Орынбасарова А.А. €

А.ЯСАУИ атындағы ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ

МЕДИЦИНА ФАКУЛЬТЕТІ

Жалпы хирургрия» кафедрасы

«БЕКІТЕМІН»

Медициналық білім беру

басқармасының басшысы

м.ғ.к.

__________У.Б.Татыкаева

«___» ______2015 ж.

Фармакология-1» пәні бойынша

С И Л Л А Б У С

Пән коды : Farm - 1 2213

Мамандық: 5В130100- «Жалпы медицина»

Жалпы кредит саны -2

Тәжірибелік сабақ:30 сағ.

СӨЖ:30 сағ.

ОБСӨЖ: 30сағ.

Емтихан:3

Курсы: 2 (201-212)

Оқу семестрі: 3

Түркістан -2015

Силлабус "жалпы медицина" мамандықтарының 01.12.2006 ж. №582 бұйрықпен бекітілген ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты және университет Сенатымен (26.06.2015 жылы №6 хаттамасы) бекітілген негізі оқу жоспары негізінде ҚР ДСМ ( №11 хаттама, 14.06.2007 ж.) "Медициналық және фармацевттік жоғары оқу орындарының университеттегі медицина факультеттерінің кафедраларында оқу-әдістемелік құжаттарды өңдеу" бойынша №6 нұсқау хат талаптарына сәйкес дайындалған жұмыс оқу бағдарламасына сәйкес жасалған.

Силлабус медицина факультеті «Жалпы хирургия» кафедрасының мәжілісінде талқыланған.

Хаттама №____ "____" _____________ 2015 ж.

Кафедра меңгерушісі_________________м.ғ.к., доцент м.а. Н.К.Тулежанов

Силлабус оқыту және бағалау комитетінде қаралған.

Хаттама №____"____" _____________ 2015 ж.

Комитет төрайымы _____________ оқытушы Амирешова У.М.

Силлабус білім беру бағдарламалары комитетінде мақұлданған.

Хаттама №____ "____" _____________ 2015 ж.

Комитет төрайымы_________________ магистр оқытушы К.Б.Бураева

Жалпы мәліметтер

Теп Мырзағали-ұлы , фарм.ғ.к., доцент ХҚТУ профессор

Басым ғылыми қызығушылықтары: – «Фитохимическое изучение растений некоторых видов рода Apocynum».

Ғылыми және әдістемелік жұмыстары: 66

  1. Өтеп Мырзағали – ұлы «Жүрек гликозидтері» (сборник по лекции). Кентау,2004 г. 69 с.
  2. Шалхарова Ж.Н., Ж.С.Шалхарова, Өтеп Мырзағали – ұлы, Г.К.Бахтиярова, М.А.Айтаханова. «Жүрек – қантамыр жүйесіне әсер ететін дәрілік заттар» (оқу құрал). Туркестан, 2005 г,116 с.
  3. Өтеп Мырзағали – ұлы «Құрамында алкалоидтары және жүрек гликозидтері бар дәрілік өсімдіктердің медицинада қолданылуы». «Тұран», Туркесстан, 2005г,158с.

Байзакова Б.У., б.ғ.к., аға оқытушы

Басым ғылыми қызығушылықтары: – «Фармацевтическая опека в безрецептурном отпуске лекарственных средств».

Ғылыми және әдістемелік жұмыстары: 21

1.Байзакова Б.У. Изменение антиоксидантных свойств гепатоцидов и эритроцитов под влиянием фитопрепарата из донника при воздействии свинца. Материалы конф. «Биофизические стандарты и информационой технологии в медицине». Одесса, 2004, -С.40-42

2.Байзакова Б.У., Орманов Т.Н. Влияние фитопрепарата из донника лекарственного на антиоксидантную систему гепатоцитов и эритроцитов при воздействие свинца. // Поиск , № 1, 2005 -С.144-146.

3.Байзакова Б.У., Орманов Н.Ж., Жұмабаев У. Қорғасынмен уыттанудағы кеңірдек-ұяшық шайындысының хемилюминесценттік қасиетіне түйе жоңышқа фитопрепаратының әсері. //Гигиена және эпидемология. 2007, №4, 66-69 б.

Орынбасарова А.А. – оқытушы.

Басым ғылыми қызығушылықтары: – «Жүкті әйелдердегітеміртапшылықты анемияларды емдеу ерекшеліктері».

Ғылыми және әдістемелік жұмыстары: жоқ

Байланыс ақпараты: ОҚО. Түркістан қаласы. Б.Саттарханов көшесі, №2 медицина ғимараты, медицина факультеті, «Жалпы хирургия, инструментальды диагностика және фармакология» кафедрасы (222 бөлме). Тел. 872533-63636 (ішкі ).

Пәннің саясаты:Ахмет Ясауи атындағыХҚТУ-і медицина кластерінің 2015-2016 оқу жылындағы «Медициналық білім беру саласындағы педагогикалық стратегия» талаптарына сәйкес студенттің білімін бағалау ағымдық (электронды журналға енгізілмейтін) және суммативті (қорытынды сабақ, аралық бақылау, емтихан) түрде жүргізіледі.

Университеттің оқу үдерісін ұйымдастыру және емтихан регламентінің 7 бабына сәйкес студенттердің сабаққа қатысуы міндетті. Студенттің сабаққа келмеген күндері, әрбір семестр бойынша жеке есептегенде жалпы оқу бағдарламасындағы сағат мөлшерінің 10% аспауы тиіс. Денсаулығы бойынша сабаққа келмеген күндері осы пайыздық шектеу ішіне кірмейді. Денсаулығы туралы анықтамасы университет клиникасына немесе АИ–да үш күнде тіркеліп, сабаққа деканаттан өтеуге рұқсат қағазымен келуі тиіс. Себепті жіберген сабақтарын блокқа дейін өтеуі қажет. Студент сабаққа қатыспаған кезде өтілген тақырыптарды және пән оқытушысы тарапынан берілген тапсырмаларды өз бетінше орындауы қажет. Сабаққа келмеген студенттер үшін өтілген сабақ қайталанбайды.

Студент семестр соңындағы немесе оқу жылы соңындағы емтиханға кіруі үшін, денсаулығына байланысты сабақтан қалған күндерін есептемегенде, пән бойынша аудиториялық сабақтардың ең кемі 90%-на қатысуы қажет. Сабақтарға қатыспауына немесе өтпелі балл жинай алмауына байланысты емтиханға жіберілмейтіні туралы, сессия басталмас бұрын пән оқытушысы тарапынан студентке хабарланады. Сессия басталмас бұрын кафедра меңгерушісінің ұсынысы негізінде ол студент деканат тарапынан емтиханға жіберілмейді.

Кіріспе

«Фармакология-1» пәні барлық мамандықтар бойынша оқытылуға міндетті пән болып табылады, себебі, ол тірі ағзалармен дәрілік заттардың өзара әрекеттесуі мен әсер етуін зерттейтін ғылым.

Фармакология – теориялық білімді клиникалық практикамен, әсіресе, фармакотерапиямен біріктіріп оқытылатын мультидисциплинарлы ғылым. Фармакологиялық зерттеулердің құндылығының бірі - дәрілік заттардың клеткалық, субклеткалық және физиологиялық әсер ету механизмдерін анықтай отырып, фармакотерапияның бүкіл ағзаға әсерін зерттеу болып табылады. Осыған байланысты барлық дәрігер-мамандар фармакотерапия негіздерін білулері керек.

Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің медицина мамандықтарының түлектерін оқытудың соңғы нәтижелеріне сәйкес оқу курсы келесі құзіреттіліктердің дамуына бағытталған.

Білім алу деңгейі Рөлдермен берілген құзіреттіліктер Салыстырмалы үлестірілімі
Б1.1. ҒАЛЫМ, ЗЕРТТЕУШІ (1) - БІЛІМІН ҚОЛДАНУ : медициналық емес, биомедициналық, клиникалық, әлеуметтік ғылымдарды тәжірибе жүзінде қолданады   0,3
Б1.2 ҒАЛЫМ, ЗЕРТТЕУШІ (1) – АҚПАРАТТЫ БАСҚАРУ: зерттеу сұрағын дұрыс құра алады, дереккөздерді іздей алады, әдеби дереккөздерге сын көзімен баға береді, әсерлі презентация жасай алады, компьютер технологияларын қолдана біледі.   0,3
Б2.4 ДӘРІГЕР-КЛИНИЦИСТ (1) - АЙҒАҚТЫ МЕДИЦИНА: айғақты медицина қағидаларын түсінеді. 0,2
Б4.3 ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ(1) - ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ МЕДИЦИНА:жекеленген адамдардың, топтпрдың және қауымдардың денсаулығына әр түрлі факторлардың әсер етуін түсінеді.   0,2

2.2 Пәннің мақсаты:

Әр түрлі ауруларға қарсы дәрілерді тиімді түрде таңдап алуды үйрету және дәрілердің әсер ету механизмдерінің жалпы заңдылықтары туралы білім қалыптастыру.

2.3 Пәннің міндеттері:

  • рецепт құрастырудың негізгі принциптері мен жазылу ережелерін үйрету;
  • түрлі дәрілік қаыптарға рецепт жазуды үйрету;
  • дәрілік түрді және дәрілік затты қолдану әдісін таңдауды үйрету;
  • дәрілердің мөлшерлері мен концентрациясын есептеуді үйрету;
  • дәрілік заттардың фармакокинетикасы және фармакодинамикасының жалпы заңдылықтары туралы түсінік қалыптастыру;
  • ағза жүйесіне және мүшелердің қызметтеріне дәрілік заттардың әсерін және қолдану мүмкіншіліктерін бағалау және болжам жасауды үйрету;
  • гельминттердің, қарапайымдылардың, патогенді микроорганизмдердің тіршілігін тежеуге арналған дәрілік заттарды таңдап алуды үйрету.

2.4 Пәнді оқытудың соңғы нәтижелері:

Оқу бағдарламасындағы оқудың соңғы нәтижелерінің жалпы көрінісі

Білім алу деңгейі Рөлдермен берілген құзіреттіліктер Оқытудың соңғы нәтижелері (бағалау әдісі)
Б1.1 ҒАЛЫМ, ЗЕРТТЕУШІ - БІЛІМІН ҚОЛДАНУ Білім (когнитивті) домені: Есте сақтайды: - дәрілік заттардың жіктелуін; - дәрілік заттардың әсер ету механизмін. Түсінеді: -фармакология пәнін және оның мақсаттарын; -дәрілік зат, дәрілік қалып, дәрілік препараттарын. Дағдылар (психомоторлы) домені: Дәлділік: -рецепттерді дұрыс жазуды, дәрілерді алмастыру, дозаларын есептеу, дәрілік заттарды енгізу жолдарын дәлділікпен орындайды. Қарым-қатынас/мінез-құлық (аффективті) домені: Құндылықтарды үлестіреді: -іс-әрекетінде ғылыми жаңалықтардың құндылықтарын үйлестіреді.
Б1.2 ҒАЛЫМ, ЗЕРТТЕУШІ – АҚПАРАТТЫ БАСҚАРУ Білім (когнитивті) домені: Қолданады: - ақпарат табу үшін интернет жүйесінде керекті материалдарды қолданады; - жедел жәрдем кезінде өмірге қажетті дәрілік заттардың халықаралық патенттелінбеген заттарын қолданады. Дағдылар (психомоторлы) домені: Дәлділік: - дәрілік заттардың фармакокинетикасы мен фармакодинамикасының жалпы заңдылықтарын әртүрлі ақпараттық көздерінен дәлділікпен айтады; - әдеби деректерді дұрыс пайдаланып, копьютер технологияларын қолданып, презентация, таблица, диаграмма жасауды дәлдікпен ұйымдастырады. Қарым-қатынас/мінез-құлық (аффективті) домені: Құндылықтарды үлестіреді: - шағын топта жұмыс жасауда әртүрлі әдеби дереккөздерден ақпараттарды жинай отырып, сын көзібен баға беруде құндылыктарын үйлестіреді.
Б2.4   ДӘРІГЕР-КЛИНИЦИСТ - АЙҒАҚТЫ МЕДИЦИНА Білім (когнитивті) домені: Қолданады: - дәрілік заттардың жанама және жағымсыз әсерлері, пайда болған жағдайда оларды алдын-алу жою шараларын қолданады. Дағдылар (психомоторлы) домені: Дәлділік: -рецептің құрылымын дәлділікпен жазады; -әр түрлі дәрілік қалыптарға рецепті дәлділікпен жазады.
Б4.3 ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ - ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ МЕДИЦИНА: Білім (когнитивті) домені: Түсінеді: - жекеленген адамдардың, топтпрдың және қауымдардың денсаулығына әр түрлі факторлардың әсер етуін түсінеді.

Оқытудың соңғы нәтижелерінің талқылануы:

Студент білу керек:

- фармакология пәнін және оның мақсаттарын;

- дәрілік зат, дәрілік қалып, дәрілік препарат туралы түсінікті;

- жедел жәрдем кезінде қолданылатын өмірге қажетті дәрілік заттардың халықаралық патенттелінбеген аттарын;

- негізгі дәрілік қалыптарды;

- рецептің құрылымын, әр түрлі дәрілік қалыптарға рецепт жаза біледі;

- дәрілік заттардың фармакокинетикасы мен фармакодинамикасының жалпы заңдылықтарын;

- дәрілік заттардың жіктелуін;

- дәрілік заттардың әсер ету механизмдерін;

- дәрілік заттардың жанама және жағымсыз әсерлері, пайда болған жағдайда оларды алдын-алу және жою шараларын.

Істей алуы керек:

- алған білімін келешек мамандығында пайдалана біледі;

- түрлі дәрілік заттарға рецепт жазуды;

- дәрілік қалыптарды таңдай білу және қолдану әдістерін біледі;

- рецепттерді дұрыс жазуды, дәрілерді алмастыра білуді, дозаларын есептей біледі;

- дәрілік заттарды енгізу жолдарын таңдай біледі;

- фармакологиялық қасиеттеріне, әсер ету механизміне және әсер ету орналасу жеріне байланысты дәрілік заттардың әсерлеріне сараптама жүргізе біледі;

- ағаза жүйесінің және түрлі мүшелердің қызметін өзгерту мақсатында, сонымен қатар гельминттердің, қарапайымдылардың, патогенді микроорганизмдердің тіршілігін тежеуге арналған дәрілік заттарды таңдай біледі;

- дәрілік заттардың жағымсыз әсерлерін анықтай біледі, оларды алдын-ала болжауды және жоя біледі;

- жаңа енгізілген дәрілік заттарды пайдалана біледі, қолданылып жатқан препараттарға қарағанда олардың артықшылықтарын біледі, өзара алмастыру принциптерін және өте жиі қолданылатын дәрілердің синонимдерін біледі.

Мына дағдыларды игеруі керек:

- дәрілік заттардың дозалары мен концентрациясын есептеуді;

- түрлі дәрілік қалыптарға рецепт жаза біледі;

- өмірге қажетті дәрілік заттарға рецепт жаза біледі;

- дәрілердің енгізу жолдарын таңдай біледі;

- клиника және дәріхана қызметкерлері мен тұрғындар үшін дәрілер туралы мәлімет

беру үшін, деректерді іздестіре біледі.

Наши рекомендации