Азіргі кезде РА диагнозын қоюда Американың ревматологтар ассоциациясының (АРА) 1987 ж. ұсынған критерийлерін қолданады.

1. Ертеңгілік құрысу - құрысулар (буындар мен буын маңы тіндердің) кем дегенде 1 сағаттан аз болмауы.

2. Үш және одан да көп буындар артриті - дәрігердің кем дегенде үш буын аймағында периартрикулярлық тіндердің ісінуін немесе буын қуысында сұйықтық барын (остеофиттер емес) анықтауы.

3.Қол ұшы буындарының артриті - буындардың кем дегенде біреуінің ісінуі: алақан – бунақ, білезік, проксимальды бунақаралық.

4.Симметриялы артрит - бір мезгілде оң және сол жақты бірдей буындардың зақымдануы – проксимальды бунақаралық немесе табан – бақайшақ буындары.

5.Ревматоидтық түйіндер - шынтақ буынына жақын жерде білектің сырт бетінде немесе басқа буындардың аймағында тері астында дәрігер сипап анықтайтын түйіндер болуы.

6.Қан сарысуындағы ревматоидтық фактор - сарысуында кез-келген тәсілмен анықталған РФ жоғары титрінің болуы; популяцияның сау адамдарында бұл реакция 5% төмен деңгейде оң мән береді.

7.Рентгенологиялық өзгерістер - R-логиялық өзгерістердің [эрозиялар немесе тегіс емес декальцификация (сүйектердің остеопорозы) зақымданған буындарда немесе көрші буындарда орналасқан] қол ұшы мен білезік буындарының алғы – артқы рентгенограммасында анықталуы.

Лабораторлы тесттер:

Жалпы қан анализі.

 Лейкоцитоз/тромбоцитоз/эозинофилия – РА-дың жүйелік зақымдалу сипаты, ауыр ағымды.

 Тұрақты нейтропения —Фелти синдромына тән емес.

Анемия (НЬ< 130 г/л ер адамдарда және 120 г/л әйелдерде) – аурудың активті сатысының көрінісі.

 ЭТЖ және СРБ көтерілуі.

Биохимиялық тексерулер:

1) альбумин-глобулин коэффициентінің төмендеуі; диспротеинемияның нәтижесінде альбуминдер азайып, глобулиндер (ең алдымен альфа-1, альфа-2-глобулиндер) көбейеді;

2) қандағы фибриноген көбейеді (қалыпты күйде 2-4 г/л);

3) С – реактивті протеиннің пайда болуы;

4) қан сарысуында гликопротеидтердің көбеюі; негізгі затының құрамына гликопротеидтер кіретін дәнекер тінінің дезогранизациясына байланысты;

5) дифениламин реакциясы көрсеткішінің (ДФА реакция) өсуі. Қалыпты күйде 0,200-0,220 Б;

6) серомукоид деңгейі көтеріледі. Қалыпты күйде 0,75 г/л;

7) гексозалардың көбеюі. Қалыпты күйде гексозалардың мөлшері 125 г/л тең.

Иммунологиялық тексерулер.

-Ревматоидтық факторды (РФ) анықтау. РФ анықтау үшін Ваалер-Розе және латекс-тест реакциялары қолданылады. Ваалер-Розе реакциясы бойынша титр 1:32 тең болса, ол оң мәнді деп есептеледі; латекс-тест бойынша реакция оң мәнді деп есептеледі, егер титр 1:20 тең болса. РФ 70-80% жағдайда анықталады. Иммуноглобулиндер кластарына қарай (M, G, A) РФ бірнеше типін ажыратады (бұл белок осы иммуноглобулиндерден тұрады). Көрсетілген реакцияларда тек JgM – типті РФ анықталады.

- Қан сарысуында РФ бар-жоғына қарап, серопозитивті және серо-негативті РА ажыратады. Серопозитивті РА ауыр дамиды деп есептеледі, онда сүйек деструкциясы тез дамиды, висцериттердің болуы жиі кездеседі. Серонегативті РА қатерсіздеу дамиды.

- Иммунофлюоресценция әдісімен РА ауыратын адамдардың 30% антинуклеарлық антиденелер (ДНҚ-на, нуклеопротеидтерге қарсы) табылады.

РА ауыр түрінде 5-10% жағдайда LE - клеткалары табылады.

- Синовиальды қабық биопсиясы. Бүрлер гипертрофияланған, жамылғы синовиальды клеткалардың гипертрофиясы анықталады. Лимфоидтық және плазматикалық клеткалар инфильтрат құрып, қан тамырлары маңында орналасқан.

Инструментальды зерттеулер:

 рентгенография КҚМ; ФЛГ;ЭКГ;

 саусақ ұштары рентгенографиясы – жыл сайын;

жамбас сүйектерінің рентгенографиясы және басқа буындар көрсетілім бойынша;

 ФГДС;

Іш қуысы мүшелерінің УДЗ.

Сәулелік диагностика ( Штейнброкер бойынша):

І сатысы – остеопороз белгілері, рентгенологиялық деструкциялық белгілер жоқ;

ІІ сатысы – шеміршек пен сүйектің болмашы талқандалуы, буын саңылауының аздап тарылуы, сүйектердің бірен-саран узуралары;

ІІІ сатысы – шеміршек пен сүйектің ауқымды талқандалуы, буын саңылауының көзге түсерліктей тарылуы, көптеген узуралар, жартылай буындардың таюы, сүйектердің девиациясы;

IV сатысы – ІІІ сатының симптомдары + анкилоз.

Наши рекомендации