтын артериальды гипертензия (систоликалық АД >200 мм рт ст немесе диагностикалық АД >100 мм рт ст).

Қатыстық:

· ҚДК1 <70% міндеттіден, немесе <1,5 л;

· эпилепсия;

· жүктілік немесе бала емізу.

Наши рекомендации