Азақтың халық медицинасы мен гигиенасы. Қазақстан аумағында бірінші дәрігерлердің пайда болуы.

Қазақстан аумағында гигиенаның пайда болуы мен дамуы да, ғасырлар тереңіне кетеді және өзіндік ерекшеліктері бар. Қазақтардың едәуір бөлігі көшпелі, мекендейтін ортасының физикалық-географиялық ерекшеліктеріне тұрақты түрде бейімделуін қажет ететін, өмір сүру салтын жүргізді. Ол денсаулықты сақтаудың және аурулардың алдын алудың өзіндік әдістерін қалыптастырды. Көп ғасырлық көшіп жүрулері көшу жағдайларында өздеріне қолайлы тұрғын үй - киіз үй жасауға көмегін тигізді. Жылдың мезгіліне байланысты, киіз үйдің кереге-қабырғаларын биіктетуге болатын мүмкіншілігі, ауаның көлемін үлкейтуге және қолайлы температура режимін жасауға жағдай туғызды. Бұдан басқа, жаз мезгілінде желдетілуін жақсарту үшін туырлақтарын көтеріп, түндікті ашады. Шаңды дауылдар кезінде, керісінше, барлық тесіктер киізбен тартылып, жабылып отырды. Қыстыгүні киіз үйді тігу үшін желден қорғалған бейткелер таңдалды, қабырғаларының түбіне тастан немесе топырақтан үйінді жасалды, киіздер екі қабат етіп жабылды. Солтүстік аудандардағы көшпенді қазақ халқы қыс мезгілінде үйлері әр түрлі қыстауларда орналасты.

Аурулардың алдын алуда халықтың салтын, әдет-ғұрыптарын, жөн-жосықтарын орындаудың маңызы зор болды. Мысалы, ұл балалар сүндетке отырғызылды, ер адамдарға әйелінің етек кірі келген кездерде жыныстық қатынасқа түсуге рұқсат етілмеді, дәретке барғаннан кейін дәрет алу міңдетті түрде болды, туыстардың арасында жеті атаға дейін некелесуге рұқсат етілмеді. «Өлген малдың етін, қанды, доңыздың етін, буынып өлген, соққыдан, биіктен құлап өлген, мүйізбен сүзіп өлтірген малдың етін» тағамға қолдануға тиым салынды. Жылына бірнеше рет ораза ұстап отырды.

Босануына 40 күн қалғанда, жүкті әйелді ауыр жұмыстан, ораза ұстаудан босатқан. Жаңа туылған баланы тұзды суға шомылдырған, одан кейін ұнтақталған қалампыр, зімбір, калғанқосылған ерітілген қойдың майынан тұратын жақпа маймен майлаған, уқалап отырған. Шала туылған жас балаларды, температура тұрақты сақталатын, түлкі тұмаққа салып жылытқан. Жаңа туған баланы бесікке салған. Бесіктің сүйектен жасалған арнайы зәрді өткізетін түтігі болған, соның арқасында баздану болмаған. Жаңа, жас туылған баланы қырық күнге дейін бөтен адамдарға көрсетпеген, бұл әр түрлі жұқпалы аурулар жұғуының алдын алуға ықпал етті.

Алдын алу жөнінде дұрыс кеңестерді көбінесе молдалар беріп отырды, себебі, олар сауаттылау болды және талай емдеу, шөппен емдеу мәтіндерінің мазмұнын білді.

Бірақ шешектін, обаның, тырысқақтың, алапестің және басқа да жұқпалы аурулардың жаппай эпидемиялары пайда болған кезде, халық мұндай аурулардың алдында дәрменсіз болып қалатын. Халық емшілері аурудың ауа арқылы, ауру адаммен және оның заттарымен жанасқанда жұғатынын білген. Сондықтан, шешек және обамен ауырған адамдарды оқшаулаған, олар үшін жеке ыдыстар бөлген. Қажет болған жағдайда, барлық тұрғындар бос жерлерге көшетін, ал науқастарды осы аурумен бұрын ауырып жазылған туыстарымен бірге сол жерде қалдыратын. Өлген адамдардың сүйектері мен заттары сол орнында өртеліп отырған. Егер ауру барлық жанұяларға жайылған болса, ауыл шетіне, адамдардың келуіне тыйым салатын, қара мата байланған биік сырық қойылады. Шешектің дамуының және оның ауыр ағымының алдын алу үшін шешектен сауығып келе жатқан адамның көйлегін кигізген. Иммундаудың бұл өзінше бір әдісі көмектесетін, бірақ барлық уақытта да емес.

Орта ғасырларда Қазақстанда талай гүлденген қалалар пайда болды. Ертедегі жібек жолында Отырар, Тараз, Жаркент, Түркістан, Созақ және т.б. қазақ қалалары тұрды. Қазақстан қалаларының санитарлық тұрғыдан жоғары абаттандырылғандығы туралы археологиялық қазбалар дәлелдейді. Мысалы, Отырар мен Тараз қалаларында саздан жасалған су тасымалдайтын құбырлар жүйесі, моншалар, канализация су ағарлары болған.

Қазақстанның мәдени орталықтарының бірі Отырарда (бұрын Фараб болған) атақты ойшыл, ғалым-энциклопедист, философ және дәрігер, қыпшақ жауынгерінің ұлы Әбу Насыр Әль –Фараби (870-950 жж.) дүниеге келді және бастапқы білімін алды. Әль-Фарабидің мұрасы 160 трактаттарды құрады, олардың бір бөлігі медицинаға арналған. Әль-Фараби жеке бас гигиенасын сақтауды, тұрғын үйді таза ұстауды, қызуы көтерілген науқастардың ыдыстарын бөлек ұстауды ұсынды.

18 ғасырда Қазақстанда, тек әскер бөлімдеріне ғана қызмет көрсеткен бірінші медициналық қызметкерлер пайда бола бастады. 19 ғасырдың ортаңғы үштен бірінің аяғына дейін Қазақстан аумағында қазақ халқын емдейтін және санитарлық шаралар жүргізетін дипломы бар дәрігерлер болған жоқ. Тек 1825-1826 жылдары Әбілқайырдың шөбересі, сауатты, білімді Жәңгір хан өз хандығында дәрігер лауазымын орнатуға және дәріхана ашуға Николай 1 патшадан рұқсат алды, әскери госпитальда тұрғындарға Халыққа медициналық қызмет көрсету үшін Орынбордың әскери госпитальында қазақ балаларына арналған 4 стипендия ұйымдастырылды және орыс-қырғыз мектептерінен ұл балалар оқуға жіберілді. 19 ғасырдың 60-шы жылдарында аумақтарды губернияларға, уездерге және болыстарға бөлгеннен кейін, дәрігерлердің, фельдшерлердің, әйелдердің босануына жәрдем беретін әйел лауазымдары енгізілді. 70-ші жылдары әрбір ауданда дәрігерлік және фельдшерлік пункттер ашылды, ал 90-шы жылдары тек қана Степной генерал-губернаторлығында земстволық (учаскелік) медицина енгізілді.

Бірақ, уездік дәрігерлердің аздығы, медицинаның нашар қамтамасыз етілуі терең, батыл шаралар жүргізуге мүмкіндік бермеді, осыған байланысты 20 ғасырдың басында да халықтың ауыр әлеуметтік жағдайымен байланысты шешектің, обаның, тырысқақтың, дифтерияның, дизентерияның және басқа да аурулардың жаппай эпидемиясы қаһарын тігуін жалғастара берді.

Ол кезеңде санитарлық ұйымдар және санитарлық дәрігерлер Қазақстанда жоқ болды, ал санитария және гигиена сұрақтарымен саны көп емес практикалық дәрігелер мен фельдшерлер айналысты.

19 ғасырдың аяғында және 20 жүзжылдықтың басында Қазақстанда Ресей университеттерінде жоғары медициналық білім алған, бірінші қазақ дәрігерлері пайда болды, себебі, өзінің оқу орны болмады. Олардың арасында Садуақас Шалымбеков, Нұрғали Ипмағамбетов, Әбубәкір Алдияpoв, Мұхамеджан Қарабаев, Халел Досмұхамедов, Мәжит Чумбалов, Әміре Айтбақин, Санжар Асфендияров, Есенғали Қасаболатов және басқалар болды. Олардың бәрі де емдеу дәрігерлері болса да, ауыр санитарлық-гигиеналық мәселелерді шешуіне тура келді.

Наши рекомендации