Еңбекке жарамсыздық сараптамасы

Созылмалы бүйрек жеткіліксіздігімен ауыратын науқастарға I топ мүгедектігі беріледі.

Терапевт және нефролог дәрігерлерінде диспансерлік бақылаудағы адамдарды динамикада бақылау кестесі

СБЖ компенсация сатысы (Д III)

· Терапевте жылына 4 рет.

· Акушер-гинеколог, стоматолог, ЛОР, уролог – жылына 1 рет, окулист – жылына 2 рет.

· ЖҚА – жылына 4 рет, ЖЗА – жылына 4 рет. Зимницкий бойынша зәр анализі – көрсеткіш бойынша, ЭКГ – жылына 1 рет, калий, натрий, мочевина, креатинин деңгейлерін анықтау – жылына 4 рет, қышқылды-сілтілі балансты – көрсеткіш бойынша.

· Диета, ащы тағамдарды, дәмдеуіштерді, алкогольді шектеу. Белсенді қозғалысты режим. Көрсеткіштер бойынша медикаментозды терапия. Созылмалы инфекция ошақтарын санациялау. Жедел қабыну ауруларының алдын алу. Еңбекке орналастыру.

· Клиникалық көрсеткіштерінің жақсаруы, уақытша еңбекке жарамсыздықтың төмендеуі.

Пиелонефрит - әсіресе аралық (интерстициальді) тіндердің зақымдануымен, үрдіске астауша мен тостағаншаның қатысуымен жүретін бүйрек паренхимасының арнайы емес инфекционды қабыну үрдісі. Қабыну үрдісі аралық тіндерден бастап басты өзекшелер жүйесіне дейін жайылады. Кейіннен үрдіс қантамырлар мен шумақшаларға дейін таралады, нәтижесінде бүйрек паренхимасының өлуіне әкеледі.

Пиелонефрит (ПН) бүйрек ауруларының ішінде кең тараған түрі. Балаларда ПН өкпенің арнайы емес инфекциясынан кейінгі екінші орында тұр. Созылмалы бүйрек жетіспеушілігінің негізгі себептерінің бірі болып табылады.

ПН жиілігі, патологоанатомиялық мәліметтер бойынша 20% құрайды. ПН көбіне әйел адамдар ауырады, бұл зәр шығару жолдарының анатомиялық құрылыс ерекшеліктеріне байланысты.

ПН алдын алудың негізгі әдістері:

· - инфекция ошақтарын санациялау;

· - уродинамика бұзылысына әкелетін себептерді өз уақытысында аластату;

· - ПН ауырған жағдайда - өршудің алдын алу;

· - калькулезді ПН ауыратын науқастарда конкременттерді өте ерте алып тастауға көрсеткіш;

· - зәр жолдарын аспаптық зерттеудің барлық түрлерін жүргізген кезде антисептика ережелерін қатаң сақтау;

· - жедел ПН іріңді түріне не созылмалы түрге ауыспауының алдын алу үшін өз уақытысында диагностикалап, емдеу;

Созылмалы пиелонефриттің алдын алу әртүрлі. Медициналық және әлеуметтік аспекті түрлері бар. Пиелонефритке бейімділік бала кезде пайда болады, сондықтан алдын алуды бала кезден бастау керек.

Антенатальды алдын алуға жүкті әйелдерде бүйрек ауруларын қазіргі заманғы еммен емдеу жатады. Бала туылғаннан кейін әлеуметтік факторларға, тұрмыс жағдайына, анасының мәдениетіне, гигиенаны сақтау, баланы жеке бас гигиенасын сақтауға үйрету, қуықты және ішекті өз уақытысында босатып отыру, тәулігіне 1,5-2,0 литр сұйықтық қабылдау т.б. байланысты.

Инфекция ошақтарын жою, симптомсыз бактериурияны анықтау, сәйкес антибактериальды препараттарды тағайындау, урологиялық ауруларды ерте коррекциялау, тұрғындарды массивті профилактикалық тексеру нәтижесінде уродинамика бұзылыстарын, туа пайда болған ақауларды анықтау өте маңызды.

Ауруханалық уроинфекцияның алдын алуға (антибиотиктерді рациональді қолдану, науқастардың стационарда болу мерзімін қысқарту, асептиканы және зәр катетерлер және басқада аспатарды дезинфекциялық ерітінділермен залалсыздандыруды орындау), аспатық зерттеулерді жүргізуге қатаң көрсеткіштері бойынша ғана орындау жатады.

Көп әйелдерде, әсіресе жастарда мазасыздық пен ауру сезімін тудыратын ЗЖИ (ИМП) рецидиві жиі кездеседі. Бұл әйелдерге жиі және толық қуықты босату ұсынылады. Рецидивтік ағым тоқтауы мүмкін профилактикалық терапияны зәрдің стерильдігіне қол жеткізгенде ғана тоқтатсақ. Нитрофурантоин 50 мг, қуықты босатқан кейін түнге қолдансақ, өте тиімді, сонымен қатар 100 мг триметоприм немесе 0,24 г ко-тримоксазолды. Қанағаттанарлық нәтиже алынды ішке 1 г гексамин гиппуратты, ал бүйрек жеткіліксіздігі бар науқастарға – 1.25 мг цефалексинді қолданғанда. Профилактикалық ем тиімді болады, егерде препараттарды бір мөлшерлік дозада аптасына 2 күнде немесе 3 күнде 1 рет тағайындасақ. Кейбір әйелдерде тиімді болады, егерде әр төсектік қатынастан кейін препаратты қолданса (кесте).

Ішек таяқшасымен шақырылатын несеп жыныс инфекцияларының алдын алу үшін вакцина жасалды. Вакцина микроорганизмдердің уроэпителиге жабысуын қамтамасыз ететін жіпшелердің детеминантына АД түзілуін индуцилейді.

Пиелонефриттің жіктелуі:

I. Орналасуы бойынша:

-бір жақтық;

- екі жақтық

I. аурудың ағымы бойынша:

- жедел (серозды, іріңді, некротикалық папиллит)

- созылмалы (фазоары: белсенді, латентті, ремиссия)

- рецидивтеуші

III. Шығу тегі бойынша:

- біріншілік (зәр шығару жолдарының обструкциясынсыз)- екіншілік (обструктивті, зәр шығару жолдары дамуы кезіндегі аномалиялар, бүйрек тас ауруы кезінде, қуықасты безінің аденомасы, патологиялық рефлюкстер кезінде)

IV. Жасына, жынысына, сәйкес ауруына байланысты клиникалық ағымының ерекшеліктері:

- жаңа туылған сәбилердегі және емшек жасындағы балалардағы пиелонефрит;

- жүкті әйелдердегі пиелонефрит;

- егде және қарт адамдардағы пиелонефрит;

- қант диабеті кезіндегі пиелонефрит.

СОЗЫЛМАЛЫ ПИЕЛОНЕФРИТТІҢ ЖІКТЕЛУІ (Н.А. Лопаткин и соавт., 1992)

Шығу тегі бойынша:

- біріншілік пиелонефрит (урологиялық аурулармен байланыссыз);

- екіншілік пиелонефрит (зәр шығару жолдарының ауру есебінен)

Қабыну үрдісінің орналасуы бойынша:

- бір жақты пиелонефрит (оң, сол);

- екі жақты пиелонефрит;

- тотальды пиелонефрит;

- сегментарлы пиелонефрит (бүйректің сегментінің немесе аймағының зақымдануы).

Аурудың фазысы:

- өршу фазасы;

- ремиссия фазасы;

Қабыну үрдісінің белсенділігі:

- Қабыну үрдісінің белсенді фазасы

- Қабыну үрдісінің латентті фазасы

- Ремиссия фазасы.

Клиникалық түрлері:

- Гипертоникалық

- Нефротикалық (сирек)

- Септикалық

- Гематуриялық

- Анемиялық

- Латентті (аз симптомды).

- Рецидивтеуші

Созылмалы бүйрек жеткіліксіздігінің дәрежесі

Қауіп қатер факторлары:

Зәр шығару жолдарының аномалиясы, зәр тас ауруы, қуықасты безінің аденомасы, зәрағардың тарылуы, нефроптоз, зәр жолдарының сыртынан қысылуы, патологиялық рефлюкстер;

- организмнің жалпы жағдайы: шаршау, гиповитаминоз, жиі суықтау, сонымен қатар ағзаның массивті инфицирленуі нәтижесінде инфекцияға қарсы тұрудың төмендеуі;

- жалпы аурулар кезінде (қант диабеті, туберкулез, бауыр аурулары және т.б.).

Скрининг

Жедел пиелонефриттің диагностикасы

Қанда – лейкоцитоз, 20 мыңнан жоғары, лейкоформуланың соға жылжуы, жас нейтрофилдердің, токсикалық дәнді нейтрофилдердің пайда болуы., ЭТЖ кенеттен жылдамдауы.

Зәрлік синдром лейкоцитуриямен (жиі анық, пиурия түрінде), зәрдің салыстырмалы тығыздығының төмендеуі, шынайы бактериуриямен (1мл зәрде бактериялар 100 мыңнан кем емес) сипатталады. Протеинурия, айқын емес болады, микрогематурия және үлкен емес цилиндрурия болуы мүмкін. Макрогематурия бүйректік шаншу немесе папиллонекроз кезінде байқалуы мүмкін.

Наши рекомендации