Тұқым қуалайтын нефротикалық синдромдар

Жанұялық (генетикалық) нефротикалық синдром рецессивті гендік мутациядан дамиды. Мутацияға ұшырайтын − подоциттің, оның кіші аяқтарының арасындағы саңылаулы диафрагманың белоктары. Ең жиі кездесетіні:

1. Нефрин синтезінің бұзылуы, оның гені NPHS1 мутациясы

2. Подоцин синтезінің бұзылуы, NPHS2 генінің мутациясы

3. Тағы бір НС туғызатын - WT-1 геннің (Вильмс ісігінің гені) мутациясы.

Фин типтес НС - NPHS1 мутациясы. Аутосомды-рецессивті ауру. Нәресте туғаннан ісіну және т.б. НС белгілері болады. Жүктілік кезде қанда α-фетопротеин жоғары болады. Морфологиялық өзгеріс – өзекшелер өте кеңейген. Диагноз клиникалық белгілерімен білінеді. Жанұясында бұл ауру болмаса туа біткен сифилис, ЦМВ-инфекциясы туғызатын туа біткен НС не инфантильді НС-ды қарастыру керек.

Емі. 20% альбумин инфузиясы және жоғары белокты диетамен емдейді. Ісінуге байланысты фуросемид 1-5 мг/кг/тәул. беріледі. «Фармакологиялық нефрэктомия» - индометацин жоғары дозасы және АӨФи немесе бір жақты нефрэктомия гипоальбуминемияны азайтуға көмектеседі. Түбінде – трансплантация.

NPHS2, подоцин генінің 30 түрлі мутациясы кездеседі. Ауру бір жаста, кейде кешірек те дамиды.

Морфологиялық өзгеріс – ФСГС. Стероид-резистентті ФСГС-ң ішінде табылуы мүмкін.

Емі. Иммуносупрессивті ем қолданылмайды. АӨФ ингибиторы, АТ II рецепторларының блокаторы қолданылады.

WT-1 генінің мутациясы Denis-Drash синдромын туғызады. Морфологиялық өзгеріс − диффузды мезангиальды склероз. НС мен қатар еркек псевдогермафродитизмі және Вильмс ісігі болуы мүмкін (кейде толық емес синдром). Бұлармен қатар тағы да НС-мен білінетін туа біткен синдромдар (Schimke, Nail-Patella т.б.) бар.

Бүгінгі таңда подоциттің 90-ға жақын белоктары табылып отыр, сондықтан жанұялық НС-ң көп түрлері әлі анықталмаған деп болжауға болады. Сонымен тұжырымдай келе айту керек: НС өте ерте басталса және дисморфизм белгілері болса аурудың генетикалық түрін іздеу керек.

Мембранозды нефропатия (МН)

Кейбір ерекшеліктеріне байланысты бұл ауру МН деп аталады. Балаларда сирек (1,5-5%) кездеседі. Әсіресе идиопатиялық МН өте сирек. Екіншілік МН аутоиммундық (ЖҚН), инфекциялық (гепатиттер В, С), ісік (Вильмс ісігі, нейробластома) ауруларында, кейде дәрілер әсерінен дамиды. Жақында теріге жаққан дәрілер МН туғызғаны клиникалық мысал ретінде айтылды.

Патогенезі. Эпимембранозды, субэпителийлік иммунды кешендер болады және подоцит зақымдалуы болады. ИК айналымда емес, жергілікті (in situ) түзіледі. Құрамында IgG және C3 болады. Депозиттер ГБМ-ң эпителий жағында орналасып, сосын бірте-бірте оның ішіне кіреді (4 сатысы, 36-сурет) ГБМ қалыңдайды. Бірақ пролиферация жоқ.

Сурет!!!!!!!!!!!!!!!!!

Клиникасы. 60-70% - НС-нан басталады, кейде протеинуриядан басталып, 1-2 жылда НС дамиды. 30-40%-да микрогематурия қосымша болуы мүмкін. 10-20%-да бара-бара гипертензия қосылады.

Ағымы. МН – созылмалы ауру, спонтанды ремиссия, рецидивпен сипатталады.

Емі. Мүмкіндік болса этиологиясын тауып, емдеу − ең нәтижелі ем. Патогенетикалық ем толық анық емес. Ересектерде Понтичелли әдісі – преднизолонмен және циклофосфамидті (не хлорамбуцилді) бір айдан кезек-кезек 3 рет (барлығы 6 айлық ем) беру қолданылады. Соңғы жылдары ЦсА-мен, микофенол қышқылының препараттарымен емдеу көбірек қолданылады. Балаларда көбіне екіншілік люпус-нефриттің V-типі ретінде кездеседі, ЦсА әсері жақсы.

Болжамы.Креатинин дәрежесі, шумақ фильтрациясы жылдамдығы, қан қысымы неғұрлым қалыпты болса, болжамы дұрыс болады. Емге резистенттік, бүйрек функциясы төмендеуі бүйрек жетісеушілігі дамуын тездетеді.

Мембрана-пролиферативті гломерулонефрит (МПГН)

Синонимдері – “мезангий-капиллярлық ГН”, “лобулярлық ГН”. Этиологиясы табыла бермейді, бірақ әртүрлі инфекция рөлі бар деп есептеледі, соның ішінде – вирустық гепатиттер, әсіресе – гепатит С.

Патогенезі– ЦИК арқылы дамиды. Толық анық емес.

Морфологиясы– түйіршік депозиттер базальдық мембрананың эндотелий жағынан (1-тип), кейде мембрананың ішінде (2 тип) орналасады. Мезангий матриксі өсіп, клеткалар пролиферациясы көбейеді (34-сурет).?????????

Клиникасы – нефротикалық синдром, нефриттік синдром не тек протеинурия мен гематурия болулары мүмкін. Гипокомплементемия (Сз ↓) тән.

ЕмМПГН-2 типінде жақсы нәтиже бермейді. Бірақ балаларда МПГН-1типі болғанда мына ем көмек көрсетуі мүмкін: преднизолон альтернирленген (күн ара) әдіспен: 60 мг/м2/48 сағ беріледі. 2-3 айдан кейін мөлшері 50-40 мг дейін азайтыла бастайды. Осылайша (40-30 мг/м2/48 сағ) 5 жыл емделеді. Нефропротекция (АӨФи, АРБ), жалпы гипотензивті ем және гепатит инфекциясын емдеу қолданылады. Цитостатиктер (циклофосфамид) көмектеспейді, айқын клиникалық синдром болғанда циклоспорин А, ММФ және т.б. дәрілер тағайындалуы мүмкін. Бірақ олардың нәтижелілігі жайлы дәлелдер әзір жоқ.

Ағымы, болжамы қолайсыз, бірнеше жылдан кейін СБЖ-не әкеледі.

Наши рекомендации