Сабаққа таратылатын материал. Сабақ тақырыбы: Ағзаның шартты рефлекторлық іс-әрекеті және оның нейрофизиологиялық механизмдері

Сабақ тақырыбы: Ағзаның шартты рефлекторлық іс-әрекеті және оның нейрофизиологиялық механизмдері

№1 ЖҰМЫС

Белсенді қашу шартты рефлексін құрастыруды өткізуге арналған нұсқау.

Стресс кезінде ОЖЖ-ң қызметтік жағдайын,оның біріктіруші әрекетін зерттеу мақсатымен белсенді қашу шартты рефлексін құрастыру жүзуге асырылады.Дұрыс бағытты таңдауға бағытталған электрден қорғаныш айырмашылық рефлексін арнайы ілмекті калеерада жүргізеді.

Тәжірибелер Т-тәрізді, екі арнайы лабиринтте өткізіледі. Лабиринт бастапқы және үш параллельді (негізгі, оң және сол) коридорлардан тұрады. Лабиринттің әр бөлімі бір-бірінен пластинкадан жасалған есікшелермен бөлінген.Олар тәжірибелік жануарларды бір бағытта жіберіп отырады. Шарты белгі ретінде электр жарығы қолданылып, оны 5сек. Соң шартсыз тітіркендіргіш электр тогымен бекітеді. Жануарлар электр тогының жасайтын ауырлықтітіркенуінен қашып, бастапқы бөлімнен орталыққа, яғниақ егеуқұйрықтар қосымша коридорлардың біреуіне өтіп, қауіпсіз алаңға келеді.

Шартты рефлекстерді құрастыру келесі түрде өткізіледі:

1. Тәжірибелік жануарды камераға орналастырып, оның жалпы жағдайының бастапқы көрсеткіштерін тіркейді.Жалпы жағдайдың көрсеткіштері:

А) тынысалу мінездемесі (қалыпты, жиілеген,сиреген)

Б)физиологиялық қалыптың тұрақтылығы тұрақты,тігінен және көлденең белсенділік

В)тырысқақтық болады, болмайды

2. Шартты және шартсыз тітіркендіргіштердің қосыла әсер етулері жүргізіледі. Шартты және шартсыз тітіркендіргіштердің қосыла әсер етулерінің саны анықталады да, содан соң шартты рефлекс түзіледі.

№2 ЖҰМЫС

Тәжiрибелiк жануаларда тәртiптiк реакцияны зерттеу.

Жануарлардың бағыттаушы - зерттеушiлiк тәртiптерi мен эмоционалдық реакцияларын зерттеу үшiн «Aшық алаң» тестін қолданады.

«Ашық алаң» бұл биiктiгi 40см қоршалған, диаметрi 80см дөңгелек алаң. Алаң Tереңдігі 1.5см, диаметрi 3см-ге тең, бiркелкi 16 саңылаулардан тұрады. «АА» - да жануарлардың тәртiптiк зерттеу үшiн, алаңның орталығынан 25см қашықтықта 2 сызық жүргiзiлген. 3ертгелiнетiн кез -келген фактордың әсерiнен жануарлар тәртiбiнiң динамикасы бақыланады.

«Астана медицина университеті» АҚ     ӘӨ-07.1.15
Қалыпты физиология кафедрасы   102 бет 139

Бұл үшiн егеуқұйрықты алаңның орталығына орналастырып, минуттық қараңғылыққа бейімдейді. Содан соң 2 минут iшiнде жануардың қорғаныштық және зерттеушiлiк реакцияларын бақылайды.

Тәжiрибеге алынған жануарлар қимыл – қозғалыстары және кеңістіктегі тұрпатын ұстау мүмкiншiлiктерi бойынша 2 топқа бөлініді:

1. Қорғаныштық реакция: 2. Зерттеушiлiк реакция:

а) груминг а) сүйенбей тігінен тұру

б) бiр орнындағы қозғалыссыз б) сүйеніп тігінен тұру в) қозғалмау тұрпаты в) саңылауларға үңiлу г) жасырын кезең г) локо

Жұмыс №3

Жобаларды салу

«Астана медицина университеті» АҚ     ӘӨ-07.1.15
Қалыпты физиология кафедрасы   103 бет 139

Наши рекомендации