Эндокринология» блогы бойынша рубежді бақылау өткізуге арналған тесттік тапсырмалар 4 страница
* +Альдостерон секрециясының көп бөлінуі калийдің бүйрек каналдарымен реабсорциясын және экскрециясын жоғарлатады;
* Глюкокортикоидтар мен альдостеронның өнімінің төмендеуі артериалды гипертензияның туындауына әсер етеді;
* Гиперкалиемия нефропатияның дамуына, миокард пен бұлшықеттің дистрофиялық өзгеруіне әкеледі;
* Катехоламиндердің гиперсекрециясы тамыр тонусының және зат алмасуының бұзылуына алып келеді;
! Кортизол синтезделеді:
* +бүйрек үсті безінің шоғырлы бөлімінде
* бүйрек үсті безінің торлы бөлімінде
* бүйрек үсті безінің шумақты бөлімінде
* бүйрек үсті безінің милы қабатында
* бауырда
! Стриялар – бұл:
* қабақ терісінде холестериннің жиналуы
* инсулин инъекциясының орнында тері асты май қабатының өзгеруі
* +стероидты гормонның катаболикалық әсерінің нәтижесінде пайда болған, тері қатпарларына сәйкес келетін, тік және көлденең қуысы
* тері капиллярларының кеңеюіне байланысты бет, маңдай,жоғарғы қабақ аймағындағы қызару
* шырышты және тері қабатындағы гиперпигментация
! Бүйрек үсті безінің жедел жетіспеушілігінің негізгі клиникасының пайда болуы:
* +қызба, іштегі ауру сезімі, жүрек айну
* артериалды гипертензия
* полиурия
* гипергликемия
* полидепсия
! Иценко-Кушинг ауруында остеопороздың дамуы негізделген:
* минералокортикоиды заттардың жоғарылауына
* қалқанша безінің зақымдалуы және кальций алмасуының бұзылысы
* асқазан-ішек жолындағы кальций сіңірілуінің бұзылысына
* кальцийдің сүйек тініндегі адсорбциясының төмендеуі және зәрмен экскрециясының жоғарылауына
* +сүйектің ақуыз матрицасының бұзылысына
! Дексаметазонмен үлкен сынама қандай жағдайлардың ажырату
диагностикасы үшін қолданылады:
* гипоталамикалық синдром және Кушинг синдромы
* семіздік және Кушинг ауруы
* қалыпты жағдайлар және Кушинг синдромы
* +Кушинг ауруы және Кушинг синдромы
* Семіздік және гипоталамикалық синдром
! Конн синдромымен науқаста спиринолактон сынамасымен қандай нәтиже көреміз:
* + калий концентрациясының жедел түрде төмендеуі, АҚ төмендеуі;
* натрий концентрациясының жедел түрде төмендеуі, АҚ тұрақталуы;
* альдостерон деңгейінің томендеуі, АҚ жоғарылауы;
* калий концентрациясының жоғарылауы, АҚ төмендеуі;
* альдостерон деңгейінің жоғарылауы, АҚ жоғарылауы;
! Бүйрек үсті безінің жедел жетіспеушілігінің емдеу бағдарламасына кіреді:
* +кортизолдың стресстік дозасын парентералды қолдану;
* минералокортикоидтарды қолдану;
* инсулинотерапия;
* гипотензивті препараттарды қолдану;
* калий дефицитің қалпына келтіру.
! Катехоламин кризінің негізгі клиникасының пайда болуы:
* кенеттен басталуы, гипергидроз, жүрек соғуы, аштық сезімі
* +кенеттен АҚ жоғарылауы, бас ауруы, жүрек соғуы, терлегіштік, діріл
* біртіндеп басталуы,құсу,жүрек айну, іштегі ауру сезімі, ұйқышылдық
* біртіндеп басталуы, ыстықтау сезімі,терінің құрғауы,бас ауру
* бірітіндеп басталуы, брадикардия, гипотония, коматозды жағдай
! 34-жастағы әйелде бірінші рет АГ III сатысы анықталды, қан сарысуындағы калийдің деңгейі - 2,7 ммоль/л және гормон профилдерінің нәтижелері: жатқан қалыпта қан плазмасында альдостерон деңгейі - 55 нг/дл (қалыптыда 1-16), плазмадағы ренин 0,1 нг/мл/ч (қалыптыда 0,15-2,33), изотоникалық ерітінді NaCl құйғаннан кейінгі плазмадағы альдостерон деңгейі -54нг/дл (қалыптыда 1-8). Қандай диагноз болуы мүмкін?
* феохромоцитома;
* эссенциалды АГ;
* +Конн синдромы;
* Иценко-Кушинг ауруы;
* Пейдж синдромы.
! Науқас 26 жаста, 2 жыл бойына кенеттен АҚ үнемі 260/180 мм.рт.ст. жоғарылауы бақыланады, бұл жағдай бірнеше минуттан, бірнеше сағатқа созылады, сонымен қатар бірден бұл жағдайдың тоқтауы бақыланады; криз соңында науқаста гиперсаливация, профузды терлегіштік, 3-5 литр ақшыл зәрдің бөлінуі байқалады, науқас әлсіздікті сезінеді. Ауырған кезінен бастап 5 кг арықтаған. Ортостатикалық гипотензия бақыланады. Мүмкін болатын диагноз:
* +феохромоцитома;
* эссенциалды АГ;
* Конн синдромы;
* Иценко-Кушинг ауруы;
* Пейдж синдромы.
! 38 жастағы науқас, ІІІ дәрежелі аралас типтегі уытты зоб бойынша ота жасалынған. Отадан кейінгі 3 күні қысқа уақытқа созылатын тырысулар, 3-4 күндері парестезиялар пайда болған. Қарап тексергенде: терісі сәл ылғалды. Тілі таза, ылғалды. Жүрек тондары ырғақты, пульс 76 р/мин, АҚҚ - 130/70 мм с. б. Хвостек, Труссо, Шлезингер симптомдары - оң.
Ең тән диагнозды атаңыз:
* +Гипопаратиреоз
* Полинейропатия
* Астено-невротикалық синдром
* Гипотиреоз
* Гиперпаратиреоз
! Субтотальді струмэктомия жасалған науқаста 3 күні қол-аяқ бұлшықеттерінде, бетінде және диафрагмасында тырысулар пайда болған. Айқын парастезиялар және қол-аяқтарының ұюы байқалады. Бір рет естен танғаннан кейін күн сайын эпилептиформды ұстамалар дами бастады, ол кезде төмен АҚҚ тіркеледі.
Төменде көрсетілгендердің арасынан диагностикалаудың алғашқы қадамы болып не табылады?
* Электроэнцефалография
* ТТГ және бос Т4 деңгейін анықтау
* АҚҚ тәуліктік мониторлау
* +Қандағы кальций деңгейін анықтау
* Кортизол деңгейін анықтау
! 47 жастағы науқас 4 жыл бойы мына шағымдармен әртүрлі мамандарға қаралған: қол-аяқтарындағы әлсіздік, аяқ және арқа бұлшықеттерінің тұрақты ауру сезімі. Сүйектер рентгенограммасында остеопороз, кисталар, патологиялық сынықтар анықталынды. Қандағы кальций деңгейі жоғарылаған.
Төменде көрсетілген диагноздардың ішінен дұрысын табыңыз:
* +Біріншілік гиперпаратиреоз
* Миеломды ауру
* Остеобластома
* Постменопаузалық остеопороз
* Екіншілік гиперпаратиреоз
! Л. есімді науқасқа ІІІ дәрежелі диффузды уытты зоб бойынша ота жасалған. Отадан кейінгі 2 аптадан кейін қол-аяқ бұлшықеттерінің қысқа уақытты тырысулық жиырылуы және парестезия пайда болған. Тырысулар күніне 1-2 рет, жиі қимылдаған кезде дамиды. Қарап тексергенде: пульс 72 р/мин. АҚҚ-120/80 мм с.б. Ішкі ағзалар жағынан өзгерістер жоқ. Хвостек, Труссо симптомдары оң.
Қай тексеру әдісі диагнозды нақтылайды?
* Қалқанша маңы бездерінің УДЗ
* Тиреоидты гормондар деңгейін анықтау
* +Кальций, фосфор және паратгормон деңгейін анықтау
* Қалқанша маңы бездерінің биопсиясы
* Сүйектік денситометрия
! Қалқанша маңы безінің аденомасы мен гиперкальциемиялық кризі бар науқасты емдеуде қолданылады:
* +Массивті инфузионды терапия, форсирленген диурез, глюкокортикоидтар, кальцитонин, комплекс түзуші препараттар мен шұғыл оперативті көмек
* Глюкокортикоидтарды, кальцитонинді, фосфаттарды консервативті ем ретінде қолдану
* Қандағы кальций деңгейін қалыптандыруға бағытталған ем; 1-2 айдан кейін – оперативті ем
* Шұғыл аденомэктомия
* Форсирленген диурез негізінде оперативті ем
! Гипопаратиреозға тән емес:
* Қандағы жалпы және ионизирленген кальций мөлшерінің төмендеуі
* Қандағы органикалық емес фосфардың мөлшерінің жоғарылауы
* Зәрдегі фосфор экскрециясының төмендеуі
* +Зәрдегі кальций экскрециясының жоғарылауы
* Зәрдегі калий экскрециясының жоғарылауы
! Гиперпаратиреоздың қай формасында қалқанша маңы безінің автономды аденомасы кездеспейді?
* Біріншілік гиперпаратиреоз
* МЭН 1 құрамындағы гиперпаратиреоз
* Үшіншілік гиперпаратиреоз
* МЭН 2 құрамындағы гиперпаратиреоз
* +Екіншілік гиперпаратиреоз
! Гипопаратиреоз кезіндегі тырысуларда тағайындайды:
* Миакальцик интраназальді
* 40% глюкоза ерітіндісі т/і
* Кальцитриол 1 мкг, т/і
* +10% глюконат ерітіндісі немесе кальций хлорид т/ і
* Гипотиазид 25 мг
! НауқасУ., 52 жаста, бірнеші жылдан бері ауырады. Сүйектердегі ауру сезіміне, әсіресе қозғалыс кезіндегі ауру сезімге шағымданады. Соңғы жылдары жоғарғы буын сүйектерінің 3 рет сынуы болған. Рентгенологиялық зерттеуде: сүйек қаңқасының остеопарозы, бел жамбас сүйектерін қоспағанда. Тәуліктік диурез мөлшері жоғарылаған, гематурия байқалады бүйректік шаншу ұстамасымен жүретін. Қандағы кальций мөлшері тең 3,5 ммол/л, фосфор– 0,5 ммоль/л.
Қай ауру туралы ойлауға болады?
* +Біріншілік гиперпаратиреоз
* Екіншілікгиперпаратиреоз
* Д дәруменімен улану
* Постменопаузалық остеопороз
* Подагра
!52 жастағы әйел жүрегінің шаншыған ауру сезімін, тітіркенгіштігін, құйылуларды байқайды. Объективті: АҚ - 180/100 мм.сын.бағ. ВЭМ: бастапқы теріс Т тісше 50 вт жүктемеде оң болды, кольпоцитограмма - 100/0/0.
Қай жүргізу әдісі неғұрлым тиімді?
* +эстрогендерді тағайындау
* дезагреганттарды тағайындау
* антикоагулянттарды қосу
* тиреостатиктерді пайдалану
* седативті препараттарды қосу
!50 жастағы әйелқалыпты пульсте жүрек қағуына, төстегі ашыған ауру сезіміне шағымданады. Анаприлиндік сынама – оң.
Аталған диагноздардың қайсысы барынша тән?
* миокардит
* тиреотоксикоз
* жедел миокард инфаркты
* Кардиалді тип бойынша НЦД
* +климактериялық кардиомиопатия
! Гиперэстрогенемияға тән кольпоцитограмма типі
* аралық
* +пролиферативті
* атрофиялық
* цитолитикалық
* андрогенді
! Климактериялық кезеңдегі әйелдерде аталған препараттардың қайсысы ауыр бауыр аурулары кезінде, этиологиясы белгісіз қынаптық қанағу кезінде қарсы көрсетілген?
* Моэкс
* +Климен
* Гептрал
* Предуктал
* Новопассит
! 48 жастағы әйел седативті микстураны қабылдаумен басылатын периодты түрдегі жүрек аймағындағы ашыған ауру сезіміне, ыстықтау сезіміне, терлеуге шағымданады. Соңғы жарты жылда етеккірі болмаған. Жүрек тоны тұйықталған, жсж – 100 мин, АҚ -140/90 мм.сын.бағ. Кольпоцитограмма – 100/0/0.
Емдеу жоспарына қай препараттар тобын енгізу барынша тиімді?
* Нитраттар
* +Эстрогендер
* Седативті препараттар
* Тиреостатиктер
* Антигипертензивті препараттар
! Әйелдердегі климакс негізделеді:
* +аналық бездің қызметінің төмендеуі
* гипоталамикалық құрылымның қызметінің бұзылыс
* Бас ми қыртысының қызметінің бұзылуы
* бүйрекүсті безінің қызметінің бұзылысы
* қалқанша безінің қызметінің бұзылысы
! Климактериялық неврозға тән:
* қалыпты климакс
* + патологиялық климакс
* вегетотамырлық дистония
* орталық жүйке жүйесінің патологиясы
* психастения
! Климактериялық остеопорозда міндетті түрде тағайындалады:
* анаболикалық препараттар
* + кальций препараты және Д дәрумені
* Кальцитонин
* Глюкокортикоидтар
* андрогендер немесе олардың эстрогендермен бірлесуі
! Науқас В., 47 жаста, мына шағымдармен келді: жүрек тұсындағы ұзаққа созылатын ауру сезімі, нитроглицеринмен басылмайды, жүрек қағу, терлегіштік, құйылу сезімі. Анамнезінде менопауза 1,5-2 жылдан бері. Науқас артық салмақты, көңіл-күйінің төмендеуі, жылағыштық, тітіркенгіштік. Жүрек шекаралары кеңеймеген , жүрек тоны тұйықталған, ырғағы дұрыс, пульс 76 рет 1 минутына, АҚ 130/80 мм рт. ст. ЖҚА, ЖЗА, б/х қалыпты. ЭКГ да:реполяризация процесінің диффузды бұзылысы, Т тісшесі I, II, AVL, V5 - V6 төмендеген. Сіздің диагнозыныз:
* +Патологиялық климакс
* Тиреотоксикоз
* Артериальды гипертензия
* Феохромоцитома
* Гипотиреоз