Сар» партиясының партиялық тізімі бойынша сайланған Мәжіліс депутаты «Асар» партиясының қатарынан шықты.
90-бап. Кандидатураны алып тастау, Мәжiлiс депутаттығына кандидат етiп ұсыну
туралы шешiмнiң күшiн жою (акимшилик кодекс)
1. Партиялық тізімге енгізілген адам Орталық сайлау комиссиясына жазбаша өтініш бере отырып, өз кандидатурасын партиялық тізімнен кері қайтарып ала алады. Бұл жағдайларда Орталық сайлау комиссиясы партиялық тізімге енгізілген адамды шығару туралы шешім қабылдайды.
2.Қазақстанхалқы Ассамблеясының Кеңесі, ол ұсынған кандидат Орталық сайлау комиссиясына жазбаша өтініш жасай отырып, кандидатураны кері қайтарып ала алады. Бұл жағдайда Орталық сайлау комиссиясы кандидатты тіркеудің күшін жою туралы шешім
қабылдайды.
илет № 9
арламент Мәжілісінің Депутаты Құрманбеков Г.К. сайлау күні үгіт насихат жұмыстарын жүргізді.
32-бап. Сайлау алдындағы үгiттi тоқтату(әкмшілік кодекс)
1. Сайлау болатын күнi және оның қарсаңындағы күнi кез келген үгiтке тыйым салынады.
2. Сайлау комиссияларының үй-жайларынан және дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс жерлерде бұрыннан ілулi тұрған баспа үгiт материалдарын сол орындарында қалдыруға болады.
илет № 10
лматы қаласының әкім аппаратының екі лауазымды тұлғасы жарнама агенттігін құрды.
68 бап (Конститция РК)
2. Үкімет мүшелерінің өкілді органның депутаттары болуға, оқытушылық, ғылыми немесе өзге шығармашылық қызметтерді қоспағанда, өзге де ақы төленетін жұмысты атқаруға, кәсіпкерлік іспен шұғылдануға, заңнамаға сәйкес өздерінің лауазымдық міндеттері болып табылатын жағдайларды қоспағанда, коммерциялық ұйымның басшы органының немесе байқаушы кеңесінің құрамына кіруге құқығы жоқ.
илет № 11,12,13
замат Мержиков К.К 14.08.2015 ж. сағат 24.00 шамасында өз үйінің алдында айқайлап өлең айтты. Көршісі Г.К Медеубаеваның ескертуіне қарамастан ол өлең айтуын әрі қарай жалғастыра берді. Көршісі учаскелік инспекторға хабарлады.
333-бап. Тыныштықты бұзу (Әкімшілік кодекс
1. Жеке тұлғалардың қалыпты демалысы мен тыныштығына кедергi келтiретiн, түнгi уақытта (сағат 23-тен таңғы 6-ға дейiн) тыныштықты бұзу, оның iшiнде тұрғын үй-жайларда және олардың сыртында шұғыл қажеттiлiкпен байланыссыз шу шығаратын жұмыстарды жүргiзу -
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - екі, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - он, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға қырық айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
1.М. азаматының әрекети құқық бұзушылыққа жатады
2.Көршісінің әрекеті дұрыс3.М. азаматының көршісі сияқты учаскілік уәкілетке қоңырау шалатын еді
илет № 14
блыс әкімі Сержанов Б.С. өз шешімімен некеге отырушылардың жасын 16 жасқа төмендетті. Облыс прокуроры Темирланов К.С бұл шешімге наразылық білдірді.
10-бап. Неке (ерлі-зайыптылық) жасы
1. Неке (ерлі-зайыптылық) жасы еркектер мен әйелдер үшін он сегіз жас болып белгіленеді.
2. Мынадай дәлелді себептер болған:
1) жүкті болған;
2) ортақ бала туған кезде неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу орны бойынша тіркеуші органдар неке (ерлі-зайыптылық) жасын екі жылдан аспайтын мерзімге төмендетеді.
3. Некеге отыруға (ерлі-зайыпты болуға) тілек білдірушілер және олардың ата-аналары не қамқоршылары белгіленген неке (ерлі-зайыптылық) жасын төмендету қажеттігі туындайтын себептерді көрсете отырып, неке (ерлі-зайыптылық) жасын төмендету туралы өтініш беруі мүмкін.
4. Неке (ерлі-зайыптылық) жасын төмендетуге тек қана некеге отырушылардың (ерлі-зайыпты болушылардың) келісімімен жол беріледі.
5. Неке (ерлі-зайыптылық) жасына толмаған адамдар арасындағы немесе неке (ерлі-зайыптылық) жасына толған адам мен неке (ерлі-зайыптылық) жасына толмаған адам арасындағы некеге (ерлі-зайыптылыққа) неке (ерлі-зайыптылық) жасына толмаған адамдардың ата-аналарының не қамқоршыларының жазбаша келісімімен ғана рұқсат беріледі.
Облыс әкімінің шешімі негізсіз. Прокурордын қарсылығы дұрыс. Тек АХАЖ органы тіркей алады
илет № 15,16
мелеттік жасқа толған С.С. Бергимбекова және азамат К.К. Имантаев 2012 жылдың 03 наурызында үйленуге шешім қабылдады. Ата-аналарының ұйғарымымен бір айдан соң мешітте некелерін қидырды.
13-бап. Неке қиюдың (ерлі-зайыпты болудың) тәртібі
1. Неке (ерлі-зайыптылық) некеге отыратын (ерлі-зайыпты болатын) адамдардың тікелей қатысуымен тіркеуші органдарда не арнайы мемлекеттік неке сарайларында қиылады.
Некеге тұруға (ерлі-зайыпты болуға) тілек білдірген адамдардың біреуі тіркеуші органға келе алмайтын ерекше жағдайларда (ауыр науқастануы, қамауда немесе бас бостандығынан айыру орындарында болуы) некені қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу үйде, медициналық немесе өзге ұйымда тиісті ұйымның әкімшілігімен міндетті түрде келісе отырып, некеге отыратын (ерлі-зайыпты болатын) адамдардың қатысуымен жүргізіледі.
Мешіттегі неке жарамсыз, себебі ол тіркеуші органдарда немесе мемлекеттік неке сарайларында қиылмаған